География 8а сынып. Қазақстанның географиялық орны мен шекарасы

Раздел География
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Балкибекова Даметкуль Балмахамбетовна

Қазақстан Республикасы,Алматы облысы,

Енбекшіқазақ ауданы.Дихан ауылы.

«Дихан орталау мектебі»КММ.

География 8а сынып.

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның географиялық орны мен шекарасы.

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың мақсаты: Менің Отаным -Қазақстан/оқушылар білімін анықтау/,

Тәуелсіз мемлекеттің құрылуы туралы баяндау.Тәуелсіз республиканың рәміздері Елтаңба,Ту,Гимніге сипаттама беру.

Құралдар: Қазақстанның физиқалық картасы.мемлекеттік рәміздер,Қазақстан туралы фотосуреттер,кескін карта.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы,дүние жүзі тарихы,қазақ тілі.

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі,психологиялық дайындық.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

III.Білімді белсендіру:

1.Қазақстан мемлекеті қай материкте орналасқан?

2.Қандай мемлекеттермен шектеседі?

3.Қазақстан Республикасының ата заңын атаңыздар.

IV.Жаңа сабақтың мазмұны мен барысы:

Тарих сабақтарымен байластыра отырып,оқушылармен сұрақ-жауап арқылы әңгімелесу.

1.Қазақстан қашан құрылды,алғаш қалай аталды?/1920ж.26 тамызда,Қырғыз АКСР/

2.Қазақ АССр-інің бірінші астанасы қай қала?/Орынбор қаласы/

3.Қазақстан қай жылы КСРО құрамына кірді?/1936 жылы/

Қазақстанның кәзіргі астанасы/ Астана/

4.Қай жылы егемендік туралы декларация қабылданды?/25 қазан,1990 жылы/

5.Алматы қай жылдары Қазақстанның астанасы болды?/1929-1997 жж./

Оқушылардың білімін анықтап болып ,мұғалім тақырып бойынша әңгімеледі:

Қазақстан физиқалық картаны пайдаланып ,Қазақстан Республикасының орналасқан жерін көрсетіп ,жер көлемі 2,7 мың ш.м.,Еуразия материгінде жер орны бойынша 4- орында екенін айтты,дүниежүзі бойынша 9-орында.

Қазақстанның бес мемлекетпен шектесетіні туралы әңгімесін жалғастырады,олар:батысыпен олтүстігінде-Ресей шекара ұзындығы-7591км,

шығыста-Қытай-1782км, оңтүстік шығыста Қырғызстан-241 км,

оңтүстікте-Өзбекстан-2354км.оңтүстік батыста Түрікменстан-426 км.

1991жылдың соңында,1992 жылдың алғашқы айлары мемлекетімізге өзгерістер әкелді.Бұрыңғы Кеңестер Одағыны ыдырауына байланысты Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады.Егемендік алған Қазақстан мемлекетін Біріккен Ұлттар Ұйымы 02 наурыз 1992 жылы мүше етіп қабылдады.

Сонымен қатар өз рәміздерін қабылдағаны туралы қысқаша мәлімет берілді.

Қазақстан Республикасының Елтаңбаның авторлары-Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов,мемлекеттік Туының авторы-Шакен Ниязбеков,

Қазақстан Республикасының Гимнің сөзінің авторлары:

Жұмекен Нәжімединов

Нұрсұлтан Назарбаев

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.

Гимнің өзгеруіне сипаттама беріледі.

04 маусым Қазақстан Республикасының рәміздер күні деп жарияланған.

Мемлекеттік тіл-қазақ тілі.Оның бүгінгі таңдағы деңгейі жайлы түсінік беру.

Егемен мемлекеттке тән ұлттық тенгеміз бар.

Қазақстан -Еуразия материгінің орталығында орналасқан ішкі континентальды мемлекет,геосаяси жағдайы Еуропа мен Азия аралығын қосады.

Қазақстан мемлекетіміздің кең байтақ жері,жер астындағы кен байлығы туралы қысқаша әңгімелеу.

V.Жаңа тақырыпты пысықтау:

оқушыларға сұрақтар қойылады

1.Қазақстан қай материкте орналасқан?

2.Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болған жылы?

3. Жер көлемі қанша?Еуразияда нешінші орында?

Карточка беріледі:

Аталған сөздерден сөйлем құрастырыңдар:

Менің,Қазақстаным,жерім,туған.

Жариялады,мемлекет,Қазақстан,жылы,1991,егемен,болғанын.

1.Еуразияның саяси-әкімшілік картасынан Қазақстанды тауып,шекаралас мемлекеттерді көрсет.

2.Гимнің мәтінін жатқа айту.

VI.Сабақты қорытындылау.

VII.Рефлексия.

1.Сабақта бұрын білмеген 3 жағдайды;

2.көкейлеріңе келген 2 сұрақты;

3.1 дипломатиялық қарым-қатынасты атаңдар.

VIII.Үйге тапсырма беру.

Берілген мәтінді оқу,әңгімелеу.Кескін картаға Қазақстанды белгілеу.Гимнді жатқа айту.рәміздерге сипаттама беру.


© 2010-2022