Жаратылыстану пәнінен ҚМЖ (5-сынып)

Раздел География
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тізбектелген сабақтар жоспары №1

Сабақтың тақырыбы:

Жердің пайда болуы, Жер планетасының пішіні, өлшемі, қозғалысы

Жалпы мақсаты:

* Жер ғаламшары туралы жалпы түсінік алады.

* Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамытылады.

* Өзара ынтымақтастыққа, бірлікке үйренеді.

Оқу нәтижелері:

Оқыту үрдісінде оқушылардың әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, өздеріне деген сеніміндері, оқушының білімге ынтасы артады.Топтық жұмысқа қалыптасады, өз ойларын еркін жеткізеді, мақсатқа жетуге топ болып ұмтылады, бірін-бірі бағалайды, шығармашылыққа ұмтылады, пәнге деген қызығушылықтары артады.

Түйінді идеялар:

Сыни тұрғыдан ойлай отырып, ой-пікір, пайымдары қалыптасады.

Ресурстар:

Интерактивті тақта, компьютер, слайд, маркер, плакат, магнит, бағалау және кері байланыс (көңіл-күй) парағы, құрастырма суреттер (Астана көріністері)

Жаттығулар және бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл:

І. Топқа бөлу. «Астана айшықтары» суреттерін құрау арқылы 3 топқа бөлу.

Әр топтың топ басшылары тағайындалады.

ІІ. Сергіту сәті. «Бобер биі» клипі бойынша.

ІІІ. «Миға шабуыл» стратегиясы

1.Біз қандай ғаламшарда өмір сүрудеміз? (Жер)

2.Жер туралы қандай мәліметтер білесіңдер?

Оқушылардың ой-пікірлерін білу.

ІҮ. Мағынаны тану. «Ортақ нәтижеге жету» стратегиясы

Олай болса біз Жер ғаламшары туралы білімімізді одан әрі тереңдете түсейік. Ол үшін сендер мына сұрақтардың жауабын мәтінді оқи отырып шығарасыңдар.

1-топтың сұрақтары:

1.Жер қашан пайда болған?

2.Алғашқы кезде жер қандай болған және кейін қандай өзгерістер болды?

3.Жердің жалпы ауданы және оның неше пайызы су, неше пайызы құрлық?

4.Жердің пішіні қандай және оны қалай дәлелдеуге болады?

5.Глобус деген не? Алғашқы глобусты кім жасады және қашан?

2-топтың сұрақтары:

6.Полюс деген не?

7.Экватор деген не?

8.Экватор сызығы жерді қандай жартышарларға бөліп жатыр?

9.Жердің экваторлық және полюстік радиустері нешеге тең?

10.Экватордың ұзындығы неше шақырым?

3-топтың сұрақтары:

11.Жер өз осін қанша уақытта айналады?

12.Күн мен түннің алмасу себебі неде?

13.Неліктен біздің ғаламшарымыз Күн жылуын біркелкі қабылдамайды?

14.Жер Күнді қанша уақытта айналып өтеді?

15.Неліктен жыл мезгілдері алмасады?

16. Жыл деген не?

Бұл сұрақтарды топпен талқылап оны плакатқа жазады (сұрақтары мен жауаптарын). Содан соң «Елші» стратегиясын қолдану.

(Жаттығудың сипаттамасы:

Топтар тапсырмаларды орындап болғаннан кейін топтың бір адамы «елші» болып сайланады да, зерделенген материалды түсіндіру және жинақтау, бұл туралы жаңа топтың ойын, бір шешімге келгенін немесе жетістікке жеткенін білу үшін басқа топқа барады. Бұдан кейін елші өз тобына қайтып оралып, білгендерін айтып береді)

Бұдан кейін электрондық оқулық арқылы Жердің өз осінен және Күнді айнала қозғалуы туралы көрсету. Және глобуспен де көрсету.

Ү. Ой толғаныс. «Тақырыптық түйінді сөздер» стратегиясы.

Жаратылыстану пәнінен ҚМЖ (5-сынып)

ҮІ. Бағалау: оқушылар өзін-өзі бағалайды (фигураларды таңдау арқылы: бесбұрыш, төртбұрыш және үшбұрыш)

ҮІІ. Кері байланыс. Көңіл-күй парағындағы суретті таңдап және ол суретті неліктен таңдағанына түсініктеме беру арқылы көңілдерін білдіреді.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: негізгі ұғымдар








Тізбектелген сабақтар жоспары №2

Сабақтың тақырыбы:

Ай - Жердің серігі

Жалпы мақсаты:

* Ай туралы жалпы түсінік алады.

* Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамытылады.

* Өзара ынтымақтастыққа, бірлікке үйренеді.

Оқу нәтижелері:

Оқыту үрдісінде оқушылардың әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, өздеріне деген сеніміндері, оқушының білімге ынтасы артады.Топтық жұмысқа қалыптасады, өз ойларын еркін жеткізеді, мақсатқа жетуге топ болып ұмтылады, бірін-бірі бағалайды, шығармашылыққа ұмтылады, пәнге деген қызығушылықтары артады.

Түйінді идеялар:

Сыни тұрғыдан ойлай отырып, ой-пікір, пайымдары қалыптасады.

Ресурстар:

Интерактивті тақта, компьютер, слайд, маркер, плакат, магнит, бағалау және кері байланыс (көңіл-күй) парағы

Жаттығулар және бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл:

І. Топқа бөлу. Ай, Жер, Күн сөздері бойынша 3 топқа бөлу.

Әр топтың топ басшылары тағайындалады.

ІІ. Сергіту сәті. «Сергіту» клипі бойынша.

ІІІ. Өткенді қайталау: «Ыстық орындық» стратегиясы

Оқушылар өткен сабаққа байланысты әрбіреуі бір-бір сұрақтан жазып қобдишаға салады. Жеребе бойынша 1 оқушы ортадаға орындыққа келіп отырады. Қобдишаға салынған сұрақты таңдау арқылы сол сұраққа жауап береді. Жауап бере алмаса келесі оқушы алмастырады. Осылайша бірнеше оқушыдан үй тапсырмасын тексеру.

ІҮ. «Миға шабуыл» стратегиясы

Серік деген не? Серік деген сөзді қалай түсінесің? Ғалымдардың ішінде кім ең бірінші ғаламшардың серіктерін байқады? Бұл қай ғаламшар? Ал олай болса Жердің серігі не деп ойлайсыңдар?

Оқушылардың ой-пікірлерін білу.

Яғни оқушылар «Ай - Жердің серігі» деген қорытындыға келеді.

Ү. Мағынаны тану. «ББҮ» стратегиясы

Бұл тақырыпты «ББҮ» стратегиясы бойынша өткізу.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім


Ең алдымен оқушылар жеке «Білемін» графасын 2 минут ішінде толтырып шығады. Содан соң жұппен талқылайды, кейін топқа салады. Әр топтан 1оқушы ортаға салады.

Содан соң «Білгім келеді» графасын толтырады 1 минутта.

Оқушылардың білгісі келетін сұрақтарын интербелсенді тақтаға жазып қою. Бұдан соң осы сұрақтардың жауабын кітаптағы мәтін бойынша іздеу. Ол үшін топтарға мәтіндерді бөліп беру. Әрбір топ өздеріне берілген мәтіндер бойынша жұмыс жасап, ойларын плакатқа түсіреді. Соңынан топтардан баяндамашы шығып түсіндіреді. Болған соң оқушылар не үйренгендігі жайлы «Үйрендім» графасын толтырады.

Ү. Ой толғаныс. «Рөлдік ойын» стратегиясы.

1-топ. Күннің тұтылуын

2-топ. Айдың тұтылуы

3-топ. Айдағы фазалардың ауысуын тәжірибе түрінде көрсету.

ҮІ. Бағалау: топбасшылар бағалайды

ҮІІ. Кері байланыс. Бүгінгі сабаққа байланысты көңіл күйлерін стикерге жаза отырып тақтадағы плакатқа ілу арқылы білдіреді.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: «Айға сапар» эссе жазу.

Тізбектелген сабақтар жоспары №3.

Сабақтың тақырыбы:

Жердің глобуста және картада бейнеленуі.

Жалпы мақсаты:

* Жердің глобуста және картада бейнеленуінің ерекшеліктері туралы жалпы түсінік алады.

* Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамытылады.

* Өзара ынтымақтастыққа, бірлікке үйренеді.

Оқу нәтижелері:

Оқыту үрдісінде оқушылардың әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, өздеріне деген сеніміндері, оқушының білімге ынтасы артады. Топтық жұмысқа қалыптасады, өз ойларын еркін жеткізеді, мақсатқа жетуге топ болып ұмтылады, бірін-бірі бағалайды, шығармашылыққа ұмтылады, пәнге деген қызығушылықтары артады.

Түйінді идеялар:

Сыни тұрғыдан ойлай отырып, ой-пікір, пайымдары қалыптасады.

Ресурстар:

Интерактивті тақта, компьютер, музыка, слайд, маркер, плакат, магнит, бағалау және кері байланыс (көңіл-күй) парағы, глобус, карта, атлас, топқа бөлу парақшасы.

Жаттығулар және бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл:

І. Топқа бөлу. «Х» (крестиктер), «О» (нөлдіктер), «Δ» (үшбұрыштар) таңдау арқылы 3 топқа бөлу.

Әр топтың топ басшылары тағайындалады.

ІІ. Сергіту сәті. «Аққала» клипі бойынша.

Оқушыларға бүгінгі сабақтың өту барысы туралы қысқаша тоқталу. Бүгінгі бағалау жетондармен болатындығын ескертіп, әрбір дұрыс жауаптарға жетон берілетіндігін айтып, сабаққа белсенді қатысуларын ескерту.

ІІІ. Өткенді қайталау:

1.«Автор орындығы» стратегиясында үйге берілген тақырып «Айға сапар» бойынша жазылған эсселерін әр топтан таңдалған бір оқушы оқиды.

2. «Семантикалық карта» бойынша жұмыс.

384000 км

28 тәулік

4 есе кіші

2-3 минутқа созылады

2 сағатқа жуық созылады

Күннің тұтылуы


Ай мен Жер арақашықтығы


Айдың диаметрі Жерден


Айдың тұтылуы


Ай Жерді айналып шығады


ІҮ. «Миға шабуыл» стратегиясы

Картаны, глобусты көрсете отырып, сабақтың тақырыбын шығару, яғни Жердің глобуста және картада бейнеленуі.

Жердің ғарыштан түсірілген суретінде Жердің көрінісі қандай түспен бейнеленген? Ал мұхит, теңіздер ше? Оқушылардың ой-пікірлерін білу.

Ал олай болса біз бүгін Жердің глобуста және картада бейнеленуінің ерекшеліктерін білетін боламыз.

Ү. Мағынаны тану. «Галареяда ой шарлау» стратегиясы

Ең алдымен бұл тақырып бойынша әр топ оқулық мәтінін пайдалана отырып, өз ойларын постерге түсіреді. Содан кейін галареяда ой шарлау арқылы топтар бірін-бірі толықтырады. Соңынан әр т оптан 1 оқушы шығып, ортада қорғайды.

ҮІ. Ой толғаныс. «Х» (крестиктер), «О» (нөлдіктер), «Δ» (үшбұрыштар) ойыны арқылы. Әр топ өзінің белгісіндегі сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауап берсе , өз белгілерін қояды. Ал жауап бере алмаса, басқа топ жауап беріп өз белгілерін қоюға болады. Қай топтың белгісі көп жиналса сол топ жеңіске жетеді.

Крестиктер «Х»

Нөлдіктер «О»

Үшбұрыштар «Δ»

10

10

10

20

20

20

30

30

30

Крестиктер тобының сұрақтары:

10 - Карта мен глобуста өзен, көл, теңіздерді қандай түспен белгілейді?

20 - географиялық карталар пайдалануына қарай қалай бөлінеді?

30 - белгілі бір территорияны картаға түсірген кезде алымы бірліктен, ал бөлімі неше есе кішірейтілгендігін көрсететін бөлшек сан?

Нөлдіктер тобының сұрақтары:

10 - кез келген картада жоғарғы жағы қандай бағытты көрсетеді?

20 - картаның глобустан айырмашылығы?

30 - 1:10000 немесе 1:50000. Бұл қандай масштаб?

Үшбұрыштар тобының сұрақтары:

10 - картада биік таулар қандай түспен бейнеленеді?

20 - кез келген картада оң жағы қандай бағытты көрсетеді?

30 - 1 см-де 1000 м немесе 1 см-де 5000 м деп көрсетілсе бұл қандай масштаб болады?

ҮІІ. Бағалау: оқушылардың жинаған жетондары бойынша бағалау.

ҮІІ. Кері байланыс. Көңіл-күй парағындағы суретті таңдау арқылы білдіреді.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: негізгі ұғымдар








Тізбектелген сабақтар жоспары №4.

Сабақтың тақырыбы:

Жер құрылысының жалпы сипаты, литосфера.

Жалпы мақсаты:

* Жер құрылысының жалпы сипаты және литосфера туралы жалпы түсінік алады.

* Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамытылады.

* Өзара ынтымақтастыққа, бірлікке үйренеді.

Оқу нәтижелері:

Оқыту үрдісінде оқушылардың әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, өздеріне деген сеніміндері, оқушының білімге ынтасы артады. Топтық жұмысқа қалыптасады, өз ойларын еркін жеткізеді, мақсатқа жетуге топ болып ұмтылады, бірін-бірі бағалайды, шығармашылыққа ұмтылады, пәнге деген қызығушылықтары артады.

Түйінді идеялар:

Сыни тұрғыдан ойлай отырып, ой-пікір, пайымдары қалыптасады.

Ресурстар:

Интерактивті тақта, компьютер, слайд, маркер, плакат, магнит, бағалау және кері байланыс парағы

Жаттығулар және бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл:

І. Топқа бөлу. Кәмпиттер арқылы оқушыларды 3 топқа бөлу

Әр топтың топ басшылары тағайындалады.

ІІ. Сергіту сәті. «Шырша» клипі бойынша.

ІІІ. Өткенді қайталау:

1. «Бұл мәлімет шындық па, жалған ба?» стратегиясы арқылы.

1-топ. Жер беті глобуста нақты түсірілген.

Картаның глобустан айырмашылығы күнделікті сабаққа алып жүруге қолайлы.

Физикалық картада көк түспен тауларды белгілейді.

2-топ. Кез келген картада жоғарғы жағы - оңтүстік, төменгі жағы - солтүстік бағыттарын көрсетеді.

Географиялық карталар пайдалануына қарай сабаққа арналған, туристік, көлік жолдары т.б карталар деп бөлінеді.

Қамту аймағына қарай облыстық, мемлекеттік, материктік, дүние жүзілік деп бөлінеді.

3-топ. Масштаб - белгілі бір территорияны картаға түсірген кезде алымы бірліктен, ал бөлімі неше есе кішірейтілгендігін көрсететін сандық бөлшек.

Масштабтың 3 түрі бар.

1 см-де 1000 м немесе 1 см-де 5000 м - бұл сандық масштаб болып табылады.

ІҮ. «Миға шабуыл» стратегиясы

Ғарышты зерттеу оңай ма, әлде жердің ішін зерттеу оңайырақ па, қалай ойлайсыңдар?

Оқушылардың ой-пікірлерін білу.

Ал олай болса біз бүгін Жер құрылысының жалпы сипатымен танысамыз.

Ү. Мағынаны тану. «Менен сұрақ - сенен жауап» стратегиясы

Ең алдымен бұл тақырып бойынша әр топ оқулық мәтінін пайдалана отырып оқып шығады. Содан соң сол мәтіндер бойынша сұрақтар құрады. Әр топтан 10 сұрақтан. Соңынан топтар сол сұрақтарды бір-біріне қояды.

ҮІ. Ой толғаныс.

1.Электрондық оқулық бойынша жұмыс. (Литосфера туралы)

2. «Алтын балыққа арналған аквариум» стратегиясы.

Жаттығудың сипаттамасы:

Барлығын түсіндім сұрақтарға жауап бере аламын деген оқушы ортаға шығып алтын балыққа арналған аквариумда отырады, басқалары оларға сұрақ қойып, түсініктеме беруді талап ете алады және т.б.

ҮІІ. Бағалау: оқушылар өзін-өзі бағалайды.

ҮІІ. Кері байланыс. Кері байланыс парағын толтырады.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: жұмыс дәптері тапсырмалары.


© 2010-2022