«Материктер мен мұхиттар карталары сабақ жоспары

Раздел География
Класс 7 класс
Тип Видеоуроки
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мерзімі:

Тақырыбы: Материктер мен мұхиттар карталары.

Мақсаты: Жер табиғаты ерекшеліктері мен оның алуан түрлілігі, ондағы халықтар мен елдердің әлеуметтік жағдайы туралы, материктер мен мұхиттар туралы баяндау.

Білімділік: Материктер мен мұхиттар табиғатын оқып үйрену барысында қолданылатын карталар жайында, оларды мазмұнымен қамтитын аумағына қарай топтастыру туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық: Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, табиғат туралы оқушылардың көзқарасын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту. Географиялық ойлауын қалыптастыру. Сондай-ақ бұндай карталарды қалай пайдалану жолдары мен жұмыс істеудің қарапайым әдіс-тәсілдері түсіндіріледі.

Тәрбиелік: Географиялық карта жасаудың өте көп уақыт пен тереңде тиянақты білімді және асқан қажырлылықпен төзімділікті талап ететіндігін түсіндіру арқылы, оқушыларды ғалым-картографтар еңбегін бағалауға, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: Білім беруді жалғастыру.

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау.

Көрнекіліктері: Дүние жүзінің физикалық картасы.

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, Оқушыны түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

  1. Ежелгі заманның зерттеушілерінен кімдерді білесіңдер?

  2. География ғылымы үшін аса маңызды ашуларды атаңдар?

  3. Жаңа жерлер қандай мақсатпен ашылды және оларды кімдер ашты?

  4. Ғарыштық зерттеу дегенді қалай түсінесіңдер?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Карта бойынша материктер мен мұхиттардың алып жатқан орнын, ондағы географиялық нысандардың орналасуын, табиғат кешендерінің ерекшеліктерін анықтаймыз. Карталар мынадай төрт белгісіне:

1. Қамтылатын аумағына (жарты шарлар немесе д.ж карталары. Д.ж мұхит картасы, материктер мен олардың бөліктерінің картасы, топографиялық карталар. )

2. Мазмұнына (жалпы геор және тақырыптық )

3. Масштабына (ұсақ , орта, ірі масштабтар. )

4. Қолдану сипатына (ғылыми анықтамалар, оқу карталарымен мәдени ағарту, техникалық және туристик карталар).

Карталардың маңызы оларда геор-қ мәліметтердің жинақталуымен анықталады. Мазмұнына қарай барлық карталар -жалпы геор-қ және тақырыптық болып бөлінеді.

Жалпы геор-қ карталарда жергілікті жердің басты нысандары түгел және дәл бейнеленеді.

Тақырыптық карталарда табиғаттың жекелеген компонеттері халықтардың орналасу мен шаруашылық түрлері бейнеленеді. Көп жағдайда тақырыптық карталар бірнеше компонеттерді және де олардың өзара байланысын көрсетеді. Мұндай карталар кешенді карталар деп аталады. Жер шарының бірнеше есе кішірейтіліп берілетін нақты бейнесі-глобус д.а. Глобустағы жер бетінің дәл бейнесін картаға көшіру үшін картографиялық проекциялар қолданылады. Жердің шар тәріздес болуына байланысты оны жазық карта бетіне бейнелеу барысында әр түрлі дәрежеде бұрмалану болады.Гео-қ карталарда әр түрлі проекциялар қолданылады: тең бұрышты, тең ауданды, еркін алынған проекциялар.

Проекциялар жазықтық бетіне көшірілу пішініне қарай да жіктеледі-Цилиндрлік, конустық. Цилиндрлік про-я көбіне жер шары толық бейнеленген карталарда пайданылады.

Конустық про-я солт полюске жақын орналасқан Еуразия мен солт Америка материктерін карта бетіне бейнелеу барысында қолданылады.

Азимуттық проекция- белгілі бір нүктеден жан-жаққа бағытталатын кеңістікті дәл бейнелеу үшін қолданылады.

Шартты белгілерде бірнеше түрге бөлінеді. Масштабтық немесе кескіндік.

Масштабсыз шартты белгілерге карта масштабына қатысы жоқ -әр түрлі пішіндер, сызба-суреттер жатады.

Сызықтық белгілермен картада -өзендер, жолдар шекаралар бейнеленеді.

Сонымен қатар картада түсіндірме белгілер мен жазба белгілер кездеседі.Олар өзендердің ұзындығын, тереңдігін т.с.с көрсетеді.

ІV. Жаңа сабақты бекіту кезеңі.

  1. Картада бұрмалану не себепті болады?

  2. Карталар қандай белгілеріне қарай ажыратылады?

  3. Глобус дегеніміз не?

  4. Цилиндрлік және конустық проекциялар деген не?

  5. Шартты белгілердің түрлерін ата?

  6. Шартсыз белгімен нені белгілейміз?

V. Бағалау.

VІ. Үйге тапсырма.

§ 3. Материктер мен мұхиттар карталары.


© 2010-2022