Гидросфера тарауы бойынша қайталау сабағы

Раздел География
Класс 6 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Гидросфера тарауы бойынша қайталау сабағы

Сабақтың мақсаты:

а) Гидросфера тарауы бойынша оқушылардың білімін қортындылап бекіту

б) Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру; ойлау, сөйлеу дағдыларын дамыту

в) Айналадағы табиғи ортамен тиімді байланыс жасауға үйрету, экологиялық сауаттылыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу

Сабақтың әдісі: Қайталау, оқушы білімін жан-жақты тексеру.

«Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз» Абай

Сабақтың көрнекілігі: Жоспар , тестілеу карточкалары, Дүние жүзінің физикалық картасы, тапсырмалар.

І. Ұйымдастыру.

Бүгінгі сабағымыз ерекше, саяхат түрінде өтеді. Саяхатқа шығу үшін сыныпты 2 топқа бөліп,топ басшылары мен орынбасарларын сайлап алайық.

І - топ -« Шоқан» тобы

ІІ - топ - «Қаныш» тобы

Қазір топ басшылары тізді топтың атын беріп отырған ағаларымен таныстырып өтсін

Шоқан , Қаныш ағаларың ХІХ ғасырда құрлықта, яғни литосферада саяхат жасап , зерттеулер жүргізсе, сендер ХХІ ғасырда құпиясы мен қызығы мол Жердің гидросфера қабатына саяхатқа шығасыңдар.

Ал енді саяхатқа шықпас бұрын, теңізшілердің денсаулығын, яғни білімдерін тексеруіміз керек.

ІІ. Топпен жұмыс (Оқушылар сұраққа жауап береді)

1.Гидросфера деп нені атайды ?

2.Судың қандай қасиеттерін білесіңдер ?

3. Дүние жүзілік су айналымы туралы не білесіңдер ?

4. Жерасты суы қандай жағдайларда пайда болады ?

ІІІ. Жеке оқушылармен жұмыс.

1.Мұхиттарды картадан көрсетіп , сипаттама бер.

2. Теңіздер олардың бөліктері.

3. Өзендер туралы не білеміз.

4. Көлдер түрлері

ІV. Карточка бойынша тапсырмалар орындау.(Сәйкестігін анықтау)

1.Магма 2. Эхолот 3. Қырат 4. Кратер 5. Шың 6. Гейзер 7. Ядро 8. Сейсмограф 9. Литосфера 10.Лава

1.Жер қыртысының қозғалысын анықтайтын аспап.

2.Жер қыртысы мен үстіңгі мантияны құрайтын қабық. 3. Жердің кіндігі. 4. Жердің терең қабатындағы балқыған зат. 5.Атқылайтын бұлақ. 6. Жанартаудың терең құлама шұңқыры. 7. Жер бетіне шығып төгілген магма. 8. Жазықтың абсалюттік биіктігі 200 - 500 метр болатын жер. 9.Таудың ең биік нүктесі. 10. Тереңдікті өлшейтін аспап.

V.Топ басшылары картаға географиялық координатаны анықтауға шығады. (Тексерудің қорытындысы бойынша барлықтарыңыздың денсаулықтарыңыз саяхатқа шығуға жарайды)

Теңіз аласапыран.

Толқындар бұрқанады.

Күркірейді жағада тас жаңғырып

Дауыл құшқан толқындар өршелене

Шапшиды аспанды ұрып

«Шоқан» тобының басшысы: Қараңдаршыбір нәрсе жүзіп келеді,құмыра сияқты (ішіндегі қағазды оқиды)

«Қаныш» тобының басшысы: Бізге бір тікұшақ таяп келеді, хабар айтпақшы.Әне бір зат тастамақшы. Алайық. (оқиды)


VI. «Ендіктер мен бойлықтар» ойыны

(Аустралия, Солтүстік Америка, Амазонка өзені, Ніл өзені)

VII. «А» әрпі бар географиялық атауларды жазу. (2 топ)

VIII. Су жүргізер тіршіліктің тамырын,

Су жоқ болса,тірлік тамам, бауырым

Судың біздер біле тұра маңызын

Көп болған соң ұмытымыз қадірін.

Біздің экологтар республикадағы көлдердің экологиялық проблеммаларымен таныстырады.

ІХ. Сөз жұмбақ шешу.

Х. Қортындылау.

(Екі топ бір - біріне ән - шашу жолдайды) Ш.Қалдаяқов «Ақ ерке - Ақ Жайық»

«Сыр сұлуы»



Р



А


М



А



З

А


Н


А


Й

ы



1.Су қабығы.

2. Төңірегін су қоршаған құрлық.

3. Гидросфераның негізгі бөлігі.

4. Мұхит суынан жауын - шашын қалай пайда болады.

5.Екі жағынан да материктің жағалары шектеп тұрған енсіз су.

6. Қыста жауатын жауын - шашын.

7. Гидросфераның бір бөлігі.

8. Жер бетіне шығып ататын тазамөлдір су.

9. Атлант мұхитындағы шығанақ.

10. Құрлыққа енген теңіздің бір бөлігі.

© 2010-2022