• Преподавателю
  • География
  • На тему: Африканың физикалық-географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер. Африканың зерттелуі

На тему: Африканың физикалық-географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер. Африканың зерттелуі

Раздел География
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

На тему: Африканың физикалық-географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер. Африканың зерттелуіНа тему: Африканың физикалық-географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер. Африканың зерттелуіНа тему: Африканың физикалық-географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер. Африканың зерттелуіНа тему: Африканың физикалық-географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер. Африканың зерттелуіНа тему: Африканың физикалық-географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер. Африканың зерттелуі

Тақырыбы: Африканың физикалық-географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер. Африканың зерттелуі.

Мақсаты: Білімділігі: Оқушылар физикалық-географиялық орын ұғымын,оның материк табиғатына әсерін,материктер және олардың жеке бөліктерін зерттеушілер туралы білімді қалыптастыру.

Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау өз пікірін еркін жеткізу,іздеңгіштік,салыстыра

білу қабілетін дамыту.

Тәрбиелігі: Оқушылардың бірін бірі тыңдай білуге,сыйлай білуге,жәрдемдесе білуге,

ортақ шешім қабылдай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Әдісі: Сұрақ-жауап,ойын.

Көрнекілігі : Д.Ж физикалық картасы,Атлас,контр карта,интерактивті тақта.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру

ІІ.Үй жұмысын сұрау

«Кім жылдам?» ойыны

1.Литосфералық плиталардың қозғалысы кезінде бір тұтас Пангея материгі қандай материктерге бөлінді?

2.Лавразия материгіне қандай материктер жатады?

3.Гондвана материгіне қандай материктер жатады?

4.Шығу тегі,пішіні және жасы бойынша айырмашылық жасайтын тегіс емес жер бетінің жиынтығы қалай аталады?

5.Жер бедері қандай топтарға бөлінеді?

6.Атмосфераның жәй күйі қай қабатта өтеді?

7.Ауа-райының көп жылдық жиынтығы қалай аталады?

8.Жер бетіне сұйық және қатты күйде түсетін су түрі?

9.Экватордың орташа жылдық температурасы?

10.Антарктиданың орташа жылдық температурасы?

11.ТА,ҚА,ЭА,АА-дегеніміз не?

12.Климат зерттеуші ғалым Б.П. Алисов қанша климаттық белдеу бар деді?

13.Неше негізгі белдеу,неше өтпелі белдеу бар?

14.Географиялық ендік,ауа массасының қозғалысы,жер бедерінің сипаты,мұхиттың ықпалы қандай факторларға жатады?

15.Гидросфера дегеніміз не,және оның бөліктерін ата?

16.Мұхиттың белгілі бір бөліктерін алып жатқан зор көлемді су?

17.Ағыстардың түрлерін атаңдар?

18.Д.Ж. Мұхиттағы жануарлардың саны қанша?

19.Өсімдіктердің саны қанша?

20.Мұхиттағы тіршілік түрлері?

2.Жаңа сабақ.

Африка-алып жатқан ауданы жөнінен Жер шарында Еуразиядан кейінгі екінші орынды алады. Оның ауданы аралдармен қоса есептегенде 30,3млн км².

Табиғатының басты ерекшеліктері:

- Африка-экватор сызығы мен бастапқы меридиан кесіп өтетін бірден-бір материк

- Материк арқылы Жер шарындағы ең ұзын өзен Ніл өзені ағып өтеді, ұзындығы 6671км.

- Африкада Жер шарындағы ең үлкен тропиктік континенттік шөл Сахара орналасқан, оның ауданы 7млн км².

- Африкада ең ірі жануар - Африка пілі тіршілік етеді. Салмағы 7,5 тонна.

- Материктің теңіз деңгейінен ең биік орналасқан нүктесі - Шығыс Африкадағы Килиманджаро жанартауы, биіктігі 5895м

- Ең төмен орналасқан нүктесі Ассаль көлі, деңгейі -153м

- Материк жағалауындағы ең ірі арал - Мадагаскар, ауданы 590 мың км²

- Африкадағы ең ірі көл - Виктория, ауданы 68 мың км², ал ең терең көлі - Танганьика тереңдігі 1470м, Байкалдан кейінгі екінші орынды алады.

- Материктегі ең ірі сарқырама - Оңтүстік Африкадағы Тугела өзені бойында орналасқан Тугела, биіктігі 933м.

Африка жағалауы. Материктің батыс жағалауын Атлант мұхитының, ал солтүстігін Атлант мұхитына енетін Жерорта теңізінің сулары шайып жатыр. Олардың арасын ені 12км-лік Гибралтар бұғазы жалғастырып жатыр. Ал материктің шығысы мен оңтүстік-шығыс жағалауларына Қызыл теңіз бен Үнді мұхитының сулары ұласады. Африка жағалауы онша көп тілімденбеген, көбінесе таулы, тік беткейлі, ал материктік қайраң өте жіңішке болып келеді. Материк жағалауында қолайлы қойнаулар аз, ірі шығанақтары - Гвинея мен Сидра, ал шығыста ірі түбек Сомали орналасқан. Ірі аралдардың көпшілігі Үнді мұхитында орналасқан, оларға Мадагаскар, Занзибар, Сокотра аралдары мен Комор, Сейшель, Маскарен аралдарының тобы жатады. Материк жағалауында Канар, Бенгель, Сомали суық ағыстары ағады.

Зерттелу тарихы. XIV ғасырда мароккалық араб Әбу ибн Баттута Сомали түбегі аймағын, кейіннен Тимбукту мен Мали жерлеріне саяхат жасап, зерттеген. 1497-99 жылдары Васко да Гама Басқарған португал экспедициясы Африканы айналып өтіп,

На тему: Африканың физикалық-географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер. Африканың зерттелуі

Сомали түбегі жағалауы арқылы Үндіс танға қарай бағыт алған. Африканың ішкі аудандарын ашу мен табиғат жағдайларын танып- білуде ағылшын Давид

На тему: Африканың физикалық-географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер. Африканың зерттелуі

Ливингстонның еңбегі өте зор.

Ол 1849 жылғы бірінші саяхаты кезінде Оңтүстік Африканы батыстан Шығысқа қарай Замбези өзені бойымен кесіп өткен. 1855 жылы Замбези өзеніндегі атақты Виктория сарқырамасын ашқан. Ливингстонмен қатар

На тему: Африканың физикалық-географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер. Африканың зерттелуі

Генри Стэнли де Африка көлдерін зерттеп, Конго өзені бастауларынан ағысына дейін зерттеген.

На тему: Африканың физикалық-географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер. Африканың зерттелуі

Орыс ғалымы В.В.Юнкер Ніл өзені бойымен Шығым және Орталық африкаға саяхат жасаса, 1926-27 жылдары Орыс ғалымы Н.И.Вавилов 6000-нан астам мәдени өсімдіктер үлгілерін жинақтаған.

ІІІ.Бекіту сұрақтары. Сұрақ - жауап.

1.Африка Жер шарындағы Қандай материк?

2.Африканың ең үлкен аралы қалай аталады? Ауданы қанша км²?

3.Африка материгінің теңіз деңгейінен ең биік орналасқан нүктесі және ең төмен орналасқан нүктесін ата.

4.Африкадағы Танганьика көлінің тереңдігі қанша м?

5.Африка қандай мұхиттармен шектеседі?

6.Африканың шығысындағы түбекті ата.

7.Африка жағалауында қандай теңіздер бар?

8.Африканы зерттеген саяхатшылардын есімдерін атаңдар.

9.Давид Ливингстонның ашқан сарқырамасы қалай аталады?

10.Африка көлдерін кім зерттеді?

11.Африканың табиғаты, халқы туралы деректер жинап, 6000 астам мәдени өсімдіктердің үлгісін жинақтаған кім?

12.Материк жағалауларында қандай суық ағыстар ағады?

13.Материктің батыс жағалауында қандай шығанақ орналасқан?

Зерттелу тарихы. Кестемен жұмыс.

Африка құрлығын айнала жүзіп шыққандар

Жылдары

Әбу ибн Баттута

XIV ғ

Васко да Гама

1497-1499

Замбези өзені, Виктория сарқырамасы

Генри Стэнли

В.В. Юнкер

XIX ғасыр аяғы

Эфиопия жері бағалы қатты бидайдың отаны

Жаңа сабақты бекіту. Сәйкестендіру тесті.

Әбу ибн Баттута а) көлдерін

Н.И. Вавилов в) Сомали түбегі, Тимбукту Мали жері

Ірі шығанақтары с) Атлант мұхиты, жерорта теңізі

Материктің батыс жағалауында д) Гвинея, Сидра

ІV. «Иә - жоқ» ойыны.

1. Африка материгін экватор сызығы кесіп өтпейді.

2. Африка материгінің ауданы аралдармен қоса есептегенде 30,3млн км².

3. Африка материгінің ең ұзын өзені - Амазонка.

4. Африкадағы ең үлкен шөл - Сахара. Ол Жер шарындағы ең үлкен тропиктік континенттік шөл.

5. Африкадағы ең үлкен жануар - Африка пілі.

6. Материктегі ең ірі сарқырама - Тугела. Биіктігі 933м.

7. Сахара шөлінің ауданы 8млн км².

8. Виктория - Африканың ең ірі көлі.

9. Материк жағалауындағы ең ірі арал - Шри-Ланка деп аталады.

VІ.Кескін картамен жұмыс.

Мына географиялық объектілерді кескін картаға түсіріңдер.

Африка материгі, Сахара шөлі, Жерорта, Қызыл теңіздері, Атлант, Үнді мұхиттары, Мадагаскар аралы.

VIІІ. ҚОРЫТЫНДЫ Сәйкестендіру.

Африка саяхатшы

Жерорта материк

Генри Стэнли көл

Тугела теңіз

Виктория сарқырама

Мадагаскар арал

Сомали мұхит

Атлант түбек

ІХ. Үйге тапсырма.

Африканың физикалық - географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер. Африканың зерттелуі.

Х. Бағалау







На тему: Африканың физикалық-географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер. Африканың зерттелуі

© 2010-2022