Тау жыныстарының және минералдардың жіктелуі. ашық сабақ жоспары

Раздел География
Класс 6 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Тау жыныстары және минералдардың жіктелуі.

Мақсаты: Жер қыртысын түзетін тау жыныстары, олардың тузілу

жағдайы, түрлері жөнінде түсінік беру.

Міндеттері: 1. Тау жыныстары және минералдардың жіктелуі туралы білім

негіздерін қалыптастыру.

2.Оқушы бойында өз бетімен білім алу, өзін - өзі реттеу

дағдыларын дамыту.

3.Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай

білуге жетелеу.

Күтілетін нәтиже: 1. Тау жыныстары, минералдар, олардың түрлері, түзілу

жағдайы туралы біледі.

2. Ізденімпаздығы артады.

3. Бір - бірінің пікірін тыңдап, өз ойларын еркін жеткізе

алады.

4. Алған білімдерін өмірде қолданады.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту

Көрнекіліктер: и/а тақта, электронды оқулық, үлестірмелі материалдар, маркер, постер, стикер

Сабақтың барысы:

Уақыты

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу

Жинақталады

2 мин

Топтастыру

Түстер арқылы оқушыларды 3 топқа бөлу

Топқа бөлінеді, топ басшыларын сайлайды

8 мин

Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасын бекіту

«Даналық ағашы» ойыны.

Сәйкестендіру

Оқушылар бір-бірден алманы алып, үйге берілген тақырып бойынша сұраққа жауап береді.

Тапсырманы орындайды

5 мин

Жаңа сабақ «Ой шақыру»

Баласымын даланың,

Туғаннан дақсыз қарамын.

Қыс келсе жұртты жылытып,

Үйді- үйге барамын.

(Көмір)

Электронды оқулықтан мәтінді тыңдату.

Сұраққа жауап береді.

8 мин

Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс.

1-топ: Тау жыныстары, минералдар

2-топ: Шөгінді тау жыныстары

3-топ: Магмалық, метаморфтық тау жыныстары

Топтық жұмыс (постер қорғау)

1 мин

Сергіту сәті

Ал балалар, тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Оңға қарай бұрылып,

Солға қарай бұрылып,

Бір отырып, бір тұрып,

Бой сергітіп алайық.

Сергіту сәтін жасайды

12 мин










Сабақты бекіту










1.Тау жыныстарының жіктелуі бойынша берілген тау жыныстарын жүйелеңдер: гранит,базальт, құм, ас тұзы, көмір, мәрмәр, алмас, пемза, саз, гипс, мұнай,гнейс, кварц, қиыршық тастар, газ, кварцит, қойтас, әктас, малта тас, бор.

Магмалық

жыныстар

Шөгінді жыныстар

Метаморфтық

жыныстар

Орга

ника

лық

Хи

мия

лық

Ке

сек



2. Географиялық диктант.

Жер қабығында бірнеше тектен

қосылған минералдық____________

тау жыныстары, минералдардың

немесе органикалық заттың

қатқан немесе қатпаған жиынтығы-______________деп аталады. Жер қырытысының беткі қабатында _____________-тау жыныстары

таралған. Магмалық тау жыныстары________________________ пайда болады. Жер қыртысының терең қабаттарында өзгеріске ұшыраған тау жыныстарын _________________________ деп атайды..

3.Картамен жұмыс.

Берілген минералдардың шартты белгілерін таралуы бойынша кескін картаға орналастыру.

Берілген тапсымаларды орындайды

5 мин

Сабақты қорытындылау

«Дүкен» ойыны.Стол үстіне сатылатын заттар қойылады. Заттарды сатып алу үшін оқушылар сұрақтарға жауап беруі керек.

1 мин

Үйге тапсырма

беру

§ 19

Үй тапсырмасын жазып алады.

2 мин

Бағалау

Формативті, сумативті бағалау

Топ басшысы әр топ мүшесін, топ жұмысын бағалайды.

Рефлексия

Сабақтың мақсаты дұрыс па?

Оқушылар бүгін не оқып үйренді?

Оқу атмосферасы қандай болды?

Мен сабақ құрылымын сәтті дайындай алдым ба?Мен уақытты сақтадым ба?

Мен жоспарға қандай өзгеріс енгіздім?

Мен сабақта сынып және оқушылар туралы нені білдім, мен келесі сабақта нені әңгімелеймін?


© 2010-2022