Африка материгінің ішкі сулары

Раздел География
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы Мұғалім: Тугайбаева Айнурым Талгатовна

Сынып: Күні:

Тақырыбы: Африка материгінің ішкі сулары.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларда ішкі сулар ұғымын қалыптастыру, ішкі суларының алаптар бойынша ерекшеліктерін анықтау және оларды талдау. Африка материгінің территориясындағы өзендер, көлдер, жер асты суларын кескін картада көрсете алу және талдау.

Дамытушылық: Картамен және оқулықпен жұмыс жасау икемділіктерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Жан - жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, ұжыммен бірлесіп жұмыс жасауға, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Сабақ түрі: Жаңа тақырып

Оқыту әдістері: Жартылай-ізденістік әдіс, репродуктивті әдіс,"Қар соқта" техникасы, Тарсий формуляры "Өрнек ".

Оқу құралдары: Африка материгінің физикалық картасы, Африка материгінің ішкі сулары тақырыбындағы презентация, интербелсенді тақта, оқулық, 7-сыныпқа арналған атлас және кескін карта.


Сабақ барысы:

Кезеңдері

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі (4 мин)

Мұғалім оқушыларман амандасып, оқушыларды түгендейді.

Оқушыларды топтарға топтастыру үшін түрлі-түсті қағаздарды таңдауды жүргізу, әр топты 5 оқушыдан біріктіру көзделеді. Топ саны: 3. Әр түрлі-түсті (сары,қызыл,көк) қағаздың ішінде бірден беске дейінгі нөмір жазылады. Осы нөмір әр топтың мүшесінің орындайтын тапсырманың нөмірі болып таңылады.

Мұғалім әр оқушының өз тобына сәйкес орналасуын қадағалайды.

Оқушылар мұғаліммен амандасып, сабаққа дайындалады.

Оқушыларды топтарға топтастыру үшін түрлі-түсті қағаздарды таңдайды, әр топты 5 оқушыдан біріктіру көзделеді. Оқушылар бес-бестен 3 топқа біріктіріледі. Таңдаған қағаздың ішінде бірден беске дейінгі рет нөмірі жазылады. Ол нөмір әр оқушының топта жұмыс жасауға арнайы дайындалған сұрақ-тапсырмасы. Оқушылар өз топтарына біріктіріледі.

Үй жұмысын тексеру (7 мин)

Үй жұмысын тексеру үшін сұрақтары бар карточкаларды таратады. Сұрақтар:

  1. Африка материгінің алып жатқан ауданы жөнінен Жер шарындағы орны? Африка материгінің аралдармен есептегендегі ауданы қандай?

  2. Африка материгінің басқа материктермен салыстырғанда басты ерекшелігі неде? Географиялық орны?

  3. Африка материгінің шеткі нүктелерін ата.

  4. Африка материгінің пайдалы қазбаларына сипаттама бер.

  5. Африка материгінің жер бедері қандай?

  6. Африканың климатын қысқаша сипатта.

Оқушылар мұғалім таратқан карточкаларды алып, сұрақтарға жауап береді. Жауаптар:

  1. Африка материгінің ауданы Еуразия материгінен кейінгі 2-ші орында, S=30,3 млн км2.

  2. Африка - экватор сызығы мен бастапқы меридиан кесіп өтетін бірден-бір материк.

Африка екіжарты шарда орналасқан. Көпшілік бөлігі солтүстік жарты шарда орналасқан материк.

  1. Шеткі нүктелер. Солтүстік-Эль-Абьяд мүйісі;Оңтүстік-Игольный мүйісі, Батыс - Альмади мүйісі; Шығыс - Хафун мүйісі.

  2. Африка жері қазба байлықтарға өте бай, әсіресе, минерал кендерінің қоры көп. Мұнай мен газдың ірі кен орындары тас көмірдің ірі кендері табылған. Кобальт пен мыстың аса ірі қоры алмас, платина, алтын кендері, уран жерінде шоғырланған.

  3. Ойпаттары мен аласа жазықтары көбіне жағалауда орналасқан. Экватордан солтүстікке қарай Африканың көп жерін Сахара және Судан жазықтары мен үстірттері алып жатыр. Африканың ең терең ойысы - Афар жатыр. Материктің экватор бойы бөлігінде ауа массаларының бір жарты шардан екінші жарты шарға өтуінің маңызы бар.

  4. Материктің субтропиктік белдеулердің шегіне кіретін қиыр солтүстігі мен оңтүстігі әрбір жарты шардың қысында қоңыржай ендіктердің батыс циркуляциясы жағдайында қалады. Қаңтарда материктің оңтүстік бөлігі көбірек қызады, ал солтүстік бөлігі салыстырмалы түрде салқын тартады. Бұл кезде оңтүстік жарты шарда ауқымды тоқырау орын тебеді де оған қарай көршілес мұхиттардан да, солтүстік жарты шардан да ауа ағылады. Шілдеде солтүстік жарты шар қатты қызады. Сондықтан бүкіл баралық зоналар солтүстікке қарай ығысады. Африканың солтүстік бөлігінде қатты қызынуына байланысты төмен кысымды облыс пайда болады, ол экватордан оңтүстікке қарай жалғасып кетеді. Оңтүстік Африка өзінің көрші мұхиттарымен бірге оңтүстік жарты шардың баралық максимум аймағына кіреді.

Жаңа тақырыпты Меңгеру кезеңі

(10 мин)

Мұғалім «Африка материгінің ішкі сулары» презентациясын көрсетеді, мұнда ішкі сулардың орналасуы, ерекшеліктері жөнінде мәліметтер беріледі. Қосымша ресурстарды қолдана алу мүмкіндіктерін айқындайды.

Оқушылар мұғалімді тыңдап, керекті деректерді жұмыс дәптерлеріне жазып алады.

Сергіту сәті

(3 мин)

Мұғалім интербелсені тақтада видео-бейнені қосады, оқушыларға дене жаттығуларды орындатады.

Оқушылар дене жаттығуларын орындайды, сергийді.

Білім мен икемділіктерін бекіту

(13 мин)

1.Мұғалім оқушыларға жаңа сабақты меңгеруін тексеру үшін оқушыларды 3 топқа сабақ басында бөлген. Әр топтың өз тапсырмасы бар, топ басшысын топ мүшелері тағайындайды. Әр топқа тапсырмалары бар, толтыру парақтары мен кескін карта беріледі.Топтардың тапсырмалары:
1 топ: Африка материгінің өзендері

2 топ: Африка материгінің көлдері

3 топ: Африка материгінің жер асты сулары

2. Мұғалім "Қар соқта" техникасын қолданалады. Әр топ басшысы өз тобының толтырылған парақшасы мен кескін картасымен келесі топқа келіп түсініктеме береді, өз тапсырмасын түсіндіреді.

3. Мұғалім топ басшысыларына өз тобының толтырылған тапсырма-парақшасы мен кескін картасын тақатаға ілуді сұрайды.

4.Мұғалім Тарсий формуляры "Өрнек" -ті оқушыларға таратады. Әр топ осы "Өрнек"-ті өткен тақырыпқа сай сәйкесінше сұрағына жауабын табады, келістіреді.

1.Оқушылар мұғалім бөлінген топтың тапсырмасын орындайды. Тапсырмасы бар парақшаны таңдап алған түрлі-түсті қағаздың ішінде жазылған нөміріне сай тапсырманы алады. Топ басшысын топ ішінде өзара тағайындайды.

2.Әр топ басшысы өз тобының толтырылған парақшасы мен кескін картасымен келесі топқа келіп түсініктеме береді, өз тапсырмасын түсіндіреді.

3.Оқушылар тақтаға өз тобының толтырылған тапсырма-парақшасын мен кескін картасын тақтаға іледі.

4. "Өрнек"-ті өткен тақырыпқа сай сәйкесінше сұрағына жауабын табады, келістіреді. Мұғалімнің қойған сұрағына тапқан жауаптарын қолды көтеріп айтады.

Рефлексия

(3 мин)

Мұғалім әр оқушыға жеке-жеке бір парақты таратады.

Оқушыларға сабақта:

Не білгенін?

Нені үйренгенін?

Нені білгісі келетінін? Жазып береді.

Оқушылар мұғалімнің берген парағына өз пікірлерін жазады.

Қорытындылау кезеңі (2 мин)

Сабақты қорытындылау үшін мұғалім «Кері байланыс» әдісін қолданады.

«Кері байланыс» жасайды.

Бағалау кезеңі

(1 мин)

Белсенділік танытқан, тақта алдында жауап берген оқушыларды бағалайды.

Үй тапсырмасын беру кезеңі

(2 мин)

§48 оқу. Тақырыптың соңындағы 183 беттегі 4, 5 сұрақтарына жазбаша жауап беру.

Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар.

Үй жұмысын жазып алады.





© 2010-2022