Тақырыбы: «Шоқан-Қазақтың жарық жұлдызы» (Ш. Уәлихановқа арналған кеш)

-Оқушлырдың пәнге деген қызығуын, дүниетанымдық көзқарастарын, географиялық ұғым, түсінік білімдерін, қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу, ғылыми жұмыспен шұғылдану қабілеттерін қоғамдық жұмыстарға қатысу белсенділігін дамыту. -оқушыларды экологиялық, отансүйгіштік, патриоттық, еңбек, кәсіптік, эстетикалық, экономикалық, тіл мәдениетіне, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу. «Шоқан Уәлиханов-ғасырларға еңбек еткен ұлы тұлға» атты ғылыми конференцияның бағдарламасы. Тарихтан талай адам көріп едік Қыз...
Раздел География
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Шоқан-Қазақтың жарық жұлдызы»

(Ш.Уәлихановқа арналған кеш)

Мақсаты:

-Оқушлырдың пәнге деген қызығуын, дүниетанымдық көзқарастарын, географиялық ұғым, түсінік білімдерін, қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу, ғылыми жұмыспен шұғылдану қабілеттерін қоғамдық жұмыстарға қатысу белсенділігін дамыту.

-оқушыларды экологиялық, отансүйгіштік, патриоттық, еңбек, кәсіптік, эстетикалық, экономикалық, тіл мәдениетіне, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

«Шоқан Уәлиханов-ғасырларға еңбек еткен ұлы тұлға» атты ғылыми конференцияның бағдарламасы.

Тарихтан талай адам көріп едік

Қызықты талай дәурен сүріп едік,

Жасымыз мұнша жасқа келгенінше

Шоқандай асыл жасты көрмеп едік,-деп ақын ағамыз айтқандай, қазағымның «Ғылым» аспанында «Аққан жұлдыздай жарқырап өте шыққан аяулы ғалымы»

1-жүргізуші. Әр уақыттың әр кезеңінде халықтың біртуар данышпандары дүниеге келген. Ондай дана перзенттер біртұтас бір тарихи кезеңдегі халықтың мәдени өлшеміне, рухани биігіне айналып отырған. Сондай адамдардың бірі-ХІХ ғ өмір сүрген, кейінгі ұрпаққа рухани- әлеуметтік мұра қалдырған, әлем мойындаған дана ғалым Шоқан Уәлиханов.

«Шоқан Уәлиханов-ғасырларға еңбек еткен ұлы тұлға» деп аталады. Шоқан Уәлиханов көз алдымызда белгілі ғалым, батыл саяхатшы, көркем суретші, қазақ тарихы, этнографиясы, әдебиеті, фольклорын зерттеген ғалым. «Бір жігітке жетпіс өнер аз» деген сөзді ұран тұтқан. Шоқан «Сегіз қырлы бір сырлы» жігіт болды.

1-оқушы: Шоқан-географ.

Қазақстан Орталық Азия жерінің географиялық тұрғыдан «Ақтаңдық» күйінде екендігі 25 жастағы ғалымды ойлантады.Бұл туралы «Жоңғария очерктері» атты еңбегінде «Соңғы кезде белгісіз бір түнек басып тұрды. Ол Европа ғылымы үшін қай жағынан болса да жұмбақ сыр болып қалып отыр»-деп жазады. Бұл жағдайда біз Шоқанның бойындағы табиғатқа, соның ішінде өз өлкесін танып-білуге деген қызығушылық, сүйіспеншілікті көреміз.

2-оқушы: Шоқан-тілші.

Ғалым қазақ, қырғыз, ұйғыр, басқа да түркі тілдес тілдерді жете білген, бала кезінен-ақ араб, парсы тілдерін меңгерген, кейінірек моңғол, қалмақ, қытай тілдеріне байланысты арнаулы ізденістер жүргізген.

3-оқушы: Шоқан-суретші.

Оның қылқаламынан шыққан «Автопортрет», «Қашқариялық келіншек» сияқты 150-ден астам көркем суреттерін білеміз.

4-оқушы: Ойшыл Шоқанның: «Халықтың кемеліне еліп өркендеу үшін ең алдымен азаттық пен білім керек» деген пікірі оның ойшылдығын дәлелдеді.

5-оқушы: Шоқан-этнограф ғалым.

Саяхаттарында халықтардың тарихы, әдет-ғұрыптары, мәдениеті, фольклорын зерттейді. Бұл салада жазған «Қырғыздар туралы жырлар» атты еңбектері бар.

6-оқушы: Шоқан-зерттеуші ғалым.

Оның көпке мәлім еңбектерінің ішінде ең көлемді дегендерін атап өтейін: «Абылай», «Жоңғария очерктері», «Көкетай ханның өлімі», «Алты шаһардың хал-жайы».

7-оқушы: Шоқан-ағартушы.

Шоқан өз дәуіріндегі талантты, орыстың прогресшіл ғылымы мен әдебиеті, мәдениеті дәстүрінде тәрбие алған және әр алуан ғылым саласын алғаш рет зерттеген адам.

Сондай-ақ қазақтың әдебиеті мен мәдениетін алғаш танытушы.

8-оқушы: Шоқан-саяхатшы.

Европа еліне Қашқарияны тұңғыш танытқан. Оның өмірінде «Ыстықкөл сапары», «Қашқария саяхаты», «Петербург сапары» өте маңызды болды.

9-оқушы: Шоқан-тарихшы.

«Сібір тарихынан хаттар» еңбегі, сондай-ақ қазақ-қырғыз халықтар мәдениеті, әдебиеті, фольклоры туралы ғылыми пікірлер жазған.

10-оқушы: Шоқан-дінтанушы.

«Елдегі мұсылмандық туралы», «Шаман дінінің халықтар арасындағы қалдықтары» атты еңбектерінде дінтанушылық сипаттары көрінеді.

4. Шоқан туралы оның достарының, ұлы ғұламалардың ойларын ортаға салайық. Кезектегі бөлім «Шоқан туралы ұлылардың ойлары» деп аталады.

1. «Ш.Уәлиханов-аққан жұлдыздай жарқырап өте шыққан аяулы ғалым» (В.Веселовский)

2. «Мен үшін бұл жердегі қазақ пен қырғыз әдет-ғұрпының аса білгірлері Сұлтан Уәлиханов пен тілмаш Бардагиевтің берген мәліметтері аса пайдалы болды» (Тянь-Шанский)

3.Орта жүзден шыққан қазақ, қазақтың соңғы ханы Уәлидің немересі және Шыңғыс ханның ұрпағы атақты абылай ханның шөбересі, керемет дарын иесі Ш.Уәлиханов. (Т.Н.Потанин)

4. «Қазақ жері талай ғұламаларды» дүниеге әкелді. Өздерінің барлық ізгі тілектерін жас жеткіншектердің ұлттық дүниетанымының қалыптасуына, дамуына арнаған ағартушыларымыз-Ш.Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А.Құнанбаев. Халықтық дүниетанымы өзен болса, ал үшеуі сол өзенге құйған үш саласындай. Олар кең Қазақстанның шалғай жатқан өлкелерінен шықса да, үшеуі бір туғандай сезілетін асыл жандар. Бұл үшеуі заманында надандық түнегі басқан қараңғы сахарадан шыққан алғашқы елшілер, ізденушілер еді.


Ия, айта берсек, Шоқан таусылмайтын жыр, Сарқылмайтын сыр.Халқымыздың ұлы перзенті өз елінің теңдігі мен өрлеп дамуы, елдік дәрежесі туралы армандап кетсе, ұрпақтары сол армандарды бүгінгі таңда жүзеге асырып, егеменді еліміз дүниежүзілік өркениетті елдердің қатарында тұрғанын мақтанышпен айта аламыз. Еліміздің шоқтығы биіктей түссін, Шоқандай жастар арқылы көркейіп, гүлдене берсін!














«Шоқан-Қазақтың жарық жұлдызы»

(Ш.Уәлихановқа арналған кеш










Мұғалім: Борамбаева М.М.

Сынып: 8


2014-2015 оқу жылы


© 2010-2022