Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер

Тақырыбы: Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздерМақсат-міндеттер:Білімділік мақсаты – Еуразия материгін қандай мұхиттар мен теңіздер шайып жатқандығын анықтау және жағалық сызықтары материктің қай бөлігінде көбірек тілімдегенін анықтау, мұхиттар мен теңіздерді сипаттау. Дамытушылық мақсаты – оқушылардың жалпы оқу іскерліктерін үйрету, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын же...
Раздел География
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты - Еуразия материгін қандай мұхиттар мен теңіздер шайып жатқандығын анықтау және жағалық сызықтары материктің қай бөлігінде көбірек тілімдегенін анықтау, мұхиттар мен теңіздерді сипаттау.

Дамытушылық мақсаты - оқушылардың жалпы оқу іскерліктерін үйрету, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты - Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, Дүниежүзінің физикалық картасы, глобус, кескін карталар

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті әдіс

Сабақтың жоспары: І кезең - ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең - жаңа тақырыпты меңгеру (10 мин)

ІІІ кезең - білім мен икемділіктерін бекіту (25 мин)

ІV кезең - үйге тапсырма беру (4 мин)

V кезең - бағалау кезеңі (2 мин),

VІ кезең - қорытынды (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушыларды тыныштыққа орнатады.

Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІІ

Ең алдымен, Еуразияны қандай мұхиттар шайып жатқанын сұрайды. Сосын осы мұхиттарға сипаттама беруді оқулық соңындағы жоспар бойынша үйретеді.

а) географиялық орны мен ауданы;

ә) орташа тереңдігі мен ең терең жері;

б) мұхит табанының жер бедері;

в) Жағалауының тілімденуі, теңіздері мен аралдары;

г) Мұхиттағы беткі ағыстар, олардың материк табиғатына тигізетін әсері;

ғ) мұхит байлықтары және оларды игеру жолдары;

д) Мұхиттардың экологиялық жағдайы.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, сипаттама беру жоспарын жазып алып, оны жаттап алады.

Оқушылар топтарға бөлініп, өз мұхиттарын жоспар бойынша сипаттайды.

ІV

Материалды бекіту кезеңінде мұғалім келесі тапсырманы береді.

1. Оқулық мәтіні мен атлас карталарын пайдаланып, Еуразия материгін шайып жатқан мұхиттарына жоспар бойынша сипаттама беру.

Оқушылар білімдерін бекіту үшін тапсырманы орындайды.

V

Үй жұмысы:

1. §14, 15 оқып, қысқаша конспект жазу, мазмұнын айту.

2. Кескін картаға материктің қиыр нүктелерін, оны шайып жатқан мұхиттар мен теңіздерді, шығанақтар мен бұғаздарды және Еуропа мен Азияның шартты шекарасын түсіру.

3. Тапсырманы аяқтау.

Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады. Күнделіктерін береді.


Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылардың тәртібіне тоқталады. Қоштасады.

Қоштасады.


© 2010-2022