География пәнінен сабақ жоспарыЖанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер (6 сынып)

Раздел География
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән аты: География 6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Жанартаулар. Ыстық бұлақтар. Гейзерлер.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік. Оқушыларға жанартаудың пайда болуы, лава, кратер, бүйірлік кратер, жанартаудың түрлері, сөнген және сөнбеген жанартаулар, жанартау әрекеттерінің маңызы, ыстық бұлақтар мен гейзерлер туралы түсінік қалыптастыру.

2.Дамытушылық. Жанартаулардың географиялық координатасын анықтау арқылы икемділіктері мен дағдыларын әрмен қарай дамыту.

3.Тәрбиелілік. Табиғатты сүйюге баулу, экологиялық, эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың өтілу әдісі: Сөздік (сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру) көрнекілік(картадан көрсете білу, слаидтар көрсету)практикалық(географиялық координата анықтау)

Сабақтың көрнекілігі:Д|ж физикалық картасы, жанартау макеттері, слаидтар жанартау түрлері бар плакаттар.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі

  2. Сыныпты топтастыру

  3. Үй тапсырмасын тексеру

  4. Жаңа тақырыпты меңгеру

1.Оқушыларды ортаға шығарып, шаттық шеңберін құрады. Әр оқушы оң жағындағы оқушының жақсы 1 қасиетін атап өтеді. Бір біріне сәттілік тілеп орындарына отырады.

2.Сыныптағы оқушыларға 2 суреттің қиындылары беріледі. Суретті біріктіру арқылы топқа бөлінуді және араларынан топ басшысын сайлауды ұсынамын. Сурет қиындыларын біріктіріп, топқа бөлінеді, топ басшысын сайлайды.Екі топқа бөлініп отырады.

Оқушылар қаламдарын ортаға қояды, мұғалім қай оқушының қаламын таңдаса сол сұраққа жауап береді. Осындай әдіспен үй тапсырмасын тексеремін. Өткен сабақты естеріне түсіреді, білмеген сұраққа топ мүшелері немесе қарсы топтан жауап беруге болады.

3.Үй тапсырмасын тексеру

- Жер қыртысы қозғалысының түрлерін ата.

- Жер сілкіну дегеніміз не?

- Қай жылдары өте күшті жер сілкінісі боды?

- Жер сілкінісі неше баллмен өлшенеді?

- Біздің еліміздің қай аймағында жер сілкіну құбылысы байқалады?

- Жер сілкінісінің құрылысына тоқталыңыз.

- Жер сілкінісінің шаруашылыққа әсері қандай?

- Жер сілкінісі қандай жерлерде көп орын алады?

4. Жаңа сабақ жоспары: (интерактивті тақтада жазулы тұрады)

1. Жанартаулардың пайда болуы және құрылысы

2. Сөнген және сөнбеген жанартаулар

3. Жанартауды зерттеу не үшін қажет? Жанартау әрекеттерінің маңызы.

4. Ыстық бұлақтар мен гейзерлер. (Жоспар оқулық мәтіні бойынша айтылады да, төмендегі қосымша мәлімет беріледі).

Жаңа сабақты мұғалім тақырып бойынша оқулықтан тыс қосымша мәлімет беруден бастағаны жөн. Онда жанартаулардың зиянымен қатар пайдасын да ашып көрсету керек.

Ежелгі Рим мифологиясында Вулкан - от құдайы. Жанартау атқылауы - күрделі, қауіпті әрі қорқынышты табиғат құбылысы. Тастар мен күлді 15-20 м кейде 45 м дейін биіктікке атқылайды Жыл сайын 15-20 км3 - магма- литосфераға шығады, ауаға әртүрлі газдар тарайды. Жанартау атқылауы - реттелмейтін, қауіпті, кездейсоқ жағдай.

1006 ж Мерапи жанартауы - Ява аралы Индонезия 1669 ж Этна жанартауының атқылауы салдарынан 100 000 адам зардап шекті. 11 маусым 1783 ж Лаки жанартауы- Исландияда 1815 ж Тамбор жанартауы адамзат тарихындағы күшті жанартаулардың бірі -92 000 адам өлді. 1883 ж Кракатау 32 000 адам өлді. Жалпы жанартау су астында да атқылап тұрады. 10-20% су асты жанартауының үлесіне тиеді. Орташалары мен кішілерін қоспағанда 2500 ірі жанартау атқылауы болған. Жанартауларды ұйқыға кеткен деп атаған дәлірек. Өйткені, әлі күнге дейін ешкім дәл басып айта алмайды. Толық зерттеліп болмаған. Адамдар сөнді деп атаған жанартаулардан осы күнге дейін зардап шегуде. Мартиника аралындағы -Монтень-Пеле жанартауының 1902 жылы қала халқы қырылып қалды. Безыменный-Камчаткада, Исландияда - Хельгафелдь. 1980 ж 123 жылдан кейін жанартау Сент-Хеленс АҚШ (Вашингтон) жер бетіне 400 млн тонна зат шығарған. 1982 ж Мексикада ЭльЧичона 1200 жылдан кейін атқылады. Ең қорқыныштысы -Риус жанартауы 5 ғасырдан кейін атқылады. Колумбияда биіктігі - 5398 м.

Жанартаудың пайдасы - Ыстық бұлақтар.Гейзер. Жанартау атқылауы - кездейсоқ, қорқынышты, қауіпті және адам шығыны көп болатын табиғи құбылыс. Шаруашылыққа зиян келтіреді. Иә, бұл тек сыртқы көрінісі ғана. Жанартау құртушы ғана емес сонымен бірге «Ұлы қалыптастырушылар» да болып табылады. Ғалымдардың айтуы бойынша атмосфера, гидро және литосфера - миллиардтаған жылдар бойы жанартау атқылаудан қалыптасқан себебі осы қабықтарға қажетті барлық құрылымдар табылады. Осы мәліметке сүйеніп егер жанартау атқыламаса - Жер бетінде тіршілік қалыптаспаған еді деп айтуға болады. Жанартау атқылауы - аралдарды қалыптастырады.Ява аралында ең көп адамдар тұрады тығыздығы жоғары. Жанартау атқылауын адамдар төмендегідей пайда көреді:

1. Құнарлы топырақ

2. Химия өнеркәсібіне қажетті шикізат мол болады

3. Құрылыс материалдары

4.Рудалы пайдалы қазбалар қалыптасады.

5.Геотермальды энергия береді

6.Ыстық бұлақтар - минерал тасымалдағыш.

Жанартау атқылаған жердің топырағы құнарлы болады. Өсімдікке қажет құрылымдардың барлығы болады. Сондай-ақ ауа мен суды тез өткізетін топырақ қалыптасады. Жанартаулы аймақтың құнарлы топырағы адамдарды өзіне еріксіз тартады. Сонымен бірге химия өнеркәсібіне қажетті -күкірт, нашатыр, құрылыс материалдары алынады.

Қазақстанда мыс кені ежелгі жанартаудың көмейінде қалыптасқан.

Оқулықпен жұмыс

Оқулықпен жұмыс істеу мақсатында кітап беттерінен оқушыларға мәтін бөлініп беріледі

1 топ - Жанартау

2 топ - Ыстық бұлақтар мен гейзерлер

Әр топқа өз мәтіні бойынша постер құруға нұсқаулық береді.

Әр топ оқушылары, өтіліп жатқан тақырып көлемінде, оқулықтың мәтін бөліктерімен жұмыс жасайды.

Топ мүшелері өзара ойласып, оқулық пен нұсқаулықты пайдалана отырып, қосымша мәліметтерден алған білімдерін қосып ойларын постер бетіне жазады, суреттейді, сипаттамаларын жазады. Барлық топ мүшелері ортаға шығып, өз постерлерін қорғайды.Топ мүшелерінің сабаққа белсенділігін қадағалап отыру қажет.

Қорыту сонымен бүгінгі сабақта Жанартаулардың пайда болуы және құрылысы, сөнген және сөнбеген жанартаулар, жанартауды зерттеу не үшін қажет, жанартау әрекеттерінің маңызы, ыстық бұлақтар мен гейзерлер туралы білімдерін кесте арқылы қорытындылайды.

тапсырма

пайда болуы және құрылысы

шоғырланған жері

пайдасы

зияны

1 топ

жанартаулар


2 топ

Ыстық бұлақтар,гейзерлер


Картамен жұмыс

Қазақстанның физикалық картасынан жанартаулар мен ыстық бұлақтар шоғырланған жерлерді тауып кескін картаға түсіру тапсырылады.

Бекіту сұрақтары:

1. Жанартау қалай пайда болады?

2. Жанартаудың құрылысын сипаттап беріңдер.

3. Жанартауды не үшін зерттеу керек?

4. Жер бетін қалыптастырудағы жанартаудың ролі қандай?

5. Ыстық бұлақтар мен гейзерлер қандай жағдайда пайда болады?

Үйге тапсырма беру. Параграф 22.Кескін картаға жер сілкінудің жиі қайталап тұратын аймақтарын және жанартаулардың таралуын көрсетіңдер. Жасаған карталарыңды физикалық картамен салыстырып, сейсмикалық және жанартаулы аймақтар орналасуының жер бедерімен байланысын анықтаңдар. Бұрын жанартау атқылаған жерге тап бодың дейік. Оның сөнген жанартау екендігін қандай белгілері бойынша дәлелдер едің?

Бағалау. Сабаққа қатысқан оқушыларды белсенділігіне қарай бағалау.


© 2010-2022