Коучинг на тему Бағалау

Раздел География
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі бойынша коуч сессия ЖОСПАРЫ

Сабақтың тізбегі

Оқыту үшін бағалауда оқушылардың өзін-өзі бағалау түрлерін пайдалану

1

Жалпы мақсаты

Коуч сессия қатысушыларына «оқуды бағалау»(суммативті бағалау) және «оқыту үшін бағалау» (формативті бағалау), критериалды бағалау түсініктерін қалыптастыру, формативті бағалаудың оқыту үшін тиімділігін үйрету.

2

Күтілетін нәтиже

Коуч сессия қатысушылары формативті бағалаудың күнделікті сабақта пайдалану арқылы оқу үрдісін жақсарту, оқушыларды оқытуға жетелеу

3

Түйінді идеялар

Формативті бағалау, суммативті бағалау

4

Материалдар және ресурстар

компьютер, проектор, оқулық, түрлі-түсті маркер, үлестірмелі қағаздар, А4 и А3 форматтағы ақ қағаздар, стикерлер

Сабақтың барысы

Коуч сессияны өткізу этаптары

Мерзімі

Мұғалім және коуч қатысушылардың іс-әрекеттері

Сәлемдесу

1 мин

Коуч тақырыппен таныстырады.

Сергіту сәті

(таныстыру)

2 мин

Серіктестік орта құру. Коуч қатысушыларды шеңбер бойына тұрғызып мотивация кезеңін орындату. Басқа қатысушылар оны жалғастырады.

"Мен Жұлдыз жаңашылмын", Мұғалім бір шарды алып өзінің бойындағы бір қасиетті айтып бір қатысушыға береді. Ол соған өзі жайлы қосып айтады. Қатысушылар аяқталғанша осылай жалғаса береді.

Екі топқа бөлу

5 мин

Пәндер бойынша бөлінеді

Түйінді идеялар

3 мин

Оқу үдерісін бағалау қажет пе? Сіз сабақта нені бағалайсыз? Сыныпта жағымды ахуалды қалыптастыру үшін Сіз қандай бағалау түрлерін пайдаланасыз?

Сіз оқушыларыңызды қалай бағалайсыз?

Жеке жұмыс

Теориялық таныстырылым

Топтық жұмыс

2 мин

7 мин

«Дейін, кейін» арқылы бағалаудың өзіңіз қолданатын түрлерін стикерлерге жазып түсіндіру

«Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауға арналған стратегиялар мен құралдар» атты презентация көрсетіледі.

Семинарда өткізілетін сабақтарында

бағалауды іске асыру үшін сабақтың мақсатының дұрыс қойылып, табыс критерилерін анықтау.Өзін-өзі бағалау, өзара бағалау, критерилерді айқындау.кері байланыс жасау



Топтық жұмыс

18 мин


Қолмен белгі беру» әдісі, Сұрақтар үшін карточканың индексі Қол белгісі Бағдаршам Бір минуттық эссе Сөздік үлгісі

(еске салу ) Қате түсінікті тексеру Оқушылармен жеке әңгімелесу Үш минуттық үзіліс (пауза) Температураны өлшеу Қысқы-тест Элективтік тест (таңдаулы) Формативті тест Күнделікті өзін-өзі бағалау журналы Формативті сұрау Жаңа материалды қабылдауларын тексеруге арналған жаттығулар Ішкі және сыртқы шеңбер Бір сөйлемде барлығын айтып беру Жазбаша түсініктеме (жазбаша кері байланыс) Сөздік бағалау (ауызша кері байланыс) Өзін-өзі бағалау.

Рефлексия

2 мин




Формативті бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясына сүйене отырып топтың ең жақсы жетістігі және жіберген кемшілігіне ұсыныс айту.

Қорытындылау

5 мин

Коуч сессия қатысушыларға сабақ соңында постердің «кейін» бөлігін толтырып қорғау. Коуч сессияны талқылау, стикерлерге кері ы У. Уорд «Жай мұғалім-хабарлайды, жақсы мұғалім-түсіндіреді, керемет мұғалім-көресетеді, ұлы мұғалім-шабыттандырады» дегендей оқушыларымыздың оқуға деген ынтасын көтеріп, шабыттандыруға шақырамын!





© 2010-2022