Солтүстік Американың халқы (7 сынып)

Солтүстік Американың халқы және саяси картасы, АҚШ Сабақты өткізудегі мақсатым: Оқушыларды Солтүстік Американың халқымен және қалаларымен таныстыру.Елдің экономикалық жағдайы, алатын орнына баса назар аудару. Пәнге қызығушылығын, логикалық  ойлау қабілетін дамыту. Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, стратегиялар: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сын тұрғысынан ойлауға үйрету, оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, оқуды басқару және көшбасшылық. Топтық жұмыс,  миға...
Раздел География
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Солтүстік Американың халқы (7 сынып)Солтүстік Американың халқы (7 сынып)Солтүстік Американың халқы (7 сынып)Солтүстік Американың халқы (7 сынып)Солтүстік Американың халқы (7 сынып)Мұнайлы ауданы,

№ 9 орта мектеп

География пәні мұғалімі: Кереева Мадина

Солтүстік Американың халқы және саяси картасы, АҚШ

Сабақты өткізудегі мақсатым: Оқушыларды Солтүстік Американың халқымен және қалаларымен таныстыру.Елдің экономикалық жағдайы, алатын орнына баса назар аудару. Пәнге қызығушылығын, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, стратегиялар: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сын тұрғысынан ойлауға үйрету, оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, оқуды басқару және көшбасшылық. Топтық жұмыс, миға шабуыл, ЖИГСО, сиқырлы сандар ойыны

Күтілетін нәтиже: Оқыту үрдісінде оқушылардың әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, өздеріне деген сенімдері, оқушының білімге ынтасы артады.Топтық жұмысқа қалыптасады, өз ойларын еркін жеткізеді, мақсатқа жетуге топ болып ұмтылады.Бірін-бірі қадағалайды, шығармашылыққа ұмтылады, пәнге деген қызығушылығы артады.

Ресурстар: Оқулық, дүние жүзінің физикалық картасы, атлас және кескін карта. Интерактивті тақта, флипчарт, маркер, смаликтер, стикерлер.

Сабақ барысы немесе жаттығулар және бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Шаттық шеңберін құрып, жылы жүрек-ізгі тілек жаттығуын орындайды.

2. Топқа бөлу.
Оқушылар стикер арқылы 5 топқа бөлінеді. Пайда болған топтар: үндістер, эскимостар, мулаттар, самболар, метистер.Топ ережесімен танысады.

3. Сергіту сәті. «Ыммен түсіндіру» ойыны

4. Жаңа сабақты түсіндіру

І-кезең.Қызығушылығын ояту. Миға шабуыл стратегиясы

Интерактивті тақтадан Солтүстік Америка және АҚШ туралы слайд шоу көреді.

Оқушылар алған әсерлері туралы алдымен жұпта, содан соң топта талқылайды.Өздерінің білетін мәліметтерімен бөліседі, пікір алмасады.

ІІ-кезең. Мағынаны тану.ЖИГСО стратегиясы

Мәтінді 5 топқа бөлу. Мәтінмен өз бетінше жеке жұмыс жасау дағдысы дамиды. Ақпаратты өз бетінше ұғынады және меңгере алады.Таным әрекеті үдерісінде қарым-қатынас шеберлігі артады.

Материктің халқы мен елдері

Солтүстік Америкада 450 млн-дай адам тұрады.Солтүстік Американың негізгі халқын Еуропадан, Ұлыбритания мен Франциядан қоныс аударғандар құрайды.Олар негізінен материктегі ірі мемлекеттер - Америка Құрама Штаттары мен Канадада тұрады.Табиғат жағдайлары мен игерілу тарихына байланысты халық әркелкі қоныстанған.

Байырғы халқы

Үндістер Эскимостар

Жаңадан пайда болған халықтар

Самболар Метистер Мулаттар

АҚШ жерінің ауданы (9 млн 363 мың км) жөнінен Ресей, Канада, Қытайдан кейінгі 4-ші орынды алады.Астанасы- Вашингтон қаласы.АҚШ жалауындағы 50 жұлдызша, 50 штатты білдіреді. Елде мұнай мен табиғи газдың, тас көмір, металдар тәрізді пайдалы қазбалардың қоры мол және оларды өндіруде ұдайы ғылым мен техника жаңалықтары қолданылып отырады. АҚШ-тың шаруашылығы сан салалы, ең жетекші сала - машина жасау өнеркәсібі. АҚШ-тың 125 қаласында автомобиль шығарылады. Детройт қаласын «автомобильдер астанасы» деп атайды. Батыстағы Лос-Анджелес қаласы ғарыштық техника мен электроника орталығы болса, Сиэтл қаласында алып «Боинг» ұшағы жасалынады. Елде жылу-энергетика, химия өнеркәсібі, қара металлургия, жеңіл өнеркәсіп жақсы өркендеген.

ІІІ-кезең. Ой толғаныс.Сиқырлы сандар ойыны

Жерінің ауданы - ........................

Автомобиль шығаратын қалалар - ........................

Халқының саны - ........................

Қалалар саны -......................

Йеллоустон саябағының құрылған уақыты -................................

АҚШ-тағы штаттар - .....................

Халқы саны бойынша алатын орны - .................

АҚШ жерінің бөліктері - ..............

Жер көлемі бойынша дүние жүзінде алатын орны - .............

Астық, сүт, құс өнімдерін өндіруден әлемде алатын орны - .............

IV- кезең.Үйге тапсырма беру

Қосымша ақпараттарды пайданана отырып, АҚШ-тың көрікті жерлері туралы қысқаша хабарлама дайындап келу.

V-кезең. Бағалау. Бағалау шкаласына сәйкес бағалау.

15-13--5 12-10--4 9-5-3

VІ-кезең. Кері байланыс. Екі жұлдыз бір тілек.

  • Бүгінгі сабақ ұнады ма?

  • Не қиын болды?

  • Қиындықты ненің көмегімен еңсердің?



© 2010-2022