Географиядан ашық сабақ. Елдің отын-энергетикалық кешеніне сипаттама (9 класс)

Раздел География
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Географиядан ашық сабақ. Елдің отын-энергетикалық кешеніне сипаттама (9 класс)Географиядан ашық сабақ. Елдің отын-энергетикалық кешеніне сипаттама (9 класс)Географиядан ашық сабақ. Елдің отын-энергетикалық кешеніне сипаттама (9 класс)Сынып: 9

Пән: Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы

Сабақтың тақырыбы: Елдің отын-энергетикалық кешеніне сипаттама

Сабақтың

мақсаты :

Білімділік: Оқушыларға Қазақстанның отын-энергетика кешені, салалары, кен орындары жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Сабақтың

көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақ барысы :

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті


1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

а).Шаруашылық ұғымын қалай түсінесіңдер, ол қандай салаларға бөлінеді?

ә).Өнеркәсіптің шаруашылықты дамытудағы рөлі қандай?

б).Қазақстан өнеркәсібінің жетекші салаларын атап көрсетіңдер?

в).Рыноктық эканомикаға көшуді тереңдетуде өнеркәсіп алдында тұрған міндеттер қандай?

г).Өндірістік және өндірістік емес салалар қандай шаруашылық түрлерінен тұрады?

3.Жаңа материалға көшу кезең

Өткен тақырып бойынша Қазақстанның шаруашылығының құрылымын еске түсіру.

4.Жаңа тақырыпты меңгеруге дайындық

Сұрақ - жауап.

Қазақстан шаруашылығының салалық құрылымы кестесіне шолу

5.Жаңа білімді меңгеру

Шаруашылықтың аса маңызды саласының бірі-электр энергетикасы.Бұл сала өнеркәсіп пен қоғамның барлық өндіргіш күштерінің аумақтық орнасласуы мен дамуына әсер етеді.Сондықтан да электр энергетикасын республика шарушылығының жетекші саласы деп атауға болады.Ғылыми-техникалық прогрестің басты бағыттарының бірі-шаруашылықты электрлендіру.Өндірісте жаңа технологияны кеңінен қолдануға байланысты,автоматтандыру мен компьютерлендіруде электр энергиясына деген сұраныс артып отыр.Энергия мен жылуды көп қажет ететін өндіріс орындары(алюминий,магний,титан өнеркәсіптері,фероқорытпа өндірісі) электр энергиясын өндіретін орталықтың маңына шоғырланады. Мысалы,орташа есеппен 1 т алюминий өндіру үшін 18 мың кВт • сағ, ал магний өндіру үшін 20 мың кВт • сағ электр энергиясы қажет.Сондықтан металлургия,химия өндірістері ірі электр стансыларын маңына орналастырды. Сонымен бірге электр энергетикасы ауданының мамандау бағытын айқындайтын фактор болып табылады.Электр энергиясын өндіретін кәсіпорындардың орналасуына отын-энергетикалық ресурстардың мол қоры мен энергияны тұтынушының жақын болуы әсер етеді.Егер отынды тасымалдау шығыны аз болған жағдайда ол отын көзіне жақын салынады.

Қазақстанның электр энергетикасын түсіндіру.

ЖЭС

Еліміздің энергиясының 90%-ын береді

Ірі қалаларда орналасқан.

СЭС

Еліміздің энер-гиясының 8%-ын береді Өзен құламаларында орналасқан.


Электр энергетика


АЭС

Еліміздің энергиясының 2%-ын береді

Ақтауда орналасқан.



Жалпы элекр энергиясын өндіруде еліміздің электр стансылары:жылу электр сатансысы (ЖЭС), су электр стансысысы (СЭС), атом электр стансысы (АЭС) деп бөлінеді. Республикамызда өндірілетін электр энергиясының 90%-ы жылу электр стансыларына тиісілі.Бұл бір жағынан, көмір, мұнай,газ тәрізді отын түрлерінің көп болуына, екінші жағынан,оның жыл бойы үзбей өндірілуіне байланысты.Жылу электр стансылары көмір,газ,мазутпен жұмыс істейді.Жылу электр стансылары электр энергиясын өндіретін мемлекеттік аудандық электр стансылары (МАЭС) және жылу электр орталығы (ЖЭО) деп бөлінеді.Еліміздің облыс орталықтары мен ірі қалаларында жылу электр стансылары мен жылу электр орталықтары салынған.Мұндай электр стансылар Қарағанды және Екібастұз көмірі негізінде жұмыс істейді.Екібастұз маңында әрқайсысың қуаты 4млн кВт болатын МАЭС-1 және МАЭС-2 толық жұмыс істесе,МАЭС-3 құрылысы тоқтап тұр.

Балқаш көлінің оңтүстік батысында Алматы облысына қарасты Үлкен деп аталатын елді мекенде Екібастұз көмірін пайдаланып жұмыс істеуге тиісті МАЭС-4,яғни Балқаш МАЭС-нің құрылысы басталды.Сонымен бірге Екібастұз көмірін пайдаланып электр энергиясын өндіретін Ресейдің Орал және Сібір экономикалық аудандарында 20-ға жуық жылу электр стансылары бар.Екібастұз көмірін пайдаланып арзан электр энергиясын өндіру Орталық Қазақстанда қара және түсті металлургия өнеркәсіптерінің дамуына мүмкіндік тудырып отыр.Сол сияқты Палодар облысының қуаты 2,4 млн кВт • сағ Ақсу МАЭС-і Ақсу фероқорытпа зауытын энергиямен қамтамассыз етуде.Мұндай жылу стагнсыларына Қарағанды маңындағы МАЭС-1,МАЭС-2,Павлодар,Ақтөбе,Алматы қалаларындағы жылу электр стансылары және қуаты 1,3 млн кВт • сағ Тараз МАЭС-і жатады.Елімізде өндірілетін электр энергиясының 8%-ы су электр стансыларына тиісілі.Қазақстанның су энергетикалық ресурстары жылына 160млрд кВт • сағэлектр энергиясын алуға мүмкіндік береді.Су электр стансылары Ертіс өзені мен оның салаларында салынған.Мұнда Ертіс,Бұқтырма,Өскемен және ең қуатты 1,3 млн кВт Шүлбі электр стансысы жұмыс істеуде.

Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласында еліміздегі жалғыз АЭС орналасқан.Қазақстан аумағында жел энегиясының да маңызы зор.Батыс Қазақстан және Орталық Қазақстан басқа да үнемі тұрақты жел соғатын аудандарда жел қондырғыларын қою арқылы электр энергиясын өндіру іске асырылуда.Жел стансылары өте қарапайым, 60 қондырғыға бір ғана адам қызмет етеді.АҚШ-тың Калифорния штатындағы әлемдік жер стансылар қуатының 80%-ын алатын Алтамонт Пасс Сан-Горгинио (қуаты - 6000МВт) стансысы өндіретін энергиядан екі есес артық электр энергиясын өндіруге болар еді.

Энегетикалық жүйе-жоғарғы кернеулі электрді беретін желілерге (ЭБЖ) біріккен стансылар тобы.Республикада жергілікті Алтай,Алматы,Орталық Қазақстан,Солтүстік Қазақстан,Павлодар,Ақтөбе энегетикалық жүйелері бір-бірімен өзара байланыспаған.

Біздің республикамызда 2006жылдан бері "Қазақстанның 30 корпаративтік көсбасшысы" деп аталатын бағдарлама жүзеге асуда.Осы бағдарламаға сай қазір Электр торларын басқару бойынша Қазақстандық "KEGOC" компаниясы акционерлік қоғам басшылығымен "Қазақстанның солтүстік-оңтүстік 500 кВт транзиті" жобасы жүргізілуде.Жобаның мақсаты - елдің оңтүстік аудандарын электрмен қамтамассыз ететін жаңа электр энергиясы желісін жасау болып табылады.

6.Жаңа тақырыпты түсінгенін тексеру

Картамен жұмыс

7. Жаңа білімді бекіту

а).Отын энергетика кешенінің шаруашылықта маңызы қандай?

ә).Қазақстанда отын өнеркәсібі қалай дамыған?

б).Қазақстан аумағында әлемдік көмір қорының қанша пайызы шоғырланған?

в).Таскөмірді жоғары температурада ауа жібермей қыздырудың нәтижесінде алынатын отын түрі?

8. Үйге тапсырма беру.

Елдің отын-энергетикалық кешеніне сипаттама


© 2010-2022