Африканың жер бедері мен пайдалы қазбалары

Раздел География
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Африканың жер бедері мен пайдалы қазбаларыАфриканың жер бедері мен пайдалы қазбаларыАфриканың жер бедері мен пайдалы қазбаларыАфриканың жер бедері мен пайдалы қазбаларыАфриканың жер бедері мен пайдалы қазбаларыАфриканың жер бедері мен пайдалы қазбаларыАфриканың жер бедері мен пайдалы қазбаларыБекітемін: ____________________

МДОІЖО: Т. Дүйсенғалиқызы

Пәні: География

Мерзімі: 28 қазан 2015 жыл

Сыныбы: 7 «Ә»

Пән мұғалімі: Ж. Күмісбай

Сабақтың тақырыбы: Африканың жер бедері мен пайдалы қазбалары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды Африканың жер бедерімен таныстыра отырып, пайдалы қазбалардың ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, ойлау қабілеттерін, дағдыларын қалыптастыру, топпен жұмыс істеуге дағдыландыру, картамен жұмысты дамыту.

Тәрбиелік: Басқа құрлықтың жерлерімен таныса отырып, өз еліне, Отанына, жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, табиғатты сүюге, аялауға, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, Африканың физикалық картасы, атлас, презентация, кеспе қағаздары.

Сабақтың әдістері: ауызша, сұрақ-жауап, түсіндірмелі, картамен жұмыс.

Сабақтың түрі: ашық сабақ.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру

II Үй тапсырмасын қайталау

III Жаңа тақырыпты ашу

IV Жаңа сабақты бекіту

V Үйге тапсырма беру

VI Оқушыларды бағалау


Оқушыларды топқа бөлу (1-топ: «Сахара», 2-топ: «Мадагаскар», 3-топ: «Ніл»)

Үй тапсырмасын қайталау

Оқушыларға үйге Африканың табиғаты жөнінде қызықты буклет жасау немесе реферат дайындау берілген болатын.

Африка табиғатының басты ерекшеліктерін табу:

Экватор сызығы мен бастапқы меридиан кесіп өтеді

Ең биік нүктесі - Килиманджаро жанартауы, 5895 м

Ең төмен нүктесі - Ассаль көлі, -153 м

Африка Әл-Азизия қаласы +580С

Ең ұзын өзені - Ніл өзені, ұзындығы 6671 км

Ең үлкен шөл - Сахара, 7 млн км2

Ең ірі аралы - Мадагаскар, 590 мың км2

Видеоролик (Ғажайып Африка табиғаты)

Жаңа тақырыпты ашу

Топтар бойынша постер қорғау. Постерге арналған тақырыптар:

«Сахара» тобы: Африка жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер

«Мадагаскар» тобы: Африка материгінің жер бедері

«Ніл» тобы: Африка материгінің пайдалы қазбалары.

Жаңа сабақты бекіту

Сәйкестігін тап: (Оқушылар интерактивті тақтадан Африка материгіндегі географиялық объектілерді сәйкесінше табады).

1. Замбези - өзен

2. Қызыл - теңіз

3. Піл - ең үлкен жануар

4. Айдаһар - тау

5. Сахара - шөл

6. Васко да Гама - саяхатшы

1. Давид Ливингстон - саяхатшы

2. Жерорта - теңіз

3. Килиманджаро - жанартау

4. Танганьика - көл

5. Виктория - сарқырама

6. Намиб - шөл

1. Генри Стэнли - саяхатшы

2. Сомали - түбек

3. Ніл - өзен

4. Атлас - тау

5. Альмади - шеткі нүктесі

6. Ассаль - көл

Географиялық диктант

«Сахара» тобы:

1.Африка материгінің солтүстік жағалауын Жерорта теңізінің сулары шайып жатыр.

2. Еуразия мен Африка материктерін Суэц каналы жалғап жатыр.

3. Африка материгінің оңтүстігінде Кап таулары орналасқан.

«Мадагаскар» тобы:

1. Африка материгінің солтүстік-шығыс жағалауын Қызыл теңіз шайып жатыр.

2. Африка материгінің ең үлкен түбегі - Сомали түбегі.

3. Африка материгінің ең үлкен аралы Мадагаскар - материктің шығысында орналасқан.

«Ніл» тобы:

1. Африка материгін Еуропа дүние бөлігінен Гибралтар бұғазы бөліп жатыр.

2. Африка материігің солтүстік-батысында Атлас қатпарлы таулары орналасқан.

3. Жерорта теңізі мен Қызыл теңіздің суларын Суэц каналы жалғап жатыр.

Кескін картамен жұмыс.

«Сахара» тобы: Африка материгінің шеткі нүктелерін, жағалауындағы мұхиттар мен теңіздерді, мұхит ағыстарын түсіру.

«Мадагаскар» тобы: Африканың жер бедерін, абсолют нүктелерін түсіру.

«Ніл» тобы: Африка материгінің пайдалы қазбаларын түсіру.

Топтарға қорытынды тапсырма:

«Сахара» тобы: Тест жұмысы.

«Мадагаскар» тобы: Африка материгінің картасын мозаика үлгісінде құрастыру.

«Ніл» тобы: Сөзжұмбақ шешу.

Үйге тапсырма: Африка материгінің жер бедері мен пайдалы қазбалары. Оқу. Африка материгінің географиялық объектілеріне ребус құрастыру.










«Қарақұм орта мектебі» мемлекеттік мекемесі




Африканың жер бедері мен пайдалы қазбалары

(ашық сабақ)



Пәні: География

Сыныбы: 7 «Ә»

Пән мұғалімі: Күмісбай Жайнагүл





2015-2016 оқу жылы

© 2010-2022