Жоспар География алаңы (6 сынып)

Раздел География
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мұнайлы ауданы

№5 орта мектеп



География алаңы



(6-сыныптар арасында)


Жоспар География алаңы (6 сынып)











География пәні мұғалімі

Нұржауова Р.А.







2013 жыл

Тақырыбы: География алаңы.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың география пәніне деген қызығушылықтарын арттыра отырып, келешекте білімнің қаншалықты маңызды екендігін ұғындыру.

Дамытушылық: Әр түрлі білім көздерімен жұмыс жасауды көрсете отырып, шығармашылық ой өрістерін дамыту.

Тәрбиелік: Сайыс сабақ барысында адамгершілігі мол, ізгілікті, мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу.

Жүргізілуі:

Тек сәттілік, қатысыңдар сайысқа,

Мықты болсаң қабырғаңмен қайыспа.

Оқу керек, білім керек қашанда,

ол болмаса, сайыс деген сайыс па?

Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар! Оқушылардың география пәніне деген қызығушылығын арттыру, білімдерін пысықтау мақсатында 6 - шы сыныптар арасында

" география алаңы "атты сайыс сабағымызды бастағалы отырмыз.

Ортада 6 "Ә" сыныбының "мұхиттар " тобы мен 6 "Б" сыныбының " Құрлықтар" тобы.

Сайысымызды бастамас бұрын шағын әңгімеге кезек берейік. Бұл жерде сіздердің болжамдарыңыздың қаншалықты дұрыс, бұрыстығын анықтаймыз.

Сыныпта география сабағынан сарамандық жұмыс жүріп жатыр. Жанерке әдеттегідей тапсырманы оқушылардың бәрінен бұрын орындады да, қаламсабын қойып, жан - жағына масаттана қарайды. Мұғалім апай да оны сыныпқа үлгі етіп, мақтап қойды. Оның сыныпта ең жақын досы Еркежан болса әлі отыр. Сабақтың басынан - ақ оның мазасы жоқ еді. Оның ойында......... Жанерке келесі жетіде туған күні екенін, оған достарын шақыратындығын айтты. Еркежанды қинап отырған сол күнге қандай сыйлық апарсам екен деген ой. Жанерке тапсырмасын орындап мәз - мейрам. Апай сыныпқа ескерту жасағанда барып, Еркежан дәптеріне шұқшиды. Мұның халін Жанерке жаңа сезгендей жалтақтап қарай берді. Бірақ қалай жәрдемдеседі?............ Мұғалім оған баға қоймады. -Қызым ау, сені үшке қимаймын деді. Бүгін не болған саған? Бұл тапсырмаларды үйден орындап кел деді. Үзілісте қасына Жанерке жүгіріп келді. - Орындай алмадың ба?............. Досы үнсіз басын изеді. -Ал мен 5 алдым. -Білемін,енді қайтейін ? деп ренжіді. Бірақ, Жанерке оған мән бермеді. Оқушылар үйлеріне тарады. Еркежан сыртқа шыққан тұста жаңа жауған жаңбыр басылып, кемпірқосақ көрініп, табиғат ерекше сұлуланып тұр еді.

-Оооо таптым, табиғаттың әсем көрінісін кесте арқылы бейнелеп берем деп қуанған Еркежан үйіне қуанышпен жүгіре жөнелді.

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Дарындылық пен тапқырлық

Жеткізеді сіздерді

География сырына

Сайыс кезеңдері:

  1. Жер -Күн жүйесінің планетасы. " Сәлем хат " кезеңі.

  2. План және карта. " Бизнес карта" кезеңі.

  3. Жер қабықтары. " Қалталы пошта" кезеңі.

  4. Атмосфера. " Десанттық көмек" кезеңі.

  5. Гидросфера. " Ақылдының алты қалпағы "кезеңі.

  6. Ребус.

Сайысымызға төрелік ететін әділ қазылар алқасы:

1.

2.

3.

Бақылаушылар тобы:

  1. Байкулов Эркин

  2. Ермеков Арман

Ақыл керек білім таңдап аларға,

Білім керек іске жақсы қарарға

Ақыл - шырақ, қара түнді ашатын,

Білім - жарық, нұрын саған шашатын.

Біліктіні тыңда - ақылдың бұлағы,

Білімді сөз - шырын жанның құнары.

" Сәлем хат " кезеңі бойынша алғашқы турымызды бастаймыз. Бұл турда 1-ші топ Күнге, 2 -ші тп Жерге өздерінің алған білімдері, көкейіндегі сұрақтары бойынша хат жазады. Өлең жолдарымен жеткізуге де болады. ( 3 мин. )

Айдын көл кемеріне соғатындай,

Аққу, қаз қаңқылдасып жататындай.

Жарқырап зәулім үйлер мөлдіресе,

Майда жел ептеп қана гүлді өрлесе.

Жерімізде жасыл желек көбейсе,

Балабақша, саябақтар тізілсе.

Елестетіп көрейікші алдымызға

Мұнайлыны жоспарлап келешекте - дей келе " Бизнес карта" кезеңімізге кезек берейік. Бұл турда сурет қиындыларын бере отырып, келешекте егер мен Мұнайлы ауданындағы туристік фирманың басшысы болсаң , жергілікті туризмді дамыту үшін не істер едің? ( қағаз қиындыларын пайдалана отырып, макет жасау ).

Картаменен ұштамасақ білімді,

Түсініксіз география қыр - сыры.

Шартараптың бәрін шарлап қайтайық,

Жайып салып алдымызға картаны . Келесі кезеңіміз " қалталы пошта " деп аталады. Қағаз қиындысына құрлық кескіндерін орналастыра отырып, " адасқан әріптер "бойынша берілген әріптерді құрай отырып, сол обьектілерді картадан табу.

  1. Нугздо ( шығанақ) 2. Крейд ( бұғаз ) 3. Кбимзаом ( бұғаз) 4. Йиспак ( теңіз) 5. Жортерта ( теңіз)

Олай болса, келесі кезеңіміз « десанттық көмек » деп аталады. Бұл турда 2 топ конверт ішінде жазылған сөздерді жасыра отырып, оны балаларға анықтама немесе мимика арқылы жеткізу керек. Оқушылар оны табу шарт.

  1. Жауын - шашын 1. Тұман

  2. Бұлт 2. желбағар

  3. Гигрометр 3. жел

  4. Ауа райы 4. атмосфера

  5. Климат 5. Атмосфералық қысым

Сыналатын тағы бір келді кезің,

Несібеңнен көрерсің енді өзің.

Қандай - дағы тосқауылға кезіксең де,

Ең бастысы өзіңе керек төзім. Келесі кезеңіміз - " ақылдының алты қалпағы" деп аталады. Бұл турда «су сыйы», «су сыры» деп аталатын тақырыпшаларға постер.

Алған білімдерімізді жетілдіре келе, «басқатырғылар базарына» кезек береміз. Берілген ребусты дұрыс шеше білсек, Елбасымыздың жолдауын оқи аламыз.

Сонымен сайыс сабағымыз өз мәресіне жеткен сияқты, жеңімпаз топты анықтайық.

Қош сау болыңыздар!



1. Нугздо

2. Крейд

3. Кбимзаом

4. Йиспак

5. Жортерта

1. Нугздо

2. Крейд

3. Кбимзаом

4. Йиспак

5. Жортерта

1. Жауын - шашын

2. Бұлт

3. Гигрометр

4. Ауа райы

5. Климат

1. Тұман

2. желбағар

3. жел

4. атмосфера

5. Атмосфералық қысым

















Мұхиттар



















Құрлықтар

© 2010-2022