Жер қыртысының қозғалысы. Жер сілкіну

Сабақтың мақсаттары ׃ 1. Білімділік ׃ Жер қыртысында болып тұратын қозғалыстар жайлы білім беру. Оқушылардың “жер сілкіну”, “жердің баяу қозғалыстары”, “эпицентр”, “гипоцентр”, “сейсмограф” жайлы ұғымдарын және жер қыртысының үнемі дамуда болатындығы туралы дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру. 2. Дамытушылық ׃ Жер қыртысының қозғалысының шығу себептері мен салдарын анықтау үшін жағдай туғызу. 3. Тәрбиелік ׃ Өздерінің интеллектуалды жетістіктерін қазіргі заманға сай адамның бағалы қасиеті ре...
Раздел География
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жер қыртысының қозғалысы. География (6 - сынып)

Сабақтың мақсаттары ׃

1. Білімділік ׃ Жер қыртысында болып тұратын қозғалыстар жайлы білім беру. Оқушылардың "жер сілкіну", "жердің баяу қозғалыстары", "эпицентр", "гипоцентр", "сейсмограф" жайлы ұғымдарын және жер қыртысының үнемі дамуда болатындығы туралы дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру.

2. Дамытушылық ׃ Жер қыртысының қозғалысының шығу себептері мен салдарын анықтау үшін жағдай туғызу.

3. Тәрбиелік ׃ Өздерінің интеллектуалды жетістіктерін қазіргі заманға сай адамның бағалы қасиеті ретінде түсінулеріне ықпал ету.

Оқыту әдісі ׃ материалды проблемалы оқыту.

Оқыту түрі ׃ жеке, ұжымдық.

Сабақтың типі ׃ аралас сабақ.

Дидактикалық мақсат ׃ проблемалы оқыту технологиясын қолдану арқылы жаңа білім ақпаратын қабылдау мен түсінуге қолайлы жағдай туғызу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

Бар ма үйден дайындық?

Тапсырмаңыз дұрыс па?

Оқымасаң, уайым қып,

Тығылмаңыз қуысқа.

Ойымызды айтайық,

Білімімізді байқайық,

Мына отырған ұстаздар,

Қалсын бір сәт марқайып.

ІІ. Өткен тақырып бойынша білім мен біліктілікті тексеру.

1. Адасқан ұғымды сәйкестендір. "Ойлан тап".

1. Литосфера А. Жер қыртысының түрлері

2. Тау жынысы Ә. Тау жынысының құрамына кіретін заттар

3. Минерал Б. Жердің жоғарғы қатты қабығы

4. Жер бедері В. Жер қыртысын құрайтын элементтер

Үй тапсырмасы тест жұмысын тест жұмысымен тексеру.

  1. Арабша «ас сумут» қандай мағына береді

А)бағыт

Б)жол

В)көкжиек

  1. Жер өз білігінен айналып шығады

А) бір тәулік

Б)365 күн

В) үш ай

  1. Жердің беткі тас қабаты

А) гидросфера

Б) атмосфера

В) литосфера

  1. Литосфералық тақталар жылына неше см қозғалады

А) 2-3

Б) 2-4

В) 2-5

  1. Мантия сөзі қандай мағына береді?

А) шапан

Б) кезбе

В) қабат

  1. Ядро радиусы қанша км?

А) 3400

Б) 3500

В) 3600

  1. Тау жынысының агрегаттық кұйіне байланысты қандай болып бөлінеді?

А) тығыз, газ

Б) майда, тығыз

В) қатты, газ

  1. Шөгінді тау жыныстары нешеге бөлінеді?

А) 3

Б) 4

В) 5

  1. Тау жыныстарын, пайдалы қазбаларды зертейтін адамдарды қалай атайды?

А) геогроф

Б) геолог

В) археолог

  1. Адамның қажетіне жұмсалатын тау жыныстарын қалай атайды?

А) пайдалы қазбалар

Б) шөгінді жыныстар

В) метаморфтық тау жыныстары

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту.

1. Жер қыртысының қозғалысы.

2. Жер сілкіну.

3. Жер сілкіністерін зерттеу.

Жер қыртысының қозғалысы:

1. Жер қыртысының баяу көтерілуі мен төмендеуі;

2. Тау жасалу қозғалысы ( жер сілкіну, жанартау атқылауы).

Жер сілкіну дегеніміз - жер қыртысы мен жоғарғы мантиядағы кенет ығысып

қозғалуынан болатын жер астындағы дүмпулерден жер бетінің тербеле қозғалуы.

Жер сілкіну ошағы (гипоцентр) - жердің терең қойнауындағы тау жыныстары қабаттарының кенет жарылып, ығысатын жері.

Эпицентр - жер асты дүмпуінің жер бетіне шығатын жері.

Жер сілкіну құбылыстары: жанартаулық, денудациялық, тектоникалық.

ЮНЕСКО - ның мәліметі бойынша Жерде жыл сайын:

20 - апатты

150 - қирататын

7000 - өте күшті

19000 - орта дәрежеде

150000 - адам сезбейтін жай

- Жер сілкініс аймағының орташа тереңдігі 700 м, ең тереңі Индонезияда тіркелген.

Жер қыртысының қозғалысын тіркейтін құрал - сейсмограф.

- Жер сілкінісінің күшін анықтау үшін жапон ғалымы Вадати 1931 ж. шкала ұсынған, кейіннен оны 1935 ж. Рихтер жетілдіріп, қазір ол 12 балдық Рихтер шкаласы деп аталады.

Сейсмикалық аймақтар:

1. Тынық мұхит белдеуі - 80 % (Тынық мұхит, Оңтүстік Камчатка, Аляска,

Солтүстік және Оңтүстік Американың батыс жағалауы, Қытай, Жапония).

2. Жерорта теңізі - Гималай - 15% (Португалия, Балқан түбегі, Италия, Испания, Түркия, Кавказ, Орта Азия және Қазақстанның Байкал мен Тынық мұхит жағалауы).

3. Басқа жерлер - 5%.

Ірі жер сілкіністері:

1. Қытайда 1556 жылы, қаза болған адамдар саны - 830000.

2. Жапонияда 1730 жылы, 137000 адам.

3. Үндістанда 1737 жылы, 300000 адам.

4. Италияда 1908 жылы, 77000 адам.

5. Қытайда 1920 жылы, 180000 адам.

6. Жапонияда 1923 жылы, 143000 адам.

7. Қытайда 1927 жылы, 200000 адам.

8. Перуде 1970 жылы, 67000 адам.

9. Қытайда 1976 жылы, 650000 адам.

10. Арменияда 1988 жылы, 55000адам.

11. Иранда 1990 жылы, 50000 адам.

12. Үндістанда 1993 жылы, 9000адам.

13. Ресейде 1995 жылы, 5000 адам қаза болған.

IV. Проблемалық сұрақтар:

1. Қандай табиғат апаттары жер қыртысының қозғалысымен байланысты?

2. Жер сілкінісі қай жерде жиі болады?

3. Жер сілкінісінің белгілері қандай?

4. Жер сілкіну күшін өлшейтін шкаланы неге алғаш рет жапондықтар ойлап тапқан?

5. Жер сілкінуді болжауға бола ма?

6. Жер сілкіну болған жағдайда адам өзін қалай ұстауы қажет және не істеу керек?

V. Кім жылдам? Тест.

1. Жердің қатты тас қабығы:

а) биосфера; ә) атмосфера; б) литосфера; в) гидросфера; г ) географиялық қабық.

2. Жердің толық ішкі құрылысы:

а) литосфера; ә) литосфера және мантия; б) мантия және ядро; в) литосфера және ядро;

г) литосфера, мантия және ядро.

3. Мантияның қалыңдығы:

а) 10км; ә) 65 км; б) 2900км; в) 3500км; г) 1800км.

4. Жер ядросында қандай температура болады?

а) 100˚С шамасында; ә) 1000˚С шамасында; б) 4000 - 6000˚С шамасында;

в) 3500˚С шамасында; г) 10 000˚С шамасында.

5. Жер қыртысының қалың болатын жерлері:

а) таулар; ә) жазықтар, б) мұхиттар; в) таулар мен мұхиттар; г) мұхиттар мен жазықтар.

6. Шөгінді, жанғыш тау жынысы:

а) әктас; ә) тас көмір; б) кварцит; в) гипс; г) гранит.

7. Таулар ненің нәтижесінде пайда болады?

а) су тасқынынан; ә) жер қойнауында болатын ішкі күштердің әсерінен;

б) Күннің жоғарғы бетінде болып тұратын үрдістердің әсерінен;

в) ғарыштық сәулелерден; г) себептері белгісіз.

8. Жер шары қыртысының қандай бөлігін сейсмикалық белдеу дейді?

а) Литосфералық тақталардың шекарасын;

ә) мұхит пен құрлық арасындағы шекараны;

б) ауа мен Жер шарының жоғарғы бөлігі арасындағы шекараны;

в) ауа мен мұхит арасындағы шекараны;

г) мантия мен Жер шары қыртысының арасындағы шекараны.

9. Дүние жүзіндегі ең биік шың қай тауда?

а) Альпі тауларында; ә) Памир тауларында; б) Кордильер тауларында;

в) Анд тауларында; г) Гималай тауларында.

10. Жер қыртысындағы кенет ығысулар мен ыдыраулар - бұл...?

а) су тасқыны; ә) дауыл; б) құйын; в) жанартау атқылау; г) жер сілкінісі.

11. Жер сілкіну ошағы дүмпуінің жер бетіне шығаратын жері:

а) кратер; ә) саға; б) жанартау; в) гейзер; г) эпицентр.

12. Жер сілкіну ошағының орташа тереңдігі:

а) 500 м; ә) 600 м; б) 700 м; в) 800; г) 900м.

13. Жер қыртысының қозғалысын бақылайтын аспап:

а) нивелир; ә) тұсбағар; б) сейсмограф; в) барометр; г) эхолот.

14. Жер сілкінісі күштерін қанша балдық көрсеткішпен өлшейді?

а) 5; ә) 10; б) 12; в) 50; г) 60;

топтастыру:

  1. Жер қыртысының зардабы қандай?

  2. Жер қыртысының қозғалысын қалай зерттейді?

VI. Сабақты қорытындылау, кері байланыс:

Термин сөздермен жұмыс

Жер қыртысы, Жер сілкіну ошағы,Эпицентр,Балл,Қарқындылық,Сейсмикалық аймақ,Сейсмограф

Сейсмология

1. Бүгінгі сабақта қандай жаңа білім алдың?

2. Қандай іс - әрекеттер жасадың?

VII. бағалау.

VIII. Үйге тапсырма:

1) Жер қыртысының қозғалысы. Жер сілкіну (§20).


© 2010-2022