• Преподавателю
  • География
  • География сабағында «сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасын пайдаланудың тиімді жолдары

География сабағында «сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасын пайдаланудың тиімді жолдары

Атырау қаласы,Дамбы селосы                                                             Амангелді орта мектебінің                                                                            география пәнінің мұғалімі                                                                          Дариева Орынша Рысқалиқызы                                                                            Баяндама: География сабағында «сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасын пайдаланудың тиімді жолдары.     ...      Сабақты  жоспарлауда   басшылыққа  алатын  3  кезең        1 кезең           2 кезең        3 кезең                   Орындалатын    жұмыстар     Оқушыларға қызығарлық әр түрлі жұмыстар беріледі. Мақсат: Оқушының іздену арқылы және басының білімін байқауы және оған жаңа ойлар қосыуы. Олардың танымдық жұмысы жаңа білімді ашуға көмектеседі.   Оқушы жаңа оймен, жаңалықпен кездеседі. Жаңа бір материкпен, елмен, (географиялық орны, ашылуы, т.б.) танысады. Тақырыппен жұмыс жүргізу кезінде туатын жазба жұмыстарын орындайды. Көбіне БҮҮ, галерияны шарлау, INSERT т.б.   Оқушылар жаңа мағлұмат алуға,соған қарай ойларын тұжырымдауға  әрекеттенеді. Оқушының жеке қабілетін,белсенділігін дамытуға қызығушылығын бейімділігін ескере отырып жаңаша ойлар тастауға көңіл бөлінеді.Тақырыпты құр оқып қана қоймай,негізгі мағлұматты ойға жинақтайды.   Бұл кезеңдер бойынша сабағымды жоспарлай отырып, «Сын тұрғысынан ойлау» стратегияларының тиімділігін байқадым.   «Сын тұрғысынан ойлау» стратегиясын қолданудың тиімділігі 1.Топтастыру                                           Оқушы   өз   ойын    ашық   айтуға   үйренеді.                                                                                                2.БҮҮ                                                          Талқылауға  белсенді  араласады.                                  ... О            қ           у            ш             ы - ұстазбен ынтымақты қарым-қатыныс жасайды; - ізденіс пайда болады; - қабілеті дамиды; - зерттеу, саралау жасауға дағдыланады; - еркін шығармашылықпен ойланады; -тіл байлығы артып, сөздік қоры көбейеді; - өзіндік ой қорытады. М ұ    ғ    а  л   і   м                                                                                                                                                                  -оқушы еңбегіне сеніммен қарайды; - оқушы шығармашылығын ұштау жолына жұмыстану; - бағыт-бағдар жол сілтеп, ұсыныс береді; - шәкірт бірлігі үшін күреседі; - өз пәнінің беделі үшін күреседі.     География пәні бойынша оқушы білімінің сапасын мониторинг көрсеткіш бойынша саралайтын болсақ, әр жыл сайын оқушы білімі сапасының қорытындысы ... Сын тұрғысы-нан ойлау -практикалық іс-әрекетте болу;                                                                                                                            - көзқарасты өзгерту;                                                                                                                                         - әдістер;                                                                                                                                                                 - белсенділігін...
Раздел География
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

География сабағында «сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасын пайдаланудың тиімді жолдары.География сабағында «сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасын пайдаланудың тиімді жолдары.География сабағында «сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасын пайдаланудың тиімді жолдары.География сабағында «сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасын пайдаланудың тиімді жолдары.География сабағында «сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасын пайдаланудың тиімді жолдары.География сабағында «сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасын пайдаланудың тиімді жолдары.География сабағында «сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасын пайдаланудың тиімді жолдары.География сабағында «сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасын пайдаланудың тиімді жолдары.География сабағында «сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасын пайдаланудың тиімді жолдары.География сабағында «сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасын пайдаланудың тиімді жолдары. Атырау қаласы,Дамбы селосы

Амангелді орта мектебінің

география пәнінің мұғалімі

Дариева Орынша Рысқалиқызы

Баяндама:

География сабағында «сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасын пайдаланудың тиімді жолдары.




Жоспары:

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім.



  1. Жаңа технология - шығармашылыққа, біліктілікке апарар жол.

  2. География сабағын оқытуда «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының әдістерін пайдалану.

  3. Оқушы шығармашылығының дамуы - мұғалімнің жаңа технологиялық әдіс - тәсілдермен жұмыс жасауының нәтижесі.

ІІІ. Қорытынды.

Мақсатым:

Оқушылардың өзіндік талдау жасап, ой қорытуына дағдыландыру, жеке топтық жұмыстарда тапқырлық танытуға, ізденушілік қабілетін шыңдауға ұштау, алған білімдерін жүйелей білуге баулу.

Міндетім:

1.Тақырыпқа байланысты:

«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының тиімді жолдарын пайдалану арқылы оқушының білімін тереңдету, тұжырым жасай білуге үйрету.

2.Жаңа технологияға байланысты:

Баланы қызықтыра алатындай сабақ әдістерін пайдалана отырып, деңгейлік тапсырларды ұсыну.

3.Тәрбиеге байланысты:

Оқушы бойына рухани - адамгершілік қасиеттерді жинақтай отырып, еліне, жеріне деген қамқорлығын арттыру.



Біле бер, қанша білсең, тағы тіле, Жетерсің мақсатыңа біле - біле Ж. Баласағұн.

«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік арқалап келеміз» деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі жай айтыла салған жоқ. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Осыдан барып жас ұрпақтың бойындағы іскерлік пен қабілеттерін ашу және оларды шығармашылыққа баулу туындайды. Қазіргі уақытта білім беру жүйесіндегі өзгерістер олардың талаптарына жылдам жауап бере алатындай икемді, өз ісіне құзырлы шығармашыл мұғалімнің ролін көтеруде. Шығармашыл мұғалім - шығармашыл тұлғаны қалыптастырады. Шығармашылық мәселесіне деген көзқарастардың әр кезеңде әр түрлі болғаны, ұзақ та даулы тарихы бар екені белгілі.

«Шығармашыл тұлға - тәуекелшіл адам. Онда идея көп болады және оларды жария етуден ешқашан жасқанбайды. Өзінің батыл ойларынан да қорытынды жасауға әзік кісі» деп бағалаған екен орыс зерттеушісі А.Н. Лук. Бұл пікірді менде қостаймын. Осы бағытта жүргізілген бірнеше жұмыстарымның барысында үнемі байқап отырдым. Дүниежүзілік озық тәжірибиелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдай жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек екендігін үнемі назарға алдым.

Қазіргі кезде сабақтарда оқушыны танымдылық, білімділік, іскерлік, шығармашылық әрекеттерге баулудың жолдарын іздестіре отырып, қаламгер-мұғалім-шәкірт арасындағы рухани және сезім бірлестігін айқындайды. Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңестігіне енуге бетбұрыс жасалуда. Білім берудің мазмұнында жаңа көзқарас, қарым-қатынас, өзгеше менталитет пайда болуда. Оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Заман ағымына сай саналы, озық ойлы азаматтарды оқытып, тәрбиелеп шығару үшін ұстаздардың өзі де көп ізденуді қажет етеді. Яғни, бүгінгі қоғамға жаттанды кітап сөзімен тақылдап тұрған оқушы емес, өмірден алған өзіндік тәжірибесі мен білім мазмұнын толықтыра алатын оқушы қажет. Сондықтан да баланың оқулықты берілген мәтінмен немесе басқа да ақпараттармен арасындағы байланысты орнату, мәтіндегі ойды бала ойымен толықтыру мұғалімнің ісі.

Оқушы жүрегіне жол табуда, оқушының білімін жетілдіруде ұстаздың және оның оқушылармен өткізетін, жүргізетін жекелей жұмыстарының, қосымша сабақтарының ролі маңызды. Әрине, оған түрлі жолдармен қол жеткізуге болады. Мен өз тәжірибемде география пәнімен алғашқы рет танысатын 5 сыныптарда, сондай-ақ басқа да сыныптарда оқушының пәнге қызығушылығын арттыруда және ойлау қабілеттерін дамытуға білім көтеру курстарынан алған тиімді мәліметтерді, жаңа технология элеметтерін қолдану арқылы сабақты өткізуге көбірек көңіл бөлемін. Әсіресе:

  • Әдістеме мен технологияның сабақтастығы.

  • Оқушының өз бетінше іс- әрекет жасау тәсілдерін меңгеруіне жол беру.

Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдысын дамыту бағытында әр түрлі схемалар, тапсырмалар, кросвордтар және т.б. ізденіс жұмыстарын жүргіземін.

Осы бағытта яғни оқытудың тиімділік сапасын арттыруда «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» бағдарламасының стратегияларын ұтымды пайдаланып оқытудың шығармашылықсипатын күшейтуге жұмыстанып жүрмін. Өз пәнім бойынша кейбір қиын деген тақырыптарға «Сыни ойлауды дамыту» стратегияларын қолдану арқылы оқушы ұғымына жеңілдік беруге мүмкіндік жасадым. Осы тиімділіктің оқушыға әсері болғанын қалап сабақ беретін сыныбымның шығармашылығын арттыруды көздедім. Ол үшін алдымен балаларға зерттеу жасадым. Ойға түрлі сауалдар келді.

  • Оқушының еркін жазу мен еркін сөйлеуіне қалай жол ашып беремін?

- Бірінің пікірін бірі сыйлауға үйрететіндей тиімді әдістер қандай?

Осы екі сұрақты бір ізге сала отырып оқушы қызығушылығын қалыптастырып, білім сапасын арттыра аламын ба? Осы мақсатта сабаққа бөлінген әрбір кезеңді тиімді пайдалану арқылы көп жұмыстанып, зерделі еңбектің нәтижесінде ілгерілеушілік бар екендігіне көз жеткіздім.

Әрбір өткізген сабақтарымда американ зерттеушісі Джон Голсоуридың «Мәселе жаза білуде емес, мәселе - өмірге белгілі бір көзқарас қалыптастырып, бір жаңалық айта білуде», - деген пікірін және А. Момынқұлованың «Сыни тұрғысынан ойлау бағдарламасының терең философиясы - балалардың жазу арқылы дамуына көп әсер етеді», - деген ойын басшылыққа алып отырмын.

«Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының қазіргі таңда алған білімді, білгенін өмірде пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеудегі орны ерекше. Оның бұрынғы дәстүрлі оқу технологиясынан айрықша ерекшеліктері бар. Олар мынадай:

  1. Оқушының интеллетуалды дамуының аз уақыт ішінде қабылдауы.

  2. Оқушы мен мұғалімнің белсенділігінің сайма-сай болуы.

  3. Мұғалім мен шәкірттің өзара қарым-қатынасында жауапкершілік пен сенімділіктің болуы.

Осы бағытта сабақты жоспарлауда басшылықта ұстайтын кезеңдерім:



Сабақты жоспарлауда басшылыққа алатын 3 кезең



1 кезең

2 кезең

3 кезең



Орындалатын жұмыстар



Оқушыларға қызығарлық әр түрлі жұмыстар беріледі. Мақсат: Оқушының іздену арқылы және басының білімін байқауы және оған жаңа ойлар қосыуы. Олардың танымдық жұмысы жаңа білімді ашуға көмектеседі.

Оқушы жаңа оймен, жаңалықпен кездеседі. Жаңа бір материкпен, елмен, (географиялық орны, ашылуы, т.б.) танысады. Тақырыппен жұмыс жүргізу кезінде туатын жазба жұмыстарын орындайды. Көбіне БҮҮ, галерияны шарлау, INSERT т.б.

Оқушылар жаңа мағлұмат алуға,соған қарай ойларын тұжырымдауға әрекеттенеді. Оқушының жеке қабілетін,белсенділігін дамытуға қызығушылығын бейімділігін ескере отырып жаңаша ойлар тастауға көңіл бөлінеді.Тақырыпты құр оқып қана қоймай,негізгі мағлұматты ойға жинақтайды.

Бұл кезеңдер бойынша сабағымды жоспарлай отырып, «Сын тұрғысынан ойлау» стратегияларының тиімділігін байқадым.

«Сын тұрғысынан ойлау» стратегиясын қолданудың тиімділігі

1.Топтастыру Оқушы өз ойын ашық айтуға үйренеді. 2.БҮҮ Талқылауға белсенді араласады. 3.Венн диаграммасы Топпен жұмыс жасауға үйренеді. 4.Ұқсастық пен даралық Шығармашылықпен жұмыстанады. 5.Дөңгелек үстел және Қаламсап Шапшаң сөйлеуге үйренеді. 6. Елесті жетелеу 7.Болжау

«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының әдіс-тәсілдерін басшалаққа алып, іс-тәжірибиемде қолдану барысында оның тиімділігін байқадым. Бұл бағдарламаның тиімділігі сол, баланы еркін ойлап, еркін жазуға, жазғаны ішкі сезімімен көрініс табуда. Мысалға 6 сыныпта Гидросфера тарауы бойынша «Жер беті суларын қорғау» тақырыбын өткен кезде «РАФТ» стратегиясын пайдаландым.

Роль - су. Аудитория - президент, министр, ұстаз. Форма - өтініш, хат. Тақырып - экология.

Бұл стратегия бойынша оқушылар Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа жер беті сулары болып өтініш жазды. Осы әдіс арқылы оқушы өз ойын еркін жеткізуге, ойын қағаз бетіне түсіруге үйренеді.

«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» стратегияларының ішінде оқушылардың қызығушылықпен орындайтыны - «ішкі және сыррқы» стратегия жұмысы. Бүл жұмыстың ерекшелігі сол бала сала отырып, ішкі әсерін қағаз бетіне түсіреді, сезімін білдіреді.

Оқушының білімін саралау кезінде маңызды кезеңінің бірі - үй тапсырмасын сұрау. Берілген тапсырма бойынша өз білімін ортаға салып, топ алдында еркін сөйлеу шеберлігін шыңдауда «Ассоциация» әдісінің маңызы ерекше.

Сабақтарда стратегияларды тиімді пайдалану арқылы оқушылардың тілін, еркін сөйлеуін дамытып, топтаса жұмыс істеу барысында бірін-бірі тыңдай білуге, құрметтеуге уйренді. Оқушыларда өз ойын дәлелдей білу, берілген сұрақтар арқылы ойын жинақтап, талдап, қорытындылай білу қалыптасты.

Осы тұста «Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының терең философиясы - балалардың жазу арқылы дамуына көп әсер етеді», - деген Қазақстан Оқу Ассоциациясының мүшесі А.Момынқұлованың пікірін қостағым келіп отыр. Себебі, «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» стратегиялары бойынша өткізілген сабақтардың берері мол.

Осындай әр түрлі жұмыстарды сабақта оқушыларға орындату арқылы көптеген жетістіктерге қол жеткіздім. Бұған әрине оқушылардың пәнге қызығушылықпен қарап, әр сабақты тағатсыздана күтіп, шығармашылықпен жұмыс жасауы әсер етті деп айта аламын. Оқушыны дамыту үшін алдымен мынадай жайттарды ескеріп отырмын:

  • жақсы, жылы қарым-қатынас;

  • еркіндік;

  • пікірін сыйлау;

  • ойын толық жеткізуге мүмкіндік жасау;

  • жақсы сұрақтар қою;

  • қазіргі таңдағы көпшілікті елең еткізер мәні бар тақырыптар ұсыну;

  • әр оқушыны түсіну;

  • оқушы ойын іске асыруға көмектесу.

Бұл бағыт оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім сапасындағы ілгерілеушіліктерді байқатты.

О қ у ш ы- ұстазбен ынтымақты қарым-қатыныс жасайды;

- ізденіс пайда болады;

- қабілеті дамиды;

- зерттеу, саралау жасауға дағдыланады;

- еркін шығармашылықпен ойланады;

-тіл байлығы артып, сөздік қоры көбейеді;

- өзіндік ой қорытады.

М ұ ғ а л і м



-оқушы еңбегіне сеніммен қарайды;

- оқушы шығармашылығын ұштау жолына жұмыстану;

- бағыт-бағдар жол сілтеп, ұсыныс береді;

- шәкірт бірлігі үшін күреседі;

- өз пәнінің беделі үшін күреседі.

География пәні бойынша оқушы білімінің сапасын мониторинг көрсеткіш бойынша саралайтын болсақ, әр жыл сайын оқушы білімі сапасының қорытындысы жоғарылады. Бұрынғы дәстүрлі сабақтар мен қазіргі сабақтарды салыстыра отыра мынаны байқауға болады:

Сын тұрғысы-нан ойлау-практикалық іс-әрекетте болу; - көзқарасты өзгерту; - әдістер; - белсенділігін дамыту; - білім мен дағдыны қалыптастыру; - басқаларды тыңдай білу; - өз ойын тұжырымдай білу; -көпшілік алдында сөйлеп үйрету; - қарым-қатынас жасауға уйрету.

Әрбір сабағымды осындай әді-тәсілдерді пайдалана отырып өткізу арқылы оқушыларымның арасында білуге деген құлшыныс пайда болғанын көрдім. Тіпті кейбір тұйық балалардың өзі бірте-бірте ашылып, пәнге деген қызығушылығы оянды. География пәнінде ілгерушілік барекендігі байқалды.

Қорытындылай келе, еңселі елдің ертеңі жарқын болу үшін адамдардың ой-өрісі кең, жан-дүниесі бай, талғамы жоғары, өз бетімен шешім қабылдай алатын ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. Сондықтан әр сабағымызды жаңа технологиялық әдістер арқылы шығармашылықпен өткізе алсақ - ізгі ниетпен сезімге толы болашақ ұрпақты көруге болады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Х.Хасенова «География» Анықтамалар-2007ж

  2. «Письмо: от истоков к настоящему» сборник. Алматы 2002 .

  3. «Слово учителью...» сборник. Алматы 2002.

  4. А.Н.Лук «Плихология творчества»

  5. «Ұстаздық ізденістер» Алматы 2007 жыл.

  6. «Дауыс және көрініс» (Сыни тұрғыдан ойлау туралы ұлттық журнал)

  7. «Ботақаным» («Дауыс және көрініс» ұлттық журналына қосымша)

  8. «Атырау» энциклопедиясы.

  9. «Қазақстан мұғалімі» газеті. 2005 жыл.

  10. «География және табиғат» журналы. 2007-2008 жыл.





© 2010-2022