География және биология пәндерінен кіріктірілген сабақ 6 сынып Атмосфера мен өсімдік

Раздел География
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат zip
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 1.02.2016ж

Сынып: 6

Пән: Биология-география

Сабақтың тақырыбы: Ашық тұқымды өсімдіктердің сипаттамасы және көптүрлілігі.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға ашық тұқымды өсімдіктердің тұқымнан көбейетін сүректі яғни, ағаш, бұта, қылқанжапырақты өсімдіктер, олардың түрлері және табиғатта атқаратын рөлі мен маңызы туралы білім беру;

ә) дамытушылық: оқушыларға жоғарғы сатыдағы өсімдіктер морфологиясы, түрлері және маңызы туралы білім бере отырып, түрлі әдістерді пайдаланып, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту;

б) тәрбиелік: оқушылардың өсімдіктер жайында білімдерін кеңейту, табиғат сұлулығын түсінуге, туған өлкенің өсімдіктерін күтіп - баптауға тәрбиелеу.

Сабақтың тақырыбы: Атмосфера, оның құрылысы, ауаның құрамы.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға таныс жер қабықтарын еске ала отырып, ауа қабаты, құрылысы, маңызы, зерттелуі туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық: Жаңа әдіс-тәсілдердің элементтерін пайдаланып ауа қабықтары туралы танымын дамыту.

Тәрбиелік: Табиғат - ананың сиы таза ауаны қорғауға, қастерлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Кіріктірілген сабақ

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндірме,

Көрнекіліктер: оқулық, жұмыс дәптер, бақалау парағы ,фломастер, постер, қима қағаздар.

Пәнаралық байланыс: биология, география, химия, экология.

Оқыту технологиясы: топпен жұмыс

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:

- Оқушыларды жынысына байланысты 2 топқа бөлу . Топ басшыларын сайлау (қыздар, ұлдар тобы).

- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару (Табиғатқа саяхат).

ІІ. Үй жұмысын тексеру:

1 тапсырма:

Биология: Биологиялық диктант

Қажетті сөздер

1. Мүктерді зерттейтін ғылым _________________ деп аталады.

2. Мүктерде тамырдың қызметін __________________ атқарады.

3. Шымтезек мүгі латынша ___________ деп аталады.

4 . Мүктер екі жолмен ___________ , _______________ көбейеді .

5. Сабағы өте көп буын және буынаралықтарынан тұратындықтан, өсімдікті __________ деп атаған.

6. Көктемгі өркендері - _______________ , ал жаздық өркендері ______ қызметін атқарады.

География: Сұрақ-жауап арқылы

  1. Гидросфера дегеніміз не? (Су қабаты)

  2. Гидросфераға не жатады? (Өзен, көлдер, теңіздер, мұхиттар, бұлақтар, мұздақтар, жер асты сулары т.б.)

  3. Судың қасиеттері қандай? (сұйық, қатты және газ тәріздес)

  4. Табиғатта гидросфера мен биосфераның қандай байланысы бар. (Оқушылар өз ойларымен бөліседі.)

ІІІ. Жаңа тақырыпты игеру:

Биология

Ашық тұқымды өсімдіктер тұқымнан көбейеді. Бұл ашық тұқымды өсімдіктердің споралы өсідіктерден негізгі ерекшеліктері. Бұлар ғаламшарымызда бұдан 220 миллион жыл бұрын тіршілік еткен ең ежелгі өсімдіктер. Қазіргі кезде ағаш және бұталы ашық тұқымдылардың 700-ге жуық түрі белгілі.Ашық тұқымды өсімдіктер ағаш және бұта түрінде кездеседі. Олардың діңі (сабағы), жапыраға, тамыры, жақсы дамыған өткізгіш жүйесі - сүрегі болады. Көпшілігінің көбею мүшесі бүр. Ашық тұқымдылар бірүйлі және екіүйлі болуы мүмкін. Қазіргі кезде қылқанды ашық тұқымды өсімдіктерден шырша, қарағай, самырсын, балқарағай, арша тағы басқалары белгілі. Бұлардың көпшілігінің жапырағы ине тәрізді (қылқанды), сондықтан қылқанжапырақтыларға топтастырылады.

Ашық тұқымды өсімдіктердің табиғатта алатын рөлі зор. Тұқымын көптеген құстар және сүтқоректілер қорек етеді. Адам өмірінде құрылыс материалына, қағаз дайнадауға пайдаланылады. Сібірлік ұарағай тұқымынан азықтық самырсын майы алынады.

Сергіту сәті: (Кім мұқият)

Оқушыларға суреттер беріледі. Сол суреттін ішінде артық немесе жетіспейтін суретті табу.

«География»

Жұмбақ:

Ол бар жерде бар ма, жоқ па, білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа)

І. Ой шақыру:

1.Атмосфера дегеніміз не?

2.Атмосфера қандай газдардан тұрады?

3. Тәжірибе. Су құйылған ыдысқа түбін жоғары қаратып стаканды батырамыз стаканға су кірмейді. Стаканды екінші рет суға батырып жайлап қисайтсақ, ішіндегі ауа көпіршік түрінде шығады да, орнына су толады.

Нәтижесі: Ауа көзге көрінбейді, қолға ұстауға келмейді. Бірақ қайда барсақ та бізді қоршап тұр.

Атмосфера - ауа қабаты деп аталады. Атмосфера гректің «атмос» және «сфера» дейтін сөздерінен құралған қазақша «ауа қабаты» деген мағынаны білдіреді.

Оқушылар жаңа тақырыпты өз беттерімен меңгереді.

ІІ. Топтарға мәтін беріледі. Мәтін бойынша оқушылар өз беттерімен постер жасап қорғайды.

І мәтін:

Атмосфераның құрамы. Жер шарын жан-жағынан атмосфера деп аталатын ауа қабығы қоршап жатыр. Ол жердің ішкі қабығы. Ауа дегенеміз әр түрлі газдардың қосындысы. Олардың ішіндегі ең көбі азот - N 78 % . Оттегі - O 21 % құрайды. Ауада азот көп болғанымен, тіршілік үшін ең маңыздысы -оттегі. Адам мен жануарлар оттегімен тыныстайды. Ол - кез келген организмнің тіршілігі үшін қажетті зат. Өсімдік те, жануарлар да оны ауадан алады. Бұдан басқа ауа құрамында көмірқышқыл газы бар. Ол жанудан және жануарлардың тыныс алуынан түзеледі. Бұл газдың ауа құрамындағы үлесі аз болғанмен (0,03 %), жердегі тіршілік үшін маңызы зор. Өсімдіктердің өсіп жетілуі (тіршілік) үшін қажет. Ауаның құрамына газдардан басқа су буы, түрлі шаң - тозаңдар кіреді. Атмосфераның төменгі шекарасы айқын, ол жер немесе су беті. Биіктік артқан сайын ауа сирей береді де, ақыр соңында ғаламдық кеңістікке ұласып кетеді.

ІІ мәтін:

Температураның және газ құрамының өзгерісіне қарай атмосфера биіктік бойынша үш қабаттан тұрады. Ең төменгі қабат тропосфера (грекше тропос-бұрылыс, өзгеріс) деп аталады. Бұл жер бетінен 8 - 9 км ал экватордан 18 км -ге созылады. температура 55° С - қа дейін төмендейді. Тропосфера ауасы күн сәулесі қыздырған жер бетінен жылу алады. Сондықтан неғұрлым жоғарылаған сайын соғұрлым суық болады. Әрбір км - ге биіктеген сайын температура орта есеппен 6 С -ге төмендейді. Оның үлесіне бүкіл ауаның 80 % -ы тиеді. Су буы да бұлттар, жауын- шашын, жел яғни бұл сферада ауа райы қалыптасады. Тропосфераның жоғарғы жағында стротосфера (грекше стратум - қабатталған ) қабаты жатады. Оның жоғарғы шекарасы 50 - 55 км биіктікке дейін барады. Мұнда су буы жоққа тән. Оның төменгі бөлігінде біраз биіктікке дейін температура біршама тұрақты, ал жоғарғы жағында айтарлықтай тез өзгереді. Стротосфераның 20 км ден 30 км -ге дейінгі биіктік аралығында озон шоғырланған. Жұқа озон ауаның қызып кетуін тудыратын ультракүлгін күн сәулесін жұтады. Атмосфераның жоғарғы қабатын мезосфера және термосфера қабаттары құрайды.

ІҮ. Бекіту :

Деңгейлік тапсырмалар:

«А» тапсырмасы: «Крестик - нолик» ойыны

1



2


3

4


5


6


7



8


9

«0» белгісі

1.Атмосфера сөзі қалай аударылады? ( гр.atmos -бу, sphaira-шар );

2.Атмосферада азоттың құрамы қанша (78 %);

3.Біз демалатың газ қалай аталады? (оттегі)

4. Оттегі неден шығады? (Өсімдіктен)

5.Атмосфераның ең төменгі қабат? (Экзосфера)

«Х» белгісі

6.«Бу» деген сөз грекше қалай аударылады? (atmos)

7.Атмосферада оттегінің құрамы қанша пайыз (21)

8.Біз шығаратың газ қалай аталады? (көмірқышқыл)

9.Ауа дегеніміз не? (әр түрлі газдардың қосындысы)

Қылқанжапырақты өсімдіктер

Тұрмыстағы маңызы

Шаруашыл-ықтағы маңызы

Жынысты/Жыныссыз

Емдік қасиеті

Қызыл кітапқа енген

Даражынысты

Самырсан


Арша


Шырша


«В» деңгейі: « Семантикалық карта »


«С» деңгейі:

Шығармашылық тапсырма:

«Жобаны қорғау»

1 топ:

Қарағай ағашының пайдасы.

ІІ топ:

Ауаның ластануын адам денсаулығына қалай әсер етеді және ол проблеманы қалай шешуге болады.

Ү.Қорытынды жасау.

ҮІ. Бағалау. Әр топ бағалаушысы өз тобын бағалайды.

ҮІІ. Рефлексия « Оқушыларға алманың суреттері таратылады. Осыған сабақтан алған әсерлерін жазады. Егерде жақсы болса ағаштың жоғарғы жағына ал егер орташа болса ағаштын төмен жағына».

ҮІІ.Үй жұмысы:

Биология:

  1. § 39 Ашық тұқымды өсімдіктердің сипаттамасы және көптүрлілігі.

География:

  1. § 36;

  2. Ауа туралы мақал-мәтелдер жазып келу.




© 2010-2022