• Преподавателю
  • География
  • Презентация на тему Адам экологиясы. Адам тіршілігі үшін экологиялық қолайлы және қолайсыз аудандар

Презентация на тему Адам экологиясы. Адам тіршілігі үшін экологиялық қолайлы және қолайсыз аудандар

Раздел География
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: §50. Адам экологиясы. Адам тіршілігі үшін экологиялық қолайлы және қолайсыз аудандар.

Сабақтың мақсаттары:

  1. Білімділік: Оқушыларға еліміздегі экологиялық қолайлы

және қолайсыз аудандар туралы білімдерін жүйелеп, бүгін

күрт өзгерген экологиялық мәселелерді шешуде адамның

өзі туындатып отырған күрделі ғылыми жетістіктерді

ендігі жерде табиғи ортаны, адам баласының болашағын

сақтау үшін, табиғатты қорғау және тиімді пайдалану керек

екендігін түсіндіру.

2) Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын жете айта

білуге, биология, география, экология,медицина,салауаттану

пәндерін байланыстыра отырып жан-жақты ойлау, жұмыс

жасау қабілеттерін дамыту.

  1. Тәрбиелік: Өз денсаулығына , қоршаған ортасына деген

көзқарасын қалыптастыру. Әдептілік ережелерін бойына

сіңірген шығармашылық қабілеті мүмкіндігінше дамыған

азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: кіріктірілген, аралас

(биология, география, экология)

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, салыстыру, өзіндік ізденіс жұмыстары.

Сабақтың негізгі идеясы: ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның экологиялық жағдайы картасы, кесте, жұмыс дәптері.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Қызығушылықты ояту

ІІІ. Сабақ барысын бақылау

ІV. Жаңа тақырып

V. Сабақты бекіту

VІ. Рефлексия әдісі

VІІ. Бағалау

VІІІ. Үйге тапсырма

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Қызығушылықты ояту

Оқушыларға экологиялық қолайлы және қолайсыз, салыстырмалы жақсы аудандардың ішінен қалаған біреуін кескін картаға түсірту. Сонымен бірге парталас көршісіне өзі таңдап алған аудандарды картадан көрсетіп ондағы экологиялық жағдайларды атауды ұсыну.

ІІІ. Сабақтың барысын бақылау

Оқушылар сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысқан соң рефлексия әдісі бойынша келесі кестенің екі бағанын толтырады.


Аты-жөні: _____________________________________________

Не білемін

Не білгім келеді

Не білдім

Сабақтан кейінгі

көңіл-күйіңіз


Презентация на тему Адам экологиясы. Адам тіршілігі үшін экологиялық қолайлы және қолайсыз аудандар.

ІV.Жаңа тақырып

Жаңа сабақты бастамас бұрын сыныпты асық арқылы екі топқа бөлеміз. Әр топ сабаққа байланысты топ аттарын таңдайды. Топ ішінде өзара ақылдаса келе топ белсенділерін сайлайды( топ басшысы, спикер,шаруашылық басшысы ). Осылардың сыртында бағалайтын тәуелсіз сарапшы болуы керек( мұғалім т.б). Әр топ флипчардқа топ ережесін бекітіп қорғайды

1-топ. «Каспий»

2-топ. «Арал»

3-топ. «Балқаш»

Әр топ тақырыбына сәйкес тапсырма алады, сол тақырытпы ашып көрсетуі керек.

АРАЛ ТОБЫ:

Аралдың экологиялық жағдайы

КАСПИЙ ТОБЫ:

Каспийдің экологиялық проблемалары

БАЛҚАШ ТОБЫ:

Балқаштың экологиялық жағдайы

VІ. Сабақ барысын бақылау үшін рефлекция әдісін пайдалану.

Оқушылыр жаңа сабақты түсінген соң рефлекция әдісін пайдаланып соңғы екі бағанды толтырады.

Аты-жөні: _____________________________________________

Не білемін

Не білгім келеді

Не білдім

Сабақтан кейінгі

көңіл-күйіңіз


Презентация на тему Адам экологиясы. Адам тіршілігі үшін экологиялық қолайлы және қолайсыз аудандар.

VІІ. Қортындылау және бағалау.

Әр топтан бағалаушы шығып топ жұмысын бағалайды, соның сыртында мұғалім жекелеген оқушыларды өзі бағалайды.

VІІІ.Үй тапсырмасы.

Үйге §51. параграфты мұқият оқып шығу, кескін картаға экологиялық апатты аймақтарды толық түсіріп келу.



© 2010-2022