Ақсу-Жабағылы қорығы (Ашық сабақ)

Сабақтың тақырыбы: Ақсу-Жабағылы қорығы.  Сабақтың мақсаты: Табиғат қорықтары туралы мәлімет беру.  Сабақтың дамытушылық мақсаты: Табиғатты қорғаудағы ғылыми- зерттеу жұмыстарын дамыту.  Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Қорықтарды қорғау, ондағы өсімдіктер мен    жануарлар қорын молайту, көбейту.  Сабақ әдісі: Интерактивті тақта арқылы.  Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, ағылшын тілі.  Көрнекіліктер: суреттер, мақал-мәтелдер, интерактивті тақта, үнтаспа және т.б.  Сабақ барысы:  1) Ұйымдастыру кезе...
Раздел География
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақсу-Жабағылы қорығы (Ашық сабақ)Шымкент қаласы әкімшілігінің экологиялық білім беру орталығы




Тақырыбы: «Ақсу-Жабағылы қорық»

Орындаған: «Экорепортёр» үйірмесінің

жетекшісі Зияева. Х




2010 ж.

Сабақтың тақырыбы: Ақсу-Жабағылы қорығы.

Сабақтың мақсаты: Табиғат қорықтары туралы мәлімет беру.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Табиғатты қорғаудағы ғылыми-

зерттеу жұмыстарын дамыту.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Қорықтарды қорғау, ондағы өсімдіктер мен жануарлар қорын молайту, көбейту.

Сабақ әдісі: Интерактивті тақта арқылы.

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, ағылшын тілі.

Көрнекіліктер: суреттер, мақал-мәтелдер, интерактивті тақта, үнтаспа және т.б.

Сабақ барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі.

2) Оқушыларды түгелдеу.

3) Жаңа сабақ.

4) Қорытынды.

Ақсу-Жабағылы қорығы

Қорық - күту керектігі жария

Аңға - қора, құсқа - ортақ зор ұя

Табиғатты төнген түрлі қатерден

Сақтандырар қорық - санатория

Қорық қорған кеш шанағын, таң нұрын

Қорғар қорық жердің жалғыз тал гүлін

Өзге түгіл қорық көбелекке де

Қайталатпас мамонттардың тағдырын.

(О. Асқар)

Табиғатты қорғаудың ұтымды, әрі негізгі жолы болып қорықтар жүйесі саналады. Қорықтар әрбір табиғи аймақтардың өзіне тән ерекшеліктерін жан-жақты көрсете алатын, барлық табиғат байлықтары қорғауға алынған алқаптарды қамтиды. Олардың алып жатқан жер көлемі де түрліше. Қорық ұйымдастырылған жерлерде ешқандай шаруашылық жұмыстар жүргізілмейді

ондағы табиғи құбылыстар мен заңдылықтар өз бетінше жүреді. Қорықты жерлерде тек қана ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі, сондықтан да қорықтар ғылыми мекемелер қатарына жатады. Осыған байланысты қорықтарды «табиғат эталоны», «табиғат лабораториясы» және «ашық аспан астындағы» табиғат мұражайы деп те атайды. Қазіргі кезде республиканың әрбір табиғат белдеулерінің өзіне тән табиғат байлықтарын қорғап қалу мақсатында 9 мемлекеттік қорықтар ұйымдастырылған.

Қорықтар елімізде өсімдіктер мен жануарлар арнайы қорғалатын тұтас табиғи аймақтар, қорықтар ұйымдастырылған:

1)Алматы мемлекеттік қорығы (1931)

2)Ақсу-Жабағылы мемлекеттік қорығы(1927)

3)Барсакелмес мемлекеттік қорығы(1939)

4)Қорғалжын мемлекеттік қорығы(1968)

5)Наурызым мемлекеттік қорығы(1959)

6)Марқакөл мемлекеттік қорығы (1976)

7)Үстірт қорығы(1984)

8)Батыс Алтай қорығы(1992)

9)Алакөл қорығы(1998)

«Атажұрт» интерактивті танымдық ойыны.

Ойын кезеңдері:

  • I кезең: "Қанат қақты"

  • II кезең: "Самғау кезеңі"

  • III кезең: "Шарықтау кезеңі"

  • IV кезең: "Шырқау кезеңі"

  • V кезең: "Жерұйық"

I.«Қанат қақты» кезеңі.

1)Қорық дегеніміз не?

Жауабы: Еліміздің өсімдіктері мен жануарлары арнайы қорғалатын табиғи аймақты айтамыз.

2)Ақсу-Жабағылы қорығы қашан, қай жерде құрылған?

Жауабы: Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, 1927жылдың 27 мамырында құрылған.

3)Ақсу-Жабағылы қорығының ең биік жотасы?

Жауабы: Өгем биіктігі - 4072м.

4)Ертеде мұндай қорықтарды не деп атаған, қай ғасырда болған?

Жауабы: Хан қорығы;VIIIғ.

5)Қорықта қандай пайдалы қазба байлықтары анықталған?

Жауабы: мыс, темір, қорғасын қорлары.

6)Қорықтың ең ірі өзенін айт?

Жауабы: Ақсу - ұзындығы 120км, ені - 10м.

7)Ақсу-Жабағылы қорығы кімнің ұсынысымен жүргізілді?

Жауабы: 1922ж, Орта Азия мемлекеттік универститетінің профессоры гидробиолог А. Л. Бродский табиғатты өнер қорғаудың Түркістан комитеті қолдады.

8)Қорықтың аумағында өсімдіктің қанша түрі кездеседі?

Жауабы: 1404 түрі.

9)Қызыл кітапқа енген жануарларды ата.

Жауабы: бүркіт, сілеусін, сусар, ұлар, көк құс, ілбіс, арқар және т.б.

10)Қаратаудың палеонтологиялық бөлігінен нелер табылған?

Жауабы: 120млн. Жыл бұрын тіршілік еткен өсімдіктер мен жануарлар таңбалары; 60 астам өсімдік түрінің таңбалары табылған.

11)"Экология" сөзін кім ашқан, қай жылдары?

Жауабы: неміс ғалымы Э.Геккель; 1868жылы.

12)Қорықтарды басқаша қалай атаймыз?

Жауабы: табиғат эталоны, табиғат лабораториясы, ашық аспан астындағы табиғи мұражай.

13)Қай жерде құстар саяжайы бар?

Жауабы: Австралияда.

14)Бірінші рет дүние жүзінің ұлттық саяжайы қай жерде ашылды?

Жауабы: Америкада.

II.«Самғау» кезеңі.

1)Ақсу-Жабағылы қорығының ауданы қанша?

Жауабы: S(ауданы)=74,416 га.

2)Қазақстанда неше қорық бар және оларды толық атап шық?

Жауабы: 9 қорық:1)Ақсу-Жабағылы(1927ж)

2)Алматы(1931ж)

3)Барсакелмес(1939ж)

4)Наурызым(1959ж)

5)Қорғалжын(1968ж)

6)Марқакөл(1976ж)

7)Үстірт(1984ж)

8)Батыс Алтай(1992ж)

9)Алакөл(1998ж)

3)Жалпы "Қызыл кітапқа" енген өсімдіктер?

Жауабы: 18 түрі:грейг қызғалдағы, кауфан қызғалдағы, примола және т.б.

4)Осы қорықта ең сирек кездесетін көбелек?

Жауабы: "Аполло" көбелегі.

5)Қорықтың алдыға қойған мақсаты?

Жауабы: Өсімдіктер мен жануарларды қорғап, қорын молайта беру.

6)Қорықтағы қандай дәрілік өсімдіктерді білесің?

Жауабы: Қорықта дәрілік 200-дей өсімдіктер бар: аңдыз, қырықбуын т.б.

III. «Шарықтау» кезеңі. Бұл кезеңде оқушылар сөзжұмбақты шешеді.

«Қорық» сөзжұмбағын шешейік!

Қ



о



р


ы


қ


  1. Ең алғаш құрылған қорық.

  2. Қазақстандағы қорықтардың бірі.

  3. «Қызыл кітапқа» енген құстың түрі.

  4. Өсімдіктің бір түрі.

  5. Тау жануары.

IV. «Шырқау» кезеңі. Басты сұрақ: Қорықтар туралы қандай поэзия білесің?

Венн диаграммасы

Ақсу-Жабағылы қорығы (Ашық сабақ)

Семантикалық карта

Аты

қозғалысы

қорегі

мекені

көлемі

ұшады

жүзеді

жүреді

ет

балық

шөп

су

әуе

жер

мысық

піл

сиыр

Бүркіт

+

+

+

+

Өсімдік


+

+


Түйе

+

+

+

+

V. «Жерұйық» кезеңі.

1)Дала көркі - мал, өзен көркі - . . . .

Жауабы: қазақша: тал

орысша: дерево

ағылшынша: tree

2). . . шөпті жұлма, таптама.

Жауабы: қазақша: көк

орысша: синий

ағылшынша: blow

3)Құс ұясын . . . . .

Жауабы: қазақша: бұзба

орысша: не разрушай

ағылшынша: don`t destroy

4)Ер - елдің көркі, . . . -тоғай - жердің көркі

Жауабы: қазақша: орман

орысша: лес

ағылшынша: forest

5). . . . жан-жануарға тиіспе.

Жауабы: қазақша: көктемде

орысша: весне

ағылшынша: in spring

6)Бір тал кессең, . . . тал ек.

Жауабы: қазақша: он; орысша: десять; ағылшынша: ten

7). . . . қашып, жүктен құтылмас.

Жауабы: қазақша: түйе

орысша: верблюд

ағылшынша: camel

8). . . . өлтіргеннің сауабы бар.

Жауабы: қазақша: жылан

орысша: змея

ағылшынша: snake

9). . . . жаманы - саңғығыш, адам жаманы - қаңғығыш.

Жауабы: қазақша: құс

орысша: птица

ағылшынша: bird

10). . . . сипағанмен, сұңқар болмас.

Жауабы: қазақша: жапалақ

орысша: сова

ағылшынша: owl

Ю.Лермонтов атындағы №17 орта мектептебінде

өткізген, ЭББО «Экорепортер» үйірмесінің

жетекшісі Зияева.Х.А



© 2010-2022