День птиц

разработка внеклассного мероприятия по географии на тему «День птиц».Мероприятие состоит из нескольких туров. Игроки делятся на 2 команды. У каждой команды должно быть название, девиз, капитан команды.в первом туре команды представляют себя, во втором туре отгадывают загадки, в третьем туре выполняют различные задания. Следующий тур называется - «Черный ящик», игроки должны отгадать предмет в черном ящике. Следущий тур - «Игра фантазеров». Последний тур - «Битва капитанов». Капитанам команд разд...
Раздел География
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Құстар біздің досымыз.
Мақсаты: 1. Балаларға құстар туралы түсінік беру.
2. Құстарға қамқор болуға, аялауға бейімдеу.
3. Құстар туралы ой - өрістерін дамыту.
Көрнекілігі: Құстардың суреттері, презентация, шарлар, гүлдер.

Мұғалім сөзі: - Құрметті ұстаздар мен оқушылар, қонақтар! Сіздерді көктемнің мерекесі, көктем жаршысы құстардың келуімен құттықтаймын. Адам мен құстардың достығы сонау ерте заманнан - ақ басталған. Біздің халқымыз кең далада, табиғат құстары бар бай далада өскен. Оған дәлел халықтық аңыз ертегілер, құстар жайлы айтылған ән-жырлар.

1 жүргізуші: - Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, достар! Сіздерді бүгінгі «Құстар - біздің досымыз» атты тәрбие сағатымызды тамашалауға шақырамыз.

2 жүргізуші: - Құс табиғат байлығы. Олар табиғат байлығын ағаштарды, өсімдіктерді зиянды жәндіктерден тазартады. Құстарды қорғай білу керек.

1 жүргізуші: - Жер бетінде 8600-ге жуық құстардың түрі бар.

2 жүргізуші: - Біздің Республикамызда 474 құстың түрі бар.

1 жүргізуші: - Біздің еліміздегі құстардың көпшілігі - жыл құстары.

2 жүргізуші: - Олар біздің жерімізге ұя салып, балапан шығару үшін көктемде ұшып келеді.

1 жүргізуші: Бүгінгі біздің сайысымызға 6 және 7 сынып оқушыларынан құралған екі топ қатысады. Сайысымыз бірнеше кезеңнен тұрады. Сайысымызды бастамас бұрын әділқазыларымызбен таныс болайық:

1

2

3

Алғашқы кезең - Таныстыру.

2 жүргізуші: Ал құрметті халайық,

Мерекені бастайық.

Жұмбақ шешімін тапсаңдар,

Құстарды қарсы алайық. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

1 жүргізуші:

Жайнаған бақтың әншісі,
Тамсанған оған сан кісі (Бұлбұл)

Түсі қара мақпалдай

Төсі ақ сыр жаққандай.

Ұшса оқтай зулайды

Көктем жұлдыз қаққандай. (қарлығаш)

Орман іші солқылдап,

Жаңғырықты түнімен.

Ұрды ағашты тоқылдақ,

Тұмсығының түбімен. (тоқылдақ)

Маң - маң басқан жүрісі,
Барлық құстың ірісі.
Қашанда құстай ұшпайды,
Қуғанын бірақ ұстайды. (Түйеқұс)


Көңілдің көркі сән екен,
Ұшқанда сазды ән екен.
Айқындар оны байқаған,
Адамдар оны сақтаған.
Бұл қандай құс? (Аққу)

Күндіз ұшпас,
Түнде ұшар,
Құс қанатты,
Тышқан суретті. /Жарқанат/.

Ерте тұрады,
Жар шақырады. /Қораз/.

Үйде отырады, жатпайды,
Көзін терімен қаптайды.
Жазда бекер тұрса да,
Бергенді қыста ақтайды. /Бүркіт/.

2 жүргізуші: 1996 жылы Қазақстанның « қызыл кітабы» жарық көрді, онда құстардың 50 түрі, соңғы жылдары тағы 18 түрі қорғауға алынғандар тізіміне тіркелді.

1 жүргізуші:Оқушыларға адасқан әріптер берілген. Әр топтан бір оқушыдан шығып, берілген әріптерден құстар атауларын табу керек. Әр сөз 10ұпай.

2 жүргізуші: келесі тур «көп білгім келеді» деп аталады. Оқушыларға сұрақтар қойылады, әр топ кезекпен жауап береді. Жауап бере алмаса ғана, келесі топ жауап беруіне болады.

1 жүргізуші:

1. Қай құстың қанатындағы қауырсындары балық қабыршағы секілді?(пингвин)

2. Қай құстың тілі өте ұзын? (тоқылдақ, тілінің ұзындығы 15 см.)

3. Қазақ халқы қай құсқа тазалық пен сұлулықтын символы ретінде қарайды? (аққу)

4. Қай құс ұша алмайды? (түйеқұс)

5. Қай құстарды саятшылыққа пайдаланады? (бүркіт, ителгі)

6. Жер шарында құстардың ең көп тараған түрі (үй тауықтары мен торғайлар)

7. Қай құс ұя жасамай жұмыртқасын басқа ұсақ құстардың ұясына салады (көкек)

8. Қазақ халқы бұл құсты киелі санап, қауырсынын домбыраға, жас нәрестенің бесігіне тағады. Бұл қай құс? (үкі)

9. құстарды зерттейтін ғылым қалай аталады? (орнитология)

10. Қай құс сөйлей алады? (тоты)

11. Қай құсты балықшалар су санитарлары деп атайды? (шағала)

2 жүргізуші:келесі сайсымыз «қара жәшік» деп аталады. Мына жәшіктің ішінде бір зат бар. Қай топ бірінші жауап тапса, 10 балл беріледі. Сонымен, сұрақ:

1 жүргізуші: Черный ящик. Птица - совершенное творение природы. Способность птиц к полету не перестает удивлять, восхищать. Аэродинамические характеристики полета птицы остаются непревзойденными в живой природе.

Одним из систематических признаков класса Птицы является перьевой покров. Перо - замечательное творение природы. Легкое, эластичное оно придает полету птицы непревзойденные аэродинамические характеристики. Перо же подтолкнуло человека к изобретению замечательной, необходимой в быту вещи.

Внимание! Черный ящик. В нем находится предмет, который вошел в нашу жизнь сравнительно недавно, всего около ста лет тому назад. Этот предмет обладает свойством, подсмотренным у представителей класса Птицы. Мало того, этот предмет имеется у большинства из присутствующих в этом зале.

Через одну минуту вы должны дать ответ, что лежит в черном ящике.

2 жүргізуші: Музыкалық сайыс. Алдарыңызда өлең жолдары берілген. Көп нүктенің орнына құс атауын қойып, өлеңді әнімен айтып шығ керек.

1 жүргізуші: әр топтың алдында қағаз бен бояулар берілген. 5 мин ішінде әр топ табиғатта жоқ ерекше құстың суретін салып, суреттерін қорғау қажет.

Көрермендермен сайыс:


© 2010-2022