Дүниежүзінің нәсілдік құрамы 10 сынып сабақ жоспары

Раздел География
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 10 Күні: 15.12.15

Сабақтың тақырыбы: Халықтың құрамы және оның жіктелуі

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Дүниежүзі халықтарының жастық, жыныстық, нәсілдік және ұлттық құрамы туралы білім беру.

ә) Дамытушылық: Дамыған және дамушы елдердегі халықтың құрамы туралы білімдерін салыстыра отырып нығайту

б) Тәрбиелік: Оқушыларға өзінің көзқарасын қорғай отырып, тез ойлануға, білімділікке тәрбиелеу

Сабақ жабдығы:

Дүниежүзінің саяси картасы, дүниежүзі халықтар картасы, дүниежүзі елдері- Жастық пирамидасы,этностар сызбасы, нәсілдердің таралуаймақ картасы т.б

Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлау

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру. Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Үй тапсырма тексеру. «Географиялық диктант» Оқушылар дәптерлеріне жауабын жазады. Интерактивтік тақтаға бір-бірден шығарып жауабын жаздырамын.

1.Халықтың ұдайы өсуінің факторлары .................. топқа біріктіріледі.

2. Жер шарының халқы ................. млрдтан астам.

3.Осы заманғы (ойлау қабілеті) дамыған адамдар осыдан .............. жыл бұрын пайда болған.

4. VII ғасырда ........... млн адам болған.

5.Алғаш халық санағы .................. жерінде б.з.д III ғасырда болды.

6.Адамның тууы мен өлуі ............. құбылыс.

7.Жылына дүние жүзінде .............. млн адам аштықтан көз жұмады.

8. 1960жылдары дүние жүзінде .................... млрд адам болды.

9.Екінші дүниежүзілік соғыста .................... млн адам опат болды.

10.Дүниежүзі халқының 1000 адамға шаққанда туу 28% ,өлу 10% болса, табиғи өсу .....промиль

Ой шақыру .

Компьютордан жер шарының суреті шығады.

-Не көріп тұрсыңдар?

-Жер шарын кімдер мекендейді?

-Халық дегеніміз кім?

Халық

Қоғамның басты өндіргіш елді мекендерде топтасып өмір сүрген

күші адамдардың жиынтығы.

Оқушылар ортасына плакат тастап, ортақ ойларын қағазға түсірту. Жастық, жыныстық, ұлттық құрамы туралы жазады.

Олай болса, бүгінгі сабақта осы халықтың жастық, жыныстық, ұлттық, нәсілдік құрамы туралы білімімізді толықтырамыз.

Мағынаны тану.

Оқушыларды 3 топқа бөліп, 3 плакат таратып беремін.Әр топқа конвертке салынған сөздер, қайшы, желімдегіш, түрлі-түсті қағаздар, сіріңке шырпысы таратылады.

Әр топқа тақырып бөліп беріледі .Оқулықтан өздеріне берілген тақырып бойынша әр топ дайындалады. Алдарындағы тапсырмалар бойынша диаграмма құрастырып, сол плакатты тақтаға іліп, оны бір оқушы топтан шығып қорғайды.Осылайша әр топ өзіне берілген тақырыптар бойынша алған мәліметтерін ортаға салады.Бірінің ойларын келесі топтар толықтырады. Содан соң мұғалім өзінің құрастырған нәсілдік құрамы жайлы диаграммасын тақтаға іліп, оқушыларға жалпы түсінік береді.Интерактивті тақтадан нәсілдердің таралу аймағын көрсетіп таныстырады.

Сонымен қатар жер шарындағы халықтыңтіл құрамыда алуан түрлі.Дүниежүзінің халқын 36 тіл семиясы, ондаған тіл топтары мен топшалары бар, 6000-нан аса тіл бар деп есептейді. Бірақ қазіргі заманда осы тілдердің 90%-і жоғалу қаупінде тұр. (Отарлау, ірі этникалық топтар ұсақ ұлттарды өзіне қосып алу)т.б.Қазір ағылшынша 50, Французша 45, Испан тілінде 30, араб тілінде 25-тей мемлекет халықтары сөйлейді.

Интерактивтік тақтадан халықтың тіл семьялары туралы қысқаша мағлұмат беру.Жер шарындағы 10 ірі тілдерді диаграммадан көрсетемін.

Қорытынды. Қазақстан халқының жастық,жыныстық, ұлттық құрамы жайында 3топқа эссе жазу тапсырылады.Әр топтан бірнеше оқушыға оқытамын.

Бағалау.Оқушылардың сабаққа қатысуын таныстырып, бағалау.

Үй тапсырма. Ірі тіл семьялары Үнді Еуропа, Қытай Тибет, Алтай тобына кіретін халықтарды топтастырып жазып келуге тапсырамын.


© 2010-2022