• Преподавателю
  • География
  • Жасанды су қоймалары, құрлық суының маңызы және оны қорғау тақырыбындағы сабақ жоспары (6 класс)

Жасанды су қоймалары, құрлық суының маңызы және оны қорғау тақырыбындағы сабақ жоспары (6 класс)

Раздел География
Класс 6 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән мұғалімі: Ибраһимова Ақсәуле Ибраһимқызы Мерзімі: 23.01.2015ж.

ПӘНІ

География

КЛАСЫ

6 «А»

ТАҚЫРЫП

Жасанды су қоймалары, құрлық суының маңызы және оны қорғау

МАҚСАТЫ

Жер беті суларын қорғаудың маңызын түсіндіру. Су туралы оқушылар түсінігін кеңейту. Оқушылардың шығармашылық қабілетін, ізденгіштік, қиындықты шеше білуі. Табиғатты қорғау, үнемшілдік, ұйымшылдық қабілетін ояту. Оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану.

КҮТІЛЕТІН НӘТИ ЖЕ

Топпен жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру.

ТҮЙІНДІ ИДЕЯ

«Су- сенің дәмің де, иісің де, түр-түсің де жоқ, сені бейнелеп түсіндіру де мүмкін емес, осылай сені білмей отырып, сенен ләззат алып рахаттанады, сені өмірге қажет деп айтуға болмайды, сен- өмірдің өзісің...сен әлемдегі ең үлкен байлықсың....»

Француз жазушысы Антуан Сент- Экзюпери

УАҚЫТЫ

САБАҚТАҒЫ ІС- ӘРЕКЕТ

БАҒАЛАУ

РЕСУРСТАР


Кіріспе

бөлімі

5 минут

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Топқа бөлу. Әр топта 7-8 оқушыдан

І топ Қазақ тілі: Ә І Ң Ғ Ү Ұ Қ Ө

ІІ топ Орыс тілі:Ф Ц Ч Щ В Э Я Ю

ІІІ топ Ағылшын тілі: W Q R U G F D

Топтағы берілетін рөлдер: Дизайнер, лидер, хатшы, тайм- кипер, спикер

Жасанды су қоймалары, құрлық суының маңызы және оны қорғау тақырыбындағы сабақ жоспары (6 класс)Жасанды су қоймалары, құрлық суының маңызы және оны қорғау тақырыбындағы сабақ жоспары (6 класс)Жасанды су қоймалары, құрлық суының маңызы және оны қорғау тақырыбындағы сабақ жоспары (6 класс)Жасанды су қоймалары, құрлық суының маңызы және оны қорғау тақырыбындағы сабақ жоспары (6 класс)Жасанды су қоймалары, құрлық суының маңызы және оны қорғау тақырыбындағы сабақ жоспары (6 класс)

Топтың «Алтын ережесін» жасау.


Психологиялық дайындық

2 минут

Жасанды су қоймалары, құрлық суының маңызы және оны қорғау тақырыбындағы сабақ жоспары (6 класс)

Кірпіштен кеңес:

1.Батыл бол.

2. Өз орныңды таба біл.

3. Ыстық қарым- қатынасты сақта.

4. Достарыңды сатпа.

3 шапалақ

Жаңа материалдардың таныстырылымы

10минут

Миға шабуыл: Суретті жаттығу. Берілген ассосиацияны суреттер арқылы құрастырып шығу.

Жасанды су қоймалары, құрлық суының маңызы және оны қорғау тақырыбындағы сабақ жоспары (6 класс)

Қызықты мәліметтер:

- Ғылымда судың шамамен 1300 түрлері белгілі;

- ЮНЕСКО-ның 122 мемлекетті салыстыру нәтижесінде Финляндия мемлекетінде ең таза тұщы судың артық қоры бар екені анықталған;

- Ең қымбат су Лос-Анджелесте сатылады. Swarovski кристалдарымен әшекейленген эксклюзивті қойытылған 1 литр судың бағасы 90$ құрайды.

- Әр жыл сайын су арқылы таралатын аурулардан шамамен 25 млн адамның өліміне әкеліп соқтырады екен.

- Адамның барлық өміріндегі ішетін судың жалпы мөлшері шамамен 35 тоннаны құрайды екен.

- Шөлдерде көшіп жүрген бәдәуилер «Су-алттынанда қымбат» деп санаған. Судың әр тамшысының қадірін білген.

- Ыстық су суық судан тез қатады.

3 шапалақ


Оқу құралы

Жаңа материалды қолдану

15 минут



Топтық жұмыс

І топ: Постер қорғайды

ІІ топ: Жарнама жасау.

ІІІ топ: Слайд жасап презентациялау.

Жасанды су қоймалары, құрлық суының маңызы және оны қорғау тақырыбындағы сабақ жоспары (6 класс)

3 шапалақ

Оқулық, мәтін

Интернет желісі

Сергіту сәті

5 минут

3 оқушыны кабинеттен шыға тұруын өтінеміз де, 2 стаканның 1-уіне оқушылар жақсы сөздер, тілектер айтып шығады. Кабинетке 3 оқушы қайтып кіргенде жақсы сөздер айтылған стаканды дұрыс табу керек.

3 шапалақ

Жаңа сабақты бекіту

3 минут

Мені тап:

1. Мені суға тастаған, сондықтан таттанып кеттім. Суға түскен адамдардың аяғын жарақаттаймын. Мені тап? (консерва банкасы)

2. Мен су түбінде жиналамын, су тартылғанда құрлыққа жел арқылы тараламын. Пайдам да, зияным да бар. Мені тап? (тұз)

3. Мен ылғалда, суда еримін, барлық тірі ағзаларға қажетпін. Менсіз өсімдік, жануар, балық өліп кетер еді. Мені тауып көр? (оттегі)

4. Мен өте аурумын, маған оттегі жетіспей, тыныс алуым нашарлап барады. Мен бұл суда тіршілік еткім келмейді. Маған таза су керек. Мені тауып, тезірек көмектесіңдер? (балық)

5. Мен жылтыр затпын, су түбіне мені адамдар тастаған. Ызам келгенде суға түскендерді жаралап, өшімді аламын. Мені жинап, бұрынғы қалпыма келтіріңдер. Сол кезде пайда келтіретін затқа айналамын. Мені тап? (сынған шөлмек)

6. Мен дымқылмын, менен өте жаман иіс шығады. Себебі, күн сайын адамдар маған қоқыс-қалдықтарын, өлекселерді тастап, ластайды. Мені тап? (ластанған су)

3 шапалақ

Сабақты қорытындылау

5 минут


«Адамгершіліктің 3 сауапты ісі: шөлге құдық қазған, өзенге көпір салған, жолға ағаш еккен» осы мақалды әр адам ұран етіп осы сөзді ұстанса табиғатымыз гүлденер еді.

Үйге тапсырма: Географиялық әдебиеттер, күнделікті баспасөз деректері мен ғаламтордан «Суды қорғау» жайлы тақырып мазмұнын кеңейтетіндей қосымша материалдарды іздеу.

3 шапалақ

Не сәтті өтті?

Топтық жұмыс сәтті орындалды.

Не сәтсіз өтті?

Топқа бөлінген оқушылардың топ ережесін жеткілікті дәрежеде орындамауы.

Нені дамыта аласыз? Нені өзгерткіңіз келеді?

Сабақтың кейбір элементтерін өзгертіп, әліде қызықты қылып өткізуге болады.















Жасанды су қоймалары, құрлық суының маңызы

және оны қорғау



6 «А» класс

Пән мұғалімі: Ибраһимова А.И.



© 2010-2022