Cыныптан тыс іс-шара Білімділер сайысы

Раздел География
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Білімділер» сайысы

Сынып 6а

Мақсаты:

Білімділік:. Оқушылардың алған білімдерін ойындар арқылы, жүйелеу, деңгейін, біліктілігін, іскерлігін арттыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін арттыру, қызығушылығымен мен белсенділігін дамыту.

Тәрбиелік :Оқушыларды табиғатты қорғай білуге, өз елін, жерін сүюге, аялай білуге, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Дүние жүзінің физикалық картасы, Қазақстанның физикалық картасы, ойын кезеңдерінің тақырып слайдтары, үлестірмелі карточкалар.

Сабақтың түрі: Сыныптан тыс сабақ.

Сабақтың әдісі: ойын сабақ.

Сабақтың барысы:

Сайысқа екі топ қатысады.

1-ші «Жас қыран» тобы

2-ші «Эрудит» тобы

Ойынымыз алты кезеңнен тұрады.

I. Сұрақ- жауап.

II. «Кім жылдам».

III.Күлдіргі жұмбақтар.

IV.Ойлан тап

V. Адасқан әріптер

VI. Эссе жазу.

I. Кезең сұрақ- жауап

I топқа.

1.География ғылымы ретінде пайда болған ел (Грекия)

2.Атлант мұхитының ең терең жері ( Пуэрто-Рико)

3. Дүние жүзінде қанша материк бар? (6)

4. Көкжиек тұстарын анықтайтын аспап (Тұсбағар)

5. Алғаш рет жер шарын айналып өткен саяатшы (Ф. Магеллан)

6. Грек тілінен аударғанда «география» сөзінің мағынасы (Жерді сипаттап жазу)

7.Биіктен құлап ағатын су? (Сарқырама)

8. Дүние жүзіндегі ұзын өзен? (Ніл)

9. Мазмұнына қарай карталар неше топқа бөлінеді ? (2)

10. Дүние жүзіндегі ең үлкен шөлейтті жер? (Сахара)

11. Таулар биіктігіне қарай неше топқа бөлінеді? 3)

12. Орал тауының Қазақстан жеріндегі жалғасы? (Мұғалжар)

13. Қазақстанның ең биік нүктесі? (Хантәңір шыңы)

14.Қазақстанның Ұсақ шоқыларын басқаша қалай атауға болады? (Сарыарқа)

15. Альпі тауының ең биік шыңы ? (Монблан

II топқа.

1. «География» терминінің авторы? (Эратосфен)

2. География ғылымы қандай салалардан тұрады? (Физикалық және экономикалық )

3. Масштабтың түрлерін ата? (Атаулық, сандық, сызықтық)

4. Жердің ішкі құрылысы (Жер қыртысы, мантия, ядро)

5. Экватордың ұзындығы (40 мың)

6. Дүние жүзіндегі ұзын тау жүйесі? (Анд)

7.Қазақстанның ең төменгі нүктесі?(Қарақия ойысы)

8.Алтай тауының биік нүктесі? (Мұзтау)

9. Қазақтан шыққан тұңғыш геогрф ғалым? (Шоқан Уәлиханов)

10. Меридиандар мен параллель сызықтарының қиылысуынан пайда болған тор
(Градус торы)

11. Жер шарының кішірейтілген моделі? (Глобус)

12. Тау жыныстары неше бөлінеді? (3)

13. Тынық мұхитының ең терең жері? (Мариан шұңғымасы)

14. Африканың ең биік нүктесі? (Килиманджаро)

15.Солтүстік және оңтүстік полюстердің арасын қосатын шеңбер (Меридиандар)

II. « Кім жылдам» сайысы

Географиялық нысанның аты берілген, оқушылар оның не екенін айтады.

Памир

Ключи шоқысы

Анхель

Калахари Тар

Конго

Байкал

Суэц

Алтай

Кавказ

Тибет

Анхель

Тар

Ніл

Панама

Сахара

Балтық

Анд

Орал

Эльбрус

III.Күлдіргі жұмбақтар. Бірінші топқа.

-Дем алады өседі, бірақ жүре алмайды? ( Өсімдік)

-Үш түйе құс ұшып келеді, оның бірін аңшы атып түсірді, аспанда неше құс қалды?

(Түйе құс ұшпайды)

-Қандай су жәндігі ит және балықтан тұрады?(Итбалық)

- Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің ? (Ауа)

- Қоян қандай жағдайда өзін жақсы сезінеді, тауға өрмелегенде ме, әлде таудан төмен түскенде ме? (Өрлегенде)

-Қазақстандағы қай көлдің атының алғашқы буыны тәттілігімен шақырса, екінші буыны қорқытып, үркітеді? (Балқаш)

Екінші топқа.

-Кім барлық тілде сөйлейді? (Жанғырық)

-Көзімен көресің, бірақ қолыңмен ұстай алмайсың?(Көлеңке)

-Қыс болса қыр мен ойды арлайды? (Боран)

-Қырда қылыш жарқылдайды? (Найзағай)

-Бүркіт-құс, арыстан-аң патшасы дейді, ал Қазақстандағы қай ағашты шөлдің патшасы деп атайды? (Сексеуіл)

- Қара таудың басында киік кетіп барады, қол-аяғы бауырына тиіп барады? (Тұман)

IV. Ойлан тап

1- ұяшық .

Олардың көлемі 20 см, салмағы- 1, 5 кг- ға дейін.

Қосымша көмек:

1.Көптеген елдер бұл құбылыстан миллиондаған доллар көлемінде шығын шегеді.

2.Әсіресе, бұл құбылыс ауыл шаруашылығына өте қауіпті.

3.Бұл жаңбыр кезінде болады және нөсерлі жаңбырмен қатар жүреді.

4.Сыртқы пішіндері негізінен домалақ болып келеді. (Бұршақ)

2- ұяшық .

Оны суы бар ыдыспен салыстыруға болады, тек оның пішіні үлкенірек.

1.Оның формасын оның шығу тегімен байланыстырады.

2.Ол тек жылуды сіңірмейді, сонымен қатар, оны ауаның салқын қабаттарына

да жібере алады.

3.Олар ащы және тұщы болады.

4. Оның қалыптасуына нақты жағдайлар қажет, суды сақтай алатын ойыс қажет.

(Көл)

3- ұяшық.

Кейде күн сәулелері бұлтты немесе жаңбырды жарқыратаныны соншалық, олардың бедерінде, дәл киноэкрандағы сияқты ерекше бейнелер пайда болады.

1.Атмосферадағы жарқын оптикалық құбылыстардың бірі.

2.Бұл құбылыстың орталығы күнге қарсы нүктеде, Сондықтан бұл құбылыстың

төменгі жағы көрінбейді- жер кедергі келтіреді.

3.Бұл құбылыс жаңбыр тамшыларында шағылысу немесе сыну үрдістерімен қатар жүреді.

4.Жазықтықта бұл доға түрінде болады. ( Кепірқосақ)

4- ұяшық.

Бұл құбылыс литосфераның, атмосфераның және гидросфераның пайда болуында

маңызды рөл атқарған.

1.Мұхитта да құрлықта да кездеседі.

2.Ыстық газдан, будан, күлден, тастан тұрады.

3.Сөнген және сөнбеген түрлері кездеседі.

4. Везуви,Ключи шоқысы,Эльбрус. (Жанартау)

Y «Адасқан әріптер»

(Бұл кезеңде экранда орындары ауысқан бірнеше әріптер шығады, сол әріптерден география пәніне қатысты сөздер шығару керек)

1) ТСААШМБ МАСШТАБ

2) ТЗМАУИ АЗИМУТ

3) ТВОЭРАК ЭКВАТОР

4) ДЕНАИИМ МЕРИДИАН

5) БТСОНРА СТРАБОН

6) РААААКСДМГ МАДАГАСКАР

VI. Кезең эссе жазу. «Табиғат халық - қазнасы»

Қорытындылау.



© 2010-2022