Еуразия. Физикалық - географиялық орны. Қоныстануы, зерттелу тарихы

Раздел География
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Еуразия. Физикалық - географиялық орны. Қоныстануы , зерттелу тарихы

ҚЕуразия. Физикалық - географиялық орны. Қоныстануы , зерттелу тарихыызылорда қаласы, №278 орта мектеп

География пән мұғалімі :

Сартаева Гүлжанат Ерсінбайқызы


Еуразия. Физикалық - географиялық орны. Қоныстануы , зерттелу тарихы

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Еуразия материгінің географиялық орны, зерттелу тарихы туралы білімдерін кеңейту, д.ж. ең үлкен материк жайлы білімдерін арттыру;

2.Дамытушылық: Материктің географиялық орнын ерекшелігін көрсету арқылы картамен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту; Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды материктің тарихымен таныстыра отырып өз еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін ояту, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, географиялық диктант, тест,картамен түсіндіру

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Еуразияның физикалық картасы, оқулық, глобус, карта, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандырып сабақ барысымен таныстыру, психологиялық дайындық

Балалар , бүгін біз сабағымызда менгерген білімімізді тиянақтау барысында бірнеше тарсырмаларды орындай отырып бірнеше сатыларға көтерілеміз. Сол сатылардағы тапсырмалар арқылы біз білім шыңына шығатын боламыз және өзімізге керекті мәліметтерді жинап отырамыз. Енді сол тапсырмаларды орындауға көшейік.

Білім шыңы

6 саты

Бағалау

5-саты Диктант

4-саты

Мозайка

3-саты

Жаңа сабақ

2-саты

Бұл не?

1-саты

Тест

Номенклатура

Үй тапсырмасын тексеру:

І - топ. Номенклатура

  • Мұхиттар: Атлант, Тынық және Солтүстік Мұзды.

  • Теңіздер: Баффин, Беринг, Кариб, Саргасс

  • Шығанақтар: Аляска, Гудзон, Мексика

  • Бұғаздар: Беринг, Гудзон.

  • Ағыстар: Гольфстрим, Лабрадор

  • Канал: Панама (1914 жылы іске қосылды).

  • Аралдар: Баффин жері, Виктория, Гренландия, Куба.

  • Түбектер: Калифорния, Лабрадор.

  • Шеткі нүктелері: мыс Мёрчисон, мыс Марьято, мыс Принца Уэльс, мыс Сент-Чарльз.

  • Жазықтар: Ұлы Орталық жазықтар.

  • Таулар: Аппалачи, Кордильеры .

  • Шың: Мак-Кинли тауы (6194 м)

  • Өзендер: Колорадо (2334км), Маккензи (4241 км), Миссисипи ( 5971 км), Миссури.

  • Көлдер: Виннипег, Большое Невольничье (үлкен еріксіздер көлі), Эри, Мичиган, Онтарио.

ІІ - топ. Солтүстік Америка материгі бойынша тест тапсырмалары берілді.

1.Солтүстік Америка материгінің экваторға қатысты орны.

а) тек оңтүстік жарты шарда жатыр

ә) көпшілік бөлігі солтүстік жарты шарда

б) экватор материктің ортасын кесіп өтеді

в) тек солтүстік жарты шарда жатыр

2. Солтүстік Америка материгінің ең төмен жатқан жері.

а) Каспий теңізі ә) Өлім аңғары

б) Өлі теңіз в) Валдес түбегі

3. Көлемі жағынан ең үлкен арал.

а) Куба ә) Гаити

б) Баффин жері в) Гренландия

4. Мына белдеудің қайсысы Солтүстік Америкада кездеспейді?
а) экваторлық ә) арктикалық

б) қоңыржай в) тропиктік

5. Солтүстік Америка шығыс жағалауындағы жылы ағыс.

а) Калифорния ә) Лабрадор

б) Гольфстрим в) Батыс желде

6. Майя тілінде дауыл құдайы деген мағынаны білдіретін өте күшті, апатты дауыл

а) Торнадо

ә) Ураган

б) Толқын

в) Жел

7. Өлім аңғарының абсолюттік биіктігі.

а) -150 м ә) -132 м б) -86 м в) -403 м

8. Солтүстік Американың ең ұзын өзені.

а) Миссисипи ә) Ниагара

б) Макензи в) Колумбия

9. Солтүстік Америка материгінің көпшілік бөлігі қай климаттық белдеуде орналасқан?
а) арктикалық ә) қоңыржай

б) тропиктік в) экваторлық

10. «Прерий» деп нені айтады?

а) шөлді ә) саваннаны

б) орманды в) шалғын даланы

11. Солтүстік Америка материгінің жер көлемі

а) 30,3 млн км ә) 24,2 млн км

б) 18,3 млн км в) 7,6 млн км

12. Дүние жүзінде жерінің ауданы жөнінен Ресейден кейін екінші орын алатын, жоғары дамыған ел

а) АҚШ ә) Канада

б) Мексика в) Чикаго

13. Автомобилдер астанасы деп аталатын кала.

а) Голливуд ә) Сиэтл

б) Детройт в) Лос-Анджелос

14. Материкте ерекше қорғауға алынып, Дүниежүзілік қызыл кітапқа енгізілген жануар

а) Қойөгіз ә) Гризли

б) Карибу в) Койот

15. Дүниежүзіне әйгілі сарқырама. Ені 1200 м, биіктігі 51 м, бұл сарқыраманың атауы үндістер тілінде гүрілдеуік су деген мағына береді.

а) Анхель ә) Ниагара

б) Тугела в) Виктория

Жауаптары

1

2

3

4

5

6

7

8

в

ә

в

а

б

ә

б

а

9

10

11

12

13

14

15

ә

в

ә

ә

б

а

ә

ІІІ - топ. Бұл не? Атаудың ұғымын анықтап жаз

1.Кордильер - ? 2. Сиэтл -? 3. Торнадо - ? 4.Тундра - ? 5.Койот-? 6. Фанди -?

7. Хьюстон - ? 8.Прерий-? 9.Секвоя-? 10.Эскимос-?

Жауаптары:

1. Кордильер - тау. 2. Сиэтл - қала. 3. Торнадо - күшті дауыл. 4. Тундра - зона. 5. Койот - дала қасқыры. 6. Фанди - ұлттық парк. 7. Хьюстон - қала. 8. Прерий - шалғын. 9. Секвоя - алып ағаш . 10. Эскимос - халқы.

Жаңа білімді қалыптастыру:

Қызығушылықты ояту

(Материк туралы жұмбақ қою арқылы тақырыпқа ауысу)

Еуразия

Орасан зор материкпін,

Төрт мұхит, төрт қабырғам.

Алуан түрлі тірлігімен

Көп халық менен табылған

Исландия - аралым бар,

Фенноскандия - орманым.

Балқан таумен таралынған

Гималай, Альпі қорғаным.

«Ой қозғау»
1) Оқушылар бұл қандай материк жайлы айтылған?
2) Солтүстік жарты шарға қай материктер кіреді?

Жаңа сабақ: Еуразия. Физикалық - географиялық орны. Қоныстануы және зерттелу тарихы

Еуразия - дүние жүзіндегі ең ірі материк. Оның ауданы аралдарымен қосып есептегенде 54 млн км² астам, құрлықтың 1/3 бөлігіне сәйкес кееді. Еуразияны екі дүние бөлігі - Еуропа мен Азия құрайды. Материктің табиғат жағдайларының алуан түрлілігі оны ауданының үлкен болуымен түсіндіріледі. Бұл мынадай табиғат ерекшеліктерінен көрінеді:

Дүние жүзіндегі ең биік тау шыңы - Гималай тауындағы Джомолунгма шыңы, оның биіктігі 8848 м;

Жер шарындағы теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан жер Арабия түбегінің солтүстік-батысындағы Өлі теңіз орналасқан Гхор ойысы. Оның деңгейі 403м;

Жер шарындағы ең үлкен түбек - Арабия, оның ауданы 3млн км² артық;

Солтүстік-Шығыс Сібіріндегі - 71ºС температурасында тіркелген Оймякон елді мекені солтүстік жарты шарындағы суықтық полюсі болып табылады;

Ыстық әрі аптапты Үндістандағы Тар шөлінде +53ºС температура байқалған;

Жер шарындағы жылдық жауын-шашынның ең көп түсетін ауданы - Гималайдың оңтүстік-шығыс беткейіндегі Черапунджи елді мекені, мұнда жылына 12 мың мм-ден артық жауын-шашын түседі;

Аса құрғақ аптапты Арабия түбегінің оңтүстігінде жылдық жауын-шашын мөлшері 15 мм-ден де аз;

Жер шарындағы ең үлкен көл - Каспий теңізі Еуропа мен Азия аралығында орналасқан, оның ауданы 390 мың км²;

Жер шарындағы ең терең көл - Байкал көлі Азиялық бөлігінде орналасқан, оның тереңдігі 1620м;

Еуразияда солтүстрік жарты шарға тән барлық климаттық белдеулер мен табиғат зоналары кездеседі;Еуразия материгінің жағалауларын барлық мұхит сулары шайып жатыр.Материк батыстан шығысқа қарай орасан зор аумаққа созылып жатыр. Еуразияны құрайтын екі дүние бөлігі - Еуропа мен Азия арасындағы шартты түрдегі шекара Орал тауларының шығыс етегі, Жайық өзені арқылы Каспий теңізінің солтүстік жағалауы, Каума-Маныч ойысы мен Азов, Қара теңіздері және Қара теңізді Жерорта теңізімен байланыстыратын бұғаздар арқылы өтеді.Еуразияның солтүстіктегі шеткі нүктесі - Челюскин мүйісі (77º43´с.е. 104º 18´ ш.б.) мен оңтүтіктегі шеткі нүктесі - Пиай мүйүісі (1º16´с.е. 103º30´ш.б.) аралығындағы қашықтық 8000 км.кейбір аралдар солтүстік полюске таяу орналасса, Малайя архипелагының аралдары экватордан оңтүстікке қарай 11º о.е. дейін созылып жатыр.

Шеткі нүктелері:

  1. Солтүстігі - Челюскин мүйісі (77°43'с.е. 104°18'ш.б.)

  2. Оңтүстігі - Пиай мүйісі (1°16'с.е. 103°30'ш.б.)

  3. Батысы - Рока мүйісі (38°47'с.е. 9°34'б.б.)

  4. Шығысы - Дежнев мүйісі (66°05'с.е. 169°40'ш.б.)

Адамдардың Еуразия жерін қоныстануы Жерорта теңізі маңынан басталады. Осы жағалауда тұңғыш географиялық түсініктер қалыптасып, алғашқы географиялық ұғымдар жинақталған. Географиялық ұғымдардың ауқымының кеңеюіне біздің заманымызға дейінгі 2500 жылдарда Крит аралын мекендеген ежелгі миной халқы негіз салған. Минойлар Египет және Кипр, Сицилия аралдары мен қазіргі Балқан түбегіндегі елдермен сауда қарым-қатынасын жүргізген.Еуразия материгіндегі жаңа жерлерді ашуда ежелгі гректердің де қосқан үлесі зор. олар батысқа және солтүстікке жорықтар жасап, Қара және Каспий теңіздерінің жағалауларын, Дунай және Дон өзендерін бойлай жүзді.

Тек ХІХ ғасырда ғана Орталық Азия табиғатын зерттеу бағытында жүйелі экспедициялар құрыла бастады.бұл зерттеулерді жүргізуде орыс саяхатшы ғалымдарының еңбектері ерекшк зор. Әсіресе Н.М.Пржевальский басшылық еткен әкспедицияның ашқан жаңалығы маңызды болды. Ғалым Орта Азиияда 15 жыл болып, 33 мың км-ге жуық жол жүрген. Сол аймаққа жасаған 4 саяхаты нәтижесінде Н.М.Пржевальский Тибет пен Гоби шөліндегі бірнеше тау жоталарын анықтап, Хуанхэ және янцызы өзендерінің бастауын тапты.1856-59 жылдар аралығында Ресей Географиялық қоғамының тапсыруы бойынша қазақ халқының ағартушы ғалымы Ш.Уәлиханов Орталық Азияның сол кезеңге дейін жұмбақ қалпындақалып келген ішкі бөліктеріне саяхат жасады. Алдымен Тянь-Шань тау жүйесінің Қазақстан мен Орта Азиядағы бөлігін аралаған ғалым Ыстықкөл жағасында болып, одан әрі Қашғарияға аттанған.Шоқан білімі шеті жоқ теңіз суы сияқты "Шығыстың аққан жұлдызы" атанған ғалым.

Сергіту сәті
Балалар, денемізді бос ұстап, ыңғайланып отырамыз да, көзімізді жұмамыз. Дәл қәзір өзімізді Қызылорда қаласынан сонау алыста еуразияның оңтүстік-шығысында орналасқан, субэкваторлық белдеудегі климаты ыстық және ылғалды болып келетін Малайзия еліне бір сәт саяхат жасайық! Көз алдымызға елестетеміз! Біз теңіз жағалауында жүрміз. Теңіз жағалауы, алтын нұрын шашып тұрған күн, көкпеңбек ашық аспан, теңізден соққан салқын самал жел, мақтадай ақпақ жағалаудағы құмдар, теңіздің жағаға соққан асау толқындары мен сылдырлаған күмістей судың даусы естіледі.
Біз саяхаттап жүрміз!

Жаңа сабақты бекіту кезеңі.

А) Мозайка құрастыру (топ басшыларына сұрақ)

1. Дүние жүзіндегі ең биік тау шыңы және ұзындығы қанша?

2. Жер шарындағы ең үлкен түбек және ауданы қанша?

3. Жер шарындағы ең терең көл және тереңдігі қанша?

4. Жер шарындағы ең үлкен көл және ауданы қанша?

5. Еуразияның шеткі нүктелерін ата?

6. Еуразия материгін зерттеуге үлесін қосқан ғалымдарды ата?

Жауаптары:

  1. Гималай тауындағы Джомолунгма шыңы - 8848м

  2. Арабия ауданы - 3млн км² артық

  3. Байкал көлі - тереңдігі - 1620м

  4. Каспий теңізі - ауданы 390 мың км²;

  5. Челюкин, Пиай, Рока, Дежнев

  6. Н. Прежевальский, Н. Семенов, Ш. Уалиханов

Б) Географиялық диктант (дұрыс не бұрыс екенін айту)

1. Еуразияның Челюскин мүйісінен Пиай мүйісіне дейін 8000 км . (дұрыс)

2. Еуразияны 3 дүние бөлік құрайды (дұрыс емес 2)

3. Ш. Уалиханов озі жүрген жердің картасын жасады (дұрыс)

4. Прежевальскийге Тянь - Шань тауының аты берілді ( дұрыс емес Семенов)

5. Солтүстік жарты шарларға Солтүстік Америка , Аустралия, Африка материктері жатады (дұрыс емес Солт. Америка , Еуразия)

Бағалау.

Стикерлер арқылы оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма

§ 14 оқу;

кескін картамен жұмыс;.

Қорытынды.

Сонымен оқушылар Еуразия қандай материк? Материкті қанша мұхит қоршап жатыр?

Білім шыңы

Бағалау. Стикерлер арқылы оқушыларды бағалау.

Еуразия. Физикалық - географиялық орны. Қоныстануы , зерттелу тарихыЕуразия. Физикалық - географиялық орны. Қоныстануы , зерттелу тарихыЕуразия. Физикалық - географиялық орны. Қоныстануы , зерттелу тарихыЕуразия. Физикалық - географиялық орны. Қоныстануы , зерттелу тарихыЕуразия. Физикалық - географиялық орны. Қоныстануы , зерттелу тарихыЕуразия. Физикалық - географиялық орны. Қоныстануы , зерттелу тарихыЕуразия. Физикалық - географиялық орны. Қоныстануы , зерттелу тарихы

© 2010-2022