• Преподавателю
  • География
  • Сабақтың тақырыбы: Аустралияның жер бедері мен пайдалы қазбалары, климаты, өзендері мен көлдері. 7 сынып

Сабақтың тақырыбы: Аустралияның жер бедері мен пайдалы қазбалары, климаты, өзендері мен көлдері. 7 сынып

Раздел География
Класс 7 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Аустралияның жер бедері мен пайдалы қазбалары, климаты, өзендері мен көлдері. 7 сыныпСабақтың тақырыбы: Аустралияның жер бедері мен пайдалы қазбалары, климаты, өзендері мен көлдері. 7 сыныпСабақтың тақырыбы: Аустралияның жер бедері мен пайдалы қазбалары, климаты, өзендері мен көлдері. 7 сыныпСабақтың тақырыбы: Аустралияның жер бедері мен пайдалы қазбалары, климаты, өзендері мен көлдері. 7 сыныпСабақтың тақырыбы: Аустралияның жер бедері мен пайдалы қазбалары, климаты, өзендері мен көлдері. 7 сыныпСабақтың тақырыбы: Аустралияның жер бедері мен пайдалы қазбалары, климаты, өзендері мен көлдері. 7 сыныпСабақтың тақырыбы: Аустралияның жер бедері мен пайдалы қазбалары, климаты, өзендері мен көлдері. 7 сыныпСабақтың тақырыбы: Аустралияның жер бедері мен пайдалы қазбалары, климаты, өзендері мен көлдері. 7 сыныпСабақтың тақырыбы: Аустралияның жер бедері мен пайдалы қазбалары, климаты, өзендері мен көлдері. 7 сыныпСабақтың тақырыбы: Аустралияның жер бедері мен пайдалы қазбалары, климаты, өзендері мен көлдері. 7 сыныпСабақтың тақырыбы: Аустралияның жер бедері мен пайдалы қазбалары, климаты, өзендері мен көлдері. 7 сыныпСабақтың тақырыбы: Аустралияның жер бедері мен пайдалы қазбалары, климаты, өзендері мен көлдері. 7 сыныпСабақтың тақырыбы: Аустралияның жер бедері мен пайдалы қазбалары, климаты, өзендері мен көлдері. 7 сыныпСабақтың тақырыбы: Аустралияның жер бедері мен пайдалы қазбалары, климаты, өзендері мен көлдері. 7 сыныпКүні:

Сынып: 7

Сабақтың тақырыбы: Аустралияның жер бедері мен пайдалы қазбалары, климаты, өзендері мен көлдері.

Сабақтың мақсаты:

  1. Аустралияның жер бедері мен пайдалы қазбалары, климатына әсер ететін факторлар және өзіндік ерекшеліктері, өзендері мен көлдерінің таралуы жер бедері мен климатына байланыстылығын түсіндіру.Оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін ояту, шығармашылықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Күтілетін нәтижелер:

А) Аустралияның жер бедері мен пайдалы қазбаларын анықтайды, біледі.

Б) Аустралияның климаттық белдеулерін ажыратады.

В) Өзен, көлдері ерекшеліктерін салыстырады, қорытынды жасайды.

Сабақтың көрнекілігі:Оқулық, Д.ж.жарты шарлар картасы, атлас, сызбалар, кескін карта, интерактивті тақта

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Оқыту әдісі: СТО. Топтық жұмыс, Картамен жұмыс, «Сиқырлы ұяшықтар» әдісі, «Венн дограммасы» стр-сы, «Сөйлейді сандар» әдісі, «Баспалдақ» стр-сы.

Пәнаралық байланыс: биология,экология,эстетика т.б.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

А) Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу.

Б) Сыныпты 4 топқа бөлу, топ басшысын сайлау (түрлі-түсті әріптер арқылы бөлу)

В) «Көңіл күй қоржыны» Осы жерге «Тамаша екен!» жаттығуы.

Кәне оқушылар өздеріңнің жақсы қасиеттеріңді айтындаршы.

Мысалы: Мен ақкөңілмін, мен ақылдымын,мен мейірімдімін.....

және әр бойдағы жақсы қасиетті айтқаннан кейін тамаша екен деп айтып бір мезгілде бас бармағын көрсетіп,қолдарын жоғары көрсетеді.

Мұғалім сөзі: өте жақсы! Осы және басқа адамгершілік қасиеттердің өз бойларыңнан табылуына тілектеспін.

Г) Көшбасшы сайлау

Г) Бағалау парағын тарату

Мұғалім: Оқушылар дүние жүзінде 6 материк бар екенін жақсы білесіңдер, өткен матесабақта материке қысқаша сипаттама бердіңдер, яғни әр материк өзіне тән қайталанбас табиғат жағдайларымен ерекшеліктері бар.Ол жақта бақтар қазан айында гүлдейді, өзендері сусыз ағады, кейбір жануарлар жұмыртқадан шығады. Сонымен қатар, бұл материкте дүние жүзінің барлық елінен жиналған ұлт өкілдері тату - тәтті өмір сүріп жатыр. Сонымен біз өткен сабақты еске түсірейікші.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

1.кезең «Сиқырлы ұяшық »стратегиясы

1. Аустралияның географиялық орны, жағалауындағы мұхиттарды ата?

2. Көлемі жөнінен дүние жүзінде Аустралия нешінші орында? (6 орында)

3. Аустралияның жер көлемі неше? (7,6 млн. км²)

4. Аустралия материгінің басқа материктерден қандай ерекшеліктері бар? (ерте бөлініп кетуіне байланысты жануарлары мен өсімдіктері сақталып қалған)

5. Аустралия атауы қандай мағына береді? (латын тілінен аударғанда «оңтүстік»)

6. Үлкен Тосқауыл рифі материктің қай жағалауында орналасқан?(шығыс жағалауында)

7. Материктің ең биік орналасқан нүктесі қалай аталады және биіктігі неше метр? (Үлкен Суайрық жотасы 2228м)

8. Теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан көл қалай аталады? (Эйр көлі - 12м)

9. 1770 жылы Аустралияның бүкіл шығыс жағалауын бойлап жүзген ағылшын теңізшісі кім?

10. Аралды 1642 ж. голландтық теңіз саяхатшысы ашқан?

11. Аустралия - Жер шарындағы

ең...... материк.

12. 1841 жылы саяхатшы Джон Эйр оңтүстік

жағалауындағы шөлді қалай деп атаған?

2 кезең «Номенклатурамен жұмыс» әдісі

1 топ Аустралияның 4 шеткі нүктесі, Үлкен суайрық жотасы, Карпентария шығанағы

2 топ Үлкен Тосқауыл рифі, Косцюшко тауы, Үлкен Аустралия шығанағы, Тасман аралы

3 топ Аустралия Одағы , Эйр көлі, Кейп - Йорк түбегі, Басс теңізі

4 топ Тимор, Маржан, Арафур теңіздері, Арнем-Ленд түбегі

ІІІ.Жаңа сабақ Оқушыларға 6 сөйлемнен тұратын кішкентай мәтін таратып берем. Сол мәтінді оқи отырып балалар бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбын ашады.

Оқушыларға текст таратып беру

Аустралияның жер бедері онша күрделі емес.Материктің негізгі бөлігін гондваналық ежелгі платформа алып жатыр. Аустралияның оңтүстік-шығысында пайдалы қазбалардың кен орындары шоғырланған.Орталық жазықтарда мұнай мен газдың мол қоры бар.Материктің көпшілік бөлігіне ауа температурасының жылдық және тәуліктік ауытқулары айқын байқалатын ыстық,құрғақ климат тән. Климатының құрғақ болуына байланысты Аустралияда өзен торы өте сирек, көлдер аз. Ең ірі көлі -Эйр.

Осыдан кейін бүгінгі сабақтын тақырыбы айтылып, мақсаты айтылып кетеді.

Жаңа сабақ Блум таксономиясы арқылы жоспарланып өтеді

«Білу»

Менің білетін деректерім
Сұрақ: Алдарында көріп тұрған суреттеріңнен Аустралия материгі туралы кім не біледі?

«Түсіну»

Себебін анықта

1 топ Аустарлияның жер бедері (3 бағана құрау) немесе басқаша атау керек

2 топ Аустралия климаты (постер құру)

3 топ Аустралия ішкі сулары (постер құру)

4 топ Геологиялық құрылысы мен пайдалы қазбасы (сөздерді топтастыру стратегиясы)

«Қолдану»

Кескін картамен жұмыс

  1. Жер бедерінің ірі бөліктерін,тауларды,пайдалы қазбалардың орналасуын белгілеңдер

  2. Кескін картаға климат белдеулердің шекарасын белгілеп, материктің басым бөлігіне қандай климат жағдайлары сәйкес келетінін анықтаңдар

  3. Кескін картаға Аустралияның ірі көлдер мен өзендерді белгілеңдер

«Сергіту сәті»

«Талдау»

Венн диограммасы стратегиясы

Африканың оңтүстік бөлігінің климатын Аустралиямен салыстырып, қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар екенін анықтандар



Баспалдақ стратегиясы

Аустралия материгінің климаттық белдеулерін солтүстіктен оңтүстікке қарай орналастыр





Сөйлейді сандар

2230м, 33, 12м, 51,1°С, 60% 2570км, 3750км

Сәйкестендіру

Шығысы Тасмания

Арал Улкен Суайрық жотасы

Климаты Эйр

Көл Құрғақ

Өзен Дарлинг

«Жинақтау»

Кластер

Бесінші континенттің қазынасыТақырыптың басты идеясын сызба түрінде беріп, толтыру.



Үйге тапсырма Мәтінді оқу Муррей өзеніне кітаптың 239 беттегі «өзенді сипаттаудың жоспары бойынша» жазбаша сипаттама беру

Бағалау . Оқушылардың бағалау парағын салыстыра отырып,бағаланады. Бағаларын оқушыларға айтып отырып қояды. Оқушылар өздерін бағалау парағы арқылы бағалайды.

Рефлексия «Білім теңізіне кеме жіберіңіз»

Тақырыпты жақсы меңгердім деген оқушылар кемелерін теңізге орналастырады,өзіне сенімсіздер жағаның шетінде қалады.

Білім теңізі

Теңіздің шетіСабақтың тақырыбы: Аустралияның жер бедері мен пайдалы қазбалары, климаты, өзендері мен көлдері. 7 сынып

© 2010-2022