Планировнаия по географии на тему планировнаия по географии на тему

        А)  Білімділік:Африка материгінің физикалық, географиялық орны, жағалық пішіні туралы географиялық білімін толықтыру.          Б)  Дамытушылық:физикалық карталарды пайдалана отырып, оқушылардың  Африканы жер бедері, өзендері, таулары туралы толық мәлімет беру.          В) Тәрбиелік:Патриоттық тәрбие бере отырып пәнге қызығушылығын арттыру   Сабақ түрі: Саяхат сабағы Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, дарынды және талантты оқушылармен жұмыс, сабақта АКТ- ны пайдалану.                            ...
Раздел География
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

I кезең. (3 мин)

Сәлеметсіндер ме, балалар? Отыра қойындар. Бүгін бізде мейрам. Өйткені бізге қонақтар келді. Сабағымыз да ерекше түрде өтеді. Сабағымызды бастамас бұрын, қонақтарымызға қарап қобалжымау, сасқалақтамау үшін сендермен және қонақтарымызбен релаксация өткізсем. Барлықтарын көздеріңізді жұмып, ойша серуендеп келейік. (музыка)

Ал енді орнымызға жайғасып біраз тынығып алайық. Көзімізді жұмып, керемет ғажайып, әлемге саяхат жасаймыз. Алдымызда түрлі- түсті кемпірқосақ бізді алыс жолға шақырып тұр. Біз сол кемпірқосақтың үстімен жүріп келеміз. Жоғарыдан бәрі әдемі көрініп тұр. Мұнда жасыл орманда, көк теңізде, сары шөл де, қызыл гүл де бар. Мінекей, түрлі-түсті жауын жауып тұр. Жауын тамшылары біздің бетімізге түсіп, алақанымызға түсіп жатыр. Тамшыны көтеріп, құлақтарыңа жақындатыңдар. Ол сендерге не деп сыбырлайтынын естіңдер. Бұл тамшыны өздеріңмен бірге алып кете аласыңдар, ол сендердің қастарында әрдайым болады. Сендерді қорғап, сендерге көмектесіп жүреді. Ал енді көздерімізді ашайық, тамшыларымыз туралы ұмытпайық.

Ендеше, кішкене босаңсығаннан кейін сабағымызға көшейік.

Жаңа сабағымыздың тақырыбы: § 49 Табиғи қорлар және өндіріс болады.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: табиғи қорлар ұғымымен танысу, Қазақстанда кездесетін табиғи қорларды алты топқа бөліп қарастыруға болатынын түсіну.
Дамытушылық: бізге берілген табиғи қорларды үнемдеп, қуатты тиімді пайдалану керек екенімізді ұмытпай, ой-өрістерімізді кеңейту.
Тәрбиелік: табиғатты қорғау, сүю керек екендігін ойдан шығармау керек.

Жаңа сабаққа көшудін алдында үй тапсырмасына дайындықтарынды тексере қояйық.

II кезең. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі. (10 мин)

I тапсырма «Аймақтар" деп аталады. Осы аймаққа кіретін жер бедерлерін және өзендерін айтып берулерін керек. Ауызша
1 Шығыс Еуропа жазығы (Шығыс Еуропа жазығына Жалпы сырт қыраты, Каспий маңы ойпаты, Жем үстірті кіреді. Өзендері Жайық, Ойыл, Жем, Сарыөзен)
2 Солтүстік қазақ жазығы (Солтүстік қазақ жазығының жер бедеріне Есілдің жазық орманды даласы, Тобыл - Обаған жазық даласы, Есіл - Ертіс даласы, Ертіс - Құлынды жазығы кіреді.Өзендеріне Ертіс, Тобыл, Обаған, Сілеті, Шідірті, Өлеңті, Шағалалы өзендерін жатқызамыз).

3 Сарыарқа (Сарыарқа өлкесі негізінен мүжілген және тегістелген қыраттар, Қызыларай, Шығыстау, Ұлытау сияқты аласа таулар орналасқан. Өзендеріне Есіл, Нұра, Сарысу, Сілеті, Шідірті, Тоқырауын деген өзендерді жатқызуға болады)
4 Алтай (Алтай тауның Қазақстанда орналасқан бөлігі үш ауданға бөлінеді. Олар: Оңтүстік Алтай, Кенді - Алтай, Қолба жотасы. Өзендері: Ертіс, Бұқтырма, Күршім, Ақ Берел, Көкпекті, Қызылсу, Қайыңды, Бөкен және тағы басқалары)

Келесі тапсырма «Бұл қай аймақ" деген тапсырма. Бұнда керісінше мен сендерге қысқаша мағлұмат оқимын, сендер тындап отырып бұл қай аймақ екенін айтасындар. Ауызша

1. Бергі дәуірдің өзінде теңіз табаны болған. Климаттың құрғақтығы өсімдіктердің дамуына кері әсерін тигізуде. Онда құмтөбелер бар. Сібір мен арктикалық ауа енген кезде -40°С - қа дейін төмендейді. Бекіре, қызыл балық сияқты бағалы балық түрлеріне бай. (Каспий маңы ойпаты)

2. Ендік бойынша созылған, ұзындығы -350 км, ені 30 - 40 км. Биік жері - Талғар шыңы. Мұнда өркешті шыңдар мен тегістеу жазық жерлер кездеседі. (Іле Алатауы)

3. Кезінде тектоникалық қозғалыстардан пайда болған үлкен аңғар бар. Жергілікті халық оны қорым дейді. Жібек жолы өткен, Жоңғар, Шыңғыс хан жаулаушылары жүрген. Кей жерлерде батпақты, қамысты, кей жерде құрғақ дала болып келеді. (Жоңғар қақпасы).
4. Құмтас пен әктастан түзілген. Екі тау жотасынан тұрады. Оңтүстікке қарай қыратты жартылай шөлді дала басталады. Ол түгелдей ұлутасты - әктастардан тұрады. Олардан төмен теңіз деңгейінен аласа бірнеше тұйық қазан шұңқырлар ұшырасады. (Маңғыстау).

Жақсы. Дайындықтарын жаман емес.

III кезең. Енді кішкене бой сергітіп алайық. Сергіту сәті. (3мин)

слайд

IV кезең. (22 мин) Орындарымызға отырайық. Жаңа сабақтың барысымен таныстырып, жұмыс ережесі мен міндеттерінді айтып кетейін. Сабақ ойын түрінде поездбен саяхатқа шығып, Қазақстанның табиғи қорларын көріп, оны қолдану барысында электр қуатын үнемдеуге арналады. Мына қоңыр және жасыл түспен белгіленген қағаздарды алып, түстеріңе сәйкес екі топқа бөлініндер. Ол вагондарыңның түстері болып есептеледі. Топтын капитаны болу керек. Сол капитан жауапты кім айтатынын реттеп отырады. Әсел бізде бүгін диспетчердің қызметін атқарады. Ол бізге поезд қозғалар алдында хабарлап, сендерге тапсырма беріп отырады. Жауап дайын болғанда қол көтересіндер. Поезд тоқтайды. Жауаптарын толық және дұрыс болса келесі бекетке бару үшін тапсырма аласындар. Барлығы түсінікті болса бастайық.

Табиғи қорлар - табиғи ортаның, қоғамның материалдық және рухани мұқтажын қамтамассыз ету үшін, өндірісте пайдаланылатын бөлігі. Табиғи қорларды тиімді пайдалану және адамзатты өне бойын - табиғи қормен қамтамассыз ету өте күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Жалпы Қазақстанда кездесетін табиғи қорларды мынадай топтарға бөлуге болады:

1. Отын-энергетикалық қорлар

2. Минералдық қорлар

3. Климаттық қорлар

4. Су қорлары

5. Топырақ-өсімдік қорлары

6. Жануарлар дүниесінің қорлары

Сабақ барысында осы қорларға байланысты 6 аялдама болады. 7-соңғы аялдама қорытынды бекеті. Әр бір бекетке жету үшін тапсырмаларды орындауларың қажет. Ал поезд қозғалғалы тұрған сияқты.......

Тың-дың деген дыбыс.

Диспетчер: Құрметті жолаушылар, «Табиғи қорлар» бағытындағы поезд жүргелі тұр, билет алуға асығыңыздар.(әр аялдаманы айтып отыру керек)

Поездың дыбысы.

1-аялдама. «Отын-энергетикалық қорлар». Оқушылар билет алып сұраққа жауап береді.

1. Отын - энергетикалық қорлар түріне нені жатқызуға болады? ( Отын - энергетикалық қорлар түріне мұнай, табиғи газ, тас көмір, қоңыр көмір және жанғыш тақтатастар жатқызуға болады)

2. Тас көмір өндірілетін аудандар. (елімізде Екібастұз, Майкүбі, Қарағанды, Кендірлік, Таскөмірсай, Алакөл кен орындарында тас көмір өндіріледі)

3. Мұнай мен газ қоры Қазақстанның қай бөлігінде шоғырланған? (Қазақстанның батыс бөлігінде шоғырланған)

4. Мұнайының сапасы жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орындарында көрінетін Қазақстан кен орыны. (Ембі мұнайы) Соңғы жылдары мұнда жаңа кен орындары барланып, игеріле бастады.

Тың-дың деген дыбыс.

Диспетчер: Құрметті жолаушылар, «Табиғи қорлар» бағытындағы поезд жүргелі тұр, тапсырмаларды алуға асығыңыздар.

Поездың дыбысы. Жауабы дайын болғанда поезд тоқтайды.

2-аялдама. «Минералдық қорлар». Картаға шартты белгілерін қойып, көрсету.

1. Темір кені туралы шағын мағлұмат. (Қашар, Соколов-Сарыбай, Әйет, Лисаков, Қарсақпай, Қаражал, Қоржынкөл кен орындары бар. Соның ішінен 93% темір кені өндіретін Қашар, Соколов-Сарыбай, Әйет, Лисаков кен орындарында шоғырланған) ТМД бойынша Ресей мен Украинадан кейін үшінші орында.

2. Қазақстанда қанша марганец кен орны бар? Ең ірілерін атап, көрсет. (11. Атасу, Жезді)

3. Полиметалдарға не жатады және ең бай кен орындары қайда орналасқан? (Полиметалдарға қорғасын, мырыш, мыс қоспалары, алтын, күміс, т.б. жатады. Кенді Алтайдағы Риддер, Зырянда мол қоры бар)

4. Тұздың мол қоры қайда орналасқан? (Каспий маңы ойпатында, Батыс Сібір жазығында және республиканың басқа да аудандарында көптеген тұзды көлдерде тұнба тұздар жиналған)

Қосымша сұрақ қойғым келіп тұр: Қазақстанда атом электр станциялары бар ма?

Қазақстанның Ұлттық ядролық орталығында 4 зерттеу реакторы жұмыс істейді. Оның 3-і Курчатов қаласының маңында, 1-і Алматы қаласының жанындағы Алатау қалашығында орналасқан. Дүние жүзілік тәжірибеде атом өндірісінің әскери және азаматтық бағыттары қалыптасқан. ҚР бейбітшілік мақсатта кеме, поезд жүргізуге және самолет, ракета ұшыруға пайдаланылады.

Тың-дың деген дыбыс. Жауабы дайын болғанда поезд тоқтайды.

Диспетчер: Құрметті жолаушылар, «Табиғи қорлар» бағытындағы поезд жүргелі тұр, билет алуға асығыңыздар.

Поездың дыбысы.

3-аялдама. «Климаттық қорлар». Жұмбақ шешу.

1. Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады. (Күн)

2.Ұйықтайды ұлы түнде, күндіз қызы.

Жүргенде білінбейді басқан ізі. (Күн мен Ай)

3. Аяқсыз жетіп барады,
Қолсыз есік қағады. (Жел)

4. Қанаты жоқ - ұшады,
Аяғы жоқ - қашады. (Жел)

Балалар, енді мынадай сұрақ туып тұр: Елімізде Жел энергетикасы дамыған ба?

Жел энергетикасы жөніндегі БҰҰ Даму бағдарламасы бойынша жүргізілген Қазақстанның өңірлері бойынша жел энергетика әлеуетін зерттеу, Оңтүстік , Батыс, Солтүстік және Орталық аймақта Жел Электр Станцияларын салу үшін жақсы жел әлеуетінің барын атап кеткен. Қазіргі уақытта әзірше Астана қаласы, Қазақстанның батыс бөлігінде және жаңағы аталған жерлерге салу жаңа қолға алынып жатыр.

Тың-дың деген дыбыс.

Диспетчер: Құрметті жолаушылар, «Табиғи қорлар» бағытындағы поезд жүргелі тұр, тапсырмаларды алуға асығыңыздар.

Поездың дыбысы. Жауабы дайын болғанда поезд тоқтайды.

4-аялдама. «Су қорлары». Картадан көрсетіп, сипаттап беру.

1. Ертіс өзені. (Ертіс-Солтүстік Мұзды мұхит алабының басты өзені. Оның ұзындығы 4248 км, тек 1700 км жуық бөлігі ғана Қазақстан жері арқылы ағып өтеді. Ол Қытайдан Бала Ертіс деп басталып, Қазақстанда Қара Ертіс деп аталып, Зайсан көліне келіп құяды. Көлден ағып шыққанда өзен Ақ Ертіс немесе Ертіс аталады да, Ресей аумағындағы Обь өзеніне барып құяды)

2. Жайық өзені. (Жайық өзені-Орал тауыан басталып, Батыс Қазақстанды солтүстіктен онтүстікке қарай кесіп өтіп, Каспий теңізіне құяды. Жайықтың ұзындығы 2428 км, республика жеріндегі ұзындығы 1082 км)

3. Арал теңізі мен Сырдария өзені. (Арал теңізі суының көлемі жағынан Қазақстанда, тіпті бүкіл ТМД елдерінде 2, ал дүние жүзінде 4 орын алады. Қазіргі уақытта еліміздің басты экологиялық проблемалардың бірі болып отыр. Өйткені басты өзендері Сырдария 1974 жылдан, Әмудария 1982 жылдан мүлдем сарқылды. Сырдария өзені Қазақстаннан тысқары жатқан Орталық Тань-Шань тауларынан басталады. Өзеннің ұзындығы 2212 км. Республика жерімен 1400 км өтеді. Қазақстанда ең лай өзен болып табылады.)

4. Жер асты сулары климатына, тау жыныстарының сипатына қарай қандай типтерге ажыратылады? Қай жерлерде таралған? (Жарықшақтық, жарықшақты-қат-қабатты, қат-қабатты типтерге ажыратылады. Жарықшақтық типті жер асты суы таулы-қатпарлы Тань-Шань, Жоңғар (Жетісу) Алатауы, Сарыарқаның ұсақ шоқылары және Орал-Мұғалжар тауларында тараған. Жарықшақты-қат-қабатты жер асты сулары Маңқыстау, Мұғалжар, Сарыарқа тауларындағы палеозой мен мезозой жыныстарының қат-қабаттарында қалыптасады. Қат-қабатты жер асты сулар типі шөгінді жыныстардың арасында кеңінен таралған. Олар негізінен Қазақстанның Батыс, Оңтүстік, Солтүстік-Шығыс аудандарында таралған.)

Қосымша сұрақ: Су электр станциялары туралы не білесіндер?

Қазақстандағы ең алғашқы СЭС 1902 жылы Зырян кенішін энергиямен қамтамасыз ету мақсатында Тұрғысын өзенінде салынды. Соңғы жылдары Ертіс өзенінде Өскемен және Бұқтырма , Іле өзенінде Қапшағай және тағы басқа 200-ден астам шағын және орташа СЭС салынған.

Тың-дың деген дыбыс.

Диспетчер: Құрметті жолаушылар, «Табиғи қорлар» бағытындағы поезд жүргелі тұр, билет алуға асығыңыздар.

Поездың дыбысы. Жауабы дайын болғанда поезд тоқтайды.

5-аялдама. «Топырақ-өсімдік қорлары». Сұрақ - жауап, дұрыс әлде қате.

1. Республикадағы топырақ, өсімдік қор түрлерінің ерекшелігі олардың өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы үшін шикізат көзінің қызметін атқаруы, осыған байланысты адамның шаруашылық әрекетінің әсеріне көп ұшыраған. (дұрыс)

2. Қазақстан құнарлы топырақ түрлеріне ең бай мемлекет. (қате, онша бай емес)

3. Қазақстандағы орманды алқаптың ауданы 1 млн гектар. (қате, 21 млн гектар)

4. Шабындықтар мен жайылымдарда өсетін шөптесін өсімдіктер мал азығы ретінде пайдаланылады. Өсімдік қорлары халық шаруашылығының түрлі салалары үшін шикізат базасы болып табылады. (дұрыс)

Тың-дың деген дыбыс.

Диспетчер: Құрметті жолаушылар, «Табиғи қорлар» бағытындағы поезд жүргелі тұр, тапсырмаларды алуға асығыңыздар.

Поездың дыбысы. Жауабы дайын болғанда поезд тоқтайды.

6-аялдама. «Жануарлар дүниесінің қорлары». Сәйкесін тап.

Республика аумағында жануарлар дүниесінің санын сәйкестендір.

омырткалы жануарлардың 835 түрі

сүтқоректілердің 172 түрі

құстардың 481

бауырымен жорғалаушылардың 48

балықтардың 150

Омыртқасыз жәндіктердің 50 мыңнан асады

5 мин 6-аялдаманы өттік, енді қайтадан мектепке оралу үшін қорытындылап, ойларымызды түйіндейік.

Тың-дың деген дыбыс.

Диспетчер: Құрметті жолаушылар, «Табиғи қорлар» бағытындағы поезд кері қайтады. Отыруларыңызды сұраймын. Келесі аялдама МЕКТЕП станциясы.

Поездың дыбысы.

V кезең. 7-аялдама. Сонымен, балалар, осы қорлардың ішінен адам баласы қайсысынан электр қуатын алады?(отын-энергетикалық, климаттық, су қорларын пайдаланып электр қуатын өндіріп алуға болады). Ал қайсысын электр қуатын тұрмыста қолдану үшін пайдаланады?(отын-энергетикалық, климаттық, су және минералдық қорларды пайдалану). Сонда электр қуатының адам өміріндегі алатын орны қандай?(электр энергиясын пайдалану, телефонмен сөйлесу, көлікпен жол жүру және жанар-жағармай құю, қалалардың араларында ұшақпен ұшу, компьютермен жұмыс және т.б операциялардың еш біреуі электр энергиясынсыз жүзеге аспайды және толықтай біздің қажеттілігімізді қанағаттандырa алмайды).

Өте жақсы, балалар. Міне мектеп станциясына да келіп жеттік.

Қазіргі уақытта біз электр қуатының ең тиімді, табиғатқа кері әсерін тигізбейтін және арзан түрлерін табу мәселесі болып отыр. Мысалы күн энергиясы жайлы мынадай мәліметтер бар:

Күннен шыққан энергияның тек 2 миллионнан бір бөлігі жер шарына жете алады. Күннің жылуы 8,5 минутта жер шарына жетеді. Үш күндік түскен күн жылуы дүниедегі барлық мұнай, көмір және ормандардан алынатын энергиямен тең. Күн өте мол энергия көзін өндіреді шамамен қазіргі сұраныстан 5000 есе артық энергияны күн бере алады. Тек әрине егер біз оны толық қамды қолдана алсақ.

Болашақ жастардың қолында дейміз. Мемлекеттің саясаты да жастарды қолдап отыр. Елбасымыз білім саласына үлкен көңіл бөліп жатыр. Сондықтан біз - жастар осындай мәселелердің шешімін табуға барынша күшімізді жұмсауымыз керек. Солай ма, балалар?

VI кезең. Рефлексия Элект қуатын үнемдеу үшін не істеуіміз керек?

VII кезең. Ендеше осымен сабағымыз аяқталды. Бүгінгі бағаларын:........................................................

Бағаларыңды келесі сабақта қоямын.

VIII кезең. Үйге тапсырма: § 49 оқу, мазмұндау. Электр қуатын үнемдеу үшін қандай жаңа қырларын табасын? Шағын ой толғау жазып келу






























Өзіндік талдау


Бірінші тарауда аттестатталатын педагог қызметкердің жалпы мәліметтері: аттестаттауға өтініш, жеке басты куәландыратын құжат, білімім туралы диплом, еібек кітапшасы және біліктілікті арттыру курстарынан өту туралы құжаттар.

Екінші тарауда педагогикалық шығармашылық нәтижелері: дипломдар, куәліктер, алғыс хаттар, оқушылардың олимпиадаға қатысқаны үшін куәліктері.

Үшінші тарауда ғылыми-шығармашылық жұмысы: баяндамалар, кәсіподақ тарапынан алғыс хат, SPARE халықаралық проект шеңберінде аудандық деңгейдегі ашық сабақ, оқушылардың география пәнінен білім сапасы.

Төртінші тарауда материалдар жинағы: сабақтар мен дидактикалық материалдар.

Бесінші тарауда пән бойынша сыныптан тыс іс-шаралары: өлкетану үйірмесі

Алтыншы тарауда фоторепортаж: ашық сабақтарда, экскурсияларда, практикалық сабақтарда оқушылардың фотоға түскен суреттері.





СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

АЙЫРТАУ АУДАНЫ

РУДНЫЙ ОРТА МЕКТЕБІ





Базарбаев Жомарт Калымжанович

География пәнінің мұғалімі




Негізгі әдістемелік мәселем: география сабағында мәселелік оқыту «Табиғи қорлардың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру».


© 2010-2022