5-сыныпқа Жаратылыстану пәнінен сабақ әзірлемесі. Тақырыбы: Ай – Жердің серігі

Раздел География
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Ай - Жердің серігі

Мақсаты :

1. Білімділік: Оқушыларға Ай - Жердің серігі екендігі, ай мен жердің айырмашылығы жайында, айдың ерекшелігі жайында мәлімет беру.

2. Тәрбиелік: Ай - Жердің серігі тақырыбын түсіндіре отырып, табиғат құбылыстарын, олардың ерекшелігін ескере білуге, табиғат құдіретін түсінуге, бір-біріне көмектесуге, бірігіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: Ай- Жердің серігі, толысу, күннің тұтылуы, айдың тұтылуы жайында білімін тереңдету, өз бетінше іздену қабілетін дамыту.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ (сәйкестендіру тесті, жасырын сөз)

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, энциклопедия

Пән аралық байланыс: физика, дүниетану

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу, түгелдеу

  2. Оқушылардың құрал - жабдығын тексеру

  3. Оқушылар назарын сабаққа аудару

ІІ. Оқушы білімін жан-жақты тексеру:

Жасырын сөзді тап

1. Табиғатты танып білу ағаштың өсуі сияқты, өте баяу жүреді.

2. Жер шарында ұлы географиялық ашылулар XVғасырдан басталады.

3. Х.Колумб Еуропада бірінші болып шығыстан батысқа қарай Атлант мұхиттын жүзіп өтіп, белгісіз жерді, көптеген аралдарды ашты.

4. Ертедегі гректер солтүстікте туатын жетіқарақшыны Арктос - деп атап, кейіннен бүкіл солтүстік өңірді Арктика деп атаған.

5. Ал оған қарама-қарсы жатқан оңтүстік өңірі Антарктида деген.

6. Тек 1909 жылы ғана американ поляр зерттеушісі Р.Пири солтүстік полюске тұңғыш рет ту тікті.

7. Астрономдардың айтуынша - жұлдызды аспан суреттердің ең таңдаушысы.

ІІІ. Жаңа түсінік беру.

Күн жүйесінде Шолпан мен Меркурийден басқа ғаламшардың барлығының серіктері бар. Олардың жалпы саны 60-қа жетеді. Ай Жердің тартылыс күшіне байланысты оны айнала қозғалады. Бірақ Ай да белгілі бір мөлшерде Жерге әсер етеді.

Аспан денелері арасында Жерге ең жақыны - Ай. Жер мен Айдың ара қашықтығы шамамен 384000 шақырым (км). Айдың диаметрі Жерден 4 еседей аз. Жерді 28 тәулікте айналып өтеді. Ай Жерді айналғанда тек қана бір жағымен айналады. Айдың бедері сансыз кратерлерден тұрады. Олар құлаған метеориттер мен астероидтардың ізі. Айдың жарық болатын себебі, күн сәулесін қабылдай алмайды., оның орнына тек қана шағылыстыратын қабілеті бар. Күн сәулесі Айдың бізге көрінбейтін жағына түскенде түні бойы бізге көрінбей кетеді. Бұл фазаны - жаңа ай дейді немесе қазақтар ай туыпты деп те атайды. Бұл кезде ай орақ сияқты болып көрінеді. Бұл фазаны айдың толысуы дейді.

  1. Жаңа түсініктер мен іс-әрекеттер тәсілін қалыптастыру.

Толысу - Айдың тарту күшіне байланысты теңіз деңгейінің көтерілуі.

Кратерлер - Айға келіп соғылатын ғарыштық тастардың әсерінен пайда болатын іздер.

Астероид - Күн жүйесіндегі, әсіресе Марс пен Юпитер ғаламшары арасындағы кішігірім ғаламшарлар.

Метеорит - Жерге құлап түскен кіішігірім ғарыштық денелер.

Скафандр - Күннің көзінде қайнаған ыстық, ал көлеңкеде - қақаған суықтан қорғайтын ғарышкерлердің арнайы киімі.

Нейлон, дакрон,кевлар - скафандрды тігетін маталар

V.Мұғалімнің проблемалық және ақпараттық сұрақтар

Сәйкестендіру тест

1. Теңіз деңгейінің көтерілуін

384000шақырым (км)

2. Аспан денелері арасындағы Жерге ең жақыны

4 еседей аз

3. Жер мен Айдың арақашықтығы шамамен

28 тәулікте

4. Айдың диаметрі Жерден

Толысу

5. Күн сәулесі Айдың бізге көрінбейтін жағына түскенде түні бойы бізге көрінбей кетеді.

Ай

6. Жерді қанша тәулікте айналып өтеді

Күннің тұтылуы

7. Ай Жер мен Күннің ортасында болып, Күнді көлегейлесе Жерге Айдың көлеңкесі түседі

Жаңа ай

8. Ай толысқан кезде Жердің көлеңке жағына өткен уақытта Айға көлеңке түсіп, тіптен оның көрінбей қалатын уақыты да болады.

Айдың тұтылуы


  1. Жаңа түсінікті тексеру:

Жаратылыстану пәніне арналған жұмыс дәптерімен жаңа тақырып бойынша оқушыларға жұмыс жасату

Мына сөйлемді аяқта

Жерге ең жақын орналасқан денесі - Ай. Жер мен Айдың ара қашықтығы - 384000 шақырым (км) . Ай Жерді айналғанда тек қана бір жағымен айналып өтеді.


  1. Жаңа сабақты бекітуге арналған жаттығулар

1. Айдағы фазалардың ауысу себебі неде?

2. Не үшін Айдың көлемі біз үшін Күнмен бірдей болып көрінеді?

3. Ай мен Жердің арақашықтығы?

4. Толысу дегеніміз не?

5. Ай Жерді қанша тәулікте айналып өтеді.

6. Күннің тұтылуы дегеніміз не?

7. Айдың тұтылуы дегеніміз не?

VIIIЖаңа сабақты қорытындылау

Ай - Жердің жалғыз серігі. Ай Жерден сәл жасырақ болуы мүмкін, шамамен 4,5 миллион жаста. Айй бетіндегі ғарышкерлердің іздері ғасырлар бойы сақталады, себебі Айда жел жоқ, жауын-шашын да болмайды. Айда бәрі тым-тырыс және еш қозғалысы жоқ. Онда атмосфера жоқ болғандықтан, жел жоқ. Беткі қабатында сонымен қатар су да жоқ. Онда шаңды және құрғақ. Айдың тууынан толысуына дейінгі және кері бағыттағы өзгерістер Айдың фазалары деп аталады. Айдың тууынан толысуына дейінгі уақыт бір айды қамтиды.

IX.Оқушылардың еңбегін бағалау.

X.Үй тапсырмасы: Ай - Жердің серігі

1. Дәптерлеріңе таңертең және кешке қарай көрген Айдың суретін салыңдар. Екі суретті сайлып айырмашылығын табыңдар.

2. Ай - Жердің табиғи серігі. Жердің Айдан басқа қандай серігі бар?


© 2010-2022