Ашық сабақ: Аустралияның табиғат зоналары (7 сынып)

Сабақтың тақырыбы: Аустралияның табиғат зоналары Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Аустралияның табиғат зоналарының қалыптасуы, органикалық дүниесінің таралу ерекшеліктері мен себептері туралы түсініктер беру. Дамытушылық: оқушылардың өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге және қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру. Тәрбиелік:оқушыларға экологиялық  тәрбие беру және ізденімпаздыққа баулу. Сабақтың табыс критерилері: Күтілетін  нәтиже: 1.      Аустралия материг...
Раздел География
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 19.12.2014 ж Пәні: география Сыныбы: 7 «Б»

Сабақтың тақырыбы: Аустралияның табиғат зоналары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Аустралияның табиғат зоналарының қалыптасуы, органикалық дүниесінің таралу ерекшеліктері мен себептері туралы түсініктер беру.

Дамытушылық: оқушылардың өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге және қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру.

Тәрбиелік:оқушыларға экологиялық тәрбие беру және ізденімпаздыққа баулу.

Сабақтың табыс критерилері:

Күтілетін нәтиже:

  1. Аустралия материгінің табиғат зоналары жайлы біледі;

  2. Табиғат зоналарындағы өсімдіктер мен жануарлардың таралуын сапаттай алады;

  3. Жаңа терминдермен танысады;

  4. Топта белсенділік көрсете алады;

Сабақ барысында жүзеге асатын жұмыс түрлері: Сергіту сәті, топтық жұмыс (жоба жасап постерге қорғау) , ассоциация жасау, әңгімелеу, талдау, кері байланыс, диалог,рефлексия.

Әдіс - тәсілдер: «Миға шабуыл», «Ой шақыру», «Инсерт әдісі»

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекі құралдар: компьютер, фломастер, карта, постер, бағалау парақтары, үлестірмелі материалдар, «География. «Материктер мен мұхиттар географиясы» оқулығы. Алматы 2013 жыл, қосымша деректер, дүниежүзінің физикалық картасы, атлас карталар

Бағалау: формативті, бағалау парағы (критерийлерге қарап бағалау) «Бағдаршам», жиынтық бағалау

Қамтылған модульдер:

  1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер ; Диалогтік оқыту;

  2. Оқыту үшін бағалау, оқытуды бағалау 3. Оқытудағы көшбасшылық 4. СТО технологиясының элементтері 5. АКТ пайдалану 6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу

Сабағымыздың негізі ұстанымы:

«Естідім - ұмыттым, көрдім - еске сақтаймын, жасадым - мәңгілік менікі»

Сабақтың барысы:

Кезеңдер

Уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

І - кезең

«Ұйымдастыру кезеңі»

3 минут

1.Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін мұғалім оқушылармен амандасады. Сергіту сәтін жасалады. Топтың ережесін еске түсіреді

Оқушылар сергіту сәті аяқталғаннан кейін жұптасып отырады.

Оқушылар мұғалімнің жасаған сергіту сәтіне қатысады.

ІІ - кезең

«Миға шабуыл»

4 минут + 2 минут

Үй тапсырмасын тексеру мақсатында «Кім көп біледі» жұптық жұмысы жүргізіледі. оқушыларға үй тапсырмасын тексеру парағы таратылады, оқушылар тапсырманы орындап болғаннан кейін, өз жұбын тексереді және бағалайды

  1. «сұрақ - жауап»

  1. Аустралияны қандай климаттық белдеулер алып жатыр?

  2. Не себепті Аустралияда өзен торы өте сирек?

  3. Ең,ең,ең.....

  1. «сәйкестікті табу»

1. Көл 1) Үлкен

2. Өзен 2) Эйр

3.Артезиан алабы 3) Муррей



  1. «сандар сөйлейді»

  1. 60 %

  2. 33

Оқушылар берілген тапсырмалардағы сұрақтарға жауап береді.

Бір - бірлерін тексереді

Бір - бірлерін бағалайды

ІІІ - кезең

«Қызығушылықты ояту»

3 минут

2. Мұғалім оқушыларды нөмірленген асықтар бойынша топтарға бөледі

Топқа бөлу: 1 - топ; 2 - топ; 3 - топ; анық танбамен басылған асықты таңдаған оқушылар топтағы оқушыларды бағалайды.

Мұғалім өтілетін жаңа тақырыпты бастамас бұрын проблемалық сұрақ қояды.

  1. Табиғат зонасы деген не?

  2. Не себепті Кенгурулар тек қана Аустралияда мекендейді?

  3. Аустралияның қандай жануарлары мен өсімдіктерін білесіңдер?

  4. Эндемик сөзінің мағынасы?

  5. Аустралияда қыс боладыма?

Үш топқа бөлініп отырады

ІҮ - кезең

«Мағынаны тану»

7 минут + 5 минут

Интербелсенді тақтада табиғат зонасы туралы көрсетіледі. Оқушыларға берілген тапсырма бойынша жұмыстар жүргізеді

1 - топ «тропиктік шөл және шөлейт зонасы»

2 - топ «саванналар және сирек ормандар»

3 - топ «ылғалды субтропиктік ормандар»

Ойлануға, топта талқылауға 7 минут,

қорғауға 5 минут

Әр топ өздеріне берілген тақырып бойынша ақылдасып, не түсінгендерін талқылау парағына сурет салу арқылы немесе жазу арқылы түсіндіреді. Әр топтан бір спикер шығып тапсырманы қорғайды, делдейді. Басқа топ сұрақтары болса қойып отырады

ҮІ кезең

«Ой толғау»

7 минут

Жаңа сабақты бекіту

  1. Оқушылар топтарға берілген суреттер бойынша түсініктеме береді

  2. 1- топ «Кенгуру», 2 - топ «Эвкалипт» 3 - топ «табиғат зонасы» бес жолды өлен құрастыру

Оқушылар интербелсенді тақта арқылы көрсетілген суреттерге, карталарға қарап анықтама береді.

ҮІІ - кезең

«Бағалау»

5 минут

«Бағалау»

Рефлексия «Екі жұлдыз, бір тілек»

Критерийлерге қарап бағалаушылардың бағасымен танысып, өзінің бағасын шығарады.

Критерий бойынша бағалау

  1. Аустралия материгінің табиғат зоналары жайлы біледі;

  2. Материктегі жануарлар мен өсімдіктердің таралуын анықтай алады;

  3. Жаңа терминдермен танысты;

  4. Эндемик өсімдіктер және жануарлар туралы оқып біледі.

  5. Топта белсенділік көрсете алады

Әр тапсырмаға 5 бал.

18 - 20 - «5»

15-17 - «4»

11-14 - «3»

10-ден төмен «2»

Бірін -бірі бағалау парағы арқылы оқушыларды бағалау. Оқушылар тақтада ілініп тұрған қағазға өз стикерлерін жапсырады.

ҮІІІ - кезең

Үйге тапсырма

2 минут

Үйге тапсырма

  1. 55 - тақырып.

  2. Кескін картаға Аустралия материгінің табиғат зоналарын салу

Үй тапсырмасын күнделікке жазып алады.













А.С.Макаренко атындағы орта мектебі











Ашық сабақ тақырыбы:



«Аустралияның табиғат зоналары»

Өткізген: Байтұрсынов Н.Б.

Сыныбы: 7 «Б»

Пәні: география











2014 - 2015 оқу жылы

© 2010-2022