Өзін-өзі танудан оқушыларға жадынама (1-8 сынып)

Раздел География
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзін-өзі танудан оқушыларға жадынама (1-8 сынып)ҚЫМБАТТЫ ОҚУШЫЛАР!

Өміріңіз жақсартқыңыз келе ме? Ендеше алға! Мына қағиданы ұстанған адам нағыз бақытты адам болары сөзсіз....

1 Әр күнді жақсы ойлар ойлаумен бастап, бос өткізбе

2 Күні бойы өзіңді қоршаған адамдардың бәрі туралы тек сүйіспеншілікпен және ізгілікпен ойлай жүр

3 Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуанттым,жұбатқаныңды,қайырым жасағаныңды есіңе түсір

4 Басқалардың қажетіне жарай білуге талпын

5 Ата-анаңның мейірім шуағын сезініп , қадірлей біл..

6 Тыныштық сақтай білуге үйрен. Нәзік үнмен биязы , мәдениетті сөйлеуге үйрен

7 «Жақсылыққа жақсылық-әр кісінің ісі, Жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі»

деген мақалды түсініп жадыңа ұста.

ТАМАША ӨМІР СҮРУДІҢ 10 КІЛТІ

(Ұлы адамдар сөзімен)

  1. Өзіңді таны - Сократ.

  2. Қалай болсаң сол қалпында көріп немесе сырттай қалай болсаң сол қалыбыңды сақта - Мәулана.

  3. Ең жоғарыда ғашықтық бар - Азиз Паул.

  4. Дүниені қиял-ойдың күші шыр көбелек айналдырады - Альберт Энштейн.

  5. Асқан әдемілік көзді шығармаса керек - Мае Вест.

  6. Мүмкіндіктерді қалт жібермеген сайын көбейе түседі - Сун Цзу.

  7. Не істе не істеме. Сынауға болмайды! - Иода.

  8. Кемелдік, қосатын нәрсе қалмаған кезде емес, алынатын бір нәрсе қалмаған кезде пайда болады - Антоние де С.Ехуперю.

  9. Қабілет болмаса өнерші болмайды, алайда еңбек етіп, тер төкпесең қабілетің түкке де жарамайды - Эмиль Зола.

  10. Өмір сүрудің екі жолы бар. Ешқандай нәрсе мұғжиза емес сияқты өмір сүру ... Екіншісі, барлық нәрсе мұғжиза сияқты өмір сүру - Алберт Энштейн.

  11. Шүкір етуді ұмытпау керек!

Ф.Тайтелиев



ӨМІР СҮРУДІҢ ЕҢ ЖАҚСЫ ЖОЛЫ


Шағын ғана бір ауылда орта жастағы бір кісі дүкен ашып сауда жасамақ болады. Сөйтіп алға қойған жоспарын бастап та жібереді. Ол ақ көңіл, жайдарлы болғандықтан, ауылдың адамдарының бәрі оны жақсы көретін. Оның дүкеніне барып сауда жасайтын. Ауылдың тұрғындары тамыр-таныстарын да сол адамнан сауда жасауға кеңес беретін. Шаруасын кішігірім дүкеннен бастаған адам, бір жылдың ішінде Американың түкпір-түкпірінен сондай шағын дүкендер ашып тастайды.

Бір күні ауыр науқастанып, бұл дүниеден өтерін сезген адам, артында қалған үш ұлын қасына шақырып:

- Үшеуіңнің біреуі барлық дүкендерімнің иесі болады. Мирасымды соған қалдырамын. Менің арттағы дүние-мүлкіме қайсысың лайықты екенін білу үшін үшеуіңе де бір-бір доллардан беремін. Осы долларға бір нәрселер алыңдар. Кешкісін келгенде алған нәрселерің менің осы бөлмемді толығымен толтыруы керек. Шартым осы.

Ұлдары үлкен компанияны басқару мүмкіндігінен айырылып қалуды ойлап, не істерлерін білмей қатты абыржиды. Қалаға барып үшеуі де долларын жаратты. Кешкісін әкелерінің қасына келген кезде, үлкен баласы:

- Досымның шаруашылығына барып екі қап сабан сатып алдым - деді де, қаптарды ашып сабанды әр тарапқа шаша бастады. Алайда көп ұзамай сабандар еденге түсіп, бөлмені толтыра алмады.

Екінші баласы:

- Дүкенге барып екі жастық алдым - деді де, жастықтарды сөгіп, ішіндегі жүнін бөлменің ішіне шашып тастады. Бірақ жүн де көп ұзамай жерге түсіп, бөлмені толтыра алмады.

Үшінші ұлы:

- Долларды ұсақтап, 50 центін мешітке бердім, 20 центін қайырымдылық қорға бердім, 20 центін да садақа ретінде тараттым. Қалған 10 центке екі нәрсе алдым - деді де, қалтасынан сіріңке мен шырақты шығарды. Бөлменің жарығын сөндіріп, шырақты жақты. Сабан мен жүнге толмаған бөлме аз уақыттың ішінде шырақтың нұрына бөленді.

Әке баласына риза болып:

- Мирасымды саған қалдырамын. Өйткені өмір сүрудің ең жақсы жолы - айналаңа жарық тарату!

Ф.Тайтелиев





Өзін-өзі танудан оқушыларға жадынама (1-8 сынып)

«Өзін-өзі тану-рухани өркендеудің түп тамыры және адамгершілік құндылықтардың бірі»

С.А.Назарбаева


Өзін-өзі танудан оқушыларға жадынама (1-8 сынып)




Құрастырған:Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Калиянова Г.Е.


Ленин жалпы негізгі білім беру мектебі

ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР




Өзін-өзі танудан оқушыларға жадынама (1-8 сынып)

ЖАДЫНАМА



Өзін-өзі танудан оқушыларға жадынама (1-8 сынып)


«Өзін-өзі тану-рухани өркендеудің түп тамыры және адамгершілік құндылықтардың бірі»

С.А.Назарбаева



Өзін-өзі танудан оқушыларға жадынама (1-8 сынып)


Құрастырған:Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Калиянова Г.Е.


Ленин жалпы негізгі білім беру мектебі

ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР




Өзін-өзі танудан оқушыларға жадынама (1-8 сынып)

ЖАДЫНАМА

2015-2016 Оқу жылы

ҚЫМБАТТЫ ОҚУШЫЛАР!

Ұқыпты болғыңыз келе ме? Ендеше алға! Мына қағиданы ұстанған оқушы нағыз ұқыпты болары сөзсіз....

  1. Күнделікті өзіңе тиесілі жұмысты атқаруға ұмыстпа

  2. Бір күндік жұмыс кестесін құрып ал

  3. Мерекелік күндерді белгілеп қой

  4. Атқарылатын істерді жоспарлап ал

  5. Өз істеріңді қадағалау үшін күнтізбені серік ет

  6. Жақын , туыс адамдардың туған күнін есте сақта

  7. Айналаңа мұқият бол



Ағайынды екі қыз


Биік таудың ар жағында, жасыл орманда апалы-сіңілі екі қыз өмір сүріпті. Біреуінің аты-Шындық, екіншісінің аты-Өтірік екен.

Шындық әдемі, ақ көңіл, ақылды қыз болады.Өтірік қу, сүйкімсіз болады. Шындықты барлық адамдар жақсы көреді екен, ал Өтіріктін адамдар айналып жүреді екен.

Шындық еңбекқор болыпты. Өтірік еңбек еткендергекедергі жасаған. «Егін өссін», деп адамдар бидай ексе, ал Өтірік: «Несіне әуре болсыңдар?» Жел бәрібір сендердің бидайларыңды ұшырып әкетеді», деп жалған сөздер айтып азғырған.Шыншыл адамдар оның сөзін тыңдамай, өздерінің жұмыстарын әрі қарай жасай береді. Өтірік ешкімге мән бермей, жұмыс өзі жүреді деп бұтаның арасына барып ұйықтайды. Оның жерінде ешқандай егін шықпай, елде аштық болады. Адамдар жалқаудан құтылу жолын ойлайды. Шындық Өтірікті табалап ұялтады. Сонда да ол өзінің жалқаулығы мен өтірік айтуын қоймайды. Ал адамдар Шындықпен дос болуға тырысып,Өтіріктен қашып жүрді

Өтірікші, жалқау болсаң- кейін одан құтылу қиын болады.



Обал деген не?


Обал-жақсы нәрсенің қадірін біл, болмаса түбінде оның зардабын тартасың деген ұғымды білдіреді

Сауап-адамға жақсылық жасау, табиғатқа қамқорлық көрсету, жақсы іс істеу дегенді білдіреді

  • Көкті жұлма, обал болады

  • Қарияның жүгін көтеріс, сауап болады

  • Құмырсқаның илеуін таптама, обал болады

  • Торға түскен құсты босат, сауап болады

  • Сүтті төкпе, обал болады

  • Ұяны бұзба, обал болады

© 2010-2022