Жануарлар арасындағы қарым-қатынас

Сынып: 5 Пән:ЖаратылыстануТақырыбы: Жануарлар арасындағы қарым-қатынас.Мақсаты:Білімділік: Оқушыларға табиғаттағы барлық жануарлар қоршаған орта жағдайымен,бір-бірімен байланыста тіршілік ететіні жайлы түсінік беру.Дамытушылық: Жалпы оқу іскерліктерін үйрену,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.Тәрбиелік: Оқушыларды өз ойларын жеткізе білуіне,қарым-қатынас жасауды үйрету.Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Сабақ түрі: Аралас сабақСабақтың жоспары: 1 кезең-ұйымдастыру. 4 кезең-бекіту.2 кезе...
Раздел География
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 5 Пән:Жаратылыстану

Тақырыбы: Жануарлар арасындағы қарым-қатынас.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға табиғаттағы барлық жануарлар қоршаған орта жағдайымен,бір-бірімен байланыста тіршілік ететіні жайлы түсінік беру.

Дамытушылық: Жалпы оқу іскерліктерін үйрену,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды өз ойларын жеткізе білуіне,қарым-қатынас жасауды үйрету.Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақтың жоспары: 1 кезең-ұйымдастыру. 4 кезең-бекіту.

2 кезең- үй тапсырмасын сұрау. 5 кезең-үйге тапсырма беру.

3 кезең- жаңа тақырыпты меңгерту. 6 кезең- қорытынды, бағалау.

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

1

Оқушымен амандасып, оқушының зейінін сабаққа аударады.

Амандасады Кітап, дәптерін шығарып сабаққа дайын отырады.

2

Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы сұрау.

1.Қоректенуіне қарай, жануарлар қандай топқа бөлінеді?

2.Адамға жануарлардың қандай пайдасы бар?

3.Адамдар жануарларды қалай қорғайды?

Оқушылар өткен тақырып бойынша сұрақтарға қыскаша жауап береді.

3

Табиғаттағы барлық жануарлар қоршаған орта жағдайымен ,бір-бірімен байланыста тіршілік етеді.Байланыс бейбіт жағдайда немесе керісінше болу мүмкін. Бір жерде тіршілік ететін жануарлар арасында азық,ұя салу үшін бәсекелестік те туындап тұрады.Мысалға,Африка саванналарында әр түрлі тұяқтылар үйірі мекен етеді. Барлығы да шөппен қоректенгенімен ,басты қорек ететін шөп түрлері бір -біріне ұқсамайды. Жануарлар тіршілігіндегі байланыстардың бірнеше түріне мысал келтіріңдер.

А) Жыртқыштар-

Ә) Талшықтылар-

Б) Коменсализм-

В) Ішкі паразитизм-

Г) Сыртқы паразитизм-

Жаңа тақырыпты дәптеріне жазады. Мұғалімді тыңдап, керек жерлерін дәптерге қысқаша жазып алады.

4

Тақырыпты бекіту үшін мұғалім келесі сұрақтарды қояды.

1.Жануарлардың бір-бірімен қандай қарым-қатынасы болатыны жайлы мысал келтіріңдер.

2.Адам денсаулығына зияны бар жануарлар.

Одан кейін тақтаға сұрақтар жазылады, сол сұрақтарға оқушылар жауап беруі тиіс.

Мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді. Тапсырмаларды орындайды.

5

§45 оқу мазмұндау. Мәтін соңындағы тапсырмаларға жауап беру.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

6.

Сабаққа қатысқаны бойынша бағу.



© 2010-2022