Открытый урок по географий на тему Таулар. Таулардың биіктігіне қарай бөлінуі

Раздел География
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ахметкалиев Нуржан Нигметоллаевич

География пәні мұғалімі

«№ 3жалпы орта білім беретін мектеп-кешені » КММ, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы.

6 сынып


Тақырыбы: Таулар.Таулардың биіктігіне қарай бөлінуі.

Мақсаты: Оқушыларға таулар,тау жотасы, тау аңғары,

таулы өлке, тау торабы ұғымдарын және

аласа,биік, орташа таулар туралы түсініктерін

қалыптастыру.

Дамытушылық: физикалық картамен өз бетінше жұмыс жасау,

ойлау,нақты сөйлеу, есте сақтау дағдысын

және іскерлігін қалыптастыру.

Тәрбиелік: оқушыларды әсемдікке, әдемілікке,

сұлулыққа,еңбекқорлыққа, ізденімпаздыққа,

қоршаған ортаны қорғауға,елін сүюге

тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:

1.Қазақстанның физикалық картасы

2.Атлас

3.Тірек сызба

4. «Жанартаулар » слайдтар

5. «Таулар » слайдтар

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақтың әдісі: тірек сызба,сын тұрғысынан ойлау

стратегиясының элементтері.

Оқыту формасы: интерактивті оқыту,топтық оқыту

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды өткен тақырыпты естеріне түсіртіп,жұмысқа жұмылдыру

II.Үй тапсырмасын тексеру.

а) «Тапқыр болсаң, тауып көр » тест.

ә) «Жанартаулар» слайдтары көрсетіледі.

б)Жанартаулар кескін картамен жұмыс.

III.Жаңа сабақ.

а) «Тынығу »

ә) «Географиялық атаулар сыр шертеді »

б) «Бәйге » Таулардың биіктігіне қарай бөлінуі

IV. Бекіту.

а) «Таулар» слайдтар

ә) Кескін картамен жұмыс

б) Таулардың географиялық орнына сипаттама

V. Қорытынды, бағалау.

VI.Үйге тапсырма.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

а) «Тапқыр болсаң, тауып көр » тест.


I нұсқа

1.Жердің ішкі күштерінің әсерінен болатын құбылыс

а) жел ә) толқын б) жер сілкінісі в) үгілу

2. Ежелгі Помпей қаласы қай жанартаудың астында қалды?

а)Этна ә) Везувий б)Сицилия в)Казбек

3.Жер асты дүмпуінің жер бетіне жеткен жері

а)магма ә)эпицентр б)экватор в)ошақ

4.Жер мен Күннің орташа ара қашықтығы

а) 130 млн км. ә) 140 млн км. б)150млн км в) 160 млн км.

5.Ресейдегі сөнбеген жанартау

а)Везувий ә)Эльбрус б)Қазбек в)Ключевск шоқысы

II нұсқа


1.Жер сілкіну ошағы дегеніміз не?

а)Жер асты дүмпуінің жер бетіне жеткен жері

ә)Жер асты дүмпуі болған жер

б)Жердің беткі бөлігінің қозғалысы

в)Жердің горизонталды қозғалысы

2.Жанартаудың құрылысы

а)лава,базальт,эпицентр

ә)лава,көмей,кратер

б)мәрмәр,магма,кратер

в)гейзер,лава,магма.

3.Қазбек жанартауы қай тауда?

а)Анд ә)Памир б)Орал в)Кавказ

4.Гейзерлер,ыстық бұлақтар қай жерлерде кездеседі?

а)жазықтарда ә)аралдарда б)таулы жерлерде в)жанартаулар маңында

5.Азимут сөзі қандай мағына береді?

а)көмей ә)жол б) көкжиек в)ошақ

III нұсқа

1.ТМД-дағы ең биік жанартау

а)Везувий ә)Қазбек б)Ключи шоқысы в)Джомолунгма

2.Жер қыртысының қозғалысын сезетін аспап.

а)нивелир ә)сейсмограф б)дальномер в)барометр

3.Жер сілкіну ошағының үстінде орналасқан жер бетіндегі нүкте.

а)көмей ә)жанартау б)гейзер в)эпицентр

4.Фонтан түрінде оқтын-оқтын атқылап тұратын ыстық бұлақтар.

а)скважина ә)лава б)гейзер в)гнейс

5.Жер бетіне магманың шығып жайылуы.

а)базальт ә)көмей б)лава в)жанартаулық шың

Тест жауаптары

Сұрақ

Нұсқа

1

2

3

4

5

1

б

ә

ә

б

в

2

ә

ә

в

в

ә

3

б

ә

в

б

б

ә) «Жанартаулар» слайд көрсетіледі.

б)Жанартаулар кескін картамен жұмыс.

Жұмбақ

Аспанменен астасқан,

Күнмен барып достасқан

Биік-биік асуды,

Не деп айтам,табыңдар? (Тау)

III.Жаңа сабақ. Таулар.Таулардың биіктігі бойынша бөлінуі.

Білемін

Білгім келеді

Білгенім




а) «Тынығу »

-Таулар-жер бетінің қатты тілімденген бөлігі.

-Тау торабы-тау жоталарының келіп түйіскен жері.

-Тау аңғары-тау жотасының арасындағы ойыс.

-Тау жотасы-ұзыннан -ұзақ созылған тау.

-Таулы өлке-тау жоталарының шоғырланған жері.


ә) «Географиялық атаулар сыр шертеді »

-Гималай-

-Тянь-Шань-

-Джомолунгма-

-Хан-Тәңірі-

-Жеңіс

-Мұғалжар-

-Үлкен Боқтыбай-

б) «Бәйге » Таулардың биіктігіне қарай бөлінуі

Аласа

400-1000м

Орташа

1000-2000м

Биік

2000 м-ден жоғары



Оқушылар атлас картамен жұмыс жасап, кестені өздері толтырады.

IV. Бекіту.

а) «Таулар» слайд көрсету.

ә) Кескін картамен жұмыс. Биік тауларды түсіру.

б) Таулардың географиялық орнын сипаттаудың жоспары.

1.Таулардың атауы.

2.Таулар қай материкте орналасқан.

3.Таулар қай бағытта созылып жатыр.

4.Биіктігіне байланысты қандай тауға жатады?

5.Ең биік шыңы қалай аталады, биіктігі қанша?

6.Басқа географиялық объектілерге қатысты орны.



V. Қорытынды, бағалау.

VI.Үйге тапсырма.

1.§22 мазмұндап келу.

2.Мұғалжар тауына сипаттама беру.












© 2010-2022