Қазақстанның мал шаруашылығы 9 сынып

Раздел География
Класс 9 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Соналы жалпы орта білім беретін мектебі.



«Мал шаруашылығы.»Сабақтың тақырыбы:

Пәні: Қазақстанның экономикалық және

әлеуметтік географиясы.

Сыныбы: 9



Пән мұғалімі: Мажитова Светлана Куанышевна.

2014-2015 оқу жылы.

Бекітемін:

Сабақтың тақырыбы: Мал шаруашылығы.

Сабақтың мақсаты: Қазақстан - мал шаруашылығы дамыған республика екені, мал шаруашылығының даму жолдары,болашағы,маңызды салалары туралы түсінік беру.

Күтілетін нәтиже: - Оқушылар топтық жұмыс істей алады.

  • Мал шаруашылығының маңызын түсіне біледі.

  • Кәсіптік бағдар ала алады.

  • Туған жерге деген сүйіспеншілігі артады.

  • Алда тұрған міндетті шеше білуге үйренеді.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс,ішінара іздену,ой қозғау,СТО стратегиялары..

Пәнаралық байланыс: биология,селекция.

Көрнекілік: Қазақстанның экономикалық картасы.

Атлас, кескін карта. Статистикалық мәліметтер.

Электронды оқулық. Интербелсенді тақта.

Сабақтың барысы: І. Миға шабуыл.

1.Деңгейлік тапсырма. А) Агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі

мақсатын,құрамдас бөліктерін ата.

Ә) Ауыл шаруашылығының интенсивті және

экстенсивті даму жолының айырмашылығы неде?

Б) Қазақстанның солтүстік және оңтүстік бөліктеріндегі

жер қорын салыстырып,оның табиғат

ерекшеліктеріне байланысын анықтаңдар.

2.Сәйкестендіру. Интербелсенді тақтада орындалады.

«Ауыл шаруашылық дақылдарын өндіретін аудандарымен біріктіріңдер.

Жүгері,күріш Солтүстік

Қант қызылшасы Орталық

Картоп Батыс

Күздік бидай Шығыс

Жаздық бидай Оңтүстік

Күнбағыс,мақта

ІІ.Мағынаны тану.

  1. Кластер құру. «Мен не білемін?» Оқушылар мал шаруашылығы туралы не білетіндерін топтастырады. Флипчарт арқылы тақтада орындалады.

  2. Ізденіс тенденциясы. Оқушылар өз бетінше кесте,сызба,диаграмма,баспасөз материалдарын,статистикалық мәліметтерді пайдалана отыра,топтық жұмыс жасайды.

а) «ДЖИКСО» әдісі бойынша топтарға жеке тапсырмалар беріледі.

І топ. Ірі қара, марал шаруашылығы.

ІІ топ.Жылқы,құс өндіру шаруашылығы.

ІІІ топ. Түйе, шошқа шаруашылығы.

ІУ топ. Қой, жібек құрты шаруашылығы.

а) Әрбір топ өз тақырыптарын қорғайды,түсіндіреді,сұраққа жауап береді,картадан көрсетеді.

3. Мұғалім ғылыми түрде қосымша деректермен таныстырады.

а) Селекция жұмыстары.

ә) Мал басының өсуі.

б) Мал басының сыртқы сауда байланысындағы орны.

ІІІ. «Ой шақыру».

І топ. «Қазақстанның мал шаруашылығын дамыту,өркендету үшін кәсіптің қай түрімен айналысар едің?».

ІІ топ. «Ішке-сыртқа» стратегиясы бойынша. «Ауыл шаруашылығын дамытудың тиімді,тиімсіз жақтары».

ІІІ топ. Диаграмма құру. «Мал басы саны».

ІУ топ. Мал шаруашылығының салааралық байланысын көрсету.

ІІІ.Ой толғаныс.

1.Мұғалім оқушылардың жұмысын жинақтайды.

2. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу.

Кескін картаға мал шаруашылығының дамыған

аудандарын белгілеу.

Шығармашылық тапсырма. «Ауыл шаруашылығын

дамытудың экологиялық жағдайы.»

3.Оқушыны бағалау.








© 2010-2022