ҚЫЗЫҚТЫ ГЕОГРАФИЯ 9 СЫНЫП САЙЫС САБАҚ

Раздел География
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қызықты география

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алған білімдері бойынша білімдерін

кеңейту. География пәнініе байланысты қызықты

сұрақтар қоюу арқылы, ойлау қабілеттерін шыңдап,

білімге құштарлығын, пәнге деген қызығушылығын

арттыру. Ізденімпаздықа, ұқыптылықа,еңбекке тәрбилеу.

Әдіс тәсілдері: сұрақ- жауап, анықтау, талдау, ой қозғау.

Көрнекіліктері: Сызба - нұсқа, үлестірмелі карточкалар, слайд.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім: Армысыздар құрметті ұстаздар , қонақтар мен оқушылар. «Адам көп біліп, ойыноздырған сайын оның алдынан кең шалқар көріністер ашыла түседі» - деп А. Н. Радищев айтқандай бүгін біз оқушыларды өз бетімен іздендіру арқылы ойлау қабілеттерін шыңдап, өз білімдерін көрсетуде география пәнінен «Қызықты география» атты сайысымызды өткізгелі отырмыз, ондай болса сайысымызға қош келдіңіздер.

Бүгінгі сайысымызда өз өнерін, білімін ортаға салатын топтарымызды ортаға шақырайық.

1 топ Тапқырлар

2 топ Білгірлер

Ендігі кезекте бүгінгі сайысымыздың өту барысын қадағалап отыратын әділ қазы алқаларымен таныстырайық.

1 ----------------------------------------------------------------------------

2 -----------------------------------------------------------------------------

«Білген сайын келеді,біле бергім

Біле беру емеспе, тілегі елдің» - дей отырып бүгінкі сайысымыздың кезеңдерімен танысайық.

1кезең: "Ең, Ең, Ең....."
2кезең:" Бұл не?"
3 кезең:"Не?Қайда?Қашан?"
4 кезең: "Полиглот"
5 кезең: "Қызықты сандар"

«Тек сәттілік, қатысыңдар сайысқа,

Мықты болсаң, қабырғамен қайыспа.

Оқу керек, білім керек қашанда

Ол болмаса, сайыс деген сайыс па?!» - дей отырып, сайысымызды бастаймыз.

1кезең: "Ең, Ең, Ең....." (берілген сұрақтарға тез, нақты жауап беру керек)

2кезең:" Бұл не?" ( Әр бір топқа әріптер беріледі, сол әріптерден он тау, он көл аттарын құрастырады.

А,Г,И,Й,М,Л,Н,Д,К,О,Р,Ь,Е,П,Т,Я,Ш,Ч,С.

(Гималай,Анд,Кордилера,Альпі,Алтай,Тянь-Шань,Қарпат,Орал, Аппалач,Атлас)

А,Қ,Б,Э,Ш,Ч,Г,С,П,Й,И,П,Л,Д,Т,Н,З,В,О,Я,У.

(Каспи,АралБайкал,Балқаш,Чад,Танганика,Зайсан,Виктория,Эри,Гурон)

3 кезең:"Не?Қайда?Қашан?"

Әр топқа сұрақтар беріледі,оған жауап береді.

4 кезең: "Полиглот"

1 - топ

1. Жылт -жылт еткен, жырадан өткен (су)

2. Қар астында қыстады, жасылмен бөркін тастады (жер)

3. Әне барады өзі, көрінбейді ізі (жел)

4. Өркешіне мұз қатқан

Шудасынан су аққан

Мынау неткен қара нар

Күншіліктен мұнартқан (тау)

2 - топ

1. Құйып едім мойын бұрмады, ұстайын деп едім қолға тұрмады(боран)

2. Үй үстінде ұсақ тас (жұлдыз)

3. Дедектейді, зырлайды, артқа мойын бұрмайды (өзен)

4. Бір нәрсе жер мен көктің арасында

Көрінбес өзі түгіл қарасыда

Білінбей жер үстінде жүрсе дағы

Пайдалы адамзаттың пайдасына (ауа)

5 кезең: "Қызықты сандар" 10,20,30,40 сандар беріледі. Үш ұяшықты таңдау арқылы жауап береді. 1 ұяшық Зерттеушілер; 2 ұяшық материктер; 3 ұяшық Жер қабықтары.

«Ғылымның сырын ұғына, Шығыңдар білім шыңына.

Дарындылық пен тапқырлық,

Жеткізеді сіздерді география сырына» - дей отырып сайысымызды аяқтамыз. Қорытынды сөз әділқазы мүшелеріне сөз кезегін берейік.

Қорытынды: Оқушыларды марапаттау.








© 2010-2022