» Құқық - әділет пен парасат жолы»

"Описание материала: Мен, Ошакбаева Жанар Кадирхановна, 9 мектепте, сынып сағаттарын өткізу барысында »Құқық» туралы тәрбиелік сағатты өткіздім. Сабақты өту мүмкіншілігінде, оқушыларыма заң жөнінде негізгі мәліметтерді бердім. Сабақ барысында, ашық сабқа болғандықтан, қонақтарым қатысты. Оқушыларыма дүниеде болып жатқан кесапат жағдайлардан сақтануға(ішімдіктен,залымдықтан, нашақорлықтан) аулақ болуларын ескерттім. «Жан - жағым толған мақсат, толған таңдау.Алайын анасын ба, мынасын ба, - деп сұ...
Раздел География
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ғ. Қайырбеков атындағы №9 орта мектебі



Тәрбие сағаты:

Құқық - әділет пен

парасат жолы

»Құқық - әділет пен парасат жолы»








Орындаған: Ошакбаева Ж. К



Қостанай қ, 2014 ж

Тәрбие сағаты

Сынып: «8ә»

Тақырыбы: Құқық - әділет пен парасат жолы.

Күні: 11.02.2014ж

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, заң алдындағы жауапкершілігін арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолын сын сәтте таба білу арқылы жеңіске жету, алдына мақсат қоя білуге баулу.

Тәрбиелік: Конституция, т.б. құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың тыңдау, ойлау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау.

Сабақ түрі: Танымдық сайыс

Сабақ әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап. Иллюстрациялық тәсіл, шешендік сайыс, сөзжұмбақ жарысы.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы, қазақ тілі, қазақ әдебиеті.

Көрнекілігі: Қанатты сөздер, заңға байланысты мерзімді басылымдар, кітаптар, буклет, заңдар жинағы, арнайы үлестірмелер, плакаттар.

Сайыс барысы:

Кіріспе сөзді мұғалім бастайды.

- Армысыздар, қадірменді ұстаздар, оқушылар! Елімізде демократияны, саяси жүйені, құқықтық тәртіп пен заңдылықты одан әрі дамыту мәселесіне азаматтардың Конституция мен еліміздің заңдарын орындауын қамтамасыз етуге ерекше мән берілген.

Президент Жолдауына сәйкес заңды бұзған адам құқықтық жауаптылыққа тартулуы, заң қалай бұрсаң, солай бұрылатын терте емес екенін әркім ұғынуы тиіс екендігіне, өйтпейінше құқықтық мемлекет пен демократиялық қоғам құра алмайтынымызға басты назар аударылған.

Адамның және азаматтардың құқықтары мен бостандықтары Ата Заңымызда толық, жан-жақты көрініс тапқан. Өйткені, қазір ҚР Конституциясы еліміздегі барлық заңдардың қайнар көзі болып табылады.

Ойынға екі топ қатысады. Олар «Эрудит» және «Фемида». Ең көп ұпай алған топ жеңіске жетеді.

Сайыс барысы төмендегідей кезеңдерден тұрады:

1. Шынығу кезеңі

2. Ойды аяқта

3. Тарих тереңіне үңілсек

4. Құжатты тани біл

5. Ой елегінен өткіз

6. Өз тобының атын қорғау

7. Қорытынды кезеңі

I. «Шынығу» кезеңі

Топтарға құқық терминдері, ұғымдары, даталар жазылған үлестірмелер таратылады. Алған оқушы дайындықсыз, жылдам жауап беріп, 1 ұпай жинайды.

II. «Ойды аяқта кезеңі» (мақал+мәтелдерді аяқтау)

1. Ұрлық түбі - ... (қорлық)

2. Біреуге ор қазба - ... (өзің түсесің)

3. Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын)

4. Өтіріктің құйрығы ... (бір-ақ тұтам)

5. Тура биде ... (туыс жоқ)

6. Туғанды биде ... (иман жоқ)

7. Қолың мен істегеніңді - ... (мойныңмен көтер)

8. Еңбек түбі - ... (зейнет)

Ойды жылдам, сауатты аяқтай білген топ мүшесі 1 ұпайға ие болады.

III. «Тарих тереңіне үңілсек» кезеңі

Әр топта әлемдік құқықта, тарихта қалған негізгі заңдар мен ережелердің аттарын дұрыс хронология бойынша тізіп жазу тапсырмасы беріледі. Тапсырма күрделі болғандықтан оқушылар мұғалімнен көмек сұрауына болады.

«Эрудит» тобына дүние жүзі тарихы бойынша

1. Салон заңдары

2. Хамурапи заңдары (Вавилон заңдары)

3. Орыс шындығы «Салистік шындық»

4. Ману заңдары (Индия заңдары)

Хронологиялық тізбек бойынша (дұрыс жауабы)

1. Ману заңдары (Индия заңдары)

2. Хамурапи заңдары (Вавилон заңдары)

3. Салон заңдары

4. Орыс шындығы «Салистік шындық»

«Фемида» тобына қазақстан тарихы бойынша

1. Тәуке ханның «Жеті жарғысы»

2. Шыңғыс ханның жасасы

3. Есім ханның ескі жолы

4. Қасым ханның қасқа жолы

Хронологиялық тізбек бойынша (дұрыс жауабы)

1. Шыңғыс ханның жасасы

2. Қасым ханның қасқа жолы

3. Есім ханның ескі жолы

4. Тәуке ханның «Жеті жарғысы»

IV. «Құжатты тани біл» кезеңі

Мұғалімді ұстаз ретінде сыйлауға, білімді меңгеруге, қатыгездікке, өтірікке қарсы күресуге, қоғамды сыйлауға, сауда-саттықпен айналысуға, ішімдікті ішуге, шылым тартуға арналған заңды құжаттардан үзінді оқып оқушыларға таптыру.

V. «Ой елегінен өткіз» кезеңі

«Ойлан, артығы бар ма? Тапсаң, сызып таста». Берілген тапсырмадан артық сөз, ұғымдарды сызып, қателерді түзе.

Оқушы неге құқылы?

Фемида тобына

Білім алуға, емделуге, демалуға, ұрлық жасауға, қоршаған ортаны ластауға, өз сыныптастарына кедергі жасауға.

Оқушы неге міндетті?

Білім алуға, ата-анасын тыңдауға, басылымдарға жаздыртуға, оқулықтарын таза ұстауға, үй тұрғызуға.

VI. «Өз тобының атын қорғау» кезеңі

Әр топ сөзжұмбақ ретінде мұғалім берген тапсырманы дұрыс орындап, терминдер атын дұрыс жаза білсе, өз тобының атын шығарып алады. Нәтижесінде Фемида және Эрудит шығады. Сөзжұмбақ жылдам, қатесіз, 1-ші шешкен топ 10 ұпай алады.

Сөзжұмбақ сұрақтары «Фемида»

1. Мемлекеттік биліктің бірлігін, жоғарылығын және дербестігін айқындайтын ұғымды атау (Егемендік)

2. Мемлекеттің негізгі заңы ... (Конституция)

3. Халықтың билік қайнары ретіндегі танылуын негіз еткен, қоғамның саяси ұйымдастыру формасын ата. (Демократия)

4. Адамдардың жұмыс-тұрысы мен өмір сүру қалыптарын үйлестіріп, реттеу үшін мемлекет шығаратын жарлық (заң)

Сөзжұмбақ сұрақтары «Эрудит»

1. Сотта куәлік беретін адам (куәлік)

2. Карл Маркстің досы (Энгельс)

3. Саясатта партиялар мен қозғалыстардың қаншалықты танымал екендігін білдіретін белгі (рейтинг)

4. Азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүддесін қорғайтын орган (сот)

VI. Қорытынды

Жан-жағым толған мақсат, толған таңдау.

Алайын анасын ба, мынасын ба, - деп Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай, «Тәуелсіз Қазақстан» атты құқықтық мемлекеттің болашақ құрылысшылары, Сіздер Ата заңды құрметтеп, Отанға адал қызмет етер азамат болыңыздар.

Осымен «Құқық - әділет пен парасат жолы» сайысын аяқтаймыз.


© 2010-2022