8 а сынып оқушысы Юсупова Шахноза ҰЛЫ ШОҚАН

Раздел География
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Реферат

Шоқан /Мухамметханафия/ Шыңғысұлы Уәлиханов 1835-1865ж.ж.

Шоқан Уәлиханов 1835 жылы Құсмұрын көлінің солтүстік жағасында /кәзіргі Қостанай облысы/дүниеге келген,әкесі Шыңғыс әйгілі Абылай ханның немересі.

Азан шақырып қойған шын есімі Мухамметханафия.Әжесі еркелетіп қойған аты Шоқан.

Жасынан сауатын ашуға ынталанған баланы 1847 жылы әкесі Омбы қаласындағы кадет корпусына оқуға береді.Білімқұмар Шоқан бұрыннан оқып жүрген орыс балаларын қуып жетіп, орыс тілін оп-оңай меңгеріп кетеді сонымен оқытушылардың көзіне түсіп қалады. Оған әсіресе орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Костылецкий мен тарих пәнінің оқытушысы Гонсевский күшті ықпал еткен. Осы оқытушылардың әсерімен Шоқан сол кезден бастап орыс және дүниежүзі әдебиетінің озық үлгілерін меңгерген. Осы жерде қазақ жерінде туып-өскен Г.Н.Потанинмен екеуі жора-жолдас боп қалады.Олар қиялдап бірге Орталық Азияға саяхатқа шығуды армандайды.

1853 жылы кадет корпусын бітіріп шығып Батыс Сібір генерал-губернаторлығында қызмет атқарады.Шоқан қызметке келгенде ,18 жаста ғана еді.

Ол саяхатшы болуды, соның ішінде Орта Азияны аралап, зерттеуді мақсат етеді. 1855 жылы Шоқан Орталық Қазақстанды, Жетісу мен Тарбағатайды аралайды. Қазақ халқының тарихы мен әдет-ғұрпы, діни ұғымдары жайында материал жинап қайтады.

8 а сынып оқушысы Юсупова Шахноза ҰЛЫ ШОҚАНҚырғыздар мен Ұлы жүз қазақтарының тарихы, этнографиясы жайлы мәліметтер жинайды, ауыз әдебиетінің нұсқаларын жазып алады. 1857 жылы тағы да қырғыз елінде болады.

/Карта-сызбаға назар аудару/

1856 жылы патшалық Ресейдің География қоғамын басқаратын П.П. Семенов-Тян-Шанскиймен кездесуі кеінгі өміріне көп әсер етеді. 1857 жылы 22 жастағы Шоқанды Орыс география қоғамына толық мүше етіп қабылдайды ,оған қолдау көрсеткен П.П. Семенов-Тян-Шанскийдің өзі болған.

П.П. Семенов-Тян-Шанскийдің тікелей басшылығымен Қашғарияға экспедиция ұйымдастырылады,Қашғарияға бұдан дейін Еуропа елдерінің бірде-бір саяхатшысы аяқ баспаған жер еді.

Шоқан уәлихановтың Қашғарияға жасаған экспедициясының география ғылымына қосқан үлесі зор болды. Осы сапарлар барысында «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы», «Ыстықкөл сапарының күнделіктері», «Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы» атты еңбектерін жазып шығады. Бұл еңбектер жергілікті халықтардың тарихы, мәдениеті, әдебиеті, әдет-ғұрпымен тұтасып, аса жоғары бағаланған туындылар болып есептеледі.

Әдебиет мәселелері жөнінде Шоқан - сол кездің өзінде - ақ Шоқанның демократтық, ағартушылық көзқарасын анықтауда бұл еңбектердің үлкен маңызы бар. Оларды Шоқан қоғам өмірінің дамуы мен келешегіне салынған жол деп біледі. Сонымен қатар оны өз халқының құндылығымен, тіршілігімен байланыстыра дамытады.көп тың пікірлер айтқан ғалым. «Қазақ халық поэзиясының түрлері» зерттеу еңбегіне тоқталатын болсақ, мұнда Шоқан халықтың әдебиетіне оның қоғамдық, әлеуметтік өмірімен тығыз байланыстыра қарайды. Әсіресе оның қазақ поэзиясының халықтық сипаттарын ерекшелегені қызғылықты. Поэзияны халықтың рухани серігіне санайды. Бұл жайлы «Бұл халықтың ертеден өзіне тән тұрмысында есте қалдырмаған бірде-бір маңызды оқиғасы, бірде-бір тамаша адамы жоқ деуге болады. Қорыта айтқанда, Шоқаны бар ел - шоқтығы биік ел. Өйткені, ол өз еліне шын берілген қазақ тұрмысын ардақтаушы үздік тұлға.

Пайдаланған әдебиет:Есназарова Ұ.Ә.-Қазақстан физикалық географиясы,Интернет- Википедиядан алынған мағлұматтар,Қазақстан тарихы-оқұлық.

Р Е Ф Е Р А Т

ТАҚЫРЫБЫ:

ҰЛЫ ШОҚАН.

/қазақтың тұңғыш географы,саяхатшы,тарихшы,этнограф/.

Орындаған 8 а сынып оқушысы

Юсупова Шахноза.



Дихан орталау мектебі 2016жыл.


© 2010-2022