Географиядан ашық сабақ. Жапония (11 сынып, жаратылыстану - математикалық бағыт)

Раздел География
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Географиядан ашық сабақ. Жапония (11 сынып, жаратылыстану - математикалық бағыт)Географиядан ашық сабақ. Жапония (11 сынып, жаратылыстану - математикалық бағыт)Географиядан ашық сабақ. Жапония (11 сынып, жаратылыстану - математикалық бағыт)Географиядан ашық сабақ. Жапония (11 сынып, жаратылыстану - математикалық бағыт)Географиядан ашық сабақ. Жапония (11 сынып, жаратылыстану - математикалық бағыт)Географиядан ашық сабақ. Жапония (11 сынып, жаратылыстану - математикалық бағыт)Географиядан ашық сабақ. Жапония (11 сынып, жаратылыстану - математикалық бағыт)Географиядан ашық сабақ. Жапония (11 сынып, жаратылыстану - математикалық бағыт)Географиядан ашық сабақ. Жапония (11 сынып, жаратылыстану - математикалық бағыт)Географиядан ашық сабақ. Жапония (11 сынып, жаратылыстану - математикалық бағыт)Сынып: 11. Жаратылыстану - математикалық бағыт

Пән: География

Сабақтың тақырыбы: Жапония

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты

- Білімділік: Оқушыларға Жапонияның тарихы, табиғаты,мәдениеті, халқы туралы білімдерін толықтыру;

Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру мақсатында тірек-сызбалары арқылы көру, есте сақтау, ойлау қабілеттерін шыңдау;

Тәрбиелік: Жапондықтардың аса мәдениетті, білімді халық екендігін ұғындыра отырып, оқушыларды сол халық сияқты еңбекқор, әдепті, кішіпейіл болуға шақыру.

Сабақтың

көрнекілігі: Дүние жүзінің саяси картасы, Жапония елі туралы әр түрлі суреттер

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың тәсілі : Дамыта оқыту технологиясы

Сабақ барысы : 1.Ұйымдастыру кезеңі.

а) сәлемдесу

ә) оқушыларды белгілеу

б) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылардың зейінін сабаққа аудару

2.Үй тапсырмасын сұрау.

3. Жаңа сабақты түсіндіру

Жаңа сабақ тақырыбы: Жапония.

  • Жерінің ауданы - 372,2 мың км2

  • Халқы- 127,4 млнадам(2010ж.)

  • Астанасы - Токио

  • Мемлекеттік кұрылымы - конституциялық монархия

  • Мемлекет басшысы - император

  • Үкімет басшысы - премьер-министр

  • Заң шығарушы органы - парламент

  • Мемлекеттік тілі - жапон тілі

  • Ақша бірлігі - жапон йенасы


Жапонияның экономикалық-географиялық жағдайы

Жапонияның экономикалық-географиялық жағдайы

Ел аумағында аса маңызды әуе жолдары тоғысады.

Су жолы арқылы ірі елдерге шыға алады..

Жаңа ғылыми-техникалық жетістіктерді ұтымды пайдалану.

Қаржылық қорды эконоиканы дамытуға жұмылдыру.


Жапония жерінің аумағын Батыс Еуропаның барынша ірі елдерімен және АҚШ-тың үлкен штаттарымен салыстыруға болады. Ел аумағы Азия жағалауларынан Шығыс Қытай, Жапон және Охот теңіздері арқылы бөлінген Шығысы мен оңтүстік-шығысында Жапония жағалауларын Тынық мұхит сулары шайып жатыр. Жағалау сызығының жалпы үзындығы 29 751 км. Аралдың алып жатқан орны елдің ішкі және сыртқы экономикалық байлныстарының сипатын, шаруашылық мамандануын және өзіндік экономикалық мәдени келбетін анықтап берді.

Мемлекеттің қалыптасу тарихы мен құрылымы. Жапон жеріндегі алғашқы тайпалық бірлестіктер III ғасырда қалыптаса бастады. Тарихи деректерге Қарағанда, IV ғасырдың ортасына қарай Ямато тайпалық одағынан таптық негіздегі алғашқы мемлекет пайда болды. Елдің неғұрлым күшті дамыған оңтүстік-батысы VII ғасырда орталықтандырылған жапон мемлекетінің қалыптасуына негіз болды. Алғашқы астаналардың іргетасы Осака шығанағының жағалауында қаланған. Ұзақ уақыт бойы (VI-IX ғғ.) елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына көршілес Қытайдың ықпалы зор болды. Олардан жапондар иероглифтік жазу үлгісін, буддизм мен конфуций діндерін, ғылым негіздері мен шаруашылық жүргізу тәжірибесін қабылдады. IX ғасырдың соңына қарай Жапония Қытаймен ресми қатынастарын үзді, бұл жапон өркениеті сипаты қалыптасуына қолайлы жағдай туғызды. XII ғасырдан бастап ел астанасының (алғашында Камакура, кейіннен Эдо, казіргі Токио) солтүстікке ығысуы, феодалдық қатынастардың дамуы солтүстіктегі аудандардың біртіндеп шаруашылық тұрғыдан игеріле бастауына ықпал етті. Осыған қарамастан, ұзақ уақыт бойы елдің шаруашылық қуаты, негізінен, оңтүстікте шоғырланып келді, экономикалық орталық қызметін Осака қаласы атқарды.

XIX ғасырдың соңына карай Жапония жедел капиталистік даму жолына түсті. Ел дайын өнімді сыртқа көптеп сату арқылы ғана жергілікті отын мен шикізат тапшылығының орнын толтыра алатын. Бұл ірі өнеркәсіп орындарының жағалауларда шоғырлануына тікелей ықпал етті. Жапонияның сыртқы саясатының өзі ел экономикасының сыртқы нарыққа бағдарлануымен тығыз байланысты болды. XX ғасырдың алғашқы жартысында көршілес елдерге қатысты басқыншылық саясат жүргізген Жапония ендігі жерде көптеген елдермен тығыз экономикалық байланыстар орнатты. Соның нәтижесінде Жапония дүниежүзіндегі аса ірі экономикалық және саяси орталыққа айналып, өз айналасындағы елдермен ынтымақтастығы нығая түсті.

Жапония - конституциялық монархия, мемлекеттің бұл құрылымы 1947 жылы қабылданған конституция негізінде анықталған. Мемлекет басшысы император болып есептеледі, іс жүзінде мемлекетті премьер-министр басқарады. Унитарлық мемлекет болып саналатын Жапония әкімшілік жағынан 47 префектураға бөлінеді.

Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Аумағының аралдық сипаты, Шығыс Азия жағалауларына жақындығы, бойлық бағытта ұзаққа созылып жатуы, жер бедерінің күрделілігі және елдің жеке бөліктеріндегі климат айырмашылықтары Жапонияның табиғат жағдайларының өзіндік бет-бейнесін қалыптастырды.

Жер бедері, негізінен, таулы сипатта; ел аумағының 3/4 бөлігін кұрылысы күрделі, онша биік емес таулар мен қыраттар алып жатыр. Жапонияның ең биік нүктесі - Фудзияма тауы (3776 м). Тау шыңдарының көпшілігі жанартау болып табылады, олардың жалпы саны 150, сөнбегені -15. Құрылымы жағынан тынықмұхиттық геосинклинальдық белдеуге енетін Жапония жерінде жылына 1,5 мынға жуық жер сілкіну оқиғалары болады, өсіресе ел астанасы орналасқан Токио шығанағы сейсмикалық жағынан қауіпті аудандар қатарына жатады. 2011 жылдың 11 наурызында Хонсю аралының солтүстік-шығысын 130 км қашықтықта болған күші 9 балдың жер сілкіну нәтижесінде апатты цунами толқындары қалыптасты. Көптеген адамдар қаза тауып, құрылыстар қирады, техногендік және экологиялық апат орын алды. Жер сілкіну нәтижесінде литосфералық тақта 20 метрге ығысты. "Фукусима-1" АЭС-нің жарылуынан қоршаған ортаға радиоактивті заттар көптеп тарады.

Жазықтар мен ойпаттар, негізінен, теңіз жағалауы және өзен аңғарлары бойымен жіңішке алап түрінде созыла орналасқан. Жағалық ойпаттар аса қолайлы қойнаулар мен шығанақтарға үұласады.

Тау беткейлерінің тік, жартасты болып келуі, қарқынды сейсмикалық әрекет, вулканизм көптеген таулы аудандардың шаруашылық игерілуін қиындатады. Елдің жер қоры Нидерландтағы тәрізді теңізден "жаулап алынған" жерлер есебінен толығуда; қазіргі кезде жасанды алаптарда тіпті ірі кәсіпорындар мен әуежайлар салына бастады.

Жапонияның табиғат ресурстары:

Тас көмір

Мұнай

Пайдалы қазбалары

Қорғасын

Мыс

Мырыш

Құрылыс материалдары

Жапония пайдалы қазбаларға аса бай емес, ел аумағында кездесетін тас- көмірдің, мыс пен қорғасын-мырыш кендерінің, мұнайдың қоры мардымсыз болумен қатар өндіруге киындықтар тудырады. Шикізат пен отын ресурстарын басқа елдерден сатып алуға мәжбүр Жапония соңғы жылдары Дүниежүзілік мүхиттық ресурстарын игеруге кірісті. Мысалы, қазіргі кезде теңіз суы құрамынан уранды бөліп алу, теңіз түбінен марганец қосындыларын өндіру жолға койылған. Сонымен қатар жергілікті өнеркәсіп салаларының сұранысын қамтамасыз ететін сирек кездесетін металдардың шағын кен орындары едәуір тиімді жұмыс істей бастады.

Жапонияның климат жағдайлары адамдардың өмір сүруі мен шаруашылық әрекетіне қолайлы болып табылады. Жалпы алғанда, ел аумағын 3 климаттық белдеу (қоңыржай, субтропиктік және тропиктік) қиып өтеді. Жапония климатын қалыптастыруда муссондардың маңызы зор. Бұған қоса Жапон аралдары Тынық мүхиттың батысында пайда болатын тайфундардың жолында орналасқан. Жаз айларында өтетін тайфундар тоқтаусыз нөсер жаңбырлар әкеліп, егістіктер мен елді мекендер су астында қалады.

Оңтүстік-шығыс жағалаулар бойымен өтетін Куросио жылы ағысы климатты жұмсартуға өзіндік ықпал етеді. Жапонияның орталық бөлігінде меридиан бойымен созылып орналасқан тау тізбектері теңіз бен құрлық арасындағы ауа алмасуына аздап та болса кедергі келтіреді. Соның нәтижесінде құрлықтық ауа массаларының жолында жатқан батыс беткейлерде шығысқа қарағанда қыс әлдеқайда суық, құрғақ болады. Субтропиктік және тропиктік белдеулер ауыл шаруа шылығына өте қолайлы, бұл белдеулерде көптеген дақылдардан жылына екі рет өнім жинауға мүмкіндік бар.

Жер бедері мен климатының ерекшеліктеріне орай Жапония өзендері қысқа және мол сулы болып келеді. Ең ірі езені - Хонсю аралындағы Синано өзені

Жапонияның халқы:

Халық саны

Халқы 128,0 млн адам.

Ұлттық құрамы

99,3%-ы жапондар, корейлер, қытайлар, айндар т.б. Кең тараған діндер буддизм мен синтоизм.

Тығыздығы

1 км2-ге 341 адамнан келеді.

Қала халқы

Халқының 79%-қалада тұрады. 11 миллионер қаласы бар. Д.ж. ең алып мегалополис-Токайдо қалыптасқан.

Сабақты қорытындылау

Жапония - Тынық мұхиттың батыс бөлігінде орналасқан ірі аралдық мемлекет. Жапонияны, әдетте, "Күншығыс елі" деп атайды. Елдің негізгі бөлігін Жап топаралдары кұрайды. Олардың ең ірілері - Хонсю (231 мың км2), Хоккай (79 мың км2), Кюсю (42 мың км2), Сикоку (19 мың км2) аралдары. Бұлардан басқа ел аумағына 4 мыңға жуық ұсақ аралдар енеді. Жапония аралдары Азияның шығыс бөлігін бойлай, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарй ұзындығы 3000 км-ден астам доға түрінде созылып жатыр.

Сабақты бекіту

  • Жапонияда ауыл халқының үлесі жоғары ма, әлде қала халқы ма? (Қалам халқы)

  • Негізгі аралдарын ата

  • (Хоккайда, Хонсю, Сикоку,Кюсю)

  • Қазіргі кездегі императордың есімі кім? (Акихито)

  • Жапонияның ең биік нүктесі

  • Елді қанша және қандай климаттық белдеулер кесіп өтеді?

  • Халық саны миллионнан асатын қанша қала бар? (11)

Үйге : Жапония.

Оқушыларды бағалау .


© 2010-2022