География пәнінен ҰБТ-ге дайындық жүйесі

Раздел География
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

География пәнінен ҰБТ-ге дайындық жүйесіГеография пәнінен ҰБТ-ге дайындық жүйесіГеография пәнінен ҰБТ-ге дайындық жүйесіГеография пәнінен ҰБТ-ге дайындық жүйесіГеография пәнінен ҰБТ-ге дайындық жүйесіГеография пәнінен ҰБТ-ге дайындық жүйесіГеография пәнінен ҰБТ-ге дайындық жүйесіГеография пәнінен ҰБТ-ге дайындық жүйесіГеография пәнінен ҰБТ-ге дайындық жүйесіГеография пәнінен ҰБТ-ге дайындық жүйесіГеография пәнінен ҰБТ-ге дайындық жүйесіГеография пәнінен ҰБТ-ге дайындық жүйесіГеография пәнінен ҰБТ-ге дайындық жүйесіГеография пәнінен ҰБТ-ге дайындық жүйесі

Мақсаты: Пән бойынша оқушыны тестілеуге жүйелі түрде дайындай отырып, жоғарғы көрсеткіштерге жеткізу

Күтілетін нәтиже: 1. Оқушы өз бетімен жұмыстанады, ізденісте болады.

2. ҰБТ-ге қызығушылықпен дайындалады

3. Жоғарғы көрсеткіштерге жетеді

Мектептің ҰБТ-ге дайындық жүйесі

Ақпараттық Диогностикалық Практикалық Мониторинг

бағыт бағыт бағыт

Коррекциялық Анализ

жұмыс

Осы жүйені негізге ала отырып, мен география пәнінен дайындықты мына түрде өткіземін:

Нормативті құжаттармен таныстыру

1.Ақпараттық блок



Кәсіби бағыт беру

ҰБТ-ді өткізу ережесімен таныстыру







Мектеп әкімшілігі, сынып жетекші, пән мұғалімдері



2 Диогностикалық бағыт. Негізгі мақсатым:

А)Оқушылардың білім деңгейін анықтау.

Оқушылардың білім деңгейін анықтау үшін мен әрине оқушыдан 1-2 нұсқадан тест жұмысын аламын. Ол арқылы оқушының қай тақырыптан білімі төмен екендігін анықтауға болады. Мысалы оқушы 2 нұсқа тест тапсырмасын орындап мынадай тараулар бойынша көп қателесті:

1.План және карта

2. Қазақстанның экономикалық және физикалық географиясы

3. Дүниежүзілік экономика

Яғни мен келесі мектепшілік ҰБТ-ге дейін (1 аптада - 1 рет,әр сәрсенбі) осы тақырыптар бойынша тез арада білімін көтеруге тырысамын. Осы тақырыптарды түсіндіремін, өз бетімен оқуға беремен, түрлі тапсырмалар орыындатамын. Сонымен қатар 2011-2015 жылғы тест жинақтарынан құраған «Сұрақ - жауап» нұсқаулығымды қолданамын. Бұл нұсқаулықта оқушы өзіне қажет тарауды таңдап алып, сол тарауға байланысты сұрақтарды жауаптарымен жаттайды. Сонда келесі тестілеуде оқушының 1-2 балл қосқанын көруге болады.

Ә) Тестілерге сараптама жасау

Бұл кезде мен өткен жылдардың тест жинақтарына сараптама жасап, жиі кездесетін тараулар мен тақырыптарды анықтаймын. Мысалы менің сараптамам бойынша 2014-2015 жылғы тест жинақтарында:

Бір сөзбен айтқанда тест сұрақтарында көбінесе Қазақстанның физикалық және экономикалық географиясынан сұрақтар көп кездеседі. Яғни дайындық барысында біз осы бөлімдерге көп көңіл бөлуіміз керек деген сөз.

Б) Қиындық тударатын мәслелерді анықтау

Бұл кезде біз мұғалім оқушы қарым -қатынасын жақсартамыз. Яғни оқушымен әңгімелесе отырып:

  • Психологиялық ахуал туғыза отырып, жылы қарым - қатынас орнату, сол арқылы оқушыға қиындық туғызатын тақырыптар мен тарауларды анықтаймын. Оқушыға мен тек қана мұғалім емес, сонымен қатар оның көмекшісі екенімді сездіртемін. Сонда оқушы еш қысылмай мұғалімге толығымен ашылады.



  • Оқушыға АКТ-ны дұрыс пайдалануға бағыт беремін. Бұл дегеніміз интернет желісі мен гаджеттерде география пәнінен ҰБТ-ге дайындық кезінде қолдануға болатын сайттар мен қосымшаларды айтып өтемін. Бұл арқылы оқушы тестілеуге кез келген жерде дайындала алады, әрі бұндай жаңашыл технологиялар қазіргі жастарға өте қызықты.

Тестілеуге дайындық ретінде мен оқушыларға мынадай сайттар мен қосымшаларды қолдануға нұсқау беремін:

1.iTest 3. География

2. Umnik сайттарын 4. География ЕНТ - тел.қосымшаларын пайдаланамын

Практикалық бағыт

Тест жинақтарымен жұмыс Түрлі деңгейдегі тапсырмалар

1.Тест жұмыстарымен жұмыс кезінде мен көбінесе тиімді тәсілдерді қолдануға тырысамын. Яғни оқушы тестте кездесетін :

  • Тестте кездесетін географиялық терминдер мен ұғымдармен жұмыс істейді,оларды жаттайды. Ол үшін мен «ҰБТ кездесетін географиялық терминдер» нұсқаулығын құрдым

  • Ең,ең,ең... тестілерде кездесетін ең,ең деген тақырыптағы сұрақтарды қарастырамыз. Яғни оқушы ең биік шың, ең ірі көл, ең ұзын өзен сияқты ұғымдарды білетін болады. Бұл оқушыға да қызықты әрі жаттауға да жүйелі болады.



  • Карталар мен атластармен жұмыс. Картамен жұмыс істей білетін оқушы география жайында толық түсінігі болады. Тестілеу кезінде картаны еске түсіре отырып, ол логикалық ойлау арқылы да сұрақтарға жауап беруге үйренеді.

2. Түрлі деңгейдегі тапсырмалар. Бұндай тапсырмалар оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырады. Білімін одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді.

Әр тестілеудің соңында тест нәтижесі бойынша оқушыға мониторинг жүргізіледі, осыған байланысты қате кеткен сұрақтар бойынша қатемен жұмыс жүргіземін. Ал тестілеу соңында міндетті түрде қатемен жұмыс жүргіземін. Қатемен жұмыс кезінде мен қате кеткен әр сұрақты жауаптарымен қосы толығымен талдаймын. Мысалы оқушыда мына сұрақ бойынша қате кетті деп есептейік:

1.Арал теңізінің суының азаюының негізгі себебі:

А) Температуралық режим - бұл жауап бола алмайды, өйткені температуралық режимнің теңіз суының көлеміне еш қатысы жоқ.

В) Жауын - шашын- бұл жауап бола алмайды, өйткені жауын -шашын көлемі аз, ол теңіз суының көлеміне негіз бола алмайды.

С) Арал теңізінің көлемі азаймайды - бұл жауап бола алмайды,өйткені - логикалық жағынан да бұл мүмкін емес.

Д)Аралға құятын өзен суларының азаюы- бұл дұрыс жауап, өйткені- Арал теңізінің су көлемі оған құяр өзен суларымен тығыз байланысты.

Е) Теңіз тұзының және су температурасының артуы - бұл жауап бола алмайды, өйткені теңіз суының температурасы оның су көлемінің кемуіне мүлдем қатысы жоқ.

Қорытындылай келе мен дайындық кезінде:

  1. Оқушының осал жақтарын анықтап, оларды толықтыруға тырысамын.

  2. Түрлі әдістер арқылы ( АКТ-ны қолдану, әр деңгейлі тапсырмалар, қосымшалар,әдістемелік нұсқаулықтар) барлық тақырыптар арқылы білімін кеңейтемін.

  3. Жақсы көрсеткіштерге жеткізуге тырысамын



© 2010-2022