Қазақстанның жер бедері тақырыбындағы сабақ жоспары

Раздел География
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстанның жер бедері тақырыбындағы сабақ жоспары

LESSON PLAN

Мерзімі

8.09.2015



Оқытушы: Жунусбаева Марал Турмысовна

Пән: География

Сынып: 10

Оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы:

1А бөлім. Литосфера. Жер бедері

Қазақстанның жер бедерінің негізгі ерекшеліктерінің қалыптасуы

Сабақтың мақсаты:

  • Таулардың абсолютті және салстырмалы жасы туралы ұғымдарды түсіну;

  • Қазақстанның тектоникалық және геологиялық құрылымын анықтай алу;

  • Контурлық картада ең үлкен тектоникалық құрылымдарды түсіру.

Оқытудың тілдік мақсаты

Оқушылар картаға қарап, ландшафтың негізгі түрлерінің таралу заңдылықтарын ауызша және жазбаша түрде сипаттайды.

Пәнге қатысты арнайы лексика мен терминология:

Архей, протерозой, мезазой, полезой, кайназой, жер бедері, тектоника, геологиялық құрылымдар, сарыарқа, аласа таулар, геосинклинальды аймақтар.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Картаға қарап, мен… екенін көре аламын.

Ортақ сурет … тәрізді

Бұған жатпайтындарға …

Солтүстік/оңтүстік/батыс/шығыс жарты шарларында ...байқалады

(айтылым және жазылым дағдылары)

Өткен сабақтардың материалдары

Оқушылар Началоформы

жер бедерінің негізгі түрлерін, олардың орналасу заңдылықтарын және тау жыныстарын біледі.

Дағдылар

Жетістік критерийлері

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса,

оқушы оқу мақсатына жетеді

Білу және түсіну

қолдану

Тау жыныстарының абсолюттік және салыстырмалы жастары ұғымын біледі

және осы терминдерді тау жыныстарының жастарын анықтау кезінде ажырата алады.

Карта бойынша Қазақстан территориясында орналасқан ірі тектоникалық

құрылымдарды тауып, атай алады. Геологиялық құрылымын түсіндіре алады.

Картаны қолдана отырып, Қазақстанда таралған жер бедері түрлерін атай алады.

Осы жер бедері түрлерінің қалыптасуын геологиялық, тектоникалық карталармен салыстыра отырып, анықтайды, өз ойларын түсіндіре алады.

ЖоспарLesson content

Уақыт

тыжоспарлау

Жоспарланатыніс-шаралар

Ресурстар

0 - 10

І.Психологиялық ахуал тудыру: «Кілемше» әдісі арқылы өткен 8-9 сыныпта жер бедері бойынша алған білімдерін еске түсіру.

Презентация 1-слайд

Косымша № 1

10 -15

ІІ.Тақырыпқа шығу.

  • Қазақстанның физикалық картасы арқылы жер бедері пішіндерін анықтау. Кестедегі түстер бойынша талдау жасау

Презентация 2-3 -слайд

Косымша № 1

Физикалық карта

15-25

ІІІ. Мақсат қою. /Проблемалық сұрақтар/

  1. - Қазақстанның жер бедері бірден осылай қалыптасты ма? /себеп/

  2. - Қазақстанның жер бедері қандай плитада жатыр?

  3. -Тау жыныстарының жасын қандай заңдылыққа сүйеніп анықтаймыз?

Презентация 5-9 -слайд

Косымша № 1

Сабақтың мақсатын анықтау.

25-55

ІV. Жұппен жұмыс: «Баяндама» әдісі арқылы тау жыныстарын жасын анықтау.

Мәтін беріледі. Әр жұп өз мәтінін оқи отырып, суретін немесе сызбасын салады да, көршісіне береді. Көршісі сол арқылы баяндайды.

Бағалау: салынған сурет пен сызбаға қарап, жұптастардың бір-бірін бағалауы.

Ақпараттар Атлас.

Косымша № 2

55-73

V. Оқушылардың іс-әркеті. Топпен жұмыс.

1.Қазақстанның геологиялық дамуы мен тектоникалық құрылымы атты кестені қолданып, картаны қолданып, Қазақстанның жер бедерінің қалыптасу кезеңдерін түсіну.

Бағалау: топтың жұмысына баға беру

Кесте, Атлас

Косымша №3

73-75

VІ. Оқушылардың әрекеті. Жекелей жұмыс.

Ең үлкен тектоникалық құрылымдарды таңдап алып, кескін картада түсіру.

Бағалау: жеке бағалау.

Кескін карта, атлас

75-80

VІІ. Рефлексия.

«Жарқын жұлдыз» кері байланыс

Етістікпен аяқталатын сөздермен жұлдызды толтыру

Қосымша ақпарат

Дифференциация Оқушылар жекелей жұмыс кезінде сөйлем құрау, деңгейі жоғары оқушылар баяндау.

Бағалау Сабақ үстіндегі талқылаулар және бақылаулар түрінде өтеді. Көрсетілімдердің барлығы өткізіліп болғаннан кейін модельдердің сипатталуы бағаланатын болады

Пәнаралық байланыстар

АКТ - Жер бедерінің қалыптасуын көріп-білу үшін оқушылардың интернетпен жұмыс істеулеріне болады

Ой қорыту

Төменде қалдырылған орынды өткізілген сабаққа пікір айту үшін пайдаланыңыз. Сабақ туралы сол жақ бағанда келтірілген ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз





Тапсырма №1.

«Баяндау» әдісі арқылы, мәтінді оқып, түсінгеніңді көршіңі сызба немесе сурет түрінде салып түсіндір.

1 оқушы

Жер қыртысындағы әртүрлі геологиялық өзгерістерді, олардың жүру ұзақтығы мен ерекшеліктерін түсіну үшін тау жыныстарының геологиялық жасын білудің маңызы зор. Жердің жасын және оның геологиялық даму тарихын анықтау үшін салыстырмалы және абсолюттік есептеу (геохронология) әдістерін пайдаланады.

Тау жыныстарының салыстырмалы жасын анықтауда шөгінді тау жыныстарын кұрайтын қабаттарының ретті орналасу заңдылығына сүйенеді. Бұл заңдылық, бойынша, тау жыныстарының бұзылмаған қабаттарының жоғарғысы төменгісімен салыстырғанда жасырақ болады. Бұл заңдылык дәлелдеуді қажет етпейді, егер астыңғы қабат болмаса, онда оны жауып жатқан үстіңгі қабат та түзіле алмайтыны түсінікті. Шөгінді тау жыныстарының орналасу ретіне, олардағы өсімдіктер мен жануарлардың тасқа айналған таңбаларын зерттеу арқылы олардың жасын білуге болады. Яғни тау жыныстарының қайсысы бұрын, қайсысы кейін түзілгенін ажыратып, өзара салыстыру арқылы олардың салыстырмалы жасы анықталады.

«Баяндау» әдісі арқылы, мәтінді оқып, түсінгеніңді көршіңі сызба немесе сурет түрінде салып түсіндір.

2 оқушы

Кез келген тау жынысының пайда болған кезінен бергі геологиялық уақыт оның абсолюттік жасы деп есептеледі. Бұл жасты анықтау ХХ ғасырдың басында радиоактивті элементтердің ыдырау заңын ашқаннан кейін басталды. Әр элемент әртүрлі, бірақ қашанда тұрақты жылдамдықпен ыдырайтындығы дәлелденген. Мысалы, уран ыдыраған кезде қорғасын түзіледі. Уранның ыдырау жылдамдығын пайдалану арқылы тау жынысының жасын анықтауға болады, 100 грамм ураннан 74 млн. жылда 1 грамм қорғасын бөлінеді. Уранның ыдырау жылдамдығы мен бөлінетін қорғасын мөлшері белгілі болғандықтан, жер қойнауында жинақталған қорғасынның мөлшеріне қарап, оның қашаннан бастап түзілгенін нақты анықтауға болады. Жер шарының әртүрлі бөліктеріндегі құрамында уран мен қорғасын бар тау жыныстарын химиялық зерттеу арқылы олардың абсолюттік (радиометриялық) жасын анықтайды. Бұл әдісті ғылымға XX ғасырдың басында француз физигі П. Кюри мен ағылшын физигі Э. Резерфорд енгізген.

Тапсырма №2 /топтағы жұмыс/

Қазақстанның геологиялық дамуы мен тектоникалық құрылымы жайлы кесте берілген.

  • берілген кестеге талдау жасай отырып, Қазақстанның жер бедеріне баға беріңдер.

  • аймақтарды картадан тауып, ерекшеліктерін анықтаңдар

Геологиялық даму кезеңдері

Тектоникалық құрылымыдар

Архей мен протерозой

Теңіз басып жатқан геосинклинальды аймақтар. Шығыс Еуропа платформасы қалыптасты.

Полезой

Герцин және Каледон қатпарлығы түзілген аймақтар

Каледон

Сарыарқаның солтүстік батысы

Тянь-Шаньның солтүстігі

Герцин

Алтай, Тарбағатай, Жетісу Алатауы, Тянь-Шаньның батысы, Сарыарқаның шығысы, Мұғалжар. Шығыс Еуропа мен Сібір платформасы көтерілді.

Мезозой

Тыныш жатқан кезең, керісінше тау жүйелері сыртқы күштің әсерінен үгіліп, біршама жер тегіс аймакққа айналған.

Кайнозой

Теңіз суының тартылуы, құрлыққа айналуы, Альпілік тау түзілу, таулы аймақтардың төмен түсуі мен жоғары көтерілуі. Алтай, Тарбағатай, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань таулары екінші рет көтерілуге ұшыраған.


Тапсырма№3 /жеке жұмыс/ кескін картаға түсіріңдер

Қазақстандағы негізгі геотектоникалық құрылымды аймақтар: платформалар: ежелгі- Шығыс Еуропа және жас - Батыс Сібір мен Тұран, қатпарлы облыстар: Тянь-Шань, Алтай, Сауыр Тарбағатай, Жетісу Алатауы, Мұғалжар, Сарыарқа.


© 2010-2022