Сабақ жоспары Табиғат кешені (7-сынып)

Раздел География
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары Табиғат кешені (7-сынып)Сабақ жоспары Табиғат кешені (7-сынып)Сабақ жоспары Табиғат кешені (7-сынып)Сабақ жоспары Табиғат кешені (7-сынып)Сабақ жоспары Табиғат кешені (7-сынып)Сабақ жоспары Табиғат кешені (7-сынып)Сабақ жоспары Табиғат кешені (7-сынып)Сыныбы: 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Табиғат кешені

Сабақтың мақсаты: оқушыларға табиғат кешені, оның заңдылықтары, географиялық қабық, жер қыртысындағы зат айналымы туралы білім беру.Табиғат кешендерінің өзіндік ерекшеліктеріне тоқтала отырып, оны қорғау жолдарын қарастыру. «табиғат кешені» ұғымдарын жетілдіру.

Сабақтың көрнекілігі: Дүние жүзінің жарты шарлар картасы

Сабақтың түрі: теориялық

Сабақтың әдісі: өзара оқыту сабағы, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

ІІ. Жаңа сабақ

. Сабақтың жоспары:

Сабақтың кезеңдері

Берілетін уақыт (мин)

1.

Ұйымдастыру, топқа бөлу, шартпен танысу

1-2

2

Өз тобының атауына түсінік беру

2-3

4.

Жаңа сабақты меңгеру

18-20

5.

Жаңа сабақты бекіту

5-6

6.

Үйге тапсырма беру

1-2

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандыру.Топқа бөлу

1-топ «Климат» - Климат деген не? Оның элементтері қандай?

2- топ «Су» - Гидросфера деген не? Оны не құрайды?

3-топ «Жер бедері» -Жер бедері дегеніміз не? Жер бедерінің қандай пішіндері бар?

4-топ « Өсімдіктер» - Өсімдік деген не? Қайда кездеседі?

5-топ «Жануарлар» - Жануарлар деген не? Қоректенуіне байланысты қандай топқа бөлінеді?

Жаңа сабақты меңгеру: . Өзара оқыту сабағы «Табиғат кешені»

Мақсаты: табиғат кешені, ең ірі табиғат кешенінің заңдылықтарын өзара оқу арқылы, мәтінді меңгеруге үйрету.

Шарты:Жұмыс жұпқа бөлініп жүргізіледі.

1.Әрбір оқушы тапсырма алады. Тапсырма бойынша материалды пысықтап, басты ұғымдарды бөліп атап, тезис-конспект немесе жоспар-конспект жасайды. Дайындалуға 10-15 минут уақыт беріледі

2.Дайындалған соң оқушы өз меңгергенін топқа айтып береді, яғни «мұғалім» рөлінде болады, ал оқушылар оны тыңдайды.

3.Енді рөлдермен ауысады

4. Бағалау: топ жетекшісі әр оқушының жауабын айтуына байланысты жетон беріп отырады

ІІІ деңгей сары (орташа)

ІІ деңгей жасыл (жақсы)

І деңгей қызыл (өте жақсы)

Тапсырмалар:топ жетекшісі оқушыларға деңгей бойынша тапсырмаларды үлестіреді (әр оқушыға 1 тапсырма)

ІІІ деңгей 1.Табиғат кешені дегеніміз не? (51-бет)

ІІ деңгей

2.Геграфиялық қабықтың тұтастығы (51-52 бет)

3.Географиялық қабықтағы ырғақты құбылыстар (54-55 бет) І деңгей

4.Географиялық қабықтың зат және қуат алмасуы (52-54 бет)

5.Географиялық қабықтағы ең ірі табиғат кешендері (55-56 бет)

Өзара оқыту сабағындағы білімдерін тексеру:

1.Блиц-турнир:

ІІІ деңгей

1.Ең ірі табиғат кешені? Географиялық қабық 2.Географиялық қабықтың құрамы қанша бөліктен тұрады? 4-бөлік (Атмосфераның төменгі қабаты, литосфераның жоғарғы қабаты, гидросфера,биосфера)

3.Географиялық қабықтың аса маңызды заңдылықтарын ата: тұтастығы, зат және қуат алмасуы,ырғақтылығы,зоналылығы

4.Дүниежүзілік су айналым нәтижесінде мұхит сулары неше жылда жаңарады? 3 мың жыл

5.Дүниежүзілік су айналым нәтижесінде атмосферадағы су буы неше күнде ауысады? 10 күнде 6.Географиялық қабықтағы ең ірі табиғат кешендері: материктер мен мұхиттар

7.Геграфиялық қабық компоненттері алмасуының қандай түрлері бар?Атмосферадағы ауа айналымы, гидросферада су айналымы, литосферадағы зат және қуат алмасуы және т.б.

8.Жердің өз білігінен айналуы қандай заңдылыққа байланысты? Тәуліктік ырғақтылыққа

9.Жер сілкінулер мен тау түзілу кезеңдері,климаттың суынуы мен жылынуы, қуаңшылық, су тасқындары ырғақты түрде қанша уақытта қайталанып отырады?11,22-23,80-90 жылдық

10.Егістіктер, бау-бақша, саябақтар, қалалар, бөгендер, каналдар қандай табиғат кешеніне жатады? Антропогендік табиғат кешені

2.Сөйлемді толықтыр: ІІ деңгей 1.Географиялық қабықтағы компоненттердің өзара байланысы тоқтаусыз жүретін............. нәтижесінде жүзеге асады. (зат алмасуы) 2.Географиялық қабықтың ............................... оның құрамдас бөліктерінің өзара байланысы мен олардың бір-біріне тәуелді болуынан көрінеді. (тұтастығы)

3.Батпақтарды құрғатқанда топырақтың сортаңдануы, ауыл шаруашылығын дұрыс жүргізбеуі салдарынан құнарлы жерлер................. айналып кетуі мүмкін. (шөлге) 4.Жердің Күнді айналуы табиғаттағы жыл ішіндегі ................ туғызады. (ырғақтылықты)

5.Табиғат кешендеріндегі барлық компоненттер географиялық қабықтағы тәрізді, бір-бірімен өзара тығыз байланыста болғандықтан..............алмасуы жүретін..........жүйені құрайды. (зат пен қуаттың, біртұтас)

3.Тұжырымдама жасай білесіңдер ме? І деңгей 1.Семей орманының оталуынан жергілікті жердің табиғат кешені өзгере ме? Сипаттама бер. Бұл географиялық қабықтың қандай заңдылығы?

2.География мен биологиядан алған білім деріңді пайдалана отырып, тірі табиғаттағы зат айналымын сызба түрінде көрсетіңдер.

3.Табиғат құбылыстардың (үгілу, топырақ түзілуі) ырғақты түрде жүру себебін сызба арқылы түсіндір.

4.36-суреттегі табиғат компоненттерінің арасында қандай байланыс бар екендігін сипатта?

5.34,35-суреттерді пайдаланып, географиялық қабықтағы су және зат алмасуының жүру ретін, оған қатысатын компоненттерді анықтаңдар

ІІІ. Бекіту

  1. Географиялық қабық қандай компоненттерден тұрады?

  2. Географиялық қабықтың қандай заңдылықтары бар?

  3. Географиялық қабытағы су, зат айналымының жүру ретін, оған қатысатын компоненттерді анықтаңдар.

V. Үйге тапсырма: §11 Табиғат кешені тақырыбын оқу. Жергілікті жердің табиғат кешеніне талдау жасау.

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Географиялық зоналылық

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Оқушыларға географиялық зоналарымен таныстыру ерекшелері мен маңызына тоқталу.

2.Дамытушылық:Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту шығармашылықтармен жұмыс істеуге баулу, картамен жұмысты дамыту.

3. Тәрбиелік:Оқушыларға географиялық зоналарымен таныса отырып еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін ояту.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, ойын

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Дүниежүзінің зоналылық картасы, оқулық, сұрақтар,АКТ, слайд

Сабақтың жоспары:

Сабақтың кезеңдері

Берілетін уақыт (мин)

1.

Ұйымдастыру

1-2

3.

Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру

2-3

4.

Жаңа сабақты түсіндіру

18-20

5.

Жаңа сабақты бекіту

5-6

6.

Үйге тапсырма беру

1-2

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

«Гидросфера» ойыны.

Ойынның мақсаты: Оқушылардың қызығушылықтарын ояту. Жұпқа бөлу

Ойынның шарты:Музыка. Мұғалім гидросфера бөліктерін атаған кезде оқушылар топқа, жұпқа бөлінеді.

- Мұхит- 4 оқушы топ құрайды.

- Теңіз - 3 оқушы топ құрайды.

- Көл - 2 оқушы жұп құрайды.

- Өзен - 1 оқушы жеке тұрады.

Оқушылар жұптасып орындарына отырады.

ІІ.Жаңа сабақ:

1.Географиялық зоналылық (сызба, карта арқылы түсіндіру)

2.Мәтінді меңгеруге тапсырма беру

І нұсқа - Ендік зоналылық деп нені айтамыз? 56-57 беттер

ІІ нұсқа - Биіктік белдеулер деп нені айтамыз? 57-58 беттер

3.Оқыта үйрету ойыны:

А) І нұсқа тапсырмасы бойынша серігіне түсіндіріп береді

Ә)Түсінген оқушыны тексеру

Б) ІІ нұсқа тапсырмасы бойынша серігіне түсіндіріп береді

В)Түсінген оқушыны тексеру

Оқушылар «Қызықты география сұрақтарына жауап береді.

4.«Географиялық қабық» тақырыбына арналған диктант
1-нұсқа
1. ..... литосфераның жоғарғы бөлігі, атмосфераның төменгі бөлігі, гидросфера, биосфераның өзара әрекеттесуіне қалыптасқан ерекше қабық.
2. Географиялық қабық...... ерекшелігімен анықталады.
3. Географиялық қабықтың құрамдас бөліктері..... деп аталады.
4. Географиялық қабық құраушыларына .......... жатады.
5. Жер беті аумағының табиғат компоненттерінің жиынтығы..... деп аталады.
6. Географиялық қабық Жер шарының...... болып табылады.
7. Негізгі географиялық белдеулерге....... жатады.
8. Экватордың екі жағында орналасқан, ауа температурасы біркелкі, жыл маусымдары бөлінбейтін белдеу......
9. Арктикалық және антарктикалық белдеулерді..... алып жатыр.
10. Жер шарының ең үлкен Сахара шөлі орналасқан белдеу.
2-нұсқа
1. Тропиктік белдеуде Жер шарының ең үлкен шөлі........ орналасқан.
2. Мқзды шөл зонасы алып жатқан белдеулер.......
3. Аралық географиялық белдеулерге..... жатады.
4. Тау жыныстары, ауа, су, топырақ, тірі ағзалар географиялық қабық..... жатады.
5. Экваторлық белдеу алып жатқан аймақ......
6. Экваторлық, тропиктік, қоңыржай, полярлық белдеулер..... жатады.
7. Жер шарының ең ірі табиғат кешені...... болып саналады.
8. Географиялық қабықтан кейінгі табиғат кешендеріне..... жатады.
9. ......тек географиялық қабыққа тән.
10. Экваторлық белдеуде .......таралған.
Дұрыс жауаптары
1-нұсқа
1. Географиялық қабық
2. Төрт
3. Табиғат компоненттері
4. Тау жыныстары, ауа, су, топырақ, тірі ағзалар
5. Табиғат кешені
6. Ең үлкен табиғат кешені
7. Экваторлық, тропиктік, қоңыржай, полярлық белдеулер
8. Экваторлық белдеу
9. Мұзды шөл зонасы
10. Тропиктік белдеу

ІІІ. Қорытынды:

ІV.Бағалау.

Үйге тапсырма: §13 оқу. Кескін картамен жұмыс жасау. Қосымша материалдар жинау.





«Т.Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектеп»КММ

Сабақ жоспары Табиғат кешені (7-сынып)





География пәнінен ашық сабақ жоспары

«Табиғат кешені»



7-сынып



Пән мұғалімі:А.А.Бектұрсынова



Семей қаласы

«Т.Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектеп»КММ



География пәнінен ашық сабақ жоспары

«Географиялық зоналылық»

7-сынып

Сабақ жоспары Табиғат кешені (7-сынып)



















Пән мұғалімі:А.А.Бектұрсынова

Семей қаласы









Географиялық диктант «Географиялық қабық»

Тақтада:

І ІІ

1.Географиялық қабық 10

2.Ендік зоналылық 9

3.Табиғат компоненттері 8

4. Биіктік белдеулер 7

5. Табиғат кешені 6

6. Ең үлкен табиғат кешені 5

7. Тау жыныстары, ауа, су, топырақ, тірі ағзалар 4

8.Экваторлық белдеу 3

9.Антарктикалық шөл 2

10.Тропиктік белдеу 1

Оқылуы:

1.Зоналар тауды әр түрлі биіктіктегі белдеулер түрінде көмкере орналасқан белдеулер.

2.Өзара күрделі байланыста әрекет ететін табиғат компоненттерінің өзіндік ерекшеліктерімен көзге түсетін жер бетінің бір көрінісі.

3.Ең ірі табиғат кешені (геосфера).

4.Географиялық қабықтың құрамдас бөліктері.

5.Экватордың екі жағында орналасқан, ауа температурасы біркелкі, жыл маусымдары бөлінбейтін белдеу.

6.Арктикалық және антарктикалық белдеуде қандай зона қалыптасқан.

7.Табиғат кешенін құраушы факторлар, географиялық қабық құраушылар.

8.Жер шарындағы ең үлкен Сахара шөлі орналасқан белдеу.

9.Күн сәулесінің түсу бұрышының азаюы мен ылғалдануының әркелкілігіне байланысты экватордан полюстерге қарай бірін-бірі алмастыратын зоналылық.

10.Географиялық қабық жер шарындағы қандай табиғат кешені?

Жауабы: І нұсқа 4, 5, 1, 3, 8, 9, 7, 10, 2, 6

ІІ нұсқа 7, 6, 10, 8, 3, 2, 4, 1, 9, 5







Жаңа сабақты түсіндіру:

Жер шарының табиғат кешендері алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Аптапты ыстық шөлдер мен мұз құрсауында жатқан аудандар, мәңгі жасыл ормандар мен ми батпақтар, таңғажайып таулар мен ұшы-қиырсыз кең жазықтар, көкжиекпен ұласқан ашық мұхит айдындары ғаламшар табиғатының қайталанбас бейнесін жасайды.

Материктер мен мұхиттардағы табиғат кешендерін құрайтын табиғат компоненттері экватордан полюстерге қарай тек климат қана емес, сондай-ақ жер бедеріне сыртқы күштердің әсер етуі, өзен мен көлдің ерекшеліктері, топырақ түзілу процестері, өсімдіктер, жануарлар дүниесі де заңды түрде өзгеріп отырады.

Құрлықтағы зоналылық климаттық жағдайына, яғни жылу мен ылғалдың арақатынасына тәуелді. Мысалы, температура жоғары, бірақ ылғал аз түсетін жерлерде тропиктік шөлдер қалыптасады. Сырт көзге табиғат зоналары өсімдік жамылғысы арқылы бірден ажыратылады. Сондықтан табиғат зоналарының аттары өсімдік сипатына сәйкес келеді. Мысалы, жалпақ жапырақты орман, орманды дала, шөл, ылғалды экваторлық ормандар және т.б. Егер зонаны құрайтын жекелеген табиғат компоненттерінің біреуі өзгерсе, ол ең алдымен зонаның өсімдік жамылғысына өз әсерін тигіеді.

Мұхиттарда да судың температурасы, тұздылығы, химиялық құрамы, тіршілік дүниесі экватордан полюстерге қарай өзгеретіндіктен зоналылық байқалады. Бірақ мұнда зоналар құрлықтағы тәрізді айқын ажыратылмайды. Олар географиялық орныана сәйкес, климаттық белдеулердің атымен аталады.

Табиғат зоналарының орналасуы климаттық белдеулермен тығыз байланысты. Климаттық белдеулер сияқты табиғат зоналары да Күн сәулесінің түсу бұрышының азаюы мен ылғалдануының әркелкілігіне байланысты экватордан полюстерге қарай бірін-бірі алмастырады. Осы заңдылықты ендік зоналылық деп атайды. Зоналылық аумағына қарамастан, барлық табиғат кешендерінде кездесетіндіктен, географиялық қбықтағы негізгі заңдылық болып табылады.

Табиғаттағы зонлылық тек жазықтарда ғана емес, биік тауларда да байқалады. Таудағы табиғат кешендері оның етегінен биік шыңдарына дейін температура мен қысымның төмендеуіне, белгілі бір биіктікке дейін жауын-шашын мөлшерінің артуына, тау беткейлеріне түсетін жарық мөлшерінің әр түрлілігіне байланысты алмасады. Бұл зоналар тауды әр түрлі биіктіктегі белдеулер түрінде көмкере орналасатындықтан, оларды биіктік белдеулер деп атайды. Таудағы биіктік белдеулері жазықтағы зоналарға қарағанда тезірек алмасады.

Жаңа сабақты бекіту:

Сұрақ: Ендік зоналылық дегеніміз не?

Жауап: Климаттық белдеулер сияқты табиғат зоналары да Күн сәулесінің түсу бұрышының азаюы мен ылғалдануының әркелкілігіне байланысты экватордан полюстерге қарай бірін-бірі алмастырады. Осы заңдылықты ендік зоналылық деп атайды.

Сұрақ: Биіктік белдеулер дегеніміз не?

Жауап: Таудағы табиғат кешендері оның етегінен биік шыңдарына дейін температура мен қысымның төмендеуіне, белгілі бір биіктікке дейін жауын-шашын мөлшерінің артуына, тау беткейлері түсетін жарық мөлшерінің әр түрлілігіне байланысты алмасады. Бұл зоналар тауды әр түрлі биіктіктегі белдеулер түрінде көмкере орналасатындықтан, оларды биіктік белдеулер деп атайды.



  • Сендер тұратын жерде қандай табиғат зонасы қалыптасқан? Оны сипаттаңдар.

  • Өздерің тұратын жерде қандай тау жүйесі бар? Ондағы биіктік белдеулерді анықтаңдар.

Қорытынды: Бүгінгі сабақта, жалпы географиялық зоналылыққа толық түсінік бердім.

Үйге тапсырма: §13 оқу. Кескін картамен жұмыс жасау. Қосымша материалдар жинау.





«Географиялық қабық» тақырыбына арналған диктант
1-нұсқа
1. ..... литосфераның жоғарғы бөлігі, атмосфераның төменгі бөлігі, гидросфера, биосфераның өзара әрекеттесуіне қалыптасқан ерекше қабық.
2. Географиялық қабық...... ерекшелігімен анықталады.
3. Географиялық қабықтың құрамдас бөліктері..... деп аталады.
4. Географиялық қабық құраушыларына .......... жатады.
5. Жер беті аумағының табиғат компоненттерінің жиынтығы..... деп аталады.
6. Географиялық қабық Жер шарының...... болып табылады.
7. Негізгі географиялық белдеулерге....... жатады.
8. Экватордың екі жағында орналасқан, ауа температурасы біркелкі, жыл маусымдары бөлінбейтін белдеу......
9. Арктикалық және антарктикалық белдеулерді..... алып жатыр.
10. Жер шарының ең үлкен Сахара шөлі орналасқан белдеу.
2-нұсқа
1. Тропиктік белдеуде Жер шарының ең үлкен шөлі........ орналасқан.
2. Мқзды шөл зонасы алып жатқан белдеулер.......
3. Аралық географиялық белдеулерге..... жатады.
4. Тау жыныстары, ауа, су, топырақ, тірі ағзалар географиялық қабық..... жатады.
5. Экваторлық белдеу алып жатқан аймақ......
6. Экваторлық, тропиктік, қоңыржай, полярлық белдеулер..... жатады.
7. Жер шарының ең ірі табиғат кешені...... болып саналады.
8. Географиялық қабықтан кейінгі табиғат кешендеріне..... жатады.
9. ......тек географиялық қабыққа тән.
10. Экваторлық белдеуде .......таралған.
Дұрыс жауаптары
1-нұсқа
1. Географиялық қабық
2. Төрт
3. Табиғат компоненттері
4. Тау жыныстары, ауа, су, топырақ, тірі ағзалар
5. Табиғат кешені
6. Ең үлкен табиғат кешені
7. Экваторлық, тропиктік, қоңыржай, полярлық белдеулер
8. Экваторлық белдеу
9. Мұзды шөл зонасы
10. Тропиктік белдеу










Табиғат кешені деген не

Табиғат кешені дегеніміз өзара күрделі байланыста әрекет ететін табиғат компоненттерінің өзіндік ерекшеліктерімен көзге түсетін жер бетінің бір көрінісі.

2..

3.Географиялық қабық дегеніміз не?- литосфераның жоғарғы бөлігі, атмосфераның төменгі бөлігі және гидросфера мен биосфераның өзара күрделі байланысы мен әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасатын ғаламшарлық дәрежедегі табиғат кешені.

Географиялық қабықтың құрылымы мен дамуында өзіндік заңдылықтар бар. Бұлар бүкіл географиялық қабыққа да, оның жекелеген компоненттері мен шағын көлемді табиғат кешендеріне де ортақ болып келеді. Осы заңдылықтарды білу айнала қоршаған табиғатқа нұқсан келтірмей байлықтарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.



Атпалы жыныстар

Күн

қуаты

Атпалы (магмалық) жыныстар

кристалдану

Магмаүгілу,

Шөгінді жыныстартасымалдау


Метаморфтық жыныстарқайта

балқуы

жыныстардың

қайта өзгеруі

Жер қыртысындағы заттардың алмасуы

Географиялық қабықтағы ырғақты құбылыстардың жүруі түрлі себептерге байланысты. Жердің өз білігінен айналуы тәуліктік ырғақтылыққа себепші болады. Әрбір ірі табиғат кешені үшін температура мен ылғалдылықтың, өсімдіктер мен жануарлардың және адамдардың іс-әрекетінің өзіне тән тәуліктік жүйесі қалыптасады. Мысалы, күн мен түннің алмасуы, мұхит суларының толысуымен қайтуы, бриз желдері бағыттарының өзгеруі, тау жыныстарының күндіз қызып, түнде суынуы тәулік ішінде жүреді.

Зоналық ерекшеліктерімен қатар әрбір табиғат кешендерінің жеке-дара өзіне ғана тән сипаттары болады.

Африканың, Аустралияның, Оңтүстік Америка мен Азияның саванналары бір-бірінен айырмашылық жасайды. Сондай-ақ Еуразияның қоңыржай белдеуінің түрлері бөліктерінде орналасқан.

Жаңа сабақты бекіту:

Сұрақ: Табиғат кешені дегеніміз не?

Жауап: Табиғат кешені дегеніміз өзара күрделі байланыста әрекет ететін табиғат компоненттерінің өзіндік ерекшкліктерімен көзге түсетін жер бетінің бір көрінісі.

Сұрақ: Географиялық қабық дегеніміз не?

Жауап: Географиялық қабық дегеніміз - литосфераның жоғарғы бөлігі, атмосфераның төменгі бөлігі және гидросфера мен биосфераның өзара күрделі байланысы мен әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасатын ғаламшарлық дәрежедегі табиғат кешені.

  • Географиялық қабық қандай компоненттерден тұрады?

  • Географиялық қабықтың қандай заңдылықтарын білесіңдер

  • Өздерің тұратын жерден осы заңдылықтарды дәлелдейтін құбылыстрды атаңдар

Қорытынды:Қорытындылай келе, бүгінгі сабағымызда, жалпы табиғат кешені дегеніміз не екенін, табиғат кешендеріндегі барлық компоненттер географиялық қабықтағы тәрізді, бір-бірімен тығыз байланысты екенін толық танып білдік.

Үйге тапсырма: §11 оқу. Кескін картамен жұмыс. Қосымша материалдар жинау.





© 2010-2022