Менің отбасым

Білім беру саласы: Қатынас,Тіл дамыту. Тақырыбы: «Менің отбасым» Мақсаты:Отбасы туралы түсінік беру. Отбасы мүшелерін дұрыс атауға үйрету. Дидактикалық материалды пайдаланып, балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.Ойын жеткізе білуге баулу. Тәрбиелік:Отбасындағы үлкенге құрмет, кішіге инабаттылыққа тәрбиелеу. Әдістері: Сұрақ-жауап, түсіндіру. Көрнекілігі: Шаңырақ макеті,суреттер. Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Мотивациялық қозғаушы Балалармен жылулық шеңберін ұйымдастыру. -Біздің шеңберіміз киіз үйге ұқсайды. Жоғарыдағы күмбез шаңырақ деп атадады. Шаңырақ - отбасының белгісі. Әр адам, үлкен болсын, кіші болсын өз үйін жақсы көреді, себебі ол үйде оның отбасы тұрады, отбасының болуы-үлкен бақыт. Барлығымыз бірге айтайық. Отбасы - ол бақыт Отбасы - ол ата-ана Отбасы-туыстарымыз, Отбасы -ол шаңырақ ...
Раздел География
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: Қатынас,Тіл дамыту.

Тақырыбы: «Менің отбасым»

Мақсаты:Отбасы туралы түсінік беру. Отбасы мүшелерін дұрыс атауға үйрету. Дидактикалық материалды пайдаланып, балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.Ойын жеткізе білуге баулу.

Тәрбиелік:Отбасындағы үлкенге құрмет, кішіге инабаттылыққа тәрбиелеу.

Әдістері: Сұрақ-жауап, түсіндіру.

Көрнекілігі: Шаңырақ макеті,суреттер.

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Балалармен жылулық шеңберін ұйымдастыру. -Біздің шеңберіміз киіз үйге ұқсайды. Жоғарыдағы күмбез шаңырақ деп атадады. Шаңырақ - отбасының белгісі. Әр адам, үлкен болсын, кіші болсын өз үйін жақсы көреді, себебі ол үйде оның отбасы тұрады, отбасының болуы-үлкен бақыт. Барлығымыз бірге айтайық.

Отбасы - ол бақыт

Отбасы - ол ата-ана

Отбасы-туыстарымыз,

Отбасы -ол шаңырақ

Ұйымдастыру кезеңі

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінде неше ай бар?

-Қыста ауа райы қандай?

Ұйымдастырылған оқу іс- әректінің бүгінгі тақырыбы: «Менің отбасым»

Тәрбиеші: Әр адамның өзінің үйі болады. Онда оның отбасы мүшелері тұрады. Ол біздің жақсы көретін ата мен әжеміз, әке мен анамыз, аға мен апамыз, бөпелеріміз. Отбасы болу ол үлкен бақыт. Отбасы бір шаңырақтың астында дастархан басында шәй ішіп, тамақ жеп әңгімелесіп отырады екен. Барлығымыздың үйімізде анамыз, әкеміз, атамыз бен әжеміз бар ма?

Балалар қараңдаршы мен сендерге қандай сурет әкелдім. (сурет стендке іледі)

-Бұл суретті қалай атайсыңдар?

-Ал сендер жұмбақ шешкенді жақсы көресіңдер ме?

Қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер кім туралы айтылғанын табыңдар? Ол өте мейірімді, ақ шашты, көзінің

аиналасында ұсақ әжімдері бар, дәмді тағамдар тәтті нандар пісіреді,сендерге жылы қолғап тоқиды, ұйықтар алдында ән немесе ертегі айтып береді.

-Бұл кім?

- Ал сендердің әжелерің не істей

алады?(балалардың жауаптары.тәрбиеші толық жауап беруін талап етеді)

Ол көзілдірік киеді, көп кітаптар оқиды, көптеген қызықты тарихи оқиғаларды біледі.

Ол әжеге көмектеседі, дүкенге және базарға барады, зейнетақы алады, немерелеріне қарайласады.

-Кім бұл?

-Ал сендердің аталарың

қандай?(балалардың

жауаптары)

Сендердің кірлеріңді жуып, дәмді тағамдар, тәтті нандар пісіреді, сендерге жылы қабақ танытады.

-Бұл кім?

Балалардан өз аналары туралы сұрау.

Ал, мына кісі қайтсем осы балаларымды ешкімнен кем қылмаймын, азаннан кешке дейін жұмыста жүретін, барлық тамақтың, киімнің ақшасын табатын адам?

-Бұл кім?

-Емін-еркін, киімі бүтін тамағы тоқ, ананың көңілі балада, олардың көңілі далада.

-Бұл кімдер?

Сергіту сәті:

Біз кішкетай баламыз,

Өсіп-өніп толамыз.

Күнге қарап табынып,

Көкке қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз,

Қарлығаштай самғаймыз. Үлкендерді сыйлаймыз,

Не айтса да орындап,

Күлкімізді сыйлаймыз.

Тәрбиеші:Балалар мен сендерге «Бес саусақ» тақпағын оқып берейін,ал сендер мұқият тыңдап отырыңдар.

(саусақтарды көрсетіп айтады)

Бас бармағым-Атам

Үйдің данасы

Балаң үйрек-Әжем

Ошақ анасы

Ортан терек-Әкем

Отау тынысы

Шылдыр шүмек -Шешем

Шаңырақ ажары

Титтей бөбек- сендерсіңдер Бәрінің базары

-Мінекей балалар, біздің бес саусағымызды отбасы мүшелерінің аттарын қойып атауға болады екен.

Біз саусағымызды білеміз бе, қане айтып көрейікші. Осы тақпақты қайталай отырып, мына қолдың саусақтарына отбасы мүшелерінің суретін қойып көрелік.

- Ал балалар отбасы туралы кім қандай тақпақтар біледі ?

Мерей

-«Біздің шаңырақ»

Атамнан басталар

Әжемнен қосталар

Отбасы мыналар

Ең жақын адамдар

Әкем мен анам бар,

Бір туған апам бар

Бәрін жақсы көремін

Еркелеймін, еремін.

Дана

Папамызға еркелеп,

Мамазды тыңдаймыз.

Әжем айтар ертек көп,

Атамызды сыйлаймыз.

Айзере

Біздің үйден ән тарап,

Думандатар өмірді.

Біздің үйде салтанат,

Біздің үйде көңілді.

Балауса

Әжем менің әліде,

Ұқсамайды кәріге .

Шәй қайнатып береді,

Біздің үйдің бәріне.

Қыс

Үш ай

Суық




Бар

Отбасы мүшелері

Иә












Қорытынды

-Балалар бізде бүгін қандай оқу іс-әрекеті болды?

-Қонаққа кімдер келді ?

-Біз кімдер туралы әңгімелестік ?

« Жүректен -жүрекке»

Ата-ананы тыңдайық,

Айтқанынан шықпайық.

Ал, достарды қолдайық,

Қиын шақта қорғайық.

Отбасымыз аман, деніміз сау болсын!

Бүгін оқу іс-әректіне өте жақсы қатыстыңдар, рахмет!

Келген қонақтарға да рахметімізді айтайық. «Сау болыңыздар!»

Апайлар

Отбасы



© 2010-2022