Қысқа мерзімді жоспар географиядан Қазақстанның жер асты сулары

Раздел География
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Исмайлова Жанара Кудайбергеновна

Шығыс Қазақстан облысы

Үржар ауданы

Келдімұрат ауылы

«Благодарное орта мектебі» КММ- нің география пәнінің мұғалімі

Қазақстанның физикалық географиясы

Күні:

Сынып - 8

Сабақтың тақырыбы:

«Қазақстанның жер асты сулары»

Сабақтың мақсаты:

  • Қазақстан аумағындағы жер асты суларына сипаттама береді, жер асты суының адам өміріндегі маңызына тоқталады.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

Топтық жұмыс, СТО элементтері, «Даналық ағашы», «Мені түсін » оқыта-үйрету ойыны, «Бес тармақ»

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылар жер асты сулары туралы мәліметтер алып, олардың маңызын түсінеді, Қазақстан аумағында жер асты суларының таралуын физикалық карта бойынша сипаттау арқылы тақырыптық картамен, кескін картамен жұмыс істеу икемділіктерін жетілдіреді.

Сабақ жоспары:


Үйге тапсырма:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Амандасу.

2. Сергіту сәті.

3. Топқа бөлу.

ІІ.Сабақ барысы: 1.Қызығушылықты ояту.

2.Мағынаны тану

3. Ой-толғаныс:

III.Үйге тапсырма беру.

  • §26(33),108-109 беттер

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының әрекеті

Сергіту сәті:

Топқа бөлу. «Сарқырама» тренингі. Мақсаты: қатысушылардың өздерін сергек сезінуіне көмектеседі.

«Жайланып отырыңыз және көзіңізді жұмыңыз. 2 - 3 рет деміңізді шығарыңыз, дем алыңыз. Өзіңізді сарқыраманың жанында тұрмын деп елестетіңіз. Бірақ бұл басқа сарқырамаларға ұқсамайтын ерекше сарқырама. Судың орнына бұл сарқырамадан жұп-жұмсақ аппақ жарық ағуда. Енді өзіңізді осы сарқыраманың астында тұрмын деп ойлаңыз және осы сарқырамадан сіздің басыңыздан төмен қарай ақ жарықтар ағып жатыр деп ойлаңыз... Сіздің маңдайыңыз, аузыңыз, бетіңіз бен мойныңыздан ағып жатқан ақ ұлпа жарықты сезініңіз... Ақ жарық сіздің иықтарыңыз бен арқаңыздан ағып жатыр, бұл сізге өзіңізді жайлы , сергек сезінуіңізге көмектеседі. Арқаңыздан аққан ақ жарық сіздің арқаңыздағы ауыртпалықты алып кеткендей болады... Сонымен қатар жарық сіздің қолдарыңыз бен алақандарыңыздан және саусақтарыңыздан ағып жатыр.Сіз өзіңіздің қолдарыңыз бен алақандарыңыздың жұмсақ әрі сергек болғандығын сезіндіңіз. Жарық сіздің аяқтарыңыз бен өкшеңізден ағып кетіп жатқанын сезіндіңіз. Бұл жарық сіздің денеңіздегі қысымды өзімен бірге алып кетіп, денеңізді жұп-жұмсақ әрі сергек етуде. Сіз өзіңізді жайлы сезінудесіз, сіздің денеңіз жағымды күштер мен қуаттарға баюда.».

1. Қызығушылығын ояту:

  • Үй тапсырмасын сұрайды.

  • «Ыстық орындық» әдісі.

2. «Даналық ағашы» ойыны.

1.3 топтан 3 оқушы ыстық орындықққа шақырылады.

2.Оқушылар үйге берілген мәтінге көз жүгіртіп шығады. Мәтін бойынша қиын сұрақтар жазады. Сандықшаға салады. Оқушылар кезекпен келіп сұрақ алып жауап береді.

2. Мағынаны тану:

  • Ой қозғау.

  • «Мені түсін» оқыта үйрету ойыны.

Оқушылар «Жер асты сулары» тақырыбын оқиды.

1. Жер асты суларының жарықшақытқ типі тау-өатпарлы Тянь-Шань, Жетісу Аалатуы, Сарыарқаның ұсақ шоқылары, Орал-Мұғалжар тауларында тараған. Жарықшақтың қат-қабатты типі Маңғстау, Мұғалжар, Сарыарқа тауларында қалыптасқан. Қат-қабатты жер асты сулар типі негізінен Қазақстанның Батыс, Оңтүстік, Солтүстік-Шығыс аудандарында тараған, Шу-Сарысу, Қопа-Іле, Балқаш-Алакөл ойыстарындағы өзен аңғарларында шоғырланған. Грунт (еспе) суы 3-30 м тереғңдікте орналасқан.

2. «Артезиан» сөзінің төркіні Францияның Артуа провинциясында 1126 ж шыңырау құдық қазылып, су алынуына байланысты аталған. Бұл - су өткзбейтін қабаттар арасындағы кездесетін қысымы күшті жер асты суы, Мойынқұмда 300-500 м тереңдікте 50 мың шаршы км жерді алып жатыр, Қызылқұмда 80-300 мтереңдікте орасан зор жер асты суы табылған.

3. Құрамында еріген заттар мен газдар кездесетін жер асты суын минералды сулар (арасан) д.а. 300-ден астам минералды бұлақтар бар: Алмаарасан, Алтайдағы Рахман.

Жұппен, топпен ақылдаса отырып 10 түйінді сөз жазады. Мұғалім өз түпнұсқасын оқығанда қай топтың сөздерімен көбірек сәйкес келсе сол топ жеңімпаз атанады. 10 сөзді 10 сөйлеммен жеткізеді.

3. Оқушылардың білімін бекіту:

«Бес тармақ» әдісі.

«Бестармақ» әдісі

Әр топ өз қорғаған тақырыптары бойынша бестармақ құрастырады :

1.Жер асты сулары

2.Жарықшақты, жарықшақты қат-қабатты, қат-қабатты

3.Ішеміз, суарамыз, емделеміз

4.Суын ішкен құдыққа түкірмес.

5.Еспе су, минералды су- тұщы су көзі.

4.Ой толғаныс:Рефлексия .

Бағалау:

«Шығу парағын» толтырады. «Бес саусақ» әдісі арқылы.

«Блоб ағашы» арқылы бағалайды.





© 2010-2022