Мал шаруашылығы

География VIII сыныпСабақтың тақырыбы: Мал шаруашылығы.Сабақтың мақсаты:1.Оқушылар бойында туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, оның табиғатын тереңірек білуге , мал шаруашылығының санының артуына қызылқұм қойнауын қадірлеуге , қорғауға ұмтылдыру.2.Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, ұйымшылдық, тапқырлық ,шапшаңдыққа баулу.3.Оқушыларды ойлауға , еркін пікірлеуге және қорытынды жасай білуге үйрету.Сабақтың түрі: «Бинго»-ойын аралас сабақСабақтың әдісі: Жаңа білім беруші және тереңдет...
Раздел География
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

География VIII сынып

Сабақтың тақырыбы: Мал шаруашылығы.

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушылар бойында туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, оның табиғатын тереңірек білуге , мал шаруашылығының санының артуына қызылқұм қойнауын қадірлеуге , қорғауға ұмтылдыру.

2.Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, ұйымшылдық, тапқырлық ,шапшаңдыққа баулу.

3.Оқушыларды ойлауға , еркін пікірлеуге және қорытынды жасай білуге үйрету.

Сабақтың түрі: «Бинго»-ойын аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Жаңа білім беруші және тереңдетуші сабақ

Сабақтың жихазы:Эпипроектор, тест материалы, электрлі карта, "өткір көз" жихазы, "географиялық жұмбақ"

Сабақтың қағидасы:әдепті ,білімді, ақылды, еңбексүйгіш, иманды перзент тек ата-ананың емес, бүкіл елдің ең үлкен байлығы.

Сабақтың жоспары:

Сәлемдесу

  1. Жаңа сабақ.

  2. Электрлі карта

  3. "Білім сынағы"-үй тапсырмасы. "Глобус тест"-

  4. "Географиялық шабуыл"- жұмбақ сайысы

  5. "Өткір көз"жихазы - еліміз байлықтары.

  6. «Заковат» сұрағы

  7. Есте сақтау ойыны -елдердің астанасын тез табу

  8. Эпипроектормен жұмыс

  9. "Навои тәжірибесі"-Үш сұраққа төрт жауап

Жаңа сабақ..Ауыл шаруашылығының бұл саласында ірі қара, қой, жылқы және құс шаруашылығына (оған омарта,жібек, шошқа, балық шаруашылығы да қосылады) бөлінеді.

Ауыл шаруашылық жерлерінің 2/3 бөлігі мал шаруашылығына пайдаланылады.мемлекетіміздің қыр мен шөл далаларындағы шалғындық пен бұталы жерлер қаракөл қойлары мен түйе бағу үшін қолайлы.Елімізде қой мен ешкілердің жалпы саны 10млн-ға жуық.Оның негізі -қаракөл қойы.Қаракөл қойлары (Ташкент, Наманган, Әндіжан, Ферғана) уәлаяттардан басқаларында бағылады.Олардан негізінен тері, жүн ,ет алынады.

Жылқылар-Самарқант, Қашқадария, Хорезм уәлаяттары мен Қарақалпақстанда бағылады.Олардың саны 150 мыңға жуық. Бұрын мақташылықтағы көптеген жұмыстарды(жүк тасу, мақтаны өңдеу)аттан пайдаланған.Бүгінгі күнде техниканың көмегімен орындалады.Түйе жұмыс жануары ретінде пайдаланып , одан ет сүт , жүн алынады.Жібек шаруашылығы да еліміз ауыл шаруашылығының ең көне салаларының бірі, ол мақташылықпен байланысты.Құс шаруашылығы инкубатор станциялары ет пен жұмыртқа шығаруда құс шаруашылығы фермерлері ұйымдастырылған.Ташкент, Бұхара, Хорезм уәлаттарында Қарақалпақстан Республикасының көл және су қоймаларында балық өсіріліп,құс фермалары ұйымдастырылған.

Су бассейндерінде , өзен жағалауларында бағалы терісі бар аңдар нутрия мен ондатра қорықтары ұйымдастырылған.

Ал, біздің жасайтын уәлаятымыз Навой деп аталып ол-Кенемих, Қызылтепе, Наубахар, Навои, Нұрата, Тамды, Үшқұдық, Хатыршы аудандарына бөлінген.Біз осы аудандардың бірі Тамды ауданында жасаймыз. Біздің ауданымыз тек мал шаруашылығымен шұғылданады.Тамды ауданы жеті ширкаттан тұрады.Біздің ширкат Жаңа-шаруа деп аталып, 2ферма орталығы мал шаруашылығымен айналысып келуде.қазіргі күнде ширкатымызда ірі қара: түйе-203, жылқы-120, қой саны-27057, ешкі саны -236.Ширкатымыздағы жалпы мал саны-27616.

Сабағымызды әрі қарай жалғастыру үшін «бинго» ойыны арқылы оқушыларға журналдағы реттік саны бойынша номер тарқатамын егер менің қолыма қайсы сан іліксе сол оқушы берілген шартқа жауап береді.

Сыныпты «Егіншілер», «Малшылар» ауылы деп бөліп аламыз. Екі топ бір-бірімен сәлемдесіп алады.Жақсы жауап берген топты бағалап барамын.

  1. «Білім сынағы»- екі топтан оқушы шығып үй тапсырмасын айтады. Қосымша сұрақ -глобусты тестке жауап беру.

  2. Екі топ бір-біріне жұмбақтар жасырады.

  3. Банкадан екі сан аламын сол номердегі екі оқушы тақтаға шығып берілген тапсырманы орындайды, онда мемлекетімізден өндіріліп жатқан байлықтар жасырылған соны оқушы көзбен көріп алады, беті жабылған соң, есте сақтап қалғанын берілген уақыт ішінде тез таба білу керек.

  4. Екі топқа заковат сұрағы беріледі тез жауап берген оқушы бағаланып отырады.

  5. Банкадан номер аламын екі топтан оқушы шығарып есте сақтау қабілетін анықтау үшін тақтаға Азия континентіндегі елдерді іліп қоямын 2-минутта есте сақтаған елдердің астанасын жазып көрсету керек.

  6. Эпипроектордан берілген мал санын есептеу.

  7. Оқушылардан өтілген сабақты пысықтау үшін «Навоий тәжірибесі» бойынша үш сұраққа төрт жауап деп аталатын сұрақтар жазылған тарқатпалы жаңа жылдық шырша тарқатамын.

  8. Сабақ соңында оқушылардың жинаған ұпай санын анықтап жеңімпаз топты жариялап бағалаймын.




© 2010-2022