Африка табиғат зонасы 7-сынып

Оқушылардың  функционалды сауаттылығын арттылуға мәтіннің түсінігі зор.Сондықтан мәтінді оқып,  оған тест құрастыру мағызды рөл атқарады   Африканың табиғат зоналарына саяхат Африка Саванналары –Жердің шексіз кеңістігі, таңдай қақтырар фауналар, Планетамыздағы ең үлкен табындар...Әлем картасына көз жүгіртіп қарар болсаңыз, Африка құм мен жаңбырлы ормандардың қойнауында жатқандығын бірден байқайсыз. Олардың арасын бұталар мен тал-шіліктер, егістіктер бөліп жатыр. Жабайы саванна өте өзгергіш болы...
Раздел География
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Африканың табиғат зоналарына саяхат

Африка Саванналары - Жердің шексіз кеңістігі, таңдай қақтырар фауналар, Планетамыздағы ең үлкен табындар... Әлем картасына көз жүгіртіп қарар болсаңыз, Африка құм мен жаңбырлы ормандардың қойнауында жатқандығын бірден байқайсыз. Олардың арасын бұталар мен тал-шіліктер, егістіктер бөліп жатыр. Жабайы саванна өте өзгергіш болып келеді: қалың орман жайқалып тұрған жерде бір мезгілде талдардың бәрі жоғалып, тек қана шөптердің қалуы әбден мүмкін. Аптапты ыстықта шөптер солып, ал нөсерлі күндері бірден қалпына келе қалады. Қысқасы, табиғат адаммен санаспайды. Мұндағы маусымдар да ешқашан бір-біріне ұқсаған емес: бір жылы құрғақшылық немесе аптап ыстық болса, келесі жылы дәл сол кезде нөсер немесе аңызақ жел. Мұндағы табиғи құбылыстар жер шарында ешбір жерде қайталанбайды. [massaget.kz]

Африкада тіршілік үшін ең қажетті ағаш-баобаб өседі. Оныың жемісі өте дәмді ,әрі С дәрумені мен кальцийге бай. Жемісінің сыртқы қабығы ыдыс ретінде пайдалынады.Жапырақтары мен тамырлары сорпа қайнатылады. Жемісінен алынған шырынымен басты жуады. Тамырынан алынған қызыл шырынынан сән қуушылар терісіне жұмсақтық және жылтырлық қасиет беру үшін пайдалынады. Оның ең құнды бөлігі қабығы мен сүрегінен арқан есіледі,мата тоқылады, ішекті аспаптар жасалады. Жапырақтарынан жасалынған тұнбамен бүйрек ауруларын емдейді. Дәндерінен жасалған сықпа тіс ауруларына қолданылады. Ағаштағы жемістері маймылдар үшін ,ал қабығы пілдер үшін негізгі қорек болып табылады. Баобаб суда жанбайды. Олардың жауы -пілдер. Пілдер баобаб ағашының ылғалды қабығымен қоректенеді .кейде ондай ағашта 120 литрдей су болуы мүмкін. Баобаб-Африканың киелі рәміздерінің бірі. Ғалымдардың есебі бойынша баобаб ағашы 4-5 мың жылға дейін өседі.

[Қызықты география; А. Әлімжанова. «Таймас»Алматы-2011жыл]

Шөлдің шұратты жерлерінде құрма пальмасы өседі. Оның бір түп ағашы біл жылда 100-ден 200 кг-ға дейін жеміс береді. Және ол жүз жыл бойы жеміс беруін жалғастыра береді. Құрманы тағамға жаңа піскен кезінде де, кептіріп те және қайнатып та пайдалынады.Туарегтердің пікірі бойынша әйелі бір ай құрмадан дайындалған тағаммен тамақтандырған еркекті бақытты деп санайды. Және мұндай тағам оны ешқашан жалықтырмайды. Өйткені , одан күнде біркелкі емес әр түрлі тамақ дайындалады. Жануарлар да құрманы сүйсініп жейді. Кейбір алыс аудандарда қазіргіге дейін құрма теңгенің орнына жүреді. Көптеген әулеттер «құрма»деген сүйкімді сөзбен өздерінің сүйікті қыздарын ғана атайды. Және шұратты жерлерде балықты да құрмамен аулайды.

[Қызықты география; А. Әлімжанова. «Таймас»Алматы-2011жыл]

Намиб шөлі. - Атлант мұхитының жағалауындағы шөл дала, негізінен Намибияда орналасқан. Шөл даланың ұзындығы шамамен 1300 км, ені 50-160 км. Жазықтықтың беткі қабаты негізінен тегіс жазық, әртүрлі типті құм түрлерінен қабатталған. Жазықтықтың оңтүстік бөлігін тегіс құм алып жатыр. Шығыс бөлігін, яғни Ішкі Намибте көптеген антилопа табындары кездеседі. Жағалаудағы аймақта теңіз құстарының алуан түрлері мекендейді. Оның ішінде фламинго, бірқазандар жиі кездеседі. Құм даланың үстінен Уолфиш-Бей қаласы мен Оңтүстік Африка Республикасы байланыстыратын теміржол кесіп өтеді.«Намиб» сөзі жергілікті «нама» халқының тілінде «Тақыр, еш нәрсе жоқ» деген мағынаны білдіреді. Бұл әлемдегі ең құрғақ және ежелгі шөл дала болып табылады. Жауын-шашынның өте аз жауатындығы себепті (жылына 10-13 мм) бұл аймақ тіршіліктен ада деп айтсақ та болады. Бұл дегеніңіз желдің соғуымен түзілген биік құм таулар. Олардың биіктігі кей жерлерде 300 метрді құрайды. Вельвичия өсімдігі Намибия үшін маңызы зор. Ол тіпті елдің мемлекеттік елтаңбасында да белгіленген. Бұл шөл аймаққа тән нағыз төзімді тіршілік иесі болып саналады. Оның тамырлары үш метр тереңдікке дейін өссе, ал оның жапырақтары кез келген ылғал түрін шық пен тұманды бойына сіңіріп, тіршілік ете алады. Швед зерттеушілері Чарлз Андерсен бұл қаңыраған өлкені 1850 жылдары көргенде былай деп жазды:''"Біздің ойымыздағы тозаққа көп дәрежеде жауап бере алатындай мұндай жерді бұл дүниеден таба қою қиын. Бұл ұлан байтақ шөл үстіндегі шексіз жалғыздық рухының елесі мені қатты шошындырды. Тіпті өлімнің өзі бұл өлкеге қуылғаннан көрі артық болар еді." [massaget.kz]

Калахари шөлі.Көпшілік бөлігі ағынсыз, тұйық. Ішкі бөлігіндегі ең ірі батпақты, керемет флора мен фаунасы танымал , Африканың нағыз тіршілік мекеніне айналған - Окаванго өзені орналасқан. Өзен Калахари шөліне құяды.

1.Жердің шексіз кеңістігі, таңдай қақтырар фауналар. Құм мен жаңбырлы ормандардың қойнауында жатқан ландшафт

А) Амазония ормандары

В) Африка саваннасы

С) Прерий

D) Пампа

Е) Жаңа Зеландияның ландшафты

Жауабы: В

2. Ағаштағы жемістері маймылдар үшін ,ал қабығы пілдер үшін негізгі қорек болып табылады.

А) құрма пальмасы

В) баобаб

С) секвойя

D) эквалипт

Е) емен

Жауабы: В

3. Солтүстік Африкадағы көшпелі туарегтердің сүйікті тағамы жасалынады.

А) құрма пальмасынан

В) кокос пальмасынан

С) күріштен

D) балықтан

Е) жүгеріден

Жауабы: В

4. Жергілікті «нама» халқының тілінде «Тақыр, еш нәрсе жоқ» деген мағынаны білдіретін, биіктігі 300 метрден асатын барқандарымен танымал шөлді аймақ

А) Ливия шөлі

В) Сахара шөлі

С) Намиб шөлі

D) Калахари шөлі

Е) Атакама шөлі

Жауабы: В

5. Жер бетінің негізгі тіршілік көзі, миллиондаған жануарлардың өмірін сақтап қалушы Окаванго өзені қайда құяды

А) Ливия шөліне

В) Сахара шөліне

С) Намиб шөліне

D) Гоби шөліне

Е) Калахари шөліне

Жауабы: Е






© 2010-2022