Қазахстан рәміздерінің тарихынан

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан рәміздерінің тарихынан.   Сабақтың мақсаты: Қазақстан рәміздерінің тарихымен таныстыру, сөйлем түрлерімен танысу, модуль бойынша алған білімін бекіту. Міндеттері: 1. Білімдік: Қазақ тілінің сөздері мен сөйлем тіркестерін сөйлемде дұрыс қолдана білу. 2. Дамытушылық: Жаңа сөздермен  танысу арқылы тіл дамыту, диалог құра білуге үйрету. Тақырып бойынша сөйлесе білу. 3. Тәрбиелік: Оқушыларды елжандыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.  Топтық, жұптық жұмысқа баулу. Сабақтың түрі:  Жинақтау, бағалау. Сабақтың көрнекілігі: Мультимедиялық қондырғы, рәміздердің  суреттері, үлестірмелі дидактикалық қағаздар, тест, компьютер. Пәнаралық байланыс: Тарих, орыс тілі.
Раздел География
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан рәміздерінің тарихынан.

Сабақтың мақсаты: Қазақстан рәміздерінің тарихымен таныстыру, сөйлем түрлерімен танысу, модуль бойынша алған білімін бекіту.

Міндеттері:

1. Білімдік: Қазақ тілінің сөздері мен сөйлем тіркестерін сөйлемде дұрыс қолдана білу.

2. Дамытушылық: Жаңа сөздермен танысу арқылы тіл дамыту, диалог құра білуге үйрету. Тақырып бойынша сөйлесе білу.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды елжандыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Топтық, жұптық жұмысқа баулу.

Сабақтың түрі: Жинақтау, бағалау.

Сабақтың көрнекілігі: Мультимедиялық қондырғы, рәміздердің суреттері, үлестірмелі дидактикалық қағаздар, тест, компьютер.

Пәнаралық байланыс: Тарих, орыс тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Сәлемдесу, түгендеу

б) Сабақтың барысымен, мақсатымен таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Сөздік диктант: Қазақстан рәміздері, әнұран, елтаңба, ту, көк түсті, алтын күн, ою - өрнек, қыран құс, жұлдыз, шаңырақ, қанатты пырақтар.

  • Оқушылар диктантты жазады

  • Компьютерде сол сөздердің аудармасын тауып, тексереді

  • 5 сөзге сөйлем құрайды.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Сөйлесу бөлімі. Рәміздер тарихы бойынша әңгіме.

1-ші ту Иран (Персия) елінде табылған.

Алғашқы әнұран Грецияда пайда болған. 17 ғасырда геральдика ілімінің негізі қаланған.

Қазақстан рәміздері туралы әңгімелеу.

IV. Мәтінмен жұмыс

а) Сөздік жұмысы. Сөздерді дәптерге жазу, сөз тіркестерін құру.

б) Мәтінді оқу, аудару.

V. «Қазақстан рәміздері» атты бейнефильм көру. Бейнефильм туралы ойтолғау жазу.

VІ. в) «Трексөз» - тәсілі

Топ 4 бөлінеді.

Компьютердегі торға оқушылар мәтіннен трексөздер жазады. 5 минуттан кейін ең көп трексөздер жазған топ анықталады. Мысалы:

Қазақстан, рәміздері, ту, елтаңба, әнұран, геральдика, шаңырақ, қанатты пырақ, күн, қыран, құс.

VІІ. Араластырылған мәтінді айырып, жазу, тақтамен жұмыс.

Ту, Елтаңба, әнұран - бұлар мемлекеттік рәміздер деп аталады.

Менің туып өскен жерім - Қазақстан.

Еліміздің жер көлемі ұлан байтақ.

Ту ертеден келе жатқан мемлекет белгісі. ХІІ ғасырда геральдика ілімінің негізі қаланған. Біздің мемлекетіміздің туының түсі - көк.

Осы жерден Ұлы жібек жолы басталады.

Әнұранның авторы Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев.

VІІІ. 1,2,1 Берілген сөз тіркестерін орыс тіліне аудару.

Ең алғаш - самый первый

Көне ту -древний флаг

Латын тілі - латинский язык

Геральдика ілімі зерттейді - изучает науку геральдика

Туымыздың түсі - цвет флага

Көк түс - голубой цвет

Жоғары баға берген - дали высокую оценку

Күн бейнесі - изображение солнца

Ою - өрнек - орнамент.

ІХ. Бекіту: Сұрақтарға мәтінді пайдаланып жауап беру.

Х. Бағалау.

ХІ. Үй тапсырмасы:Берілген сөйлемдердегі

көп нүктенің орнына бастауышты қойып жазу.



Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі мұғалімдерінің әдістемелік

тақырыбы бойынша жұмыс

БАҒДАРЛАМАСЫ

2011-2014 оқу жылы


Мектептің тақырыбы: Білім беру субъектілерінің зерттеушілік мәдениеті шығармашыл тұлғаның дамуының бірден бір құралы.

Бірлестіктің тақырыбы: Зерттеу жұмысы - мұғалімнің шығармашылық потенциалын көтеру құралы.

Мақсаты: Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту арқылы білім сапасын көтеру, жан - жақты, білімді, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.

Тақырыптың өзектілігі: Оқушылардың зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру, олардың шығармашылық әрекетін басқару, педагогикалық принциптерді басшылыққа алып шығармашыл тұлға тәрбиелеу қазіргі замандағы өзекті мәселелердің бірі.

Қазіргі кезеңде мектепте жұмыс істеп жүрген педагогтардың алдында тұрған негізгі проблемалар:

1. Оқылым, жазылым, айтылымды байланыстыра отырып, баланы оқи білуге үйрету.

2. Баланы ойлауға үйрету.

3. Ізденіске, зерттеушілік жұмысқа баулу.

4. Баланың тұлға ретінде дамуына жағдай жасау.

Осыған сай мектеп білімі жаңартылып, үлкен өзгерістер болып жатыр. Білім мазмұны да оқушылардан өз бетінше білім алуға, оны практикада қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған, яғни оқушыларды зерттеу мен жоба жасауға мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек.

Зерттеу міндеттері:

1. Тықырып бойынша ғылыми жұмыстармен танысу.

2. Жұмыстың теориялық бөлімін жасау.

3. Оқушылардың жоба жұмыстарына талдау жасау.

4. Тақырып бойынша қорытынды жұмыстарды рәсімдеу, т.б.

Зерттеу әдістері:

1. Әдебиетке теориялық талдау жасау.

2. Сауалнама өткізу. Сауалнама сұрақтары бойынша жұмысты жүйелеу.

3. Жоспарлау.

4. Жеке оқушылармен сұхбат өткізу.

5. Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы модельдеу.

6. Нәтиже бойынша мониторинг жасау.

Күтілетін нәтиже:

1. Оқушылардың тілге деген қызығушылығының, ынтасының артуы.

2. Танымдық қабілеті жоғары және шығармашыл тұлғаның қалыптасуы.

3. Тілдік қорының кеңеюі, сөйлеу мәдениетінің қалыптасуы.

4. Еңбекті бағалай білетін, өмірде өз білімін пайдалана алатын құзыреттілігі қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары»


1. Сабақтың білімділік - әдістемелік мақсаты: Етістік туралы алған білімдерін бекіту. Бастауыш сыныптағы «Етістікке» қатысты берілетін білім мазмұнын тереңдету.

2. Сабақтың дамытушылық міндеті: Оқушылардың ауызша сөйлеу тілін жетілдіру, ойлау, жүйелеу дағдысын арттыру.

3. Сабақтың тәрбиелік мәні: Ұжымдық жауапкершілік тәрбиесін беру, адамгершілік сапаларын жетілдіру.

Сабақтың типі: Білімді бекіту сабағы.

Сабақтың түрі: Ойын сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: Музыкалық көркемдеу ,магнитофон, үлестірмелі дидактикалық парақшалар, тақта, суреттер, таблица.

Техникалық құралдар: Мультимедия құрылымы, магнитофон.

Қолданылған әдебиет:

1. А.Тайсюганова, З.Рахмет «Қызықты грамматика» Алматы, 2005.

2. «Жүз халықтың жұмбағы» Қ.Мырзағали. «Ана тілі» 1997.

3. А.Ш.Бектурова, Ш.К. Бектуров «Казахский язык для всех», Атамұра, 2004.

Пәнаралық байланыс: Тарих, орыс тілі.

Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, жалпылай сұрау, ойын.

Сабақтың құрылымы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу

2. Жеке шығармашылық топтарға бөлу.

Мұғалім:

  • Балалар, «сәлем сөздің анасы» деген екен, сондықтан келген қонақтармен сәлемдесейік.

Оқушылар:

  • Сәлеметсіздерме. Қайырлы күн.

Мұғалім: Бүгін нешесі? Кезекші кім? Сабақта кім жоқ?

Оқушылар жауап береді.

ІІ. Өткен тақырыптарды бекіту.

Мұғалім: Қайта оралмас жас күннің,

Бұл атам сөзі күндегі.

Қазақтың салт - дәстүрін

Жалғастыр, балам, ілгері - деген.

Салт дәстүр дегеніміз не? («Салт - дәстүр» - орысшаға аударылады - «Обычаи и традиции».) қазақтың салт дәстүрі туралы не білеміз?

Оқушылар: Қазақтың салт дәстүріне шілдехана, тұсау кесу, сүндетке отырғызу, құда тұсу, үйлену той, қайтыс болған адамды жерлеу, ас беру жатады.

Мұғалім: Салт - дәстүр, ол елдің мәдениетінің көрінісі. Елі білу үшін сол елдің мәдениетін, салт - дәстүрін, тілін білу керек.

Мәдениеттің бір көрінісі - ұлттық ойындар. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қазақтың ұлттық ойындары». Біз бүгін сабақта етістікті қайталап, ойын түрлерімен танысамыз.

Балалар, ұлттық ойын туралы не білесіңдер?

Оқушылар: Қазақтың ұлттық ойыны беске бөлінеді:

ҚҚазахстан рәміздерінің тарихынанҚазахстан рәміздерінің тарихынаназақтың ұлттық ойыны

Қазахстан рәміздерінің тарихынанҚазахстан рәміздерінің тарихынанҚазахстан рәміздерінің тарихынан

Аңға байланысты

Ойындар

(охота) «Ақсерек -Көксерек», «Қас құлақ» «Ордағы қасқыр»

Малға байланысты ойындар (скот) «Аламан» «Көксиыр», «Соқыр -теке» «Түйе мен бота»

Ханталапай

Түрлі заттармен ойнайтын ойындар (вещи) «Ағашаяқ» «аққала», «Ақсүйек» «Алтыбақан» «Арқантартыс» «Сақина салу»

Ептілікті қажет ететін ойындар (сноровка) «Айгөлек», «Аударыспақ» «Бұрыш», «Көкпар», «Көрші» «Ұшты-Ұшты»

Соңғы кезде қалыптасқан ойындар. (новые) «Әріп таңдау» «Сымсыз телефон» «Қуырмаш»


Мұғалім: Қазақта ойын түрлері өте көп. Бұрынғы уақытта компьютер, теледидар болмаған. Балалар далаға шығып, топтасып ойнаған. Сондықтан денсаулықтары мықты болған.

Балалар, сендер ойнайсыңдар ма? Қандай ойындарды ойнайсыңдар?

Оқушылар ойындардың атын айтады.

Мұғалім: Балалар, қазір біз қазақтың ойындары туралы бейнефильм көрейік.

(Мультимедиялық қондырғыдан «Қазақтың ұлттық ойындары» деген бейнефильм көрсетіледі).

Мұғалім: Балалар, бейнефильм ұнады ма? Несімен ұнады? Ойынға шыққан адамдар не істейді?

Оқушылар бейнефильм туралы өз ойларын айтады. Жүгіреді, шабады, секіреді, ойнайды, - деген етістіктерді қолданады.

Мұғалім: Бұл сөздер қандай сұраққа жауап береді. Кіт айтады?

Оқушылар: Кім не істейді? Не қылды? Қайтты? деген сұраққа етістік жауап береді.

Мұғалім: Етістік дегеніміз не?

Оқушы: Етістік деп істің қимылын, жай күйін білдіретін сөздерді айтамыз.

Мұғалім: Жақсы. Етістіктер қимылды көрсетеді екен. Ойын да қимылды, жылжуды, ептілікті қажет етеді. Біз де ойнап көрейік. Ойынға дайынсыңдар ма?

Сынып оқушылары 2 топқа бөлінеді. Ол «Әйгөлек» және «Ақсүйек» тобы. Сонаң соң мұғалім бағалау шартын айтады. Жеңген топ қызыл дөңгелек алады, жеңілген топ көк түсті ұшбұрыш. Сабақ аяғында карточкалар шығарылып, ұпай жиналады.

Мұғалім: Бірінші ойынымыз «Қыз қуу» деп аталады. Тақтаға етістіктер жазылады. Оны бірінші аударып жазып шыққан оқушы мәреге бірінші жеткені. Егер де ұл бала мәреге бірінші жетсе, ол қызды сүйеді. Ал қыз бірінші жетсе ұлды қамшымен ұрады. (2 оқушы тақтадағы жаттығуды орындайды).

Тақтада етістіктер 2 қатарға жазылған. Аудармасын жазу керек.

Барды

Оқыды

Тұрады

Айтты

Келе жатыр

Сөйлеп отыр

Кет

Кел

Қарама

Ойлан

Мұғалім: Тамаша. Енді екінші ойынымыз «Адаспақ деген ойын. Алдарыңыздағы карточкадағы сөздер адасып кетіпті. Сөздердің орнынын тауып, дұрыс сөйлем құрау керек.


Болады, «хан» он, асық, бірінші

Қарап, басқа, «ханға» ойыншылар тұрады.


Қатысады, 4-5 ойынға, бұл, бала

Он, алынады, асық, ойынға

Мұғалім: Енді келесі ойынымыз «хан мен уәзір» ойыны. Хан не істейді? деген сұраққа 5 жауап жазу керек. Уәір ортаға шығып, жазғанды оқиды.

Мысалы: Хан ән айтады.

Хан сурет салады.

Мұғалім: Ал ортаға тұрайық,

Ойын сауық құрайық,

Не он ұлдың есімен,

Не он қызыдың есімін,

Жылдам айтып шығайық.

Біреуі тез он ұл баланың, не он қыз баланың есімін айтуы керек. 2-шісі иелік формаға айналдырады:

Мысалы: Арман - Армандікі

Саша - Сашанікі

Дулат - Дулаттікі

Мұғалім: Келесі ойынымыз «Ұшты - ұшты» ойыны. Оқушылар қол көтеруі керек. Кім көтермей қалса, сол ұсталғаны.

Ұшты, ұшты, түлкі ұшты

Ұшты, ұшты, күлкі ұшты

Ұшты, ұшты, гүл де ұшты

Ал ұшқыштар, күнде ұшты.

Ұшты, ұшты, үйрек ұшты

Ұшты, ұшты, күрек ұшты

Ұшты, ұшты, сұңқар ұшты

Ұшты, ұшты, тұлпар ұшты

Ұшты, ұшты, қарға ұшты

Ұшты, ұшты, балға ұшты

Ұшты, ұшты, дауыл ұшты

Ұшты, ұшты, қауын ұшты

Мұғалім: Ал, балалар, Жұмбақбай атайдың жұмбағын шешейік.

Ұсталынған балалар жұмбақ шешеді.

Уақыты санайды

Ешкімнен сұрамай

Тіліңді алмайды

Құлағын бұрамай (сағат)

Қара күшік күзетте

Ас ішпейді, үрмейді

Ол тұрғанда есікте

Ешкім үйге кірмейді

Етістіктерді аудару:

Санайды - считает

Тіліңді алмайды - не слушается

Үрмейді - не лает

Кірмейді -не заходит

Мұғалім: Міне, балалар, сабағымыз да аяқталып қалыпты. Қоштасар алдында «Қыз бен жігіт» айтысын тамашалаңыздар.

Ұпай саны көрсетіледі. Сабақ қорытындыланып, бағаланады.

Үй жұмысы: Қазақтың ұлттық ойындары - мазмұндау.

© 2010-2022