Баяндама Жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану

Раздел География
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақтөбе облысы

Мұғалжар ауданы

Мұғалжар орта мектебі

география пәнінің мұғалімі

Тлесова Гания Нуржаубаевна

«Мектепте инновациялық әдіс- тәсілдерді пайдаланудың маңызы» баяндама.

Қазіргі жаһандану кезіңінде жалпы білім беру процесін ұйымдастыруда жаңа принциптері мен ғылыми әдіс -тәсілдерінің белсенді түрін пайдалану, оқыту технологияларының инновациялық түрлерін оқу тәрбие процесіне енгізу мәселелері өзекті болып тұр.

Жалпы алғанда, инновациялық процестер-бүкіл әлемнің білім беру жүйесі дамуының негізгі және қажетті тендецияларының бірі болып табылады.

Оқыту процесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін инновациялық технологиялар мен олардық кейбір элементтерінің келесідей түрлерін атап көрсетуге болады:

  • бағдарламалы оқыту

  • дамыта оқыту

  • проблемалық оқыту

  • ақпаратты технологиялар

  • компьютерлі технология

  • мультимедиялық технологиялар

  • интерактивті, активті оқыту әдістері

Компьютер оқу процесінің тиімділігін арттырудың бір құралы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері аталып көрсетілген, соның бірі - білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясың енгізу, бүкіл әлемдік коммуникация желісіне шығу. Жаңа технологияның меңгеру мұғалімнің оқу - тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі.

Мектептегі пәндерді оқыту процесінде компьютермен сабақ өткізу мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы жүйесін, олардың іс-әрекетінің мазмұнын, құрылымын, өзгерте отырып, олардың мотивациялық эмоционалдық ортасына, сезімінің өсуіне әсер етеді.Білім берудің негізгі мақсаты -білім мазмұнын жанартумен қатар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын әртүрлі әдіс -тәсілдерді қолдана отырып, белсенділігін арттыру мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланып сабақ өткізудің көптеген мүмкіншіліктері бар.

  • интерактивті тақтаны пайдаланып электронды оқулықтарды қолдана отырып ондағы тапсырмаларды орындау.

  • қосымша материалдарды көшіріп енгізіп, онымен белсенді жұмыс жасау.

  • тақта ретінде жазуға, өшіруге, дайын сызбаны жасап жартылай жауап кезінде қолдануға т.с.с. көптеген іс- әрекеттерді жасауға мүмкіндік береді.

Компьютер оқу процесінің тиімділігін арттырудың бір құралы болып табылады. Бұл оқушылардың таным процесінің дамуына, оқу ақпараттарын және қолданылатын оқу тапсырмаларының кешенін кеңейтуге, шығармашылыққа жетелейді.

Компьютерлік технологиялар ақпараттық мәлеметтерді айтарлықтай кеңейтуге және тереңдетуге, оны жүйелеуге, қажетті мәліметтерді таңдауға, болып жатқан процестер, нысандарды құбылыстардың даму қарқынын көруге мүмкіндік беретін көрнекіліктің заманауи , ыңғайлы және мобильді құралы болып табылады.

Педагогикалық қызметте ақпараттық технологияның ішінде ең негізгі рольді мультимедиалық технология алады.

«Мультимедиа» сөзі біздің лексиконымызға түпкілікті түрде кірді, қазір онсыз компьютер әлемін елестету мүмкін емес. Басқа тұсініктер сияқты бұл ұғым да жан-жақты. Ең алдымен «мультимедиа» сөзіне анықтама берейік. Мультимедиа (ағылшынша multimedia, латынның multi - көп, media - -әдіс, тәсіл) - біртұтас ақпараттық орта құрайтын, әртекті ақпараттармен диалогтық режимде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін ақпараттық және бағдарламалық кешен болып табылады. Мультимедиа төрт түрлі әртекті деректерді (график, мәтін, дыбыс және видео) біріктіреді

Бүкіл әлемді танып білу және өз орнын табу үшін адамға қажетті ақпараттық әлемнің бесінші элементі мультимедиа екендігі анықталды. Біздің көз алдымызда көптеген өзгеріске ұмтылып жатқан бұл өмір қызықтыратын және таңқалдыратын жаңа технологиялардың әлемі. Оның қандай деңгейге жететіні адамзатқа байланысты. Мультимедиа біртұтас ақпараттық ортаның әр түрлі салаларында қолданылады:

- жарнамалар (таныстырулар, жарнамалық фильмдер);

- телекоммуникация (World Wide Web, Web-сайттық беттер);

- ақпараттық жүйелер (мультимедиалық тізбелер, мұрағаттар, анықтамалар, энциклопедиялар, гипермәтінді ақпараттық-анықтамалық жүйелер);

- модельдеу (жаттығулар);

- білім берудегі оқыту бағдарламалары мен курстар (электрондық оқулықтар, компьютерлік есептер жинақтары, оқу құралдары), сонымен бірге видео-энциклопедиялар, сөздіктер, интерактивті жолкөрсеткіштер, рөлдік ойындар және т.б. кіреді;

- ойын-сауықтар (компьютерлік ойындар, виртуальдық шындық);

- кестелік ақпараттар;

- көрнекілік материалдар - графиктер, сызбанұсқалар, түсініктемелік суреттер, картографиялық ақпараттар және т.б.);

- физикалық, технологиялық, табиғи және басқа үрдістерді өте жоғары дәрежеде түсіну үшін анимациялық көрсетулер;

- сандық фотосуреттер арқылы алынған шын, нақты суреттер, т.б.;

- дыбыстық эффектілер және музыкалық компакт-дискілер деңгейіне дейін жазылған дыбыстық жазулар;

- кино және видео үзінділер;

- арнайы компьютерлік интерактивті материалдар, интерактивті кестелер мен графиктер, интерактивті анимациялар (үш өлшемді виртульдық объектілермен жасалған).

Компьютерлік технологияны қолдануға бағытталған оқытудың ақпараттық технологияның пайда болуы оқу үрдісін басқаруды күшейтуге мүмкіндік береді. Бұл бейімдік оқытудың бірден-бір құрылған алғы шарттары болып табылады.

Мультимедиялық презентация- аудио және видеоүзінділерді, суреттерді және интерактивтіліктің элементтерін, қамтитын диафильмдер болып, оқыту процесіндегі ең кен тараған демонстрациялық материалдар.

Мультимедиялық презентация география сабағында оқушылардың өзіндік жетілуіне, өз бетімен жұмыс жасауға, шығармашылық қабілеттерінің дамуына жағдай жасайды. Презентацияларды құру - бұл жобалау іс - әрекетінің элементтерімен бірге шығармашылық процесс болып табылады. Оқушылар мұндай жобаларды қызығушылықпен құрады және өзге оқушылардың құрған презентацияларын құзығушылықпен тамашалап, оларды талдайды және баға береді. Бұл жағдайда оқушылар түрлі ақпарат көздерінен қажетті мәліметті іздеуге деген құлшыныс пайда болып, олардың танымдық - ақпараттық және қарым- қатынас дағдылары қалыптасады.

Одан бөлек география сабағында компьютерлік графикалық материалдар презентациялық слайд арқылы көрсетіледі. Microsoft Pover Point бағдарламасының көмегімен оқу процесінде презентациялар мен слайдтар жасап көрсету, оқушылар үшін қызықты және дәлелді(мағыналы) болады, танымдық ойлауы мен есте сақтауын қалыптастырады.

Сабақта электрондық оқулықтарды қолдану ондағы тапсырмаларды орындау оқушылардың қызығушылықтарын арттырады. Оқушылардың қызығушылығын арттыруда проблемалық сұрақтар беру оларды ойлануға өз бетімен жұмыс жасауға жетелейді, ойларын айта білуге дағдыландырады.

Қазіргі кездегі барлық білім беру технологиялардың алдына қоятын мақсаты - білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру болып табылады. Жаңа педагогикалық технология ұстаз шеберлігін жетілдіруге ықпал жасап, шәкірттің ойлау қабілетінің ұштала түсуіне әсері мол.

© 2010-2022