Урок по географий на тему Шетелдік Азия мемлекеттері

Раздел География
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы облысы Кербұлақ ауданы

«Қаспан орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ



Ойын сабағы «Жұлдызды сағат»


Тақырыбы: «Шетелдік Азия мемлекеттері»


( 11 сынып )


Изахунов Алимжан Ясынұлы




Тақырыбы. Шетелдік Азия мемлекеттері.

Мақсаты. Шетелдік Азия мемлекеттері туралы оқушылардың білімін қайталау және бекіту. Таным қабілеттерін дамыту және қалыптастыру. География пәніне қызығушылықтарын көтеру.

Құрал-жабдықтар. Тақтадағы плакатта мемлекеттердің аты жазылған және нөмірленген, оқушылардың алдында таза кесте карталары, қағаз, қарындаш, нөмірленген карточкалар (1-ден 8-дейін), қызыл түсті карточкалар.

Сабақ барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сынып төрт сайс тобына бөлінеді, әр қайсысы бөлек стөлде отырады.

Ойын жоспары:

  1. Мұғалімнің сөзі.

  2. І тур.

  3. ІІ тур.

  4. ІІІ тур.

  5. Қорытынды.

ІІ. І тур.

Тақтада мемлекеттер: Қытай, Жапония, Индонезия, Филиппин, Үндістан, Ауғанстан т.б. атымен плакат ілініп тұр.

Тапсырма: мұғалімнің суреттеу бойынша, мемлекетті танып, плакаттағы мемлекеттің нөмірімен сәйкес келетін карточканы көтеру керек. Егер де сипаттама еш бір мемлекетке ұқсамаса, қызыл карточканы көтеріп, түсініктемесін айтады.

1. Бұл мемлекетті «Күншығыс елі» деп атайды. УІ ғ. Буддизм дінін қабылда-ған. 75 территориясы таулы жерлер. Жер сілкініуі жиі болып тұрады. Табиғи ресурстарына өте кедей, бірақ дүние жүзінде ауыл шаруашылығының және саясаттың орталағы болып саналады. (Жапония).

2. Цивилизация бұл елге біздің дәуірімізден 3 мың ғасыр бұрын келген. Бір-неше түрі және қорлары мол пайдалы қазбалары бар. Темір және марганец ру-далардың қорлары өте мол. Ірі қара бойынша дүние жүзінде бірінші орын алады. (Үндістан).

3. Бұл мемлекет түбекте орналасқан. Этникалық құрылымы бір қалыпты: тұр-ғындары көбінесе жергілікті халық. Соңғы он жылда экономика қарқынының өсуі өте жоғары болды - дүние жүзінде ең жоғарлы болып саналады. Машина жасау, кеме жасау, электроника және электротехника өндеу, тоқыма, тағамдық өнеркәсіптердің негізгі салалары. Ауыл шаруашылық негізгі дақылдары: күріш, арпа, батат, соя т.б. (О.Корея).


4. Жер көлемі бойынша бұл шағын елдердің қатарына жатады. Территория-сының көп бөлігі - шөлді жазықтар. Негізгі табиғи ресурстары: мұнай, газ. Мемлекеттің құрылымы - конституциялық монархия, басшыс әмір. Темір жолы мүлдем жоқ. (Кувейт).

Дұрыс жауап беріп, карточкасын көтерген топ, балл алады.

ІІ тур.

Әр сайыс тобы мемлекеттер тобы жазылған қағаз алады.

Тапсырма: Мемлекеттерді топқа біріктіріп принципін анықтаңдар. Принцип-тер бірнеше болуы мүмкін, соны анықтаған үшін сайыс топтары қосымша бал-дар алады.

1. Оңтүстік Корея, Тайвань, Гонконг, Сингапур (Азия барыстары).

2. Индонезия, Иран, Ирак, Кувейт, Катар, БАЭ, Сауд Арабиясы (ОПЕК).

3. Камбоджа, Лаос, Непал, Бутан, Йемен (нашар дамыған елдер).

4. Непал, Ауғанстан, Моңғолия, Бутан, Лаос (теңізге шығатын жолдары жоқ).

ІІІ тур.

«Жұмбақты елдер». Әр сайыс тобы әріптер салынған конверт алады. Әріптер-ден олар мемлекеттің атын құрастыру керек. Қай топ жұмысты тез орындаса, сол - бір балл жоғары алады.

ІУ тур.

Блиц-турнир «Мемлекетті тап».

1. Ислам, христиан діндерінің туған мемлекет (Сауд Арабиясы).

2. «Күншығыс елі» (Жапония).

3. Сиырды құрметтейтін ел (Үндістан).

4. 13 мың аралдағы ел (Индонезия).

5. Дүние жүзіндегі ең бай адам тұратын ел (Бруней).

6. Шай отаны (Қытай).

7. Дүние жүзіндегі халқы ең көп ел (Қытай).

8. Қала - мемлекет (Сингапур).

ІІІ. Қорытынды.

Қазылар алқасы қорытынды жасап, жеңген сайыс тобын марапаттайды.




© 2010-2022