География пәнінен сабақ жоспар 7 сынып бойынша. Тақырыбы Беткі ағыстар

Раздел География
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қысқа мерзімді жоспар

7 сынып

География

Сабақтың тақырыбы

Беткі ағыстардың таралуы

Сабақтың мақсаты

Мұхиттағы беткі ағыстардың қалыптасуы туралы түсінік беріп , сабаққа деген қызығушылығын ояту, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Сілтеме

Нұсқаулық. Александр (2008ж) оқушыларды ынталандыру Мерсер (2000). Сыни тұрғыдан ойлау(Мирсейтова), Өзін-өзі реттеу Марта Бронсон (2002) Интернет желісі.

Оқыту нәтижелері

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады. Сұрақ қоя білуге үйренеді. Оқушылар өздерін, сабақты түсінуін бағалауға қалыптасады. Топпен жұмыс жасауға қалыптасады. Мұхиттағы жылы және суық ағыстар туралы толық мәліметтер алады.

Сабақтың әдіс-тәсілдері

Блум таксаномиясы, СТО, сұрақ-жауап, топтастыру

Тапсырмалар

Болжау ойыны, үлестірмелі карточкалар, кескін картамен жұмыс, АКТ арқылы тірек сызба тұрғызу. Постермен жұмыс.

Блум таксаномиясы

Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындық барысын қадағалау. ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру. «Ақ тілек»

Түрлі -түсті стикерлерге әр түрлі сөздер жазылады және оқушыларға таратылып беріледі. Мысалы: парта, кітап, айна, тау т.с.с.Сыныпты топқа бөлу. Бағалау критерийлері туралы түсінік беру.

Оқушы өзінің оң жағындағы оқушыға стикердегі сөзді қатыстырып, тілек айтады . От. Қай кезде де, қандай жағдайда да от болып жанып, өз білімдерін насихаттай білетін жандар. Су. Жандары жақсылықты сүйетін, көңілдері судай таза, жаңалықтарға жаны құмар адамдар. Күн. Жанындағыларға жылу сыйлап жарқырап жүретін сәуле шашып белсенділікпен жұмыс жасайтын топ.Ай. Ойшыл да арманшыл, қиындықтарға мойымайтын ержүрек, батыл жандар.

(оқушыларды осы атауларға сай топтарға бөлу)

Білу

Үй тапсырмасын еске түсіру.

Қызығушылықты ояту.

«Болжау ойыны»Тақтаға тақырып бойынша бірнеше түйін сөздер жазып қою. Солтүстік пассат, Оңтүстік пассат, Гольфстрим, Батыс желдер, Куросио, Бенгал, Гумбольдт немесе Перуана, Шығыс Греландия

Сабақтың тақырыбы не туралы өз ойларын айтады.

Түсіну

Мағынаны ашу. Тақырыпты мәтіндегі жоспар бойынша оқыту, топтық талқылау жүргізу. Сұраққа жауап беру арқылы гүл құрастыру.

Тақырыпты түсінгенін тиянақтау мақсатында әр оқушы өздеріне берілген сұрақтарды тауып гүлді жапсыру.

Қолдану

Кескін картамен жұмыс.

Дүниежүзілік мұхиттағы негізгі беткі ағыстарды кескін картаға түсіру.

Сергіту сәті

Бейнеролик арқылы қимылдық жаттығулары

Талдау

АКТ бойынша тірек сызбамен және топтастыру стратегиясымен жұмыс.

Тірек сызба арқылы су массаларын толтыру. Әр мұхиттағы ағыстарды топтастыру.

Жинақтау

Постермен жұмыс

Постермен жұмыста әр мұхиттағы ағыстар туралы қорғау. І топқа- Солтүстік мұзды мұхит ІІ топқа-Үнді мұхиты, ІІІ топқа- Атлант мұхиты, ІV топқа- Тынық мұхиты

Бағалау критерийлері

Топтарды бағалау. Өздерін бағалау

Топтарға

-Топ ережесін ұстандыма?

Келесі тапсырма

Мұхит ағыстары картасынан өз қалауларың бойынша 1 суық , 1жылы ағысқа сипаттама беріңдер. Ағыстың қайдан басталатынын қай бағытта ағатынын анықтандар. Не себепті суық немесе жылы деп есептелінетінін дәлелдеңдер.

Рефлексия

Кері байланыс.2 жұлдыз 1 тілек



© 2010-2022