Урок по географии на тему: Масштаб. қашықтықты өлшеу

Раздел География
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 6

Күні:

Сабақтың тақырыбы: §3. Масштаб.қашықтықты өлшеу

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларды жергілікті жерді бағдарлай білуге,масштабты пайдалана білуге үйрету;

  • Физикалық географиялық ұғымдар мен заңдылықтарды түсіну барысында оқушылардың дүниетанымын кеңейту, бастауыш сыныптарда алған білімдерін шыңдай отырып, жаңа материалды игеру барысында оқушылардың білімдерін одан әрі дамыту; Масштабты пайдалана білуге дағдыландыру;

  • Қашықтықты қағаз бетіне белгілеу кезінде біршама еңбек керектігін үйрету арқылы оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу;

Сабақтың көрнекілігі: жергілікті жердің планы, тұсбағар, планшет, глобус және атлас.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақ барысында қолданылатын әдістер: баяндау, сұрақ-жауап, аналитикалық, салыстырмалы, әңгімелесу.

Сабақ барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіздер ме оқушылар? Тақырыппен таныстыру.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

  • Ауызша сабақ сұрау;

  • Қосымша сұрақтар қою;

ІІІ.Жаңа сабақты игеру:

Тұрған жерді және жүру бағытын компаспен анықтау.

Жер бетін планға түсіру үшін заттардың бір-бірінен қашықтығын білу маңызды. Жер бетіндегі қашықтықты таспамен, өлшеуіш ашамен және басқа түрлі қашқытықты өлшеуіш құралдарымен өлшейді. Онша үлкен дәлдік керек болмаған жағдайда қашықтықты қадаммен өлшейді. Жасына және бойына қарай адамдардың қадамының ұзындығы біркелкі болмайды. Сондықтан әр адам өз қадымының орташа ұзындығын анықтап алу қажет. Ол үшін тегіс жерден 100 метр қашықтық өлшеп алынады. бұл қашықтықты қадымдап 3 рет жүріп өтіп, оның орташа мөлшері шығарылады.

Кейде қашықтықты барып жатпай-ақ көз мөлшерімен анықтауға да болады. Ол үшін мына кестені пайдаланамыз.


Жер бетіндегі зат

Көрінетін қашықтығы

Жеке үй

5 км

Үйдің терезесі

4 км

Шатырдағы мұржа

3 км

Жеке ағаш және жеке адам

2 км

Терезе рамасының ағаштары

500 метр

Шатырдың тақтайлары

200 метр

Адамның көзі, мұрны, саусақтары

60-70 метр

Көздің қарашығы

20 метр

Масштаб және оның түрлері.

Масштаб - жер бетіндегі қашықтықтың картаға түскенде кішірейтілу дәрежесі. (немісше мас - өлшеу, штаб - таяқ) деп аталады. Масштабтың алымы әрқашанда 1-ге тең, бөлімі кішірейтілген мөлшеріне сәйкес келеді.

Урок по географии на тему: Масштаб.қашықтықты өлшеу

.

Мектеп алаңының қашықтығын өлшеу:

1-топ рулеткамен немесе метрмен жұмыс;

2-топ қашықтықты өлшеу құралы немесе қадыммен қашықтықты анықтау;

3-топ көз мөлшерімен қашықтықты анықтау.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

  • Тақырыпты оқушылардың меңгеру дәрежесін анықтау барысында қосымша сұрақтар қою. Оқушылармен осы сұрақтың маңызын ашу барысында қосымша білімдерін тексеру.

Ү. Бағалау. Белсенді оқушыларды бағалау.

ҮІ. Үй тапсырмасы: §3. Жергілікті жерді бағдарлау
зерттеу жұмысы: өз үйлерінде қашықтықты өлшеу жұмыстарын сызып, масштабын көрсету


© 2010-2022