Урок на тему Судың тірі ағзалар үшін маңызы және оны қорғау

Раздел География
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 5а

Пән:Жаратылыстану

Тақырыбы: Судың тірі ағзалар үшін маңызы және оны қорғау.

Мақсаты:

Білімділік: Суды қорғаудың маңыздылығын түсіндіру, суды қадірлеуді үйрету. Өмірмен байланыстыру. Елбасының жолдауында ауылды жерлерді құбыр арқылы келетін сумен қамтамасыз ету, ал шағын қалаларда тұрғындардың 100 пайыз таза сумен қамтылатындығы туралы айтқандарын түсіндіру.

Дамытушылық: «Сусыз тіршілік жоқ» екендігін айта отырып, судың табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы туралы оқушылардың ойлау қабілетін, ізденімпаздығын дамыту.

Тәрбиелік: Суды үнемдеуге, қорғауға, таза сақтауға, әртүрлі ластанулардың алдын алуға тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

1 кезең-.Ұйымдастыру кезеңі.

2 кезең- Үй тапсырмасын тексеру.

3 кезең- Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4 кезең- Бекіту.

5 кезең- Үй тапсырмасын беру.

1.Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

2. Жаңа тақырып.

Су -тіршіліктің қайнар көзі. Онсыз жер бетінде тіршілік болмайды. Адамның 70 жасқа дейінгі суға деген қажеттілігі ғалымдардың айтуынша 50 тонна. Қазіргі кезде қалалық жерде 1 адамға деген су шығыны 300-500 литр. Соның өзінде де суды ластаушы адамның өзі.

4 кезең- Бекіту.

Оқушылар алдымен тақырыпты оқып шығады, содан соң деңгейлік тапсырмалар орындайды.

1-деңгейлік тапсырма.

А) Адам және табиғат үшін судың маңызы және «Қорғау» деген тақырып бойынша оқушылардың ойларын тыңдау.

2-деңгейлік тапсырма.

А) оқу кабинетінде өсіп тұрған бөлме өсімдіктеріне тәжірибе жүргізе отырып, судың тіршілік үшін қандай маңызының бар екендігін әңгімелеу;

Ә) су және оның маңызы туралы мақал-мәтел айтудан жарыс.

3-деңгейлік тапсырма:

А)адамның суды күнделікті үй тапсырмасында және халық шаруашылығында қандай мақсаттарда пайдаланатындығын әңгімелеу;

Ә)Қазақстанның физикалық картасынан Отанымыздағы теңіздерді, көлдерді, өзендерді, қоймаларды көрсету.

4-днңгейлік тапсырма:

А)өз бетінше жұмыс. Судың маңызы және қорғау тақырыбына шағын әңгіме жазу;

Ә)біздің облысымызға ұласып жатқан Каспий теңізі суының ластануының алдын алу үшін жүргізілетін жұмыстар туралы ойларын айту.

Тест тапсырмасын орындау.

1.Судың қасиеті.

А)мөлдірлігі

Ә)ағуы

Б)иісі

В)түссіз болуы

Г)еруінде

2. су қоймасы емес.

А)көл

Ә)өзен

Б)сарқырама

В)мұхит

3.Қандай температурада су мұзға айналады?

А)0-тан жоғары

Ә)0

Б)0-тан төмен

4.Суды тазалау процесі қалай аталады?

А)қыздыру

Ә)сүзгіден өткізу

Б)суыту

5.Судың неше агрегаттық күйі бар

А)1 Ә)5 Б)3

6. Судың қасиеті.

А)ағынды болуы

Ә)жанғыштығы

Б)еруі

В)мөлдірлігі

Г)сынып кетуі

Сынып: 5а

Пән:Жаратылыстану

Тақырыбы: Өзендер.

Мақсаты:

Білімділік: Өзендер туралы түсінік беру. Өзендердің теңіздерден айырмашылығын айту. Қазақстанның ірі өзендеріне тоқталу.

Дамытушылық: Атласпен жұмыс жасау арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, картамен жұмыс жасауға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Суды қорғауға, үнемдеуге тәрбиелеу.

Сабақ барысы: 1. Үй жұмысын тексеру.

2. Жаңа материалды меңгерту.

3. Бекіу.

4. Үй тапсырмасын беру.

Үй тапсырмасын сұақ-жауап арқылы тексеру:

1.Теңіз дегеніміз не? Орналасуына қарай теңіздерді қалай ажыратамыз?

2.Көл дегенді қалай түсінесің?

3.Адам өмірі үшін көлдер мен теңіздердің қандай маңызы бар?

4.Мұхитта мен теңіз суларының ластануы неге байланысты?

5.Еуразияның жағалауын қандай теңіздердің сулары шайып жатыр?

Жаңа сабақ.

  1. Географиялық карталардан өзендердің белгіленуін қарастыру.

  2. Өзен дегеніміз не?

  3. Бастау.

  4. Өзен аңғары.

  5. Өзен жайылмасы.

  6. Өзеннің саласы.

Географиялық карталарға мән беріп қарасңдар, материктердің үстінде жіп сияқты жан-жаққа созылып жақан көкшіл бояуларды көресіңдер. Бұлар жай сызылып қойылған бояулар емес, өзендер. Өзен дегеніміз- табиғи жолмен жасалған арна арқылы ағатын су. Өзеннің басталар жерін бастау деп атайды. Өзен басталар жерінен құяр жеріне дейінге аралықты өзен алабы дейді. Өзен аңғары- өзен албындағы, ұдайы ағып жатқан судың әсерінен төмен түскен жер. Көбінесе лкен өзендерге екі қапталынан кішігірім өзендер келіп құяды. Оларды өзеннің саласы деп атайды. Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен -Ніл. Оның ұзындығы 6671 км. Ал ең суы мол өзен -Амазонка. Қазақстандағы ең ұзын өзен-Ертіс.

Бекіту.

Алдымен тақырыпты оқып шығып, атласпен жұмыс жасау. Картадан Ніл, Амазонка, Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу өзендерін тауып алып кескін картаға белгілеу.

Сұрақтарға жауап беру:

1.Өзен дегеніміз не?

2.Судың ағыны қалай пайда болады?

3.Өзеннің құрамдас бөліктерін ата?

4.Өзің тұратын ауыл, қала арқылы ағатын өзенге мысал келтір.

Үй тапсырмасы: § 23 оқу, 1-3 сұрақтарға жауап беру.



© 2010-2022